Дипломдық ЖҰмыс «Тәрбиешінің 5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері»


Мазмұны: Өзін-өзі ұстау мәдени дағдылары



бет21/32
Дата27.07.2023
өлшемі162.18 Kb.
#475840
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Рауана готовый (3)

Мазмұны:
Өзін-өзі ұстау мәдени дағдылары
Балаларды түрлі әлеуметтік жағдайларда тиісті шешім қабылдауға, өзінің және жолдастарының қылығы бойынша пікір айтуға болатынын және қажеттілігін түсінуді үйрету.
Үлкен адамдарды құрметтеу халықтық дәстүріне негізделген өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын сақтауға үйрету.
Үлкендермен немесе құрдастарымен келіспей қалған жағдайда балаларды «өзара келісуге» ниеттендіру, басқаларды тыңдай білу, олардың тілектерін, қажеттіліктерін, қиындықтарын түсіне білу, өз тілегі мен мәселесін айтуға мүмкіндік жасау, дау-жанжалдарды бірге шешуге, татуласуға үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру үдерісінде әдептіліктің қарапайым дағдыларын бекіту (сәлемдесу, қоштаса білу, кешірім сұрау, өз көмегін ұсыну).
Адамдардың мінез-құлықтары мен кәсіби әрекеттерін, этникалық мәдениетке ұқыптылықпен қарау, құқықтық білімдерін құрметтеу әрекеттерін балаға түсінікті болатындай гендерлік тәсілмен жеткізе отырып әлеуметтік-мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Балалардың мінез-құлқында қарапайым этикет ережелерін бекіту, үлкендердің сөзін бөлмеу, орын беру, ойыншықтармен бөлісу, қоғамдық орындарда өзін ұстай білу сияқты этикалық құнды өзара әрекет үлгілерін қолдау.
Үлкендермен және құрдастарымен өзара қатынасы
Балаларда өз ата-тегін (жеті атасын) білуге деген қызығушылықты дамыту. Баланың өзінің әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтары (көзі, мұрны, шашының түсі, т.б.) бар екенін көре білуге үйрету. Өзара сыйластық негізінде отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуді бекіту.
Туыстарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Отбасы мүшелеріндегі үлкендер (ата мен әже) мен кішілерге қамқорлық көрсету.
Өзін-өзі дұрыс бағалап өзіне сенімінің бекуіне мүмкіндік туғызу, өзін қадірлеп дербестігін дамытуға, түрлі әрекеттерде (ойын, бейнелеу, музыкалық және т.б.) өзінің жетістіктерін нақты бағалауын дамытудағы қажеттіліктерін қолдау.
Бала санасын «Мен және менің сенімдерім, этикалық нормалар жөнінде түсініктер», «Мен және қоршаған ортаға менің қарым-қатынасым (құқықтар және міндеттер)» бағыттары бойынша қалыптастыру.
Балаларда өзін құрметтеу, әлеуметтік мәнділік сезімін, өзін таныту, өзінің қайталанбастығын, құрдастарының алдында жеке даралығын сезінуді тәрбиелеу.
Туыстық байланыс түсінігін, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмерін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру.
Отбасындағы атаулы күндер, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, туып-өскен жерін жақсы көру жөніндегі ұғымдарын қалыптастыру. Балаларды отбасы мерекелері мен салтанаттарына дайындық жасауға қатыстыру.
Айналасындағы үлкен адамдармен және құрдастарымен өзара әрекеттестік және қарым-қатынастың түрлі жағдайларында әлеуметтік бейімделу ашықтық, әлеуметтік икемділік дағдыларын қалыптастыру. Балалардың төзімділіктерін (басқалардың өмір салтына, пікірге, мінез-құлыққа, құндылыққа, өзінен ерекшеленетін қасындағы әңгімелесушінің көзқарасын қабылдау, шыдамдылық таныту) дамыту.
Құрдастарымен және үлкендермен бірлесіп әрекет жасай білуді қалыптастыру. Топтағы балалар, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жөнінде түсініктерін молайту: кім кіммен көбірек қатынаста болады, ойнайды, суретті не үшін салады, кім кіммен жолдас.
Үлкендердің еңбегіне және оның нәтижесіне қызығушылықты қалыптастыру, балаларды үлкендермен бірге еңбектенуге кірістіру.
Қатынас жасау үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолдануға жағдайлар жасау: үлкендерді аты және әкесінің атымен атау, құрдасын атын айтып шақыру, рөлдерге бөлгенде олардың атын білу («жүргізуші», «дәрігер»), тілдік және тілдік емес тәсілдерді қолданып басқа адамның көңілін өзіне аудару: «мұнда қараңыз ...», «тыңдаңызшы, өтінемін ...» деп, көзіне тура қарау, ашық жүзбен өтінішке үн қату, басқа баланың жауабын тыңдау.
Жақын туыстары мен құрдастарына сенімі мен тілектестік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Балаға қандай ойыншықтар, фломастерлер, қарындаштар тигенін, рөльдер, тапсырмалар, міндеттер қалай бөлінгенін «Сен келісесің бе?», «Саған жете ме?», «Сен ренжімейсің бе?» деген сұрақтардың көмегімен анықтауды ұсыну.
Қоршаған ортаға, үлкендер мен балаларға зейіндері мен қызығушылықтарын (соның ішінде өзінің отбасы мүшелеріне) арттыру, басқа адамдарға қамқор болып мейірімділіктерін білдіру, басқа балалармен қатар және бірлесіп, бір-біріне кедергі жасамай әртүрлі әрекет түрлеріне қатысу.
Нәтижеге жету барысындағы топтың барлық мүшелерінің теңдігін білдіретін, ойындағы біріншілік құқығы мен серіктесті таңдау құқығы бар балалардың өздері белгілеген ережелерді меңгеруге көмектесу.
Әртүрлі балалармен (үлкен, кіші, құрбы, ұл бала, қыз бала, дамуында ерекшеліктері бар балалармен, балабақшаға жаңадан келген балалармен) қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Үлкендердің еңбегіне және олардың еңбектерінің нәтижесіне құндылықпен қарауға, балалардың үлкендермен бірге еңбек әрекеттеріне қосылуға қызығушылықтарын қалыптастыру.
Баланың үлкендермен және балалардың бір-бірімен түрлі әрекеттер түрлерінде мазмұнды қатынасына жағдай жасау, ондағы баланың рөлдерді, ойыншықтарды, материалдарды таңдап алуына, еркімен шешім қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Балаларды бақылау, салыстыру, теңестіру, өзінің және өзгенің әрекетін бағалап, ерекшеліктерін айта білу іскерлігіне, өз әрекетінің салдары өзге адамдардың эмоционалдық жағдайына әсер ететінін түсінуге тәрбиелеу.
Баланы өзін балалар қауымының мүшесі («біздің топ», «біз») ретінде сезінуге, ортақ игіліктері үшін балалардың өздері орнатқан топтың барлық мүшелеріне тең ережелерді (ортақ жұмысқа қатысуы, ойыншықтармен ойнағанда, заттар мен материалдарды қолданғанда) меңгерулеріне көмектесу. Ойын кезінде жекеленуге, серіктесін таңдауға, ойыншықты бірінші болып пайдалануға («Бұл текшелерді мен бірінші алдым»), меншігіне құқылы екенін («Бұл менің қуыршағым - мен оны үйден алып келдім») және сыйға тартудың қайталанбайтын заңын түсіндіру, өзге балалардың кеңесі мен ұсыныстарын тыңдауға, оларға жол бере білуге үйрету.
Ұл балалар мен қыз балалар сюжеттік-рөлді, театрландырылған және басқа ойын түрлеріне бірге қатысып, тапсырмаларды орындауларына мүмкіндік туғызу.
Қоршаған ортаға, үлкендер мен балаларға зейіндері мен қызығушылықтарын арттырып, басқа адамдарға қамқор болу ниеттерін білдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет