16
1.5 Топографиялық түсірулердің жаңа технологиясы
Түсіру жұмыстарын жүргізудің қазіргі заманғы әдістерінің бірі -жер
серіктік әдіс. Жер серіктік бақылау деректері бойынша жергілікті жерге,
тәулік мерзіміне және ауа-райына тәуелсіз нүктелердің орнын
(координатталарын) жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Сандық
топографиялық түсірулерді қолдану, ГАЖ пен САПР-да алынған
деректердің берілуін жеңілдетеді. Ал геометриялық және атрибутивтік
(анықтауыштық) ақпараттарды тікелей далада тіркеуге мүмкіндік беретін
технологиялардың сандық-картографиялық негіздерін (СКН) жасауда
ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде сандық топографиялық түсірудің жаңа
технологиясы табысты қолданылуда. Ол электрондық тахеометрлер мен нақты
уақыттағы жер серіктік геодезиялық жүйелерді пайдаланып, кеңістіктік
ақпараттарды жинауға және теңестіру кезеңіне тоқтамай, деректер базасы
байланысқан сандық жоспарды тікелей далада алуға негізделген. Далада
нақты уақыт ауқымында жер серіктік әдістер арқылы (Real Time Kinematic,
RTK)м 2х3 см дәлдікпен,пикеттердің пландық және биіктік координаттары
анықталады. Топографиялық түсірістерді орындауға арналган аспаптардың бірі
GPS Leica Viva GS 16 аспабы. Бұл аспап ең қиын деген жерлердің үш өлшемді
моделін жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаға ие(2-сурет).
2 Сурет-GPS Leica Viva GS 16 аспабы
GPS -жер айналасындағы орбита бойынша орын ауыстыратын 24
спутниктен тұратын жүйе. GPS аспабының жадында осы жер серіктіктердің
барлығы туралы ақпарат бар. Осындай кестеге байланысты олардың
әрқайсысына дейінгі арақашықтықты анықтай алады.
17
Жер серіктік әдістер -тиімсіз үлескілерді түсіру үшін электрондық
тахеометр қолданылады. Жер серіктік қабылдағыш пен электрондық
тахеометр арқылы жергілікті жер туралы деректерді жинау кезінде
автоматты есептеуіш координаталардан басқа, контроллерге (ақпарат
жинауыш) пикет сипаттамалары (пикет қатысты нысан нөмірі, коды, оның
басқа пикеттермен қосылу реті туралы мәліметтер,т.б.) қолдан енгізіледі.
Түсіру нәтижелерін компьютер жадына тасымалдаған соң автоматты түрде
топографиялық план көрінісі, онымен байланысты деректер базасының
құрастырылуы шығарылады. Ал қажет жағдайда атқарушы (орындаушы) осы
деректерді толықтырып немесе түзетіп, оларды САПР немесе соңғы
пайдаланушы ГАЖ-нда пайдалана алады. Өлшеу деректерінің компьютерге
енгізуді, алынған сандық картографиялық негіздерді өңдеуді,әрі
редакциялауды тікелей далада жүзеге асыруға болады. Бұл түсіру
нәтижелерінің дәлдігін арттырады.
Түсіруге арналған далалық жер серіктік жабдық тіреуіш (базалық)
станция жиынтығымен RTK режімін қолдайтын ең аз дегенде бір
жылжымалы жиынтықтан тұрады.
Базалық жиынтық -жер серіктік антеннадан, қабылдағыш пен антеннасы
бар таратушы радиомодемнен тұрады. Навигациялық ГЛОНАСС немесе
НАВСТАР жүйе жер серіктеріне сигнал қабылдайтын жер серіктік
координаталары белгілі нүкте үстіндегі кәдімгі штативке орнатылады.
Бұл -геодезиялық пункт немесе координаталары жоғары дәлдікті статикалық
жерсеріктік бақылаудан анықталған еркін орналасқан нүкте (жер серіктік
желі нүктесі) болуы мүмкін.
Жерсеріктік қабылдағыш антенна қабылдаған сигналды өңдеп,
деректерге түзетулер жасайды. Таратушы радиомодем осы түзетулерді,
эфирге таңдап алынған жиілікті радиоканалда таратады. Радиомодемнің
әрекет ету радиусі көптеген факторларға: оның сипаттамасына, жергілікті
жер бедеріне, салынған құрылыс немесе орманды жер дәрежесіне,
радиоэфирдің шуылдау деңгейіне байланысты. Осы факторлардың тиімді
арақатынасы кезінде түзетулер 15 км және одан да көп арақашықтыққа берілуі
мүмкін. Түзетулерді үлкен арақашықтыққа беру немесе күрделі жағдайда
жұмыс істеу кезінде радиомодем автономиялы жұмыс істеп, радиосигналдың
ретрансляторы қызметін атқарады. Станция жиынтығының құрамына жер
серіктік антенна биіктігін өлшеуге арналған штанга, жалғастырып тұратын
кабельдер, деректерді компьютерге тасымалдауға арналған кабельдер,
қосымша аккумуляторлар кіреді.
Жылжымалы (түсіріс) жиынтығы арнайы рюкзакқа салынады,ол жер
серіктік антенна, қабылдағыш, қабылдаушы радиомодемнен тұрады; ол көп
функциялы контроллер-жинаушымен басқарылады. Жер серіктік антенна
деңгейі дөңгелек қадаға бекітіліп, түсірілетін нүктеге ретімен орнатылады.
18
Қабылдағыш базалық станциядан радиоканал бойынша қабылданған
деректерді пайдаланып, нүктелердің орнын есептейді. Қада тұрған орындағы
нүктелердің координаталары іс жүзінде тез анықталады (2-10с) да, оны
орындаушы контроллерде атрибутивті деректермен бірге сақтайды.
Жылжымалы жиынтыққа -қосымша аккумуляторлар, жалғастырылатын
кабельдер мен деректерді тасымалдауға арналған кабельдер кіреді.
Жылжымалы жиынтықтың жер серіктік қабылдағышы бір немесе екі жиілікті
болуы мүмкін. Екі жиілікті қабылдағышты пайдалану -нүкте
координатталарын едәуір, дәлірек, сол уақыт аралығында алуға мүмкіндік
береді. Ол сандық-топографиялық түсіруде ерекше маңызды. Сонымен
қатар, шуылдауды басатын технологиясы бар қабылдағышты пайдаланған
жөн. Бұл сигнал қабылдауды үзбей аласа ағаштардың тоғайы арқылы өтуге
мүмкіндік береді.
Түсіру алдында базалық станция тұратын орынды таңдауда көрінетін жер
серіктік саны барынша көп болуы үшін аумақты алдын ала анықтап алады.
Камералдық жағдайда абрис дайындалады, түсірілетін нысан кодтарын
жіктеуші,оларды сандық картографиялық негіз қабаттары бойынша тіркеп
жазып, жергілікті жер планын автоматты салу үшін таңдап алынады.
Контроллерде қондырылған жүйенің бірі тағайындалуы немесе
координаталар анықталатын проекция координаталардың жаңа жүйесі
құрылуы мүмкін.
RTK-ны пайдаланып түсіру сызбанұсқасы мынадай: базалық
станцияның таратушы радиомодемінің антеннасы -берілетін сигналдың
әрекет радиусіұлғайту үшін, барынша жоғары биіктікке орнатылады.
Базалық станция моделі қосылғаннан кейін,жылжымалы жиынтық
қабылдағышының инициализациясына кіріседі (фазалық өлшеулердің көп
мәнділігіне рұқсат берілуі). Екі жиілікті қабылдағышты пайдаланған кезде
инициализация үшін 1-2мин керек, сонымен бірге антенна орын ауыстыруы
мүмкін (мысалы, түсіру үлескісіне жеткенше). Бір жиілікті қабылдағышты
пайдаланған кезде 20-25 мин уақыт керек, бұл кезде антенна жылжымауы
қажет. Инициализация аяқталған соң орындаушы қаданы пикетке
орнатып,контроллер-жинақтауыш клавиатурасынан оның атауы не нөмірі
(әдетте, автоматты реттік нөмірлер), түсірілетін нысан коды (кітапханадан
таңдап алынады не қолдан теріледі), қаданы бұрынғы немесе жаңа биіктікке
енгізіп, координаталарды контроллер-жинақтауышқа бекітеді. Бақылау
жағдайына байланысты координаталарды анықтау уақыты 2-ден 10 с-қа дейін
өзгереді. Контроллерге қондырылған координаталық геометрия функциясы
қолжетпес нүктелердің (баған, ағаш орталығы,т.б.) координаталарын
тірескен бұрыш пен жылжу шамасы, жарма бойымен не оған
перпендикуляр ығысу, т.б. бойынша оңай есептеуге, нысан
координаталарының соңғы мәнін сақтауға мүмкіндік береді. Контроллер
19
дисплейіне нүкте координаталарын түсіру процесін бақылауға, олардың
ағымдағы дәлдігі мен олардың параметрлері бойынша нүктеде бақылау
уақытын арттыруға немесе деректерді тіркеуге шешім қабылдауға
мүмкіндік беретін ақпараттарды шығаруға болады. Осының барлығын
контроллер автоматты түрде орындай алады. Контроллер-жинақтауыш
далалық деректерді ішкі жадқа не PCMCIA-картаға жазуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар,өлшеулердің шала нәтижелерін кейін өңдеу үшін
қабылдағышқа параллель жазуға болады. Мұндай мүмкіндік координаталық
түзетулер радиоканал бойынша алынбаған жағдайда пайдалы, жер серіктік
бақылау деректері сақталады да,оларды өңдеуден кейінгі процесте пикет
координаталарын есептеуге болады.
Электрондық тахеометр. Электрондық тахеометр нақты уақыт
ауқымында түсірістер принципін толық жүзеге асырады. Өлшенген шамалар
бойынша анықталатын нүктелердің координаталарын тікелей далада
есептейді. Ал RTK-ны пайдаланып,анықталған пункттер тахеометр тұратын
нүктелер болып табылады. Жұмысшы жиынтыққа тахеометрден басқа,
призмалық шағылыстырғышы бар бір немесе бірнеше қада, рейкалар мен
бақылаушы арасындағы дауыс радиобайланысына арналған жиынтық кіреді.
Тахеометрмен түсіру процесі былай жүзеге асырылады: бақылаушы
түсіріс жүргізілетін нүктеге құрал-сайманды орнатады. Бұл координаталары
белгілі нүкте (геодезиялық пункт немесе жер серіктік желі нүктесі) немесе
координаталарын тахеометр кері қиылыстан есептейтін еркін таңдап алынған
нүкте болуы мүмкін. Орындаушы шағылдырғыш пен құрал-сайман биіктігін
белгілеп, анықталатын нүкте нөмірін не атауын, түсірілетін нысан кодын
енгізеді де, өлшеуді бастайды. Тахеометр шағылдырғышы бар қададан
горизонталь не вертикаль бұрышты, оған дейінгі арақашықтықты өлшейді де,
осы деректер бойынша пикет координаталарын есептеп, оларды
қондырылған жинақтауышқа не РСМСІА-картаға жазады. Тахеометрде,
контроллердегі сияқты қолжетпес арақашықтықты, қолжетпес нүкте
координаталарын, әртүрлі геодезиялық мәселелерді тікелей далада шешу
функциялары болады.
Бірыңғай интерфейстің болуы өте маңызды, өйткені ол жер серіктік
контроллер мен электрондық тахеометр көмегімен бір тип деректерін: нүкте
атауын, кодты, координаталарды жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл деректер
сәйкестігін,оларды бірыңғай өңдеуде жәнепланды орынды салу
проблемасын шешеді. Қажет жағдайда, пикет координаталарын алу әдістері
мен уақытын, мерзімін, шын мәніндегі дәлдікті, орындаушы туралы
мәліметті, т.б. қосып, деректер тізімін ұлғайтуға болады. Сонымен,жер
серіктік құрал-жабдық жиынтығыарқылы электрондық тахеометр мен нақты
уақыт ауқымында түсіру үшін оған қосымша,әртүрлі мақсаттағы
20
топографиялық түсірістердіңдалалық бөлігінде сандық технология тез,әрі
тиімді жүзеге асырылады.
Түсіріс үлескісінде векторлық немесе растрлық сандық-
картографиялық материал болса, онда сандық мензуланы пайдалану
мүмкіндігі бар. Қабылдағышқа немесе электрондық
тахеометрге,контроллердің орнына деректерді жинау бойынша жоғарыда
сипатталған барлық әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін жарық жазу
құралы мен арнайы программалық жасауы бар, клавиатурасыз далалық
компьютер қосылады. Сонымен қатар, бар сандық-картографиялық материал-
орындалатын түсіру үстіне салынады. Ал нақты уақытта жасалатын план,
бірден компьютер экранына бейнеленеді. Мұндай технология түсіру
процесінде нәтижені көругежәне бұрынырақ жасалған сандық-
картографиялық материалды салыстыруға не редакциялауға мүмкіндік
береді.
План суретін және далалық деректерді өңдеу. Далалық деректерді өлшеу
сапасын дереу бақылап, жеткілікті түрде айқын түсірілмеген үлескілерді
анықтау мақсатындатікелей далада өңдеуде болады. Жиналған деректер
автоматты түрде контурларды қосуға және бедерді сызуға мүмкіндік
беретін, планды салуға арналған арнайы программалық жасауы бар
портативті компьютерге көшіріледі. Контроллер мен тахеометр немесе
РСМСІА-карта толымдалатын кабельдер арқылы деректерді көшіруге
болады. Нәтижесінде пикеттер орналасқан сандық-топографиялық план
алынады. Ол бойынша орындаушы жеткілікті түрде айқын түсірілмеген
үлескілерді анықтап, қателерін тауып, түзете алады. Түсірілген үлескінің
планын сызу тікелей далада,нысан кодтары бойынша портативті
компьютерде автоматты түрде жүзеге асырылады. Код жіктеуіші мен оған
сәйкес шартты белгілерді,орындаушының өзі жасауы мүмкін. Бұл
ұсынылған технологияны арнайы мақсатта түсіруге тиімді мүмкіндіктер
береді. Сипатталған технологияны оңайлатып далалық дигитайзер деп атауға
болады. Оның ерекшелігі -нәтижелер (дәлдік, сандық түр, жеделдігі)
сапасының жоғарылығы,жұмыс уақыты мен бағасының төмендігі. Сонымен
қатар,оның дәстүрлі түрінде түсіру негіздемесі болмайды. Далада жиналған
деректердің барлығы әрі қарай өңдеуді және теңестіруді қажет етпейтін
соңғы нәтижелер болып табылады. Ал түсіру нәтижелерінің сандық
түрі,оларды ГАЖ-қосымшада жұмыс істеу үшін әртүрлі форматта экспорттауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |