1.2.4 Дипломдық жұмыстың жетекшісі мен кеңесшілері
Дипломдық жұмысты жазу үшін кафедраның ұсынысы бойынша әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.
Дипломдық жұмыстарға жетекшілікті ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін, бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар оқытушылар және (немесе) мамандар жүзеге асырады.
Дипломдық жұмысты орындаудан алдын студент жетекшінің көмегімен барлық кезең үшін жұмыстың жеке кезеңдерін орындап бітіру жоспарының графигін құрастырады.
Дипломдық жұмыстың жетекшісі:
- дипломдық жұмыс бойынша тапсырма береді;
- дипломдық жұмысты орындаудың барлық кезеңіне арналған күнтізбе жоспарын құрастыруда бітірушіге көмектеседі
- тақырып бойынша қажетті әдебиет, анықтамалық және т.б. материалдарды ұсынады.
- бітірушіге жүйелі түрде кеңес береді;
- дипломдық жұмыстың орындалуын қадағалайды
- орындалған дипломдық жұмыс туралы жазбаша пікір береді(6-қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: |