Дипломдық ЖҰмыс в01502. Математика-Физика Білім беру бағдарламасы Қарағанды қ



бет5/7
Дата25.03.2024
өлшемі0.93 Mb.
#496414
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Сандуғаш МиФ 21-2к


1.Практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері


Оқыту үдерісі - мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту үдерісінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық үдерістерін басқарушы, ұйымдастыра білуші (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъект. Оқыту үдерісінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту - баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз ететін, бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады.


Оқыту мен дамытудың арасындағы тығыз байланыстың үш концепциясын Э.Торндайк, Ж. Пиаже және Л.С. Выготский құрды. Э.Торндайк оқыту мен даму ұғымдарын бірдей деп санайды Ж. Пиаженің ойынша оқыту дамытудан кейін жүреді, өйткені оқыту баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикалық дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді. Бұл пікірден үшінші концепция туындайды. Л.С. Выготскидің айтуынша, оқыту өзінен кейін дамуды алып жүреді, өйткені баланың психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Оқыту тәсілдерін оның
қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой өрісін алға қарай жүргізетін болады дей келе, баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді. Осыған орай, бала дамуының "екі аймағын" қарастырады. "Бірінші аймақ" - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына ("екінші аймаққа") жеткізуге міндетті екендігін айтады.
Қызығушылық - әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым. Қызығушылық - адамның затқа немесе шынайлық құбылысқа белсенді танымдық бағыттылығы, әдетте ол нысанды танымға немесе белгілі бір әрекетті меңгеруге оң сезімдік қатынастан көрінеді. Қызығушылық бұл зейіннің интенсификациясы ретінде анықталатын психикалық құбылыс (Н.Ф. Добрынин); белгілі нысанға сананың бағыттылығы (М.Ф. Беляев); ойлау, эмоционалды белсенділік және ерік сияқты бірнеше психикалық үдерістердің біріккен қоспасы (Л.А. Гордан, С.Л. Рубинштейн); адамның қоршаған әлемге, оның нысанына, құбылыстарына, үдерістеріне талғамды қатынасы (Г.И. Щукина); объектінің ағза үшін өмірлік маңызды және эмоционалды тартымдылық күшіне байланысты талғамды қатынасы (М.В. Матюхина); адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі, субъектінің өз әрекетіне оң бағалық қатынасы; адамның сезімге, ерікке, зейінге байланысты қажеттілігін қанағаттандыруда оның сыртқы жағдайларға таңдаулы қатынасы (Ю. Н. Тюфанов) [6, 6б.]; ынтықтылық, алғырлық, тұрақтылық және білуге құмарлық тәрізді бөліктерден тұратын, белгілі бір нәрсеге зейін қою арқылы эмоция тудырып, жүзеге асатын жеке басқа тән ерекшелік (Қ. Қабділрашид) [7 10 б.]. Мұндай әр түрлі көзқарастарының болуы осы мәселенің күрделігін дәлелдейді.
Танымдық қызығушылық балалық әуесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді мұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әуестігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі,
мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану керек. Оқушыда білуге әуестік пайда болып, ол құмарлыққа ұласады. Оқушы бұдан әрі жаңалықты қабылдап, білімі молайған сайын қуаныш сезіміне бөленеді. Білген үстіне білгісі келіп, құмарлық танымдық қызығушылыққа ауысады.
Танымдық қызығушылық оқушының таным нысанына эмоционалды қатынасынан көрінеді. Л.С. Выготский: «Қызығушылық - бала тәртібінің қозғаушысы, оның әрекеті мүше қажеттіліктеріне сәйкес келетін инстинкті ұмтылыс болып табылады». Сондықтанда оқу үдерісін оқушылардың қызығушылығын нақты ескеріп, ұйымдастыру талап етіледі. Сонымен қатар «...Педагогилық заң: баланы қандай да бір әрекетке жұмылдырмас бұрын, оны онымен қызықтыр, оның осы әрекетке әзір екендігін, оның орындалуына қажетті күші шоғырланғанын, өзі әрекет ететіне көзіңді жеткіз, мұғалім оның әрекетін тек басқарып, бағыттап отыратындай қыл» [12, 84 б.].
Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасып дамиды. Оқушылардың таным қызығушылығы олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті мен әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде танымдық қызығушылықты қалыптастырудың үш жағдайы жиі қарастырылады.
Біріншісі - оқытудың мазмұны, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі - оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру түрлерін, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың инновациялық түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру; танымдық ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру; ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету; оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуын тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді
қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Үшіншісі - мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында сыйластық, ізеттілік қарым-қатынасын орнатып, олардың біріне-бірінің жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Оқушы өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды. Оқушылардың өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтарға ынтасы төмен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет