1.7 Дипломдық жұмысты бағалау критерийлері
Орындалған дипломдық жұмыстың (жобаның) сапасын бағалаудың негізгі өлшемдері:
Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері бойынша ұпайлық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қойылады.
- таңдалған тақырып практикамен тығыз байланыста жан-жақты және терең мазмұндалған, ал оның авторы әдебиетпен және нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, зерттеулер жүргізу, теориялық және практикалық қорытындылар шығару шеберлігін көрсеткен жұмысқа «өте жақсы» деген баға қойылады;
- өзіне қойылатын негізгі талаптарға сай орындалған жұмысқа «жақсы» деген баға қойылады. Студент материалды тыңғылықты меңгерген, алайда барлық сұрақтарға терең, толық және дәлелді жауаптар бере алмайды;
- негізінен жалпы талаптар сақталған, бірақ қойылған міндеттер толық шешілмеген жұмысқа «қанағаттанарлық» деген баға қойылады. Жұмыстың авторы материалды меңгерген, алайда сұрақтарға үстіртін жауап береді, жекелеген кемшіліктер жібереді;
- пікір мен рецензияда мазмұны мен рәсімделуі бойынша маңызды ескертулер бар жұмысқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Сұрақтарға берілетін жауаптар дұрыс емес және дәлелділігімен ерекшеленбейді.
Қорғауға сөз сөйлеу (баяндама) деңгейі бойынша дипломдық жұмысты бағалау критерийлері мынадай.
Студенттің баяндама мәтінін оқымай-ақ еркін сөйлеуі, зерттеу нысаны мен тақырыбын, сондай-ақ дипломдық жұмыста қарастырылған тақырыптық мәселелерді жақсы білуі оң бағаланады.
Демонстрациялық материалдың сапасы мазмұны бойынша да, дұрыс дизайны бойынша да бағаланады.
Аттестаттау комиссиясының мүшелері ерекше назар аударады:
- тақырыпты толық ашу, проблемаларды қамту және оларды шешу бағыттары;
- студент ұсынған оларды шешу әдістерінің шынайылығы мен тиімділігі, проблемалардың теріс әсерін азайту бойынша шаралар мен ұсыныстар;
- проблемаларды қарауға, талдауға, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуге шығармашылық тұрғыдан қарау;
- зерттеу объектісі жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсынылған шаралармен саланың, кәсіпорынның ағымдағы жағдайының, олардың жұмыс ерекшеліктерінің анықталған өзара байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |