Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау 5В010500 «Дефектология» мамандығы бойынша


Кесте №3. Фонематикалық жинақтауды тексеру жағдайының көрсеткіші. (%)



бет18/20
Дата23.11.2023
өлшемі220.27 Kb.
#484213
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Реферат тақырыбы Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңін-emirsaba.org

Кесте №3. Фонематикалық жинақтауды тексеру жағдайының көрсеткіші. (%)


Сынып


1 тапсырма


2тапсырма


З тапсырма


4тапсырма


5тапсырма


0
10 оқушы


21,7


21,9


22


20,4


14


1
12 оқушы


22,8


22,4


22,7


21,5


15,6


Сурет 3 – Фонематикалық жинақтауды тексеру жағдайының көрсеткіші
Қорыта айтатын болсақ, кесте және сурет бойынша зияты зақымдалған балалардың фонематикалық талдауы, қабылдауы мен ажыратуына қарағанда төмен деңгейде деп айтсақ болады. Сонымен, осы жүргізілген зерттеу жұмысын қорытып айтсақ, зияты зақымдалған балалардың айтылған сөзді ұғынуы үшін естігенін ықыласпен тыңдауға машықтануын дайындай отырып, сауат ашу барысында дыбысты талдау дағдысын қалыптастыру жұмыстары одан әрі болашақта жалғастырылады.


Қорытынды
Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:
1. Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау;
2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, анық айтуға үйрету;
3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;
5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
“Әліппеге” дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балалардың тілін дамыту сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.
Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты – оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.
Әліппеден кейінгі кезең
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушыларды екінші жарты жылдықта “Ана тілі” пәнін оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамына оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді.
Сауат ашу кезінде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалды. Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалдин, С.Жиенбаев, Ш,Сарыбаев, И.Ұйқыбаев секілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән берді.
Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі
1. Әліппеге дейінгі кезең
1. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын байқау.
2. Сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсініктер беру.
3. Сөздік қорларын анықтау.
2. Әліппе кезеңі
1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөздік қорларына енгізу.
2. Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.
3. Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
4. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы, т.б.) бірте-бірте жою бағытындағы жұмыстар жүргізу.
3. Әліппеден кейінгі кезең
1. Оқушылардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
2. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге дағдыландыру.
3. Сөздерді орынды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
4. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Арнайы мектепте «Сауаттылыққа дайындық» мәселесін қарастыратын арнайы әдебиетті оқу кезінде бұл түсініктің көптеген анықтамаларында авторлардың барлығы дерлік, мектептегі білімге дайындықты мектеп жасына дейінгі оқуға қатысты алғышарттар мен оку көздері деп түсінеді.
Оку мен жазуға алғаш үйренудің бастапқы кезеңдеріндегі оқушылардың сезетін қиындығы психологиялық процестердің - есту және көру координаторларының, жалпы және ұсақ моторикалардың және кеңістік қабылдаулардың қалыптасуынан, ауызекі тілдің жетілмеуінен болады.
Зияты зақымдалған балаларды мектепке дайындау қазіргі таңда актуальды және көптеген авторлар әлі де зерттеу жүргізуде және де баланы мектепке дайындаудың жаңа әдістемесін ойластыруда.
Қазіргі зерттеулер баланы оқу мен жазуға үйретуге дайындау фонематикалық түсініктің негізгі факторы екенін көрсету.
Неғұрлым баланың сөздегі дыбыстық түсінігі төмен болған соң, оку мен жазуды үйренуде қиындық туғызады, өйткені сөздегі дыбысты айыру мен ажырату аралығында байланыс көп.
Сауат ашу (оқу мен жазу) дыбыстық талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні баршаға мәлім. Сондықтан әліппеге дейінгі кезеңнің басты бір талабы – балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдау жасауға үйрету
Сөздің дыбыстық құрамын таныту қарапайым жұмыстардан басталып, бірте-бірте күрделене жүргізіледі. Баланың ең алдымен айнала қоршаған табиғаттағы түрлі дыбыстарды естіп, оларды бір-бірінен ажыратып, “дыбыс” деген ұғымның өзін түсіне білуге жаттықтырады. Мұндай жұмысты әннің ырғағы, түрлі көңіл-күйдегі адамның даусы, құстың үні, жануарлардың дыбыс шығаруы, заттың сыңғыры, ағаштың сыбдыры, т.б. дыбыстарға балалардың назарын аудару арқылы жүргізуге болады.
Айналадағы дыбыстарды ажырата білуге дағдыланған соң, балалар сөздегі дыбыстарды естіп, біліп айтуға үйренеді. Ол жұмыс сөздегі өздігінен жеке буын жасайтын дауысты дыбысты бөліп айтудан басталады.
Дыбысты ерекшелеуде артикуляциясына, яғни дыбысты айтуда ерін, тіс, тіл, мұрын, т.б.дыбыстау мүшелерінің қандай қалыпта болатынына баланың назарын аудару қажет.Балалар әуелі дыбысты ажырата білуге, одан соң дыбыс шыққан бағытты мөлшерлеуге үйренеді. Ол үшін әр түрлі ойын түрлері пайдаланылады. Мысалы: “Кім атыңды атады?”, “Қай жануар үн шығарады?”, “Дыбыс қай жақтан шықты?”.
Жұмыстың келесі кезеңі – айтқан сөздерін талдау. Арнайы мектептің табалдырығын енді аттаған балалардың сөйлеу сөздерінің байланыстары дұрыс қалыптаспағандықтан, бұл мәселені бірінші кезектегі міндетке қоя отырып, оқыту жұмысын бір-бірімен мағыналары сәйкес келмейтін сөздердің айтылуындағы орындарын анықтап, олардың атқаратын қызметін, мағыналарын меңгеруден бастайды.
Мұғалім ең алдымен үстелдің үстіне қойылған заттардың (ойыншықтар, оқу құралдары) аттарын атауды, оларды санап шығуды ұсынады. Содан кейін қанша заттың атын, қанша сөзді атағандарын анықтайды.
Оқу жұмысының келесі кезеңі – сөзді буынға бөлу, сөзді талдау.
Буын сөйлеу тілінің табиғи бөлігі болып табылады. Оқуға үйрету дыбыстан жасалған буын түріне негізделеді, балаларға алдымен сөзді буынға бөліп, сосын ол буындарды қайтадан қосып оқуды үйренеді. Сондықтан арнайы мектепте балаларды дыбыстық талдауды қалыптастыруға ыңғайлы кезеңдердің бірі ретінде қаралатын сөздің бір бөлігі – буынмен таныстыруға болмайды.
Алғашқы кезде «буын» деген сөздің орнына «сөздің бөлігі» деп аталатын сөзді қолданады. Әңгіме немесе балалардың есімі, тап осы жағдайда буын сайын естілетін сөздер бар бейнелі суретті пайдаланып балалардың өмірінің бір көрінісінен әңгіме шығарып айтуды ұсынуға болады.
Зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындау, яғни оку мен жазуға алғаш дағдылану үшін ең алдымен фонематикалық есту қабілетінің және сөйлеу тілінің айтылу жағының жеткілікті түрде дамуы қажет екенін зерттеу жұмысымыздың қорытындысы көрсетіп отыр. Зерттеу нәтижесіне қарасақ, зияты зақымдалған балалардың фонематикалық түсініктерінің төмендігіне байланысты, балалардың тапсырманы орындау деңгейі де төменгі көрсеткішті көрсетіп отыр.
Сөзден дыбысты айырып ала білу, оны ұқсас дыбыстан ажырата білу, сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуын анықтау, оның сөздегі орнын таба білу, сөздердің құрамына кіретін дыбыстардың жүйелілігін анықтау, оқу мен жазуға үйретудің алғышарты болып табылады.
Қорытып айтсақ, арнайы мектеп бірінші сынып оқушыларын сауат ашуға дайындау жолдарын қалыптастыру мақсатында, зерттеу барысында алған нәтижелерді талдап, қорытындылай келе, келесідей ұсыныстар берілген:

  • Арнайы мектеп оқушыларының сөйлеу тілі дамуын қалыптастыру;


  • Оқуға ынтасының өсуін дұрыс ұйымдастыру;


  • Қарым - қатынаста сөйлеу дағдысын жетілдіру;


  • Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;


  • Көру және кеңістікті түсінуін (және түйсінуін) қалпына келтіру;


  • Қол қимылдарын түзету, жазып үйренуге дайындау.


Анықтаушы экспериментіндегі зерттеу жұмысымыздың мақсаты – қалыптастырушы экспериментінің қорытындысы бойынша зияты зақымдалған балалардың фонематикалық қабылдауы, талдауы және жинақтау жағдайының біршама жоғарлағанын байқау.


Оқушылармен бірнеше қайталау жаттығуларын және фонематикалық ойындар жүргіздік. Ұқсас дыбыстарды (т-д, с-ш) бірнеше мысалдар, ойындар келтіру арқылы қайталадық.
Дыбысты шатастырғанда дыбысты бір сөзде қолданады да, ал, оны басқа сөзде сол дыбысқа әуезі жағынан немесе айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе, алмастырып отырды. Соған қарамастан оқушылармен бірнеше рет жаттығу жұмысын жүргіздік. Оқушылар берілген дыбыстан, буыннан, дауысты және дауыссыз дыбысты табуда қатты қиналды.
Сол қиындықты жеңу үшін оқушылармен бірнеше қайталау жаттығуларын және фонематикалық ойындар жүргіздік. Буынға бөлуде оқушылар қолдарын шапалақтап ұру арқылы, буынға бөлуді үйрендік. Дауысты дыбыс әліппеде қызыл, дауыссыз дыбыс көк түспен белгіленетінін меңгердік. Ұқсас дыбыстарды бірнеше мысалдар келтіру арқылы игердік. Оқушылар берілген дыбысты, буынды, қайталауды мұғаліммен бірге игерді.
Сонымен, осы жүргізілген зерттеу жұмысын қорытып айтсақ, зияты зақымдалған балалардың айтылған сөзді ұғынуы үшін естігенін ықыласпен тыңдауға машықтануын дайындай отырып, сауат ашу барысында дыбысты талдау дағдысын қалыптастыру жұмыстары одан әрі болашақта жалғастырылады.
Қорытындылай келе дипломдық жұмыста үш міндет орындалды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет