ІІ. Өзіндік зерттеулер нысаны мен әдістері
Сайрам ауданы Көлкент ауыл округінде бірнеше ӨК, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, жеке меншік адамдар ауыл шаруашылығы малдарын өсірумен айналысады. Мал басының өсе бастағаны байқалады. Ауыл округінде сиыр табындарында, қой отарларында малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары толық жолға қойылмаған, сондықтан негізгі мал басы қыстан бастап жаз айларына дейін туатыны белгілі болды. Және де мал басы жастарына байланысты бөлінбей, тіпті әртүрлі мал (сиыр, қой, ешкі, жылқы) бірге бағылатыны жиі кездеседі. Мал табындары наурыздан желтоқсан айына дейін жайылымдарда болып, қыста қолда ұсталынады. Сңғы жылдары адамдар арасында бруцеллездің анықталуы жиілеп, көбеюде. Көлкент ауылында індеттануды зерттеу 6 табында жүргізілді. Олар бір-бірімен қосылмай жеке бағылатыны анықталды. Қан алу жұмыстарына қатысып, лабораторияда сараптау жұмыстарына қатыстым. Лаборатория жағдайында келіп түскен пат-материалдарды алыну, тексерілу жағдайларына қатысып, әрбір заттық тексеруметодикасын диплом жұмыстарында өзіндік тексеру бөліміне қостым.
2.1 Паталогиялық материалдардың алынуы және оның тексерілуге жіберілу тәсілдері
Бруцеллез ауруына бактериологиялық әдіспен диагноз қою үшін көбіне малдың іштен өлі түскен төлін немесе оның ішкі органдарын жібереді. Сонымен бірге кей уақыттарда төлдің серігін, қағанақ сұйығын төлдің сыртын қоршап түратын қабығын іш тастаған малдың сүтін (уызын), жатырынан бөлінетін сүйық заттарын жілік сүйектерін және эртүрлі бездерін жіберуге болады.
Лабораториялық зерттеуге патологиялық материалдарды көп кешіктірмей, бүзылмай түрғанда жеткізу керек. Мысалыға: өлі төлді бүтіндей немесе оның қарнын, және төлдің серігін, бездерін және ішкі органдарын мұз салынған тесігі жоқ темір ящикке салып арнайы бір адам арқылы жібереді. Лабораторияға келіп түскен паталогиялық материалдарды қисайтылған агары бар 2-3 пробиркаға және бір сорпасы бар пробиркаға егеді. Сонымен бірге 2-3 теңіз шошқаларына 1:2; 1:5 қатынаста, тексеруге экелінген материалдардан дайындаған қоспаны ортан жіліктің қасынан немесе қарнының түсындағы тері астынані- 2мл көлемінде жіберуі арқылы ауруды жүқтырып зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |