7.8 Қаржылық жоспар
«Көлкент» атындағы ӨК қаржы экономикалық көрсеткіштері.
Қаржыландыру жоспары:
1. Асыл тұқымды бұқа және жылқы сатып алуға – 20 000 000 тг.
2. Құрал-жабдықтар сатып алу – 250 000 тг.
3. Басқа да шығындар – 750 000 тг.
Барлығы: 21 000 000 тг.
7.9 Жұмыстардың орындалу тізбесі
Ет өнімдерінің сапасын жақсарту және тұтынушыларды көбейту үшін қазіргі заманауи ет пайдалану технологияларына өту міндеттері тұр. Мал шаруашылығы өнімдерін болашақта етті бордақылайтын шұжық жасайтын өндірістік жаңа техникалар алу үшін шетелден 30 000 АҚШ долларына машиналарға алуға тапсырыс беру. Асыл тұқымды ет беретін малдарды сатып алу мақссаттары тұр.
7.10 Жобаның тәуекелдігін (сезімталдығын) талдау
Өнімді сату кезінде көп шығынға ұшырамау үшін кәсіпкерлермен алдын ала келісім-шартқа отырады. Келісім-шарт бойынша есеп-құжат дайындап отырады.
Егерде өнімнен шығындар туындайтын болса, оларды сол кәсіпорындардың өнімімен алмастыруымызға болады.
Тәуекелдердің әсер етуін шектеу бизнес тұспа-тұс келетін негізгі тәуекелдерді шынайы айқындаудан басталады. Сатылған өнім үшін төлемақының кешігуі тәуекелге алып келеді. Кәсіпорынға әсер ететін тәуекелдерді жіктейтін болсақ, олар екеу:
Техникалық тәуекелдері:
өндіріске қажетті құрал-жабдықтардың бұзылып немесе сынып қалуына, ескіруіне, тозуына байланысты өндірістің тоқтауы;
өнімнің жоқтығы;
жеткізудегі тепе-теңсіздік;
Қаржылық тәуекелдері:
Сондықтанда алдын ала төленгеннен кейін берілу қарастырылған.
Қорытынды және ұсыныстар
Бұл дипломдық жұмыста Сайрам ауданындағы бруцеллез ауруларының алдын алу шаралары туралы барлық мәліметтер жазылған. Осы мәліметтерге сүйенетін болсақ, аңғару керек мәселе бруцеллез емдеу жолымен емес сауықтыру жолдары арқылы жеңілетін індеттік ауру. Сарып ауруы екі жолмен сауықтырылады. 1) серологиялық тексеру жұмыстары (диагностика) арнайы ережеге сәйкес жүргізу; 2) вакцинация жүргізу арқылы сауықтыру.
Қорыта айтқанда бруцеллез ауруы өте жылдам тарайтын аурулардың бірі. Бруцеллез адам және мал денсаулығына зиян келтіретін ауру болғандықтан, ол ауруды қоздырмай тұрып алдын алу керек. Алдын алу шаралары ветеринарлық-санитарлық, санитариялық-гигиеналық шараларға сүйенеді. Барлық ветеринарлық-санитарлық-гигиеналық талаптар нормаға сәйкес жасалатын болса, ауруды болдырмауға болады. Сарып ауруы бұл көп шығын әкелетін аурулардың бірі. Алдын алу шараларына шығын кетеді, бірақ ауру таралып кететін болса одан мал ғана емес адам және бүкіл мемлекет зиянға ұшырайды.
Барлық мәселелерді қарап шығып сарып ауруына вакцинация жүргізу шаралары толығымен жүргізілуі керек. Вакцинация жасау үшін ШТ-82, Рев-1 вакциналарын нормаға сәйкес егу керек. Вакцинация жасаған кезде бірде-бір қателіксіз малдарды қалдырмай егу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |