Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент


Паталогиялық материалдардың алынуы және оның тексерілуге жіберілу тәсілдері



бет4/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#124902
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.1 Паталогиялық материалдардың алынуы және оның тексерілуге жіберілу тәсілдері

Бруцеллез ауруына бактериологиялық әдіспен диагноз қою үшін көбіне малдың іштен өлі түскен төлін немесе оның ішкі органдарын жібереді. Сонымен бірге кей уақыттарда төлдің серігін, қағанақ сұйығын төлдің сыртын қоршап түратын қабығын іш тастаған малдың сүтін (уызын), жатырынан бөлінетін сүйық заттарын жілік сүйектерін және эртүрлі бездерін жіберуге болады.

Лабораториялық зерттеуге патологиялық материалдарды көп кешіктірмей, бүзылмай түрғанда жеткізу керек. Мысалыға: өлі төлді бүтіндей немесе оның қарнын, және төлдің серігін, бездерін және ішкі органдарын мұз салынған тесігі жоқ темір ящикке салып арнайы бір адам арқылы жібереді. Лабораторияға келіп түскен паталогиялық материалдарды қисайтылған агары бар 2-3 пробиркаға және бір сорпасы бар пробиркаға егеді. Сонымен бірге 2-3 теңіз шошқаларына 1:2; 1:5 қатынаста, тексеруге экелінген материалдардан дайындаған қоспаны ортан жіліктің қасынан немесе қарнының түсындағы тері астынані- 2мл көлемінде жіберуі арқылы ауруды жүқтырып зерттейді.
2.2 Өлі туған төлді зерттеу

Бактериологиялық әдіспен өлі туған төлді тығыз бауыр-глюкоз-глицирин агарына немесе пробиркадағы қисайтылған агарга сондай-ақ бактериологиялық Петри табақшаларында егіп зерттейді. Егілетін қоректік орталар жаңадан жасалған немесе дайындалғанына небэрі 3 тэуліктен аспаған, тоңазытқышта сақталтған болуы қажет. Негізінен қоректік ортаға егуге төлдің қарнындағы заттары, көкбауыры, бауыры, журегі, бүйрегі, қаны, миы, өкпесі және сүйегі қолданылады.

Осы аталған эр бір органдардан 2-3 Петри табақшаларына немесе поробиркаларға Пастер түтікшесінің көмегімен алдын ала залалсыздандырылған бокста егеді.

Іш тастаған малдың шуын зерттеу

Зерттеуге көбінесі қабынған, жерлерінен кесіп алып физиологиялық ерітіндімен 5 рет жуып бір рет ыстық суға батырып алып, майдалап эмульсия дайындайды. Эмульсияны пробиркаларға егеді және де биологиялық зерттеу жүргізу үшін теңіз шошқаларына тері астына жіберу арқылы жұқтырады.

Зәрін зерттеу. Зерттеу үшін катетрдің көмегімен таза ыдысқа 20-30 мл көлемінде малдың зәрін алып, 30 минут, 3000 айналымда центрифугадан өткізеді. Бетіндегі сүйықты төгіп тастап, тұнбадан ет-пептон сорпасының көмегімен 0,3-0,5мл сұйық ерітінді дайындап алып оны ингибиторы бар тығыз агарға егеді. Зерттеуді әрі қарай кәдімгі әдістермен жалғастыруға болады.

Нәжісін зерттеу. 1г жаңадан алынған малдың нәжісін (қиын) 50мл тазартылған физиологиялық ерітіндіде араластырады. Осы қоспаны 5 қабат дәке арқылы сүзіп, содан соң 3-4минут уақыт центрифугалайды.

Осылай дайындалған нәжіс сұйығына бірдей көлемде малдарды арнайы иммунитеттендіру арқылы алынған қанның сары суын (титірі 1:800 кем болмауы керек) 1:100 қатынаста қосады, қоспаны тыңғылықты араластырып, 2 сағат уақыт 37°С температурада су ваннасында ұстайды. Бұдан соң қоспаны тағы да 5 минут центрифугадан өткізіп бетіндегі сұйығын төгіп тастайды да тұнбасы физиологиялық ерітіндімен сұйықтандырып қайтадан центрифугалайды. Бұл процесті 2 рет қайталайды. Содан соң алынған тұнбаны ішіне генцианвиолет (1:200000) қосылған тығыз агары бар пробиркаға немесе бактериологиялық табақшаларға егеді.

Сол сияқты, осы материалды теңіз шошқаларында жұқтырып биологиялық әдіспен зерттеуге болады.


2.3 Бруцеллаларды микроскоппен зерттеу

Сарып қоздырғышын көзбен көру үшін, ауру малдардан алынған патологиялық заттардан шыны бетіне бірнеше жағынды дайындалады: Бруцеллаларды баска микроорганизмдерден таза ажырату үшін жағындыға алдымен эртүрлі тэсілдермен (Грамм, Козловский) бояп, кептіргеннен соң микроскоппен көруге болады. Боялмаған жағындылардан сарып қоздырғыштарын микроскоптан көру мүмкін емес. Сондықтан малдәрігерлік лабораторияларында жағындыларды түстеге бірнеше әдіс қолданылады, соның ішінде кең пайдаланылатыны Грамм және Козловский тәсілдері екені анық.

Сарып қоздырғыштарын микроскоппен көріп дәл анықтап зерттеу үшін алдымен тексерілетін қоздырғыштарды Грам, Козловский, Романовский және де басқа әдістермен бояулап барып микроскоппен көріп анықтауға болады. Грам әдісімен бояулау. Шыны бетіне жұғынды жасалынып оны спиртовка жалынында ұстап сүзгіш қағазбен жауып үстіне кристаллдиалектің (генсианвиолет, метилвиолет) карболданған ерітіндісін құйып 2 мин көлемінде бояулайды. Сосын әлгі бояуларды төгіп, қағазды алып тастап Люголь ерітіндісін тамызып 1 мин ұстайды да артынша түссіздендіру үшін шыныны 30 сек уақытқа 96°спирті бар стаканға батырады. Содан соң спиртті сумен шайып тастап шамалы кептіріп Пфейфер фуксинімен 30-60 сек әрі қарай бояулай түседі. Ең соңында бояуды сумен жуып жіберіп, кептіріп болған соң микроскоппен көріп тексере болады.

Козловский әдісімен бояулау. Спиртовка жалынын ұсталынған жұғындыны софраниннің 2%-тік малахит көгілдірінің су ерітіндісімен тағы да 1 мин уақыт ішінде бояулап, содан кейін сумен жуып кептіріп микроскоп арқылы тексере беруге болады.

Әдетте бұл әдіспен түспегенде сарып қоздырғыштары ашық-қызыл түске бояланады.
2.4 Сүтті шеңбер реакциясы мен Розбенгал сынағымен зерттеу

Бұл реакция негізінен ірі қара мен қой және ешкі малдарының қаймағы алынбаған жас сүтін сарыпқа қарсы зерттеуге негізделген. Сондай-ақ әдейі формалин қосып сақталған сүттерді де реакцияға қолданылуға бола береді. Ол үшін 10 мл сүтке 1 тамшы - 0,03мл 10%-тік формалин ерітіндісін қосқан жөн. Сонымен бірге желінсаумен ауырған малдардың, сүтін суалып кеткен немесе тууға жақын қалған және туғаннан соң алғашқы 12-тәулік аралығында алынған сүттерді бұл реакциямен зерттеуге болмайды.

Реакцияны қою үшін негізінен қанның сарысуын Розбенгал әдісімен зерттегендегі құрал-саймандар қолданылады және оған қосымша мына дәрмектерде қажет:

- тексерілуге алынған сауын сиырдың сүті;

- бенгаль қызғылтымен бояуланған сарып антигені;

- 7%-тік ас содасы (натридің сукабонаты);

- ірі қара малдың сарыпқа оң реакция көрсететін сары суы;

- физиологиялық ерітінді;

- тазартылған су.

Реакцияны таза әдейі арналған, бір немесе бірнеше ойық шұңқыры бар, ақ пластинкаларда, бөлме температурасында қояды. Пластинканың әр бір шұңқырына 0,03мл тексерілуге алынған сүтті микропипетканың жәрдемімен тамызады. Әр бір жеке сүтті тамызып болғанан соң микропипетканың ұшын үш рет таза дистерленген сумен немесе ауыз сумен шайып соңынан сүзгіш қағаздармен кептіріп отырады. Содан соң әр бір шұңқырдағы сүттер ұйып қалмауы үшін жеке түтікшемен 0,015мл (бір тамшы) 7%-тік натрийдің сукарбонатын тамызады. Содан соң сүт пен ас содасының ерітіндісін қолдан жасалған 25 араластырғыш таяқшалары бар құрал арқылы мұқият араластырады да әр шұңқырдағы қоспаларға таза түтікшемен 0,015мл Розбенгал антигенін қосады. Реакцияның барлық қоспаларын жоғарыда айтылған құрал арқылы тағы бір рет тыңғылықты біртүсті болғанша араластырып шығады. Бұдан кейін 4 минут уақыт бойы реакцияны қолмен немесе автоматтық құралдың көмегімен қисайтып қозғап араластырып тұрады. Арналған уақыт өткеннен соң реакцияның көрсеткішін жай көзбен көріп оқиды. Ол үшін реакция қойылған пластинка сәл ғана қисайтып ұстаса болғаны.

Егер де реакцияның сұйығы сәл мөлдірленсе және де оның ішінде үлкенді-кіші аглютинациялық қызғылт түсті түйіршіктер пайда болса, онда реакцияны «оң» деп есептейді.

Ал реакция шұңқырларында әлгіндегідей өзгерістер болмай, сол бұрынғы қалпында қала, берсе ондай реакцияны «теріс» деп есептейді.

Дегенмен де, реакцияның кейбір шүңқырларында түсініксіз, анық байқалмайтын тіптен майда аглютинациялардың болуы мүмкін, ондай нәтиже көрсеткен сүттерді соңынан жинап алып 5-шұңқырға тамызып реакцияны қайтадан қояды да соның нәтижесімен тиісті диагнозды анықтайды.

Негізгі реакцияның дұрыс жүруіне қадағалау үшін 3-шұңқырға тексеру реакциясын жүргізеді.

1) сүттің ұюын тексеру (0,03мл сүтке 0,015мл натридің, сукарбонатын қосып араластырады да үстіне 0,015мл антиген тамызады).

2) Антигеннің кездейсоқ, ішкі себептерден болатын аглютинациясын тексеру (0,03мл антигенге 0,03мл физиологиялық ерітінді қосады).

3) Сүтті тексеру (1 мл сау сиырдың сүтіне 2 тамшы сарыпқа оң реакция беретін қанның сары суын қосады).

Бұл әдіс мал дәрігерлік тәжірбиесінде кең таралған өте қарапайым, және оңай қойылатын реакция. Реакцияның көлемдігін сауын сиыр арқылы сүтін тексеру арқылы дер кезінде диагнозын анықтап отыруға өте ыңғайлы. Пробиркаға, тексеруге әкелінген қаймағы алынбаған 1 мл сүтті құяды да оған 1-2 тамшы арнайы бояуланған сары антигенін қосып біркелкі шайқау арқылы сүтпен араластырады. Араластырып болған соң пробиркаларды термостатқа немесе су моншасында 1 сағ уақыт 37°-та ұстайды. Егер де зерттеуге алынған сүттің құрамында сарыпқа тән аглютиминдер бар болатын болса онда, кейінен қосылған сарып антигендері олармен тікелей байланысқа түсіп, пробиркадағы сүттің ең жоғарғы қабатында көкшіл шеңбер пайда боады, ал сүттің төменгі жаңғы тұнықтанып тұрады. Керісінше, сүттің құрамында сарып ауруына өзіндік, тән аглютиминдер жоқ болатын болса онда, боялған антигендер бос күйінде қалады. Сондықтан пробиркадағы сүттің түсі көкшіл болып оның ең жоғарғы қабатында ақшыл шеңбер түзелді (қаймақ).

Негізінен бұл әдіс бағдарлаушы әдіс болып есептелінеді. Бұл реакциямен желін сауға ұшыраған сиырдың сүтін және жаңадан туған сол сияқты су алуға жақындаған сиырдың сүтін зерттеуге болмайды, өйткені ондай кездерде сол малдардың сүті көп жағдайларда оң әсер беріп қалады. Сарыпқа жатпай тексеру үшін сүтті жаңадан сауып алған өте-мөте ыңғайлы болады. Ол үшін пробиркаларға алдын-ала бір-бір тамшы боялған антигендер құйып қою керек. Содан-соң шетінен алып оған сауынған сүттен шприцпен 1 мл алып қоса салса болды. Барлық пробиркаларды штативке салып су моншасына 37°С тем-да 1 сағ уақыт ұстау қажет.
ІІІ. Зерттеу нәтижелері және оны талдау
3.1 Сайрам ауданы бойынша бруцеллез ауруының індеттік жағдайы және 2005-2006-2007 жылдары бруцеллезге қарсы атсқарылған жұмыстарға талдау жасау
Дипломдық жұмысымның тақырыбын өзімнің туған өлкем Сайрам ауданының ауыл шаруашылығы малдарының бруцеллез ауруының алдын алу және онымен күресу шаралары жайлы алдым. Алғашқы перзенттік борышымды тырнақалды еңбегімде осы өлкеге арснағым келді. Сайрам ауданы облыс көлемінде үлкен аудандардың бірі болып есептеледі. 2008 жылдың 1 қаңтарына аудан халқы 258,3 мың адам. Ауданның ауыл шаруашылығы негізінен бақша, астық, т.б. шаруашылықтардан тұрады. Ауданның мал шаруашылығының дамуының негізгі көрсеткіштері (1 мамыр 2008ж.).

Өндіру: ет (ц.) – 54826, сүт – 300528, мал басы: мүйізді ірі қара – 147870, қой, ешкі – 265927, шошқа – 9127, жылқы – 18652, құс – 849402.

Жұмыс барысында жоспар түзіп, талдау жұмыстарына аудан бойынша бруцеллез ауруы туралы тексеру, алдын алу, т.б. 2005-2006-2007 жылдары атқарылған жұмыстарға назар аударылды.

Аудан бойынша 2005 жылғы бруцеллез ауруына қарсы атқарылған шаралар. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 163 бабы негізінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық малдарының 2005 жылғы 13 қаңтардағы №25 бұйрығына сәйкес Сайрам ауданының эпизоотияға қарсы іс-шаралық жоспар түзілді. Тиісті тендер жарияланып, жеңімпаз лицензияттар анықталған. Жалпы аудан 48 лотқа бөлінеді. Эпизоотиялық тазалықты сақтау 0,18 бағдарламасына сәйкес қызмет көрсетіп, аурулардың алдын алу профилактикалық-диагностикалық жұмыстары өз мерзімінде жүргізілген. Бөлінген қаржы игерілген.



АШМ арасында бруцеллез ауруын анықтау мақсатында 96 914 бас мүйізді ірі қара, 115 419 бас қой-ешкі, 1693 бас шошқа, 830 бас жылқы қан сынамалары алынып аудандық зерттеу-сараптамадан өткізілді. Тексерілген шаруашылық малдары арасында 103 бас МІҚ, 303 бас қой-ешкі, 2 ит бруцеллез ауруына оң нәтиже берген. Сайрам елді-мекеніне «ЛТД Акмал» ЖШС-де малдар сойылып қайта өңдеуден өткізілді. 2 бас ит өлтіріліп, өртелді. Сайрам ауданы бойынша МІҚ ауыл округі бойынша бруцеллез ауруына тексерілуі мына төмендегідей болған (2005 ж.).


қ/с

Ауыл округтерінің аты

Тексерілген мал басы

Бөлінген ауру

Жоспар

Бірінші

Қайта

Жыл көлемінде

Сатылғаны



Ақбұлақ

2580

2688

-

3

3



Ақсу

2470

2478

-

3

3



Арыс

2545

2549

-

5

5



Бадам

2635

2713

-

2

2



Жаңа талап

1705

1705

-

3

3



Жібек жолы

2135

2143

-

16

16



Жұлдыз

3570

3570

-

2

2



Айнабұлақ

5450

5508

-

10

10



Қарабұлақ

19900

20240

-

25

25



Қарамұрт

4525

4525

-

2

2



Қарасу

4185

4185

-

3

3



Қаратөбе

3920

3920

-

-

-



Құтарыс

2470

2470

-

4

4



Көлкент

6850

6886

-

7

7



Манкент

13280

13690

-

12

12



Сайрам

15350

15422

-

5

5



Тассай

2140

2172

-

1

1




Аудан бойынша:

95700

96914

-

103

103

Сайрам ауданы бойынша бруцеллез ауруымен 2005 жылы ауырған адамдар туралы мәлімет



қ/с

Ауыл округтерінің аты

Бруцеллезбен ауырған адамдар саны



Ақбұлақ

-



Ақсу

5



Арыс

-



Бадам

-



Жаңа талап

1



Жібек жолы

4



Жұлдыз

4



Қайнарбұлақ

4



Қарабұлақ

6



Қарамұрт

1



Қарасу

4



Қаратөбе

3



Құтарыс

2



Көлкент

6



Манкент

2



Сайрам

8



Тассай

4




Аудан бойынша:

54

Сайрам ауданы бойынша бруцеллез ауруына қарсы ШТ-82, Рев-1 вакцинасымен егудің жағдайы туралы мәлімет (2005 ж.)




қ/с

Ауыл округтерінің аты

ШТ-82 вак.

ШТ-82 ревак.

ШТ-Рев-1

4-5 айлық

қашар

3-5 айлық ұрғашы қозы

жоспар

орындау

жоспар

орындау

жоспар

орындау



Ақбұлақ

400

400

370

370

1100

1100



Ақсу

400

400

370

370

300

300



Арыс

420

420

370

370

600

600



Бадам

420

420

460

460

1600

1600



Жаңа талап

280

280

280

280

600

600



Жібек жолы

360

360

280

280

1000

1000



Жұлдыз

620

620

370

370

1100

1100



Қайнарбұлақ

900

900

840

840

4200

4200



Қарабұлақ

3300

3300

2660

2660

3900

3900



Қарамұрт

740

740

650

650

1800

1800



Қарасу

680

680

650

650

1900

1900



Қаратөбе

600

600

740

740

1300

1300



Құтарыс

400

400

370

370

1200

1200



Көлкент

1160

1160

930

930

2600

2600



Манкент

2200

2200

1900

1900

2750

2750



Сайрам

2500

2500

2300

2300

3200

3200



Тассай

320

320

460

460

900

900




Аудан бойынша:

15700

15700

14000

14000

30000

30000



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет