Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)



бет18/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
гр8

2.2 Өлі туған төлді зерттеу
Бактериологиялық әдіспен өлі туған төлді тығыз бауыр-глюкоз-глицирин агарына немесе пробиркадағы қисайтылған агарга сондай-ақ бактериологиялық Петри табақшаларында егіп зерттейді. Егілетін қоректік орталар жаңадан жасалған немесе дайындалғанына небэрі 3 тэуліктен аспаған, тоңазытқышта сақталтған болуы қажет. Негізінен қоректік ортаға егуге төлдің қарнындағы заттары, көкбауыры, бауыры, журегі, бүйрегі, қаны, миы, өкпесі және сүйегі қолданылады.
Осы аталған эр бір органдардан 2-3 Петри табақшаларына немесе поробиркаларға Пастер түтікшесінің көмегімен алдын ала залалсыздандырылған бокста егеді.
Іш тастаған малдың шуын зерттеу
Зерттеуге көбінесі қабынған, жерлерінен кесіп алып физиологиялық ерітіндімен 5 рет жуып бір рет ыстық суға батырып алып, майдалап эмульсия дайындайды. Эмульсияны пробиркаларға егеді және де биологиялық зерттеу жүргізу үшін теңіз шошқаларына тері астына жіберу арқылы жұқтырады.
Зәрін зерттеу. Зерттеу үшін катетрдің көмегімен таза ыдысқа 20-30 мл көлемінде малдың зәрін алып, 30 минут, 3000 айналымда центрифугадан өткізеді. Бетіндегі сүйықты төгіп тастап, тұнбадан ет-пептон сорпасының көмегімен 0,3-0,5мл сұйық ерітінді дайындап алып оны ингибиторы бар тығыз агарға егеді. Зерттеуді әрі қарай кәдімгі әдістермен жалғастыруға болады.
Нәжісін зерттеу. 1г жаңадан алынған малдың нәжісін (қиын) 50мл тазартылған физиологиялық ерітіндіде араластырады. Осы қоспаны 5 қабат дәке арқылы сүзіп, содан соң 3-4минут уақыт центрифугалайды.
Осылай дайындалған нәжіс сұйығына бірдей көлемде малдарды арнайы иммунитеттендіру арқылы алынған қанның сары суын (титірі 1:800 кем болмауы керек) 1:100 қатынаста қосады, қоспаны тыңғылықты араластырып, 2 сағат уақыт 37°С температурада су ваннасында ұстайды. Бұдан соң қоспаны тағы да 5 минут центрифугадан өткізіп бетіндегі сұйығын төгіп тастайды да тұнбасы физиологиялық ерітіндімен сұйықтандырып қайтадан центрифугалайды. Бұл процесті 2 рет қайталайды. Содан соң алынған тұнбаны ішіне генцианвиолет (1:200000) қосылған тығыз агары бар пробиркаға немесе бактериологиялық табақшаларға егеді.
Сол сияқты, осы материалды теңіз шошқаларында жұқтырып биологиялық әдіспен зерттеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет