1 Дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1.1 Дипломдық жұмысты орындау мақсаты және оған қойылатын талаптар
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты дипломдық жұмыстарды орындау үшін ұсынылатын талаптардың орындалуы болып саналады.
Дипломдық жұмыс — көпшілік алдында қорғауға дайындалған, біліктілік сипаты бар ғылыми зерттеудің арнайы нысаны.
Дипломдық жұмысты орындау 5В012800(6В01507)-«Физика-Информатика мамандығы (білім беру бағдарламасы) бойынша білім "бакалавры" дәрежесін беру үшін қорытынды аттестаттаудың міндетті кезеңі болып табылады және 12 академиялық кредитті құрайды.
Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:
1) 5В012800(6В01507)-«Физика-Информатика» мамандығы (білім беру бағдарламасы) бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды жүйелеу, пысықтау және кеңейту және оларды нақты бір білім беру, ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік, мәдени бағыттардағы есептерді шешуде қолдану.
2) өзіндік жұмыстарды жүргізуді дамыту және проблемалар мен мәселелерді шешуде ғылыми зерттеу және сараптық әдістерді игеру.
3) заманауи өндіріс, ғылым, техника, мәдениет саласында студенттің өзіндік жұмыстарға дайындылығын және кәсіби деңгейін анықтау.
Дипломдық жұмыс 5В012800(6В01507)-«Физика-Информатика» мамандығының (білім беру бағдарламасы)ның өзекті проблемасын өз бетінше игеру және зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің жалпылануы болып саналады.
Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және келесі талаптарға жауап беру қажет:
- мақсатты бағыт;
- құрылымының анықтығы;
- материалды ұсынудың логикалық реттілігі;
- зерттеу тереңдігі және сұрақтардың толық қамтылуы;
- дәлелдеудің сенімділігі;
- сөйлемдердің ықшамдығы мен дәлдігі;
- жұмыс нәтижелерін баяндаудың нақтылығы;
- қорытындылардың дәлелділігі және ұсынымдардың негізділігі;
- сауатты ресімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |