Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)


Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары және оны есепке алу әдістемесі



бет31/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
гр8

6.2 Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары және оны есепке алу әдістемесі
Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары келесі шығындардан құралады:
-ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын еңбеккерлердің еңбекақысы;
- ветеринарлық құрал-жабдық, приборлардың және басқа ветеринарлық өндірістік қорлардың баланстық құнынан амортизациялық төлемдер;
- техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету шығындары;
- шығындалған ветеринарлық препараттардың, құралдардың, жанар-жағар майлардың құны;
- уақытша сою алаңдары, пастеризациялық қондырғылар, шлагбаум, сою өнімдерін, өлекселерді залалсыздандыру шығындары.
Ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын еңбеккерлердің еңбекақысына (ветеринарлық дәрігерлер, фельдшерлер, дезинфекциялық қондырғылардың жүргізушілері және т.б) олардың еңбекақысы, 21% әлеуметтік сақтандыру төлемдері, еңбекақы қорының 6,8% мөлшеріндегі ақылы демалыс, мамандардың іс-сапар шығындары кіреді.
1 айлық еңбекақы шығындары:
Е = 4 х 26500 + 6 х 23600 + (4 х 26500+6 х 23600) х 0,21 + (4х26500 + 6 х 23600) х 0,068 = 247600 + 51996 + 16836,8 = 316412,8 теңге.
Күндік еңбекақы айлық еңбекақыны 25,6 күнге бөлу арқылы, ал сағаттық – күндік еңбекақыны 7 сағатқа бөлу арқылы есептеледі.
Іс-сапар шығындары нақты мәліметтерден алынады.
Амортизациялық төлемдер белгіленген номативтер бойынша жүзеге асырылады.
1 кесте

Құрал-жабдық аталуы

Саны

Бірлігінің бағасы

Жалпы сметалық құны

Амортизациялық төлемдер

%

теңге

Ветеринарлық емхана

1

1200000

1200000

5

60000

Ветеринарлық дезинфекциялық қондырғы

3

1500000

4500000

10

450000

Ла­бораториялық дөңгелек тербелткіш

1

24000

24000

15

3600

Суытатын қондырғы

1

45000

45000

10

4500

Центрифуга

1

50000

50000

10

5000

Сефадексе О-150

1

65000

65000

10

6500

Спектрофотометр СФ-46

1

48000

48000

10

4800

Магниттік араластырғыш

2

8000

16000

15

2400

Барлығы







5948000




536800

Материалдар мен шикізат шығындары:





Атауы

Өлшем бірлігі

1 өлшем бірлігінің бағасы (теңге)

Саны

Сомасы (теңге)

Фенобендазол

гр.

30

150

4500

Политрем

гр.

40

90

3600

Альбен

дана

10

90

900

Азинокс

дана

7,73

220

1700

Азипирин

дана

48,1

10

480

Барлығы










11180

Энергетикалық шығындар:





Шығын элементтері

Өлшем бірлігі

1 өлшем бірлігінің бағасы (теңге)

Саны

Сомасы (теңге)

Электоэнаргия

Квт/сағ.

7,63

1200

9156

Жанар-жағар май

тонна

65000

2,4

156000

Су

м3

47,8

700

33460

Барлығы










198616

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары
У2= 316412,8+536800+11180+198616= 1063008,8


6.3 Ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігі және оны есептеу әдістемесі
Республиканың аймақтарында (облыс, аудан) ауыру коэффициентін (К32) аймақтағы ауырған мал санын жалпы мал санына бөлу арқылы есептейді.
Сайрам ауданы үшін:
Ірі қара мал бойынша:
К32 = 43/129060 = 0,0003
Уақ мал үшін:
К32 = 75/211640 = 0,00035
Өлу коэффициентін (Кл1) өлген мал санын ауырған мал санына бөлу арқылы есептейді.
Мәжбүр сою коэффициентін сойылған мал санын ауырған мал санына бөлу арқылы есептейді.
Өнімді жоғалту коэффициентін жалпы жоғалтылған өнім көлемін ауырған мал санына бөлу арқылы есептейді.
Болдырылмаған шығынды есептеу кезінде экономикалық шығыннның келесі үлестік мәндерін қолданады: 1 ауырған, өлген, ауырып жазылған, мәжбүр өлтірілген және қолда бар малға шаққанда.
1 ауырған малға шаққандағы экономикалық шығынның үлестік мәнін (Ку1) анықтаған кезде жалпы шығын сомасын ауырған мал санына бөледі.
971500+1 889 381,75+2 674 000 / 128 = 43241,63 теңге
1 қолда бар малға шаққандағы (Ky5) шығынның үлестік мәнін анықтаған кезде жалпы экономикалық шығынды қолда бар мал санына бөледі.
5534880,16/129060+211640 = 16,22 теңге.
Аймақта аурудың алдын алу және салдарын жою нәтижесінде болдырылмаған экономикалық шығынды келесі формула бойынша есептейді:
Пу3 = ( Мо х Кз2 - Мз) х Ку1,
Мұндағы:
Мо- аймақтағы ауруға бейім мал саны (аудан, об­лыс, республика), саны бас;
Кз2, - аймақтағы малдардың ауыру мүмкіндігі коэффициенті;
Мз – аймақтағы ауырған мал саны, бас;
Ку1, - 1 ауырған малға шаққандағы экономикалық шығынның үлестік мәні.
(34700х0,0065 – 128) х43241,63 = 4218221 теңге.
Аурудың алдын алу, сауықтыру және емдеу шараларының нәтижесінде алынған экономикалық тиімді Эв келесі формула бойынша есептейді:
Эв= Пу + Дс + Эзв,
Мұндағы:
Пу- ветеринарлық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде болдырылмаған экономикалық шығын, теңге;
Дс - өнім көлемі мен сапасын арттыру есебінен алынған қосымша құн, теңге;
Эз - ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолдану нәтижесінде еңбек және материалдық ресурстарды үнемдеу, теңге;
Зв - ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары, теңге.
Эв= 4218221 + 2480,4 + 1715,75 - 1063008,8 = 3159408,3 теңге
Ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолдану нәтижесінде өнім көлемі мен сапасын арттыру есебінен алынған қосымша құнды Дс келесі формула бойынша есептейді:
Дс = (Впо - Впэ) х Ан ,
Мұндағы:
Впо и Впэ – 1 емделген малға шаққандағы дәстүрлі және жаңа тиімді құралдарды қолданған кездегі өндірілген немесе сатылған өнімнің құны, теңге;
Ан –емделген мал саны (жұмыс көлемі), бас.
Дс = (432,6-427,3) х 468 = 2480,4 теңге
Ветеринарлық іс-шараларға жұмсалған өндірістік шығындар немесе күрделі қаржылардың өзгеруі есебінен нәтижесінде еңбек және материалдық ресурстарды үнемдеу (Эз), теңге, келесі формула бойынша есептеледі:
Эз =[(Сб + Ен х Кб) - ( Сн + Ен х Кн )] х Ан ,
Мұндағы:
СБ и Сн - 1 емделген малға (жұмыс бірлігіне) шаққандағы дәстүрлі және жаңа вариант бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге жұмсалғын ағымдағы өндірістік шығындар, теңге;
Ен– капитал салымдарының тиімділігінің нормативтік коэффициенті, 0,15;
Кб и Кн –сәйкесінше базалық және жаңа вариант бойынша жұмыс бірлігіне үлестік капитал салымдар;
Ан - ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолданып атқарылған ветеринарлық жұмыс көлемі, теңге.
Эз =[(26,6 + 0,15х54654) - (22,7 + 0,15х43241,63)] х 1063008,8 = 8224,7 - 6508,95 = 1715,75 теңге
1 теңге шығындарға шаққандағы ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігі (Эт) экономикалық тиімділікті ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге жұмсалғын шығындарға бөлу арқылы есептеледі:
Эт = Эв / Зв
Эт = 3159408,3 / 1063008,8 = 2,97 теңге.
Капитал салымдарының тиімділігін олардың қайтарымдылығы, қацтарылу мерзімі, капитал салымдарының ең жақсы варианты және 1 теңге капитал салымына үнемделген шығындар бойынша белгілейді.
Қосымша капитал салымдарының қайтарымдылығы (Окв) келесі формула бойынша есептеледі:
Окв = Эв / Кд
Мұндағы:
Эв – алдын алу, сауықтыру және емдеу шараларын жүргізу нәтижесінде алынған жылдық экономикалық тиім, теңге;
Кд - ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге жұмсалған қосымша капитал салымдары, теңге. Ол келесі формула бойынша есептеледі:
Кд = Ен х (Кн - Кб),
Мұндағы:
Ен – капитал салымдарының тиімділігінің норматитік коэффициенті, 0,15;
Кн – жаңа капитал салымдары, теңге;
Кббазалық капитал салымдары, теңге.
Кд = 0,15 х (1063008,8 – 926540,3) = 20470,275 теңге.
Окв = 3159408,3 / 20470,275 Кд = 154,34
Ветеринарлық іс-шараларға жұмсалған қосымша капитал салымдарының қайтарылу мерзімі (Ткв) келесі формула бойынша есептеледі:
Ткв = Кд в
Ткв = 20470,275 / 3159408,3 = 0,0065.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет