1.3 Айыптау қорытындысының мазмұны
Айыптау қорытындысының мәтіні айыпталушының тегін, есімін, әкесінің есімін көрсетуден басталады. Сонан кейін олардың әрқайсысына қатысты анкеталық мәліметтер келтіреді (туған күні мен жері, тұратын және тіркелген жері, азаматтығы, білімі, отбасы жағдайы және отбасы құрамы, жұмыс немесе оқу орны, әскери қызметке қатыстығы, соттылығының бар-жоғы, өзін куәлендіретін құжат).
Айыпталушының жеке басы туралы дәлелдемелерге негізделген болуы керек. Тегі, есімі, әкесінің есімі, жасы және басқа да анкеталық мәліметтер айыптау қорытындысында істе бар материалдар негізінде келтіріледі. Бұл бір жағдайларда — төлқұжат немесе жеке басты куәлендіретін басқа құжаттар, басқа жағдайларда — тану хаттамалары, дактилоскопиялық және сот-медициналық сараптаманың қорытындылары.
Соттылық туралы мәліметтер арнаулы тексерудің анықтамаларына ғана емес, іске тіркелген үкім көшірмелеріне де негізделуі тиіс. Бұл сотта қылмыстың рецидивтік сипаты бар ма деген мәселе шешілетін болғанда маңызды (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 18-бабы). Соттылық туралы мәліметте бұрын қасақана жасалған қылмыс қана, соттылық ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық актісіне және т.б. байланысты жабылмаған жағдайда ғана көрсетіледі.
Айыпталушының отбасының құрамы, оның жұмыс орны мен тұратын жері жайында дәл мәліметтер болуға тиіс. Тұратып жерді анық көрсету тиген залалды өндіріп алуды жүргізетін сот орындаушылары үшін аса қажет.
Егер іс бойынша бірнеше айыпталушы жауапкершілікке тартылса, олардың фамилиясының орналасу реттілігі, өдетте, жасаған қылмыстарының ауырлық дәрежесіне немесе топ ішінде атқарған рөліне қарай анықталады. Бірінші — ұйымдастырушылар, неғұрлым ауырырақ қылмыс жасаған адамдар тұрады.
Мысалы, жұқа қаңылтыр болатты ұрлау туралы істі тергегенде қылмысқа қатысқандардың рөлдерінің былайша бөлінгендігі анықталады: тікелей ұрлаушы шофер Төребеков екен (бұл жағдайда ол материалдық жауапты адам); жекелеген эпизодтарда ол металды экспедитор Мақсатовпен бірлесіп ұрлаған; ұрлағандарын олар алдын ала келісім бойынша ерлі-зайыпты Кемеловтерге беріп отырған, олар ұрланған болатты өздерінің танысы Шалбаевпен бірге Орал облысында сатқан;
Кемеловтың өтініші бойынша ерлі-зайыпты Саматовтар металды алып кеткенге дейін сыйақыға өз аулаларында жасыра тұрған, болаттың ұрланғандығын және сатылатындығын олар білген.
Неғұрлым тәжірибелі және жоғары тергеушілер жазған көптеген айыптау қорытыңдыларымен танысу, анкеталық мәліметтерден басқа, айыпталушыларға қысқаша мінездеме де бере кету керек деген ойға қалдырады. Іс материалдарына міндетті түрде негізделген бұл мінездеме, айыпталушының қылмыстағы рөлінің сипаттамасымен жиынтықта соттың жазалау шарасы туралы мәселені неғұрлым дұрыс шешуіне ықпал жасайды.
Мысалы, ҚК-нің 52-бабының 3-бөлігі жазаңы тағайындағанда жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін және айыптының бас ерекшелігін ескеруді міндеттейді. Айыптының бас ерекшелігін ескерудің қажеттілігін заң сонымен қатар, осы қылмыс үшін көзделгенге қарағанда жеңілірек жаза, шартты түрде соттау тағайындаумен байланыстырады (ҚК-нің 55, 63-баптары).
Сонымен, жазалау шарасы туралы мәселені заң айыпталушының жеке басының сипаттамасымен тікелей байланыстырады. Бұл ой ҚІЖК-нің 117-бабы 1-бөлігінің 5-тармағында анығырақ көрсетілген, онда қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың қатарына айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар да жатқызылған.
Сондықтан заңнамада, дәлелдемелерге жүгіне отырып айыпталушыға айыптау қорытындысында міндетті түрде мінездеме беру қажеттігі айтылған. Бұл жағынан алғанда, адамның қоғамға құндылығын немесе керісінше, оның қоғамға қарсы бағыттылығын артық сөзсіз растайтын істегі фактілер арқылы анықтау — нағыз мінездеме болып табылады.
Бір топ жалған ақша жасаушылардың ісі бойынша айыптау қорытындысын бұған мысал етіп алуға болады. Онда басты айыпталушыға мінездеме берілген: "Әлиев ұзақ уақыт бойы қылмыс жасап келген. Алғашқыда ол үш жеңіл автомобиль ұрлаған, жалған құжаттар жасап, оларды сатып жіберген. Он жылға бас бостандығынан айыруға сотталғаннан кейін Әлиев қамау орындарынан неше мәрте қашқан. Соңғы жолы қашқанда ол өзімен бір камерада отырған он бір тұтқынды бірге қашуға көндірген. Қабылданған шаралар нәтижесінде қашқындардың барлығы ұсталған.
Бас бостандығынан айыру орныңда жүріп-ақ Әлиев жаңа бір қауіпті қылмыс жасауға даярланған: арнайы әдебиетпен танысқан, жалған ақша дайындау үшін қажетті құрал-жабдықтарды табу мүмкіндігін анықтаған және де жалған ақша жасауға көмектесе алатын және оны өткізе алатын адамдарды іздестірген.
Әлиевтің пиғылын қамаудағы Қоразбаев былай сипаттайды: "Біз лагерде бірге отырған кезден бастап-ақ онда жалған ақша жасауға ниет болған. Мені, сондай-ақ Виктор Савачкин мен Өсер Табақовты сол мақсатта пайдаланғысы келді".
Шартты түрде мерзімінен бұрын босанған Әлиев Ғалымовпен және Савачкинмен сөз байласқан, алдымен жалған құжаттар, кейіннен жалған ақша шығара бастаған. Өзінің қылмыстық мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбаған Әлиев қылмыс жасауға екі баланың анасы — өзінің әйелін тартқан. Ғалымовпен қоса, бұрын сотталмаған тағы да он төрт адамды қылмыстық жолға түсірген".
Дәлелдемелермен сипатталған мұндай мінездемені сот қылмыскерге берілетін жазаңың түрі мен мөлшерін анықтауда орынды ескерді.
Кейбір тергеушілер, айыпталушылар саны көп істер бойынша айыптау қорытындысын жасағанда, олардың мінездемелерін арнайы тарауда, анкеталық мәліметтерді көрсеткеннен кейін береді. Біздің ойымызша, мұндай шешімді қолдауға болады, себебі ол айыпталушылардың жеке басындағы өзгешілікті көрсетеді, әрбір айыпталушының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін соттың дұрыс пайымдауына көмектеседі.
Кейде құқық бұзушының жеке басы туралы ұғым қылмыстық топтың құрылу себептерін, қылмыс жасаудың себептері мен тәсілдерін түсіндіру тұрғысынан алғанда соншалықты маңызды факторға айналады, айыпталушыға мінездеме бермеуге тіптен болмайды.
Алматы қаласы ПББ-ның БТБ-ы тергеушілерінің бірі жасаған айыптау қорытындысынан мысал келтіріп көрелік:
"Тұрақты табыс көзі жоқ адамдардан қылмыстық топ құрылып, олар өздерінің жиналатын жері ретінде II Алматы вокзалы мен "Заңғар" алаңын таңдап алғандығын жүргізілген алдын ала тергеу анықтады. Бұл жерлерде олар кешкі және түнгі уақыттарда жолығып арақ ішеді, алаяқтық әрекеттер, ұрлық, тонау, азаматтарға қарақшылықпен шабуыл жасауға өзара келіседі, сондай-ақ жеңгетайлықпен айналысады. Олардың көпшілігі сөз ауруын таратушылар болған". Айыптау қорытындысында айыпталушылардың мінездемелерін баяндағанда шектен шығып кетпеудің екі жағдайын ескерту қажет.
Мысалы, кейбіреулердің ойынша — айыпталушының мінездемесі айыптау қорытындысының ең еркін жазылатын бөлімі. Әрине, адамды сипаттап жазғанда (қылмыстың нақты мән-жайларын сипаттағанға қарағанда) тергеуші өзін заң терминологиясынан еркіндеу сезінеді. Айыптау қорытындысының бұл бөліміндегі стиль мен сөз саптау ерекшелеу келеді. Дегенмен, бұл айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайларды баяндауда заң канондарынан, әсіресе, қорытынды құжат үшін маңызды жағдай — әрбір тұжырымды іс материалдарымен дәлелді етуден алшақ кетуге болады дегенді білдірмейді. Айыпталушының мінездемесіндегі жауап алғандағы әрбір сез бен жинақталған дәлелдемелерге сүйену керек (іс парақтарына сілтеме жасалып). Әйтпесе, айыпталушы мінездемесінің заңдық маңыздылығы, оның қоғамға қауіптілігін бағалағанда және оған сот жазалау шарасын анықтағанда түкке тұрмай қалады. Шектен шығудың біреуі осы.
Шектен шығудың екінші түрі — әділдіктің болмауы. Құқыққа қарсы іс-әрекеттің объективтік жағын сипаттап, оны қылмыс деп атағанда, бұл әрекетке (әрекетсіздікке) өте теріс баға беріледі. Айыпталушы бөтеннің мүлкін "алдым" деп айтса, тергеуші ұрлады, тонады, иемденді, т.б. терминдерді қолданады. Былайша айтқанда, тергеуші қылмыстың нақты мән-жайын сипаттағанда оған басқадай рең беруге тырыспайды, қараны қара деп атайды. Бірақ, тергеуші сол еліктеген бойы қылмыстың субъективтік жағын да, субъектісін де сол жолмен сипаттап шығуы мүмкін. Айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайларды сипаттағанда өкінішке орай, қателер жиі жіберіледі: біріншіден, адамның тек теріс жақтарын көрсету формасында (сондағы принцип: қылмыс жасаған адамның жақсы жағы болмауға тиіс); екіншіден, мінездемеге қатысы бар мәліметтерді керсетпеу формасында (сондағы принцип: қылмыс фактісінің өзі-ақ айтып тұр).
Мұндай көзқарастың заңдық және басқа да салдарларымен бірге психологиялық сипаттағы салдарларын атап өткен жөн. Оны түсіну үшін біз іске айыпкердің, қылмысты алғаш жасаған айыпталушының көзімен қарап көрейік. Тергеу кезіңде өзін қалай ұстағанымен, жасаған іс-әрекетіне қандай көзқараста болғанымен, айыптау қорытындысының мазмұнын жете қанық түсіне алмағанмен, ол тергеушінің тұжырым-дарының ішінен әділдікті іздейді. Егер оның қандай да бір жақсы жағы айтылмай кетсе, соның өзі оның көңіліне қаяу түсіреді, ол мемлекеттік органдардың әділдігіне сенімін жоғалтады, оларды сыйлаудан қалады.
ҚІЖК-нің 207-бабы 1 -бөлігіне сәйкес айыптау қорытындысында одан әрі, айыптаудың мәнісі, қылмыс жасалган жер және уақыт, оның тәсілі, себебі, мақсаты, салдары және осы қылмыстық іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар баяндалады.
Әңгіме көп эпизодты істер жайында болса, қылмыстың жасалған орны мен уақыты айыптау қорытындысында жинақы көрсетілуі мүмкін: Қазақстан облыстарының бірқатар қалаларында (атап өтіледі), осындай кезеңде (көрсетіледі). Бірақ әрбір жеке эпизодтарда орын мен уақыт жайында дәл мәліметтер болатындығын да ескеру керек. Қылмыс жасалған жерді төптіштеп жазу керек. Тек елді мекен, көше, үй, пәтер немесе ұйымның аты ғана көрсетілмеуі керек, оқыған адам қылмыстың кандай жағдайда жасалғандығын толық елестете алатындай етіп жазылады. Қылмыстың жасалған уақыты өте дәл көрсетілуі керек, егер тергеумен анықталған болса, минутына дейін көрсеткен жөн.
Мүмкін болғанынша, қылмыс жасалған жер және уақыт жайындағы мәліметтер қылмыс оқиғасының баяндамасына, былайша айтқанда, оның динамикасына кіргізіледі. Осы мақсатта, айыпталушы жасаған әрекеттер сол жасалған ретімен сипатталады, оқиға орнындағы жағдайдың жеке эпизодтарымен байланыстырылады.
Қылмыстық - іс жүргізу заңының қылмыстық себебін, тәсілін және салдарын сипаттау жөніндегі талаптарын орындауға қатысты жинақталған тәжірибеге әзірше көңіл тола қоймайды. Мұның себебін -тергеушілердің бұл аталған факторларға жете баға бермейтіндігінен, қылмыс жасаған адамның іс-әрекетінің қаншалықты ауыр және оның қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін анықтау үшін ол фактылардың атқаратын рөлін толық түсіне алмағандығынан іздеу керек.
Ал ҚК-нің 54-бабы, жазаңы ауырлататып мән-жайлар қатарына, қылмысты жасаудағы себептерді де жатқызады, мысалы, ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік, заңды әрекет жасаған адамнан өш алу, жасалған басқа қылмысты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету, т.б. қылмыс себептеріне жатады. Сонымен қатар, ҚК-нің 53-бабы, қылмыс жасаудағы кейбір себептерді жазаңы жеңілдететін мән-жайларға жатқызады. Мысалы, қылмыстық ауыр тауқымет жағдайында немесе біреуге жан ашығандық себепті, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде не материалдық, қызметтік немесе басқадай тәуелділік жағдайында жасалса; қылмысқа жәбірленушінің заңсыз және әдепсіз қылығы себеп болса. Бұл жерде әңгіме қылмыстың себептері жайында екені белгілі.
Ал оның салдарлары дегеніміз — жәбірленушіге, қылмыс жасалғаннан кейін дәрігерлік және басқадай көмек көрсету, қылмыс нәтижесінде келтірілген мүліктік залалдың және моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, жәбірленушіге түсірген дене жарақатын емдеуге бағытталған басқа да әрекеттер.
Қылмыстың себептері, тәсілдері және салдарлары кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар ретінде аталмағанның өзінде, жаза тағайындау кезіңде ескеріледі, себебі бұл біріншіден, қылмыс құрамының субъективтік және объективтік жақтарының ажырамас бөлігі, екіншіден, қылмыс субъектісін сипаттайтын елеулі элемент.
Қылмыстың себебін жазғандай, оны жасаудың тәсілі де айыптау қорытыңдысында мұқият жазылады. ҚК-нің көптеген баптарында ол қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесімен және саралануымен байланысты, мысалы, аса қатыгездік, адамды басқаларға қауіпті тәсілмен өлтіру (96-баптың 1-бөлігінің "д", "е" тарм.), жәбірленуші қорлау немесе қинау (104-баптың 2-бөлігінің "в" тарм.), азаптау (107-бабының 2-бөлігінің "д" тарм.).
Айыптау қорытындысында қылмысты жасаудың себептері мен тәсілін сипаттап жазу жөніндегі іс жүргізу заңдарының талабы формальды емес, көңіл аударатын талап екенін тергеуші естен шығармауы тиіс. Себебі қылмыстық әрекет жасауға себеп — оның субъективтік жағының нағыз мәні, ал тәсіл — оның объективтік жағының нағыз мәні болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағының маңызды сипаттамаларының бірі -оның салдарлары. Айта келгенде, тек солар ғана қылмыскердің мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерге не жекелеген адамдардың мүдделеріне келтірген зиянын неғұрлым айқын көрсетеді. Мүмкін, сондықтан болар, заң шығарушы көптеген жағдайларда жазалау шараларып, тіптен жазаңы қолдану қажеттігінің өзін қылмыстың салдарларымен байланыстырады.
Айыптау қорытындысын жасағанда тергеушінің бұл салдарларды назардан тыс қалдыруы біздің ойымызша, үлкен қателік. Бірақ бұл қателік өкінішке орай, жиі кездеседі, салдарлар қылмыстық заңның тиісті нормасында айтылған мағынада берілмейді, салдарларға қатысы бар дәлелдемелер, олар тіптен айыптау қорытындысында жинақталған болса да келтірілмейді, себебі салдарлар туралы мәселе көптеген тергеушілерге дәлелдеусіз-ақ түсінікті болып көрінеді.
Мұндай кемшіліктерге қатысты көптеген мысал келтіруге болады, айталық: экономика өрісіндегі қылмыстар туралы істер бойынша айыптау қорытындысында ұрланған сома ғана аталады, ал ары қарай бір рет айтылды ғой дегендей ол мөлшер көрсетілмей-ақ сараланады, мысалы, ҚК-тің 178-бабы 3-бөлігінің "б" тармағымен (ірі мөлшерде жасалған тонау).
Әңгіме бұл жерде заңға жармасын қалуда ғана емес, ең бастысы жасалған қылмыстың салдарларын тергеушінің заң тұрғысынан (бухгалтерлік емес) бағалауында, сондай-ақ қылмысты кейіннен саралаудың тазалығында және дәлелділігінде. Шынында да, бір қылмыстың саралаушы белгілері, кейбір жағдайларда, әр түрлі салдарлар болуы мүмкін. Мысалы, бөтеннің мүлкін қасақана жойғанда немесе бүлдіргенде (ҚК-нің 187-бабы) адам өлімі де, "өзге ауыр зардаптар" да, едәуір зиян келтіру де болуы мүмкін. Бұл салдарлардың қай-қайсысын болмасын тергеуші көрсетіп қана қоймайды, оларға заңдық тұрғыдан баға бере отырып, олардың мәнісін толықтай ашады.
Бұл ұсынысты, әсіресе, лауазымдық қылмыстар туралы істер бойынша айыптау қорытындысын жасағанда ұмытпау керек. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, оны асыра пайдалану және салақтық (ҚК-нің 307, 308, 316-баптары) салдарынан азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері елеулі бұзылса, онда ол қылмыс болып табылады.
Қандай формада келтірілгеніне қарамастан, елеулі зиянға айыптау қорытындысында түсініктеме берілуге тиіс.
Қылмыс салдарларын дәлелдемелермен дәйектілеудегі кемшілік жағын айтатын болсақ, айыптау қорытындыларында бұған қатысты да көптеген мысалдар бар. Ал тергеушілер назар аударатын бір жағдай — меншікке карсы қылмыс туралы істердегі салдарлар көбіне материалдық залалдың мөлшері, айыптау қорытындысында қолда бар дәлелдемелер арқылы расталынуы тиіс, ол дәлелдемелер: жәбірленушілермен азаматтық талапкерлердің көрсетулері; тауарларға төлқұжаттар және чектер; кіріске алу, шығынға жатқызу және басқа бухгалтерлік құжаттар; ревизиялау және инвентеризациялау актілері, сот-бухгалтерлік сараптаманың қорытындысы және т.б. Денсаулыққа зиян келтіру туралы істер бойынша айыптау қорытындысында салдарларға көбіне зиянның сипаты мен дәрежесі жатқызылады; бұл жерде олар аталып қана қоймайды, сонымен қатар дәлелденуі тиіс: адамға түскен дене жарақатын сипаттайтын барлық жинақталған дәлелдемелер жүйеге келтіріліп зерттелуге тиіс. Олар: ауру тарихынан үзінді, көшірме, жәбірленушінің, медицина қызметкерлерінің, көріпілердің, қылмысты көргендердің жауаптары, куәлендіру хаттамасы, сот-медициналық сарапшының қорытындысы, т.б.
Осы қылмыс үшін жауапкершілік көзделген қылмыстық заңның бабын, бөлігін тармағын (ҚІЖК-нің 207-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы) көрсетіп айыптау қорытындысын баяндау кемінде екі талапты қанағаттандыруы тиіс.
Біріншіден, ол адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыда қылмыс туралы айтылғандармен іс жүзінде де, заң жүзінде де сәйкес келуге тиіс. Ешқандай қайшылық болмауы керек. Бұл ережені сақтамау, сөзсіз, прокурордың қылмыстық істі қайтаруына өкеп соғады.
Екінші талаптың мәнісі мынада: үкім шығарған кезде соттың айыптау қорытындысының ауқымын кеңейте алмайтыны сияқты, тергеуші де айыптау қорытындысын шығарғанда адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулының шеңберінен шыға алмайды. Бұл дегеніміз — айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулының мағынасын үлғайтқанда адамға таңылған іс-әрекеттің көлемі немесе ауырлығы артпауға тиіс.
Бұл аталған қаулы нақты айыпталушыға қатысты айыптау қорытындысын жасағанда оның заңдылық іргетасы болып табылады.
Сондықтан да мұндай қаулы жасағанда оны өте мұқият ойланып құрастыру керек. Жасалған қылмысты саралайтын қылмыстық заңның нақты тармағымен, бөлігімен, бабымен салыстыру кажет. Егер бұл ұсынысқа мән бермесе, тергеуші кейде айыпталушыны іс материалдарымен таныстырғаннан кейін, айыптау қорытындысының бұл тарауын жасағанда, қылмыс кұрамының кейбір тіптен маңызды элементтерінің адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыда қылмыстық заңдағыға қарағанда басқаша жазылғандығын байкайды. Бұл айыптаудың өзгертілуін және толықтыруын керек етеді (ҚІЖК-нің 210-бабы), алдын ала тергеу мерзімін созады, ол тиісті салдарларға әкеп соғады.
Сонымен, айыптау қорытындысының бұл бөлімі, адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыға және сол заңдық саралаумен дәл сәйкестендіріліп жасалуға тиіс.
Егер іс бойынша қылмыстық ізге түсу бірнеше адамдарға қатысты жүзеге асырылатын болса, іс-әрекетті баяндауда және саралауда айырмашылықтың бар-жоғына қарамастан, айыптау формуласы олардың әрқайсысына бөлек баяндалады. Бұл ереже, мүмкін, қазақ тілінің стильдік ерекшелігіне біршама қайшы келер, бірақ құқықтық талаптарға жауап береді.
Осы талаптарды орындау үшін айыптау қорытындысында егер айыпталушыға бірнеше іс-әрекет таңылған болса, әрбір іс-әрекеттің саралануын айқын ажыратып жазу керек. Практикада көптеген тергеушілер бұл кеңеске мән бермейді: олар алдымен айыпталушыға кінә болып тағылған барлық эпизодтарды баяндайды, сонан соң барып қылмыстық заңның көзделген нормаларын атайды. Баяндаудың мұндай жүйесі іс материалдарымен танысушы адамның жасалған қылмыстың заңдық саралануын түсінуіне қиындық тудырады. Мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, сот та оңай түсіне қоймайды. Ең бастысы — айыпталушының түсіне алмай басы қатады, ол өзінің қорғануға деген құқығын дұрыс пайдалана алмайды.
Әңгіме бір адамға таңылған қылмыстық әрекетгердің нақты жиынтығы жайында болса, ол әрекеттердің әрқайсысын оңай-ақ бөлек-бөлек саралауға болады және мұндай саралау қорытынды бөлімде, эпизодты баяндаумен қоса жүреді. Дегенмен, дылмыстық заңның эпизодтарда көрсетілетін нормаларының кейін жинақталып, барлығының бірге аталғаны дұрыс.
Кейде сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс материалдарымен танысуын жеңілдету мақсатында тергеуші эпизодтарды айыптау формуласының өзінде нөмірлейді және саралауға көшкенде қандай эпизодтарыпың жиынтығының қылмыстық заңның қай нормасымен көзделгенін көрсетеді. Мұндай әдіс әсіресе, айыпталушының іс-әрекетінде айқын да, идеалды да жиынтық болғанда пайдалы.
Айыптау қорытындысының келесі тарауы айыптауды растайтын дәлелдемелер тізілімі болъш табылады. Біздің ойымызша оны құрастыру мұндай дәлелдемелерді мұқият және ойланып талдаумен тікелей байланысты.
Ескеретін бір жағдай - ҚІЖК-нің 117-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеуші қылмыс жасауға мүмкіндік туғызған мән-жайларды анықтауға міндетті. Бірақ мұндай тарау айыптау қорытындысының ҚІЖК-нің тіркемесі болып табылатын үлгісінде жоқ.
Осыған байланысты біздің ойымыз — нақты қылмыстың жасалуына мүмкіндік тудырған мән-жайлар, уақыт бойынша қылмыстың өзіне бұрын пайда болғаңдықтан, белгілі бір дөрежеде оны тудырғандықтан, олардың бар екендігін растайтып дәлелдемелер арқылы бірінші көрсетілуге тиіс. Егер алдымен себеп, артынан салдар көрсетілетін болса, айыптау қорытындысы одан тек ұтады. Бірақ бұл ұсынысты тапжылтпай орындау міндетті емес себебі, кейбір жағдайларда салдарды (қылмысты) сипаттап, артынан оның себебін түсіндірген ыңғайлы.
Ең бастысы — қылмысты жасауға мүмкіндік тудырған мән-жайлар, көп ұзамай-ақ дәлелдеуді қажет ететін болғандықтан, қылмыстық іс қозғалғаннан бастап қылмыстың өзінің, нақты адамның айыбының мән-жайларымен бірге зерттелуі тиіс.
Көрсетілген мән-жайлар баяндалғаннан кейін (егер олар алдымен көрсетілсе) қылмыстық іс-әрекеттің түгелдей баяндамасын беру ұсынылады. Мұнда, атап айтқанда, қылмыстық топтың ұйымдасу және қатысушылар арасында қылмыстық байланыстың орнау процесі, қылмыстарды жасау тәсілі (әсіресе, егер ол бір типті болса) сипатталуға, бұл іс-әрекеттердің орны мен кезеңі аталуға тиіс.
Бұл тарауда кейін нақты қылмыстық эпизодтарды растайтын дәлелдемелерді көрсеткен жөн. Егер бір айыпталушы бірнеше қылмыс жасаса, айыптау қорытындысында оларды жасалған уақыты бойынша хронологиялық тәртіпте орналастырған дұрыс. Бір айыпталушы жасаған қылмыстар өздерінің қоғамға қауіптілік деңгейі жағынан әр түрлі болып келсе, онда жоғарыдағы ережені сақтамауға да болады, бұл ретте алдымен неғүрлым ауыр қылмыс, одан кейін калғандары жазылады. Егер қылмыстар әр жерлерде жасалса, онда эпизодтар қылмыс жасалған жерлердің белгілері бойынша тарауларға топтастырылады, ал тараулардың ішінде — хронологаялық тәртіпте жазылады.
Қылмысты жасауға адамдар тобы қатысқан жағдайда алдымен ұйымдастырушыларды және олардың басқаларды қылмысқа тартудағы рөлін сипаттайтын эпизодтарды баяндаған дұрыс.
Айыптау қорытындысында эпизодты эпизодтан арнайы тақырыппен бөлген жөн. Қодаров жасаған қарақшылық шабуыл туралы іс бойынша жеке эпизодтар мынадай тақырыптармен бөлінген:
1. Тастанов пен Борисовке карақшылық шабуыл.
2.Азамат Абиловтың құжаттарын, ақшасын және аккредитивтерін ұрлау.
3. Адамдар Хакимов пен Достымовқа қарақшылық шабуыл.
Экономика аясыңдағы қылмыс туралы іс бойынша айыптау қорытындысын біршама басқа сызбамен жазуға болады: кіріспе бөлімнен кейін бөлек тарау алынады, онда ұрлау көзіне қатысты эпизодтар топтастырылады; ұрлап алғанды сату, одан кейін ең соңында қылмыстың жасалуына мүмкіндік тудырған мән-жайлар келеді. Бұл тарауларды да, бөлек эпизодтардың аттарын да арнайы тақырыптармен бөліп тастаған дұрыс.
Заңның қорғау жағы сілтеме жасайтын құжаттар тізбесін келтіру талабын орындауға да біршама назар аудару керек.
Көптеген жағдайларда тергеуші бүған қатысты қысқаша пікір жазумен шектеледі. Мысалы, айыпталушы ретінде сүралған Иванов өзін айыптымын деп мойындады (мойындамады). Өзінің мойындағанымен қатар оның кінәлілігі іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен расталынады, олар жоғарыда (төменде) келтірілген.
Ал айыпталушының өзін ақтау үшін келтіретін дәлелдерін, оларды тексерудің нәтижелерін айыптау қорытындысында баяндауға аса зор мән беру керек. Мысал ретінде Семей ет комбинатынан ет өнімдерін ұрлау туралы іс бойынша айыптау қорытындысынан фрагмент келтіруге болады: "Тағылған айыптың барлық негізгі тармақтары бойынша өздерін кінәліміз деп мойындағанмен, Көмекова мен Хоролич өздеріне таңылған материалдық залалдың мөлшерімен келіспеген. Ұрланғанның мөлшерімен айыпталушы Ғұламов та келіспеген. Олар автомашиналардағы еттің жетіспеуі тек ұрлаудың ғана нәтижесі емес, оларды жіберетіндердің кем салуының және тасымалдау кезіңдегі шығынның салдары деген уәж айтқан.
Құжаттық ревизия, технологиялық және сот-бухгалтерлік сараптама мынаны анықтайды: еттің салмағын жоғалтуы тасымалдау кезіңде және сақтаулы тұрғанда қалайда болады екен және тасымалданған ет салмағының әр түрлі шығуына таразылар да әсер еткен - етті автомашиналарға салғанда 25 тонналық, түсіргенде шағын таразылар пайдаланылған. Сарапшы-технолог ауа райының жағдайын, етті өңдеудің және сақтаудың технологиясын ескеріп және табиғи шығынның ең жоғарғы нормаларын қолданып, ол шығынның: автомобильмен тасымалдағанда — 1530 кг, сақтағанда — 271 кг, таразылар әр түрлі көрсеткендіктен — 1530 кг, барлығы - 3331 кг болатындығын анықтады. Сарапшы-бухгалтер де осындай тұжырым жасады. Көрсетілген ет мөлшерінің құны айыпталушылардың әрекетінен келген шығып сомасынан шегерілген".
Айыпталушылардың алдын ала тергеу материалдарымен теріске шығарылған дәлелдеріне талдауды Қодаровтың ісі бойынша жасалған айыптау қорытындысы арқылы көрсетуге болады:
"Павлодар, қаласыңда Қодаров анықталмаған қатысушылармен бірге Тастанов, Борисов, Накашидзе және Мұратовпен танысқан, оларды Чарковскаяның пәтеріне шақырған. Тастанов пен Борисовтың сеніміне кіріп және олардың ақшасы бар екендігін біліп, Қодаров пен оның серіктестері ішімдік ішкеннен кейін барлығы таксимен аэропортқа қарай жүрген. Жолда келе жатып Қодаров пистолетпен қорқытып Тастановтың төлқұжаты мен ақшасын тартып алған. Тастанов оларды қайтаруын өтінгенде Қодаров оны бірнеше рет жұдырықтап, өз серіктестерімен бірге машинаны тастап қашып кеткен.
Алғашқы жауап алуда Қодаров өзінің бұл қылмыска қатысы жоқ екенін, Павлодар қаласында ешқашан болмағанып айтқан.
Бірақ кейін ол өз жауаптарын өзгерткен, Тастановпен және Борисовпен бірге Чарковскаяның пөтерінде болғандығын, барлығының бірге таксиге мінгендігін, бірақ Тастановтың төлқұжаты мен ақшасын тартып алмағаңдығын, ешкімге пистолет оқтамағанып айтқан. Ол сонымен қатар, Чарковскаяның пәтеріне жәбірленушілер арасына кездейсоқ келіп қалдым, ал автомашинаға олармен бірге отырғаным — жол-жөнекей қала орталығына дейін жетіп алу еді деген.
Бірақ іс бойынша жинақталған дәлелдемелер тергеу барысында Қодаровтың дәлелін теріске шығарған, оның Тастанов пен Борисовқа қарақшылық шабуыл жасағандығын толық растаған.
Жауап беру кезіңде және жеке беттесуде жәбірленуші Тастанов Қодаровты бұл қылмыстың тікелей орындаушысы деп көрсеткен. Карақшылық шабуыпдың мән-жайын баяндағанда Тастанов былай деген: "Кетіп бара жатып қаладан шыққанымызда, үстінен поезд жүретін көпірдің астынан өте бере Қодаров менің тіземде жатқан пальтоның астынан маған пистолетін кезеніп, грузинше: "Қозғалсаң өлтіремін" деді. Сонан соң менің төлқұжат пен ақша жатқан калтама қолын сұғып, оның түймеленетін бауын үзіп жіберіп, төлқұжатым мен ақшамды алды". Тастанов одан кейін былай деп көрсеткен: тартып алған ақшаның бір бөлігін қайтар деп жалынғанымда Қодаров мені бетімнен жұдырықпен бірнеше рет ұрып жіберді, содан соң қылмыскерлер машинаны тоқтатты да тайып тұрды.
Жәбірленуші Борисов Тастановтың жауаптарында баяндалған мән-жайларды растап, өз тарапынан былай деді: Чарковскаяның пәтерінде ішімдік ішіп отырған кезіңде ол Тастановтың төлқұжаты мен ақшасын алып өзінің шалбарының қалтасына салған, сонан соң ақша бар қалтадан қолын алмай төсекке барып жатқан. Оның жанына келіп жатқан Қодаровтың серіктесі білдіртпей оның қолын қалтасынан суыруға әрекет еткен, бірақ онысынан ешнәрсе шықпаған. Борисовтың айтуынша, олар таксиге мінердің алдында ол ақшаны да, төлқұжатты да Тастановқа қайтарған.
Жәбірленушілер келтірген мән-жайларды қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы солардан естіген куәлер Насыров, Мүліков, Ткаченко мен милиция кызметкерлері Халықовтың көрсетулері жанама растайды. Куә Мұратов сонымен қатар мынадай түсініктеме берген: Тастанов болған жайды айту үшін Чарковская пәтеріне қайтып оралғанда, оның ерні жарылған, айналасына қан қатып қалған.
Куә Чарковская Қодаровтың пәтерге тосыннан келдім дегенін теріске шығара отырып былай деп көрсетті: оның пәтеріне Қодаров жәбірленушіні ертіп келгенге дейін ол өзінің серіктесімен келіп, сол жерде тоқтауға онымен келіскен.
Тастановтан алған төлқұжатты Қодаровтың екі мәрте Львов қаласындағы "Львов" мейманханасына және Москва қаласындағы "Ленинград" мейманханасына тоқтағанда пайдаланғандығы алдын ала тергеу барысында анықталған.
Бұл оның Тастановқа қарақшылық шабуыл жасауға қатысқандығын әшкерелейтін мән-жай екендігін түсініп, Қодаров "Львов" мейманханасында өз атымен тұрғанып, ал Тастановтың төлқұжатын пайдаланбағандығын айтқан. Қодаровтың бұл уәждерін де іс материалдары теріске шығарады.
"Львов" мейманханасының тұратындарды тіркеу кітабын және есептік-төлемдік құжаттарын тексергенде Қодаровтың атына нөмірдің де, орынның да бөлінгені анықталған. Сонымен қатар мейманхана бухгалтериясынан тұрушы Тастановтың атындағы мекен-жай парақшасы алынған, оның мәтінін толтыруды да, қол қоюды да жәбірленушінің атынан Қодаров жасаған. Мекен-жай парақшасында жәбірленушінің анкеталық мәліметтерімен оның төлқұжатындағы деректер көрсетілген.
Анықталған фактілерді бүрмалау мақсатында Қодаров былай деп көрсеткен: мекен-жай парақшасын ол мейманханадан өзіне нөмір алған кезде төлқұжат иесінің өтініші бойынша толтырған, бірақ Тастанов үшін неге қол қойғандығын түсіңдіре алмаған.
Осы мәселе бойынша сұралған жәбірленуші Тастанов Львов қаласында ешқашан болмағанын, аталған мейманханада тұрмағанын айтқан. "Львов мейманханасының қабат бойынша кезекшісі Тастанов мен Рухадзе атына парақша толтырған адамдардың өздеріне берілген нөмірде тұрғандығын растаған.
Ал бұл төлқұжатты "Ленинград" мейманханасына орналасу үшін пайдаланғандығына келетін болсақ, оның бухгалтериясынан түрушы Тастановтың атындағы анкета алынған, онда жәбірленушінің анкеталық мәліметтері мен төлқұжатындағы деректер көрсетілген. Қолжазу сараптамасының қорытындысы бойынша бұл мекен-жай парақшасындағы мәтін толтыруды және қол қоюды Тастанов атынан Қодаров жасаған. Тастанов пен Борисовты тонауға өзінің қатысы бар екеңдігін теріске шығарып, ол өзінде пистолеттің еш уақьпта болмағанып және атылатын қаруды үйде сақтамайтындығын айтқан. Бірақ Қодаровтың пәтеріне тінту жүргізгенде, оның бепшетінің қалтасынан 7,65 мм калибрлі төрт пистолет патроны табылған. Екі патронның капсюліндегі майысқан жер, оларды пайдаланып біреудің атуға әрекет жасағандығын көрсетеді. Іс бойынша жүргізілген криминалистикалық сараптама өнеркәсіптік өндірістің патрондарының кейбір элементтері пайдаланылып үш патронның қолдан жасалғандығын және төртіншісін белгиялық кәсіпорынның шығарғанын көрсеткен. Қолдан жасалған патрондардың қарудың белгілі бір түріне — шетелдік автоматтық пистолетке шақтап жасалғандығы анықталған. Бұл мән-жай Қодаровта шетелдік пистолеттің бар екендігін жанама дәлелдейді.
Жәбірленуші Тастановтың айтуынша Қодаров оған шетелдік пистолетті кезенген. Хучуада пистолеттің бар екендігін басқа тонаушылық кезіңде жәбірленгендер де растаған. Жәбірленуші Абиловтың айтуынша, өзімен әңгімелескен кезде Қодаров өзінің пистолет алып жүретіндігін айткан және оның қай қалтада жатқандығын көрсеткен. Қодаровтың қарақшылық шабуылына ұшыраған жәбірленуші Хакимов Қодаровтан пистолет көргендігін айтқан. Бұл көрсетулердің шындығы күдік тудырмайды, себебі бұл адамдар бірін-бірі білмейді және әр кездерде сұралған".
Бұл келтірілген мысал дәлелдемелерді талдаудың иллюстрациясы бола алады. Еске сақтайтын бір нәрсе: мұндай талдама — айыптау қорытындысының болмысы, оның мазмұны және негізгі әдісі. Қылмыстың жасалған орны мен уақыты, оны жасаудың тәсілдері, себептері және салдарлары жайында сөз болса да, жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар немесе айыпталушының дәлелдерін тексерудің нәтижелері баяндалса да, қылмыстың өзі немесе оны жасауға мүмкіндік тудырған мән-жайлар сипатталса да, тергеуде дәлелдемелерді атап қана қоймауы тиіс, оларды талдауы да керек.
Дәлелдемелерді талдағанда ең маңызды не? Кейде тергеушілер өзін ақтау үшін: "Істің айыптау қорытыңдысында пайдаланылмаған бірде-бір дәлелдеме жоқ" - дейді. Әрине, алдын ала тергеу кезіңде жинақталған барлық дәлелдемелерді пайдалану (әңгіме іске қатысы бар дәлелдемелер жайында) — айыптау қорытындысын жасауда көңіл аударарлық болғанмен онша маңызды түс емес.
Оның маңыздылығы — тергеушінің жинақталған дәлелдемелерді қалай пайдалана алатындығында және өзінің басты құжатында олардың қайсысын қай жерге қоятынында. Жәй дәлелдемелер келтіріліп, оларды атап өтуде емес, олардың маңызын түсіндіруде, бірнеше дәлелдеменің жиынтығынан тұжырым жасауда, оларды алдыңғы немесе артқы тезистерге қарай ретімен тұрғызуда — міне мәселе қайда. Бұл жерде әр түрлі талқыдан, бағалық қорытындыдан қорқудың қажеті жоқ. Мәселе, тұжырымның негіздемесі (яғни оның дәлелдемемен қамтамасыз етілуі тек автор үшін ғана емес) айыптау қорытындысымен танысатын кез келген адамға да нанымды болуға тиіс.
Оқушыларға таныс Төребеков және басқалардың ісі бойынша айыптау қорытындысыңда тергеуші ұрлыкқа Төребековтың қатыстылығын ғана емес, сонымен қатар жүқа қаңылтыр болаттың Теміртау қоймасынан, Ақшаловтың қоймасынан (қатты ауырып қалуына байланысты жауап алынбаған) ұрланғандығын дәлелдеген. Ұрлау эпизодтарының біреуі бойынша дәлелдемелерге талдау келтірейік: "Төребековтың қаңылтыр металды тек бөлшектеп қана емес, зауыттан бүтіндей темір қораппен ұрлағандығын анықтады.
Мысалы, айыпталушылар Кемеловтердің алдын ала тергеу кезіңде неше қайтара айтқандарына қарағанда Төребеков ерлі-зайыпты Саматовтардың ауласына салмағы 2870 кг жұқа қаңылтыр электротехникалық болаттың бүтіндей қорабын алып келген. Ол жайында Саматова да толық айтып берген: "Бір жолы бізге Төребеков қаттамамен оралған, темір таспамен буылған темір алып келді. Ол аулаға кірді де, самосвалдың қорабын көтеріп, темірді жерге сыргытып түсірді. Салмағы өте ауыр еді. Түсіргенде жерге батып кетті. Кемелов оның биіктігін өлшеп, ол бумала канша қаңылтыр бар екендігін Төребеков екеуі есептеді. Оның бәрін мен көріп тұрдым, ешнәрсесін ұмытқан жоқпын. Ол хаттамамен біз кейін қораның ішін қаптадық".
Өз көрсетуін Саматова Төребековпен беттескенде растады.
Осыған ұқсас жауап бергенде Айша Кемелова әкелген күнді және ұрланғанның санын — 600 қаңылтыр деп дәл айтты, ал істегі ресми анықтама салмағы 2870 кг. қорапта теориялық салмағы бойынша 581 қаңылтыр болатындығын растайды. Айша Кемелованың айтуына карағаңда, ол қаңылтырдың көлемі стаңдарттан үлкендеу болған. Іс материалдарына қарасақ, шындығында, электротехникалық каңылтырдың көлемі 750x1500 мм, ал стаңдартты көлем 710x1720 мм екен.
Саматова мен Кемеловтардың Төребековтың бір қорап электротехникалық болат ұрлағаны жайындағы көрсетулері заттай дәлелдемемен — Саматованың қорасынан алынған металл қаптамамен расталынады.
Хаттамаға қойылған маркировка бойынша зауыт-шығарушы өзінің арнайы анықтамасымен электротехникалық болаттың сегіз қорабының ішінен сол қораптың Теміртау базасына жіберілгендігін, оның Ақшалов қоймасына кіріске алынғандығын хабарлаған.
Бұл партиядағы болаттың қайда таратылғанын тексергенде Төребековтың салмағы 2870 кг. қорапты сол N1 Теміртау қоймасынан ұрлағаны анықталған.
Зауыт-шығарушының және Теміртау қоймасының ресми құжаттарына сәйкес аталған қораптарда белгілі бір марка, партия нөмірі, салмағы болған.
Қоймалық есеп жүргізу карточкасы бойынша тек бір қорап болат қана ешқайда жіберілмеген, ал қалған жетеуі екі ұйымға: Теміртау жөндеу-механикалық және Іле материалдық-техникалық базаларына жіберілген, бұл кезенде мұндай болаттың жаңа партиясы қоймаға түспеген.
Алдын ала тергеу барысында аталған базалардың соңғысынан Теміртау қоймасынан келіп түскен электротехникалық болаттың қораптарының барлық үш хаттамасы табылған. Затшқ дәлелдеме ретіңде олардан зауыттың реквизиттері бар, істегі сертификатқа толық сәйкес келетін қиықтары кесіліп алынып, іске тіркелген.
Бұл заттай дәлелдемелер аталған базаңың N1 және 2 қораптарды, сондай-ақ салмағы 2149 кг. электротехникалық болат салынған қорапты алғандығын растайды.
Сонымен, электротехникалық болаттың бір қорабы ғана N1 Теміртау қоймасынан ешқайда босатылмаған болып шықты. Бұл қораптың хаттамасы Саматовтардың қорасынан алынды. Сондьщтан да бір қорап электротехникалық болатты, шатыр жабатын болат сияқты, Ақшаловтың қоймасынан Төребековтың болат зауыт шығарушыдан келіп түскен бойда ұрлағаны толық анықталды, себебі қоймалық есеп карточкасы бойынша зауыт-шығарушыдан келіп түскен электротехникалық болаттың барлығы N1 қойманың есебіне алынған, ал бір қорап болатты оған дейін Кемелов пен Шалбаев Орал облысында сата бастаған".
Тағы да қайталаған артық болмайды — айыптау қорытындысында жасалған барлық тұжырымдар іс материалдарымен расталуға тиіс. ҚІЖК-нің 278-бабының 3-бөлігінде, айыптау қорытындысының іс парақтарына сілтеме болуға тиіс деп арнайы көрсетілген. Бірақ айыптау қорытындысының тек дәлелденгендік қана емес, баяндаудың қисындылығы, жүйелілігі, бір ізділігі нанымды етеді, тергеушінің бір тұжырымы басқа біреуінен туындап отыруы керек.
Оразов және басқаларға қатысты істің айыптау қорытындысында мынадай жазу бар: "Дмитриевский мен Оразов ақша табу мақсатында, эксковаторшы Неведомыйды құрылыс жұмыстарына неше рет рәсімдеген, бірақ ол жұмысты орындамаған, ал оған ведомость бойыпша тиесілі ақшаны қылмыстық топқа қатысушылар иемденіп отырған".
Бірнеше жолдан кейін былай деп жазылған: "Іс материалдарында анықталғандай, Неведомыйға жалақы нақты жасалған жұмыс көлеміне сәйкес емес, одан едәуір көп мөлшерде беріліп отырған".
Сонымен, Неведомый құрылыста жұмыс істеді ме, істемеді ме? Міне, осы абзацтағы тұжырымдардың қайшылығы айыптау корытындысына деген сенімді жоғалтады.
Өкінішке орай, мұндай қайшылықтар көптеген құжаттарда кездеседі. Жазылуы дұрыс сияқты, бірақ қисындылық, үйлесімдік, дәлелдемелерді талдау жетіспейді. Айыптау қорытындысын жазғанда үйлесімділікке бірден қол жеткізу мүмкін емес. Бұған жіберілген қателіктерді талдаудың, айыптау қорытындысын жасау кезіңде байқалған кемшіліктерге сын көзбен караудың нәтижесінде, өз жолдастарының тәжірибесін, ғылыми-әдістемелік әдебиетте берілген ұсыныстарды пайдаланып қол жеткізуге болады.
Қылмыстық іс жүргізу заңының, айыптау қорытындысында айыпталушының жазасын ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларды келтіру жөніндегі міндеттеуін орындауға да қатты назар аудару керек.
Көбіне іс каңдай да бір мән-жайды атаумен шектеледі. Мәселе — жазаңы ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды толықтай жазып көрсетуде, түсіндіруде және дәлелдемелермен негіздеуде жатыр.
Айыпталушыларды айыптау қорытындысымен таныстыру процесінде және оны сот мәжілісінде жариялау кезіңде мұндай тараудың істе көрсетілген және басқа да айыпталушыларға оң тәрбиелік ықпал болатыны сөзсіз. Мұндай тарауды оқудың залда отырғандарға қандай әсер ететінін білу қиын емес.
Екіншіден, айыптау қорытындысында заңда арнамы аталған, жауапкершілікті жеңілдететін әртурлі мән-жайларды (шын жүректен өкіну, залалдың орнын өз еркімен толтыру, т.б) атағанда тергеуші, сонымен катар оларға, басқа да заңда көрсетілген мән-жайларды: Ұлы Отан соғысына қатысқанын, үкімет наградалары бар екендігін, мүгедектігін қосын айтады.
Осылай етуге тергеуші құқылы ма? Солай ету керек пе? Керек болса, оның шегі қандай?
Біздіңше, тергеуші айыптау қорытындысында өзінің ойынша айыпталушының жауапкершілігі жеңілдететін мән-жайларды, оларға заң мән беретіне-бермейтініне қарамастан, атап өтуге құқылы. Бұл құқық ҚК-нің 53-бабының 2-бөлігінде баяндалған ережеден туындайды. Онда жаза тағайындағанда қылмыстық заңда көрсетілмеген мән-жайларды да жеңілдететін деп ескеруге болады делінген. Тергеушінің бұған қатысты пікірі, оның кез келген тұжырымы сияқты, алдын ала болып табылады, себебі ол алдын ала тергеу жүргізеді. Сондықтан ол, сот жеңілдететін деп біржола тануы мүмкін мән-жайларға соттың назарып аударуға құқылы.
Айыпталушының жазасын жеңілдете алатын мән-жайларды, тіптен олар заңда көрсетілмесе де, айыптау қорытындысында көрсетуге құқылы ғана емес, оларға дәл келтіруге міндетті деген сенім осыған негізделеді.
Осы ұсынылғандарды жасай отырып, тергеуші, неғұрлым әділдеу жаза тағайындауына септігін тигізеді. Жаза әділ болған сайын оның айыпталушыға және басқаларға тәрбиелік ықпалының тиімдірек болатынына кім де болса келіседі.
Тергеушінің ойынша жеңілдететін деп танылуы мүмкін, бірақ заңда аталмаған мән-жайларды айыптау қорытындысында баяндаудың рұқсат етілген шегін қарастырайық. Бұл шектер ақылға қонымды болуға тиіс. Заңдық қана емес, өнегелік нормаларды түсіну — алдып ала тергеу кезіңде зерттелген қандай да бір мән-жайдың іс жүргізудегі маңыздылығын бағалауға қажетті субъективтік критерийлерді жасаудағы объективтік негіздемелер. Айта келгенде, жоғарыда келтірген ҚК-нің 53-бабында баяндалған ереже осы негізге сүйенеді.
Айыптау қорытындысында жазаңы жеңілдететін мән-жайды сипаттап жазу мәселесіне келетін болсақ, онда шын жүректен өкінгеніне және қылмыстың ашылуына белсенді көмек көрсеткеніне көп орын бөлінуі тиіс. Іс материалдарын бұлай көрсету, тергеушілердің, ең алдымен бұл жеңілдетуші мән-жайлардың маңызын дұрыс бағалауының нәтижесі.
Көптеген тергеушілер, үкім шығарған кезде бұл жеңілдететін мән-жайларды кейде ескере қоймайтын соттарға риза емес. Мұндай талап, біздің ойымызша, өзінше дұрыс. Тергеушілердің өздеріне айтылатын сын бар, айыптау қорытындысының көпшілігінде бұл мән-жай арнайы бөлінбейді, ерекше аталмайды. Көбіне ол жайында таптаурын фразаларды оқуға болады: айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, өзі жасаған қылмыс жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Ал мұндай фразадан не түсінесің. Айыпталушы шын жүректен өкініп тұр ма, әлде айта салды ма, түсініксіз.
Өкінудің шын жүректен екендігіне және оның қылмыстың ашылуына шынында көмек еткендігіне көзін жеткізгеннен ғана тергеуші оны айыптау қорытындысында арнайы айта алады және атауға тиіс. Субъективтік те, объективтік те сипаттағы дәлелдемелер келтірудің де маңызы аз емес.
Талдық орған құс комбинатындағы ұрлық туралы істің айыптау қорытындысында қылмыс жасағанын мойындаған айыпталушы Жасақованың рөлі былай көрсетілген: "Жасақова бірден мойындауға бет бұрды, жауап алулардың және беттестірулердің бәрінде де өз жауаптарының дұрыс екендігін қорғап бақты. Талдықорған құс фабрикасындағы ұрлау жүйесін түгелдей әшкерелеудегі оның көрсетулері тергеуші үшін шешуші рөл атқарды. Айыпталушылардың ешкайсысы ұрлаудың жасырын әдістерін Жасақова сияқты толык және адал айтқан жоқ".
Баяндалғандарды растау мақсатында тергеудің айыптау қорытындысында айыпталушының берген жауабыпа сілтеме жасалған:
"Өз кінәмді мойындаймын, оны әлдеқашан түсіндім. Білемін, мені жаза күтіп тұр, бұрынғы былғаныш өмірден, жұмыстан тазарғанымды ұғыну көңіліме медеу болады. Қылмыстың ауыр жүгін бұдан былай көтермеспін. Оның бәрі артта қалды. Мені қылмысқа тартты немесе итермеледі деп ешкімді кінәламаймын. Неге барып отырғанымды түсінген болатынмын. Мен өзімді ғана кінәлаймын. Бөлкім, өзімді-өзім ұстай алмадым, ақшаға қызығып кеттім".
Шатырға жабатып болат қаңылтыр туралы іс бойынша айыптау қорытындысында айыпталушы Кемелованың шын жүректен өкінетіңдігі де осыған ұқсас баяндалған: "Бұл қылмысты ашудағы Кемелованың рөлін еркше атап өту керек. Жаратылысынан пысық, жарқын әйел, бірақ дүниеқор күйеуінің ықпалына түсіп, қылмысқа белсенді қатысын кеткен. Ұрлап әкелген болат үшін Төребековпен есеп ажырасын отырған, сатуға Орал облысына көбіне сол баратын, қылмыстық топтың басқа мүшелеріне де ақшаны сол беріп отырған. Алдын ала тергеу кезіңде қамауға алынған Кемелова өз кінәсін мойнына алып, шын жүректен өкінді, күйеуі екеуі жасаған және басқалардың өзі білетін қылмыстық әрекеттері жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Барлық болған оқиғаны жадында жақсы сақтаған. Ең бастысы сол — оның алдын ала тергеу барысында айтқандары кейін дәлелдемелермен расталынды, қылмыстың неғұрлым толық ашылуына септігін тигізді". Ары қарай айыпталушының көрсетулерімен олардың дұрыстығын растайтын дәлелдемелер келтірілген.
Бұл істі қараған Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы жауапкершілікті жеңілдететін басқа да мән-жайлармен қоса, айыпталушылардың алдын ала тергеу кезіңде кінәлерін мойындап, өкініш білдіргендігіне көп мән береді. Мұндай мән-жайлар жазаңы жеке даралап тағайындауда негізге алынды.
Үкімде әр сотталғанға әр түрлі жазалау шарасы қолданылды. Төребековке — 8 жылға бас бостаңдығынан айыру, жазасын күшейтілген тәртіптегі еңбекпен түзеу колониясында өтеу; Кемеловке — 6 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын күшейтілген тәртіптегі еңбекпен түзеу колониясында өтеу; Кемелова — 4 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режимдегі еңбекпен түзеу колониясында өтеу (барлығының мүліктері тәркіленді). Жазалау шараларының не себепті әр түрлі болғандығына үкімде дәлелдеме келтірілген:
"Жазалау шарасын белгілегенде сот алқасы, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігімен қатар, әрбір сотталушының жеке басын сипаттайтын мәліметтерге де көңіл аударды".
Төребековке қатысты сот алқасы оның бірінші рет сотты болып отырғандығын, жақсы өндірістік мінездемесін, оның Ұлы Отан соғысына қатысқандығын ескерді. Бірақ оның өз кінәсін мойындамағандығын, қылмыс жасағанына өкінбейтіндігін де ескерді.
Кемеловке жазалау шарасын анықтағанда сот алқасы оның бірінші рет сотты болып отырғандығын, шын жүректен кінәсін мойындағанын, асырауында кәмелетке толмаған екі бала бар екендігін, комбайн зауытында ұзақ уақыт жұмыс істегенін ескерді.
Кемеловаға жазалау шарасын анықтағанда сот алқасы оның алғаш сотты болып отырғандығын, асырауында кәмілетке толмаған екі бала мен анасы бар екендігін. өз кінәсін шын жүректен мойындап, қылмысты ашуға белсенділікпен көмектескендігін, сондай-ақ ол қылмысты металды тауып кеп жүрген күйеуінің ықпалымен жасағандығын ескерді".
Мұндай мысалдар біздің беріп отырған ақыл - кеңесіміздің дұрыстығын көрсетеді. Айыптау қорытындысында "мойыңдады, қылмыстың ашылуына көмектесті" деген құрғақ фразалармен шектеліп қалмау керек, сол мойыңдаудың аркасыңда бұрын белгісіз болып келген эпизодтардың ашылғандығын, жаңа дәлелдемелердің табылғандығын қылмысқа қатысқан басқа да адамдардың әшкереленгендігін көрсету керек.
Іс материалдарымен мұқият негіздеу, жинақталғай дәлелдемелерге сілтеме жасай отырып нандыру, оларды әділ бағалау — айыптау қорытындысында жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды баяндағанда тергеушінің көңіл аударатын талаптары, міне, осылар.
Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларды сипаттағанда да осындай талаптар қойылады.
Бұл жерде, ондай мән-жайлардың бірнеше қылмысты ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) жасағандығына назар аудару керек. Мұндай ұғымдарда, әңгіме қылмысқа қатысушылар арасында тұрақты қылмыстық байланыстар жайында олардың арасында рөлдердің айқын бөлінуі, бір емес бірнеше қылмыс жасауға келісуі (қылмыстық қызмет термині осындай шыққан), және де бір басшыға, ұйымдастырушыға немесе ұйымдастырушылардың шағын тобына бағыныштылық жайында болады.
Әрине, айыптау қорытындысында бұл элементтердің барлығы аталуға және оларға негіздеме жасалуға тиіс. Көптеген тергеушілер қылмысты ұйымдастырушылардың рөліне арнайы тоқталып өтеді. Біздің ойымызша бұл практиканы кең қолдану керек, себебі, ұйымдастырушылардың қоғамға қауіптілігі қатардағы басқа қылмыскерлерге карағанда едәуір жоғары. Айыптау қорытындысында мұндай адамдардың ұйымдастырушылық рөлінің неден көрініс тапқандығын және оның қандай ауыр зардаптарға әкеп соққандығын көрсеткен тергеушілер дұрыс істейді.
Айта келгенде, айыптау қорытындысында қылмысқа қатысқандардың біреуін сол қылмысты ұйымдастырушы деп жай көрсете салу жеткіліксіз. Ол нанымды дәлелдемелермен расталынуы тиіс. Тергеушінің пікіріне ғана негізделген ондай тұжырым бұл жағдайда (басқа да барлық жағдайларда) сотта қолдау таппайды.
Мысалы, құс комбинатындағы ұрлық туралы іс бойынша айыптау қорытындысында тергеуші қылмысты ұйымдастырушы бас инженер Варфоломеев деп көрсеткен. Оны ол былайша дәлелдеуге тырысқан: "Әркімге рөл бөлініп берілген қылмыстық топты Варфоломеев басқарды. Құс соятын цехтың жұмыскерлері өзіне тікелей бағынатын болғандықтан, ол өз қызмет бабын пайдаланып ұрлыққа жалпы басшылық жасаған.
Қылмыскерлердің әшкереленбеуіне шара қолданған, инвентаризация жүргізілетін уақытты алдын ала ескертіп отырған.
Құс қабылдауга жалған құжаттар жасағандығын, бас инженердің білмедім деуі нанымсыз деп тұжырымдайды тергеуші. Бірақ сот Варфоломеевтің сөзін нанымсыз деген жоқ, ешқандай дәлелдемелерге сүйенбеген тергеушінің тұжырымын нанымсыз деп тапты. Сот Варфоломеевті қылмысты ұйымдастырушы да емес, орындаушы да емес деп таныды, ол өзіне тағылған қылмыстың бұл бөлігі бойынша ақталды, оны тек лауазымдық қылмыс үшін соттады.
Айыптау қорытындысына заң қоятын маңызды талаптардың бірі — жәбірленуші туралы, қылмыстан оған келген зиянның сипаты мен мөлшері жайында міндетті түрде мәліметтер келтіру (ЩЖК-нің 278-бабы 3-бөлігі).
Қандай айыптау қорытындысында болмасын жәбірленуші жайындағы деректер тек оның аты-жөнін көрсетумен ғана шектелмеуі тиіс, ал өкінішке орай, ондай жағдайлар жиі кездеседі. Бұл мәліметтердің көлемі қылмысты, оның жасалу себептерін сипаттау үшін олардың қаншалықты маңызды екендігіне байланысты. Жәбірленуші туралы деректерді нақты және қысқа баяндау, іс жүргізуге маңыздылығынан басқа, айыптау қорытындысының тәрбиелік мәнін арттырады, себебі ол көпшілік үшін алдын ала тергеу кезіңде әділдік принципінің сақталу көрінісі болар.
Айтылғандарды қорыта келгенде күрделі істер бойынша айыптау қорытындысының құрылымына қатысты негізгі ұсыныстарды былайша қысқа келтіруге болады.
1 .Қылмыстық іс-әрекеттің көлемін жалпы баяндауға баса назар аудару керек.
2.Қылмыстық эпизодтарды топтастыру өлшемі туралы мәселені шешу қажет. Әр қылмыстың жасалған уақыты, не оны жасаған жер, не оның қоғамға қауіптілігі сондай өлшем бола алады. Бұл өлшемдер жиі қолданылады бірақ өлшемдер тізбесі осылармен бітпейді.
Бір қылмысты ғана бірге жасап, бір қатар басқа іс- әрекеттерді өздерінде әрқайсысы бөлек жасаған адамдар тобын айыптайтын істер де кездеседі. Мұндай жағдайда эпизодтарды топтастыру қылмыс субъектісіне негізделеді.
Ең бастысы, тандап алған өлшем осы іс үшін баяндаудың жүйелі әрі қатаң жүйесін қамтамасыз ететіндей маңызды болуы тиіс.
Мұндай негізгі өлшем қылмыстық эпизодтардың топтарын ғана айқындауға мүмкіндік беретін болса, ал олардың әрқайсысы жүйелеуді керек етсе, қосымша өлшем (өлшемдер) анықталады. Мысалы, негізгі өлшем — қылмыс орны, қосымша — уақыт немесе негізгі — қоғамға қауіптілік, ал қосымша бір топта — уақыт, басқа топта — орын болуы мүмкін.
3.Эпизодтар тобын және әр эпизодты өзінше баяндағанда тақырып қойған дұрыс. Топты топтан рим цифрларымен, эпизодты эпизодтан араб цифрларымен бөлу керек.
4.Эпизодтар тобын баяндауды қысқаша кіріспеден бастауға болады, онда осы топты ерекшелейтін, сонымен қатар кіретін эпизодтар үшін ортақ белгілер көрсетіледі.
5.Әрбір жеке эпизод ҚІЖК-нің 278-бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес толық суреттеледі (айыптаудың мәнісі, қылмыс жасалған орын және уақыт, оны жасаудың тәсілі, себебі, мақсаты, оның салдары және осы қылмыстық іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар).
6.Қажет болған жағдайда, мысалы, қылмыстық қоғамдық қауіпсіздік өлшемі негізінде айыптау қорытындысының көрсетілген бөлігінің құрылымын жасағанда немесе эпизодтар қылмыс субъектілері бойынша топтастырылса эпизодтардың әрбір тобын суреттеу қысқаша қорытындымен аяқталады.
Бәлкім, айыптау қорытындысының әр тарауының құрылымы қорытындыны жасау барысында емес, оған дейін ойластыру керек. Егер жұмыс процесінде айыптау қорытындысының тандап алған құрылымын түзету немес толық өзгерту қажеттігі туындаса ол жұмысты міндетті түрде істеу керек.
Көбіне, іс бойынша тергеуді тергеу тобы жүргізеді. Осыған орай тергеу тобының (ары қарай — топ) айыптау қорытындысын даярлау әдісі жайында бірер сөз айту керек.
Айыптау қорытындысының алғашқы нұсқаудағы жоспарын тергеу материалдарын басқалардан гөрі жақсы білетін бір тергеуші жасайды (ол, әдетте, істі жүргізуді қабылдап алған тергеуші болады). Сонан соң бұл жоспарды және құрылымдық мәселені тергеу тобы түгел отырып талқылайды. Бір пікірге тоқталған соң олардың әрқайсысы айыптау қорытындысының белгілі бір бөлімін дайындауға тапсырма алады. Осы бөлім үшін ол толық жоспар жасайды. Сол жоспардың негізінде топ жетекшісі жалпы жоспардың ақтық нұсқасын жасайды.
Практикада бұл ұштағанның элементтері көбіне қосылып кетеді, бірақ тәжірибелі тергеушілер әдетте осы әдісті пайдаланады.
Қайталап айта кеткен жөн, айыптау қорытындысының құрылымы істің өзінің құрылымына байланысты. Бұл ретте кейбір жалпы кеңестер ғана берілуі мүмкін.
1. Егер іс бойынша тергеуді әр түрлі елді-мекендерде жүрген тергеушілер жүзеге асыратын болса (Қазақстанның әр түрлі облыстарында жүрулері де мүмкін), олардың әрқайсысы жалпы жоспарға сүйене отырып, сол жерде орын алған қылмыс жайында айыптау қорытындысын немесе жекелеген тараулардың бөлімдерін жазады. Жинақталған материалдары айыптау қорытындысына түгелдей емес, жеке фрагментімен кіретін болса да тергеушілердің мүмкіндіктерін осылай пайдаланған дұрыс. Бәрінен де маңыздысы, сол әрбір фрагмент барлық жинақталған дәлелдемелер пайдаланыла отырып жазылуы, тергеушінің тұжырымымен үйлесім табу керек.
2. Егер әрбір тергеушінің іс жүргізуінде бір топ эпизодтар болса, ол әрине, әрқайсысын жазып ала отырып, осы эпизодтар бойынша айыптау қорытындысында тарау немесе тарам (подраздел) жазады.
Айыптау қорытындысындағы эпизодтарды қылмыс субъектілері бойынша топтастыруға шешім жасаған күннің өзінде, әрбір тергеуші жалпы жоспарға қарай отырып, өзі тергеген эпизодтардың алдымен айыпталушылардың біреуіне, содан соң басқасына қатыстысын суреттеп жазады.
3. Егер әрбір тергеуші айыпталушылардың біреуіне немесе бірнешеуіне қатысты дәлелдемелер жинайтындай етіп топтап жұмыс жоспарласа, егер сипаттау бөлімін жасаудың негізгі өлшемі қылмыс субъектісі болып табылса ғана, онда ол сөзсіз айыптау қорытындысының тиісті бөлімін дайындайды.
Практикада кейде мынадай да қиындықгар кездеседі: тергеу "адамдар бойынша" жүргізіледі, ал сипаттау бөлімін қылмыстық эпизодтар бойынша, оларды хронологиялық тәртіппен орналастыра отырып жасайды.
Бұл проблеманы екі жолмен шешуге болады, не бірнеше тергеушілер эпизодтарды бірлесіп сипаттайды, не алдымен қылмыстық іс материалдары қайта топтастырылады, содан соң әрбір тергеуші эпизодтар тобы бойынша тарау дайындауға тапсырма алады.
Мәселені бірінші жолмен шешу оңай болғанмен, екіншісіне артықшылық берген дұрыс: ұжымдық шығармашылық жұмыс ("дөңгелек стол" тұрғысынан алғанда) талқылауда ғана ынғайлы, тікелей орындауды жалғыз адам жақеы орындай алады. Қалай болған күнде де өзара көмек керек. Осы кезде алғашқы жазғандар, конспектілер, қосымша карточкалар, айыптау қорытындысының бұрын жасалған фрагменттері көп көмектеседі.
Айыптау қорытындысының соңғы нұсқасын бір тергеушінің жазып шығуы міндетті ережеге айналуы тиіс. Егер тергеу тобының мөлшері жазып шыққан барлық тарауларды тікелей бірімен-бірін қоса салса, олар тігілген құрақ көрпедей ала-құла болады. Қисын да, бірізділік те болмайды. Топ мүшелері ұсынған фрагменттерді бір тергеуші (әдетте, істі жүргізуге қабылдаған) жинақтап, бір стильмен өндейді, сонда ғана айыптау қорытындысы қойылған талаптарға жауап береді деп есептеуге болады.
Соңында тағы бір айта кетейік, айыптау қорытындысында қылмыстық істің томдарына және парақтарына сілтеме болуға тиіс (ҚІЖК-нің 278-бабының 3-бөлігі).
Сонымен қатар жасалған айыптау қорытындысына оның жасалған жерін және уақытын көрсетіп тергеуші қол қояды (ҚК-нің 278-бабының 5-бөлігі). Егер істі тергеу тобы тергесе, айыптау қорытындысына істі жүргізуге қабылдап алған тергеуші қол қояды. Қалай десек те, біздің ойымызша, тергеу тобына кірген тергеушілердің барлығының айыптау қорытындысына қол қоюы практикалық тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан да дұрыс емес, себебі ол ҚІЖК-нің 199-бабына дәлелсіз кең түсініктеме беру болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |