Дипломдық ЖҰмыс «Тәрбиешінің 5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері»


-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы



бет9/32
Дата27.07.2023
өлшемі162.18 Kb.
#475840
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Рауана готовый (3)

5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы ересектермен қарым-қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тұлғалық түрінің пайда болуымен ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық болады. Ересек адам бала үшін білім көзі болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары жөніндегі білім көзі де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық нормалар жайлы сұрақтар қоя бастайды. Бұл жастағы бала өз күйзелісін, пікірі мен бағалауды ересектердің пікірімен ара салмағын анықтай алады. Мұндай қатынастың басты мотиві - өзара түсіністік пен әсерлену.
Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады. Ересек адам бала үшін жаңа білім көзі, күмәндәнудің шешімін табатын эрудит болады.
Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Жетекші мотив тұлғалық мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады
Бес-алты жастағы бала өзін барлық жағынан «жарылыс» (бұл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) түрінде көрсете алады. Құрдастар ересектерден асып өтіп, бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны іскерлік ынтымақтастық пен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе, сабақ және ойын әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қарым-қатынас құзіреттілігі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет