Дипломдық жұмыс тақырыбы құрылыс алаңындағы топографиялық түсірістерді өңдеудегі геодезиялық жұмыстарға арналған


Сурет-Райымбек ауданы, Нарынқол елді-мекенінде жасалған топогра-



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата19.03.2024
өлшемі2.78 Mb.
#496048
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Тогысова Ақмарал

1 Сурет-Райымбек ауданы, Нарынқол елді-мекенінде жасалған топогра-
фиялық түсіріс 
 1.4 Топографиялық түсіріс түрлері 
Топографиялық 
түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және 
фототеодолиттік түрлерге бөлінеді.
Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы 
фотограмметриялық 
аспаптарда 
камералық 
жағдайда 
орындалады. 
Аэрофототопографиялық түсіру — аспаптар көмегімен жергілікті жерді 
аэрофотоға 
түсіру 
— 
топографиялық 
түсірудің 
негізгі 
түрі. 
Аэрофототопографиялық түсіру стереотопографиялық немесе аралас әдіс 
бойынша анықталады. Стереотопографиялық әдісті жергілікті жердің барлық 
элементтері камералы фотограмметриялық аспаптарда құрылады; аралас әдісте 
картаның контурлы бөлімі аэрофототүсіру арқылы, ал жер бедері мензулалы 
түсіру әдістері арқылы құрылады. Аэрофототопографиялық түсіру 1:10 000 — 
1: 100 000 масштабтағы топографиялық карталар жасау кезінде қолданылады.
Мензулалық түсіріс кішікене бөлшекте мензула мен кипрегельдің 
көмегімен орындалады және тікелей далада топографиялық планды түсірүге 
мүмкіндік береді. Түсірісті жасау жергілікті жердегі нүктелердің планшеттегі 
өзара орындарын графикалық түрде анықтауға бағытталған. Нүктелерге дейінгі 
ара қашықтық өлшеуіш рейканың көмегімен өлшенеді, ал бұрышты 
графикалық түрде салады. Құрылыс салынған территорияны түсіргенде ара 
қашықтықты кипрегельдің объективіне бекітілген ара қашықтық өлшеуіш 
саптамамен өлшейді. 
Мензулалық түсірістің артықшылығы оның көрнектілігі болып табылады, 
себебі түсіру процесі кезінде планды жергілікті жермен салыстыруға мүмкіндік 


15 
туады, ал кемшілігі: жұмыстың негізгі бөлігі далада өтетіндіктен, қыста және 
жауын-шашынды күндері жұмыс істеуге мүмкіншілік болмайтындығы
жабдықтардың қолайсыз үлкендігі, істелетін жұмысты бөлудің қиыншылығы, 
себебі өлшеулер және планды сызуды тек қана бір орындаушы жасайды. 
Мензулалық түсірісте түсіргі жүйесінің жиі болуы талап етіледі. Түсіргі жүйе 
жергілікті жердің жағдайына және түсірістің қажетті дәлдігіне байланысты 
графикалық немесе аналитикалық әдістерімен құрылуы мүмкін. Инженерлік 
құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер 
инженерлік геодезия саласына жатады.
Фототеодолиттік түсіріс - жер бетіндегі нүктелерден алынған 
фотосуреттердің 
стереоскопиялык 
жұптары 
бойынша 
топографиялық 
карталарды жасау әдісінің бір түрі. Фотокамера мен теодолиттің бір аспапқа 
құрылымдық біріктірілуі болатын фототеодолит немесе фотокамера және 
теодолиттен тұратын аспаптар жинағымен жасалады. Фотокамерамен 
жергілікті жер суретке түсіріледі, ал теодолитпен суретке түсіру нүктелерінің 
координаталарын есептеу үшін және фотограмметриялық аспаптарда 
суреттерді бағдарлау үшін қажетті геодезиялық өлшеулер жүргізіледі. Суретке 
түсіру базисі түсірілетін жергілікті жердің жақын планына дейінгі 
қашықтықтың төрттен бірінен аспауы тиіс және алыс планның кашықтығының 
жиырмадан бірінен кем болмайтындай етіп таңдалады. Топографиялық 
карталар фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда жасалады, 
олардың негізгісі стереокомпаратор болады. Фототеодолиттік түсіріс әр түрлі 
инженерлік іздестірулерде қолданылады. Картографиялау мақсатында таулы 
аймақтарда ғана аэрофототопографиялық түсіріспен бірге қолданылады. 
Инженерлік геодезия жұмыстарын ұйымдастыру және топографиялық 
түсірістерді өңдеу кезінде өлшеуде кететін қателіктер біркелкі болуы керек. 
Сондықтан өлшеу қателерінің әсерін бәсеңдету үшін және ол қателердің 
түсіретін территорияның бір бөлігіне шоғырланбауын бәсеңдету үшін өлшеу 
жұмыстарын жалпыдан жекеге қарай жүргізу керек. Бұл түсіріс жұмыстарын 
ұйымдастырудың бірінші принципі. Осы принципке байланысты алдымен 
түсірілетін территорияда негізгі тірек нүктелер тобын іріктеп белгілейді, 
олардың орнын анықтайды, содан кейін ғана жекелей ситуацияларды түсіреді. 
Түсіру нәтижелері сенімді болу үшін кез-келген өлшеу жұмыстары бақылаумен 
орындалуы керек. Сондықтан геодезиялық жұмыстың жоғары сапалы болуы 
келесі принциппен негізделінеді: кез-келген өлшеуді тексермей бір адым 
жылжымау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет