Дипломдық жоба 5В012000-Кәсіптік оқыту Орал 2022 ж мазмұНЫ



бет1/4
Дата18.05.2022
өлшемі75.39 Kb.
#457009
түріДиплом
  1   2   3   4
дипломдык жумыс


Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Экономикалық, ақпараттық технологиялар
жәнекәсіби білім беру институты
А.Ж.Қуан

Арнайы пән сабақтарында белсенді оқытудың саралау тәсілдерімен тапсырмалар құру


ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

5В012000-Кәсіптік оқыту


Орал 2022 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................
1.АРНАЙЫ ПӘН САБАҚТАРЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ...........................................................
1.1.Арнайы пән сабағында саралау тәсілдермен тапсырмалар құру сапалы білім жүйесі.............................................................................................................
1.2.Арнайы пән сабақтарында қолданылатын тапсырмалардың ерекшеліктері...........................................................................................................
1.3.Арнайы пән сабағында қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер........
Бірінші тарау бойынша қорытынды.....................................................................

2.Белсенді оқытудың саралау тәсілдерімен тапсырмалар құру арқылы арнайы пән сабақтарын ұйымдастыру және өткізу жолдары...........................................


2.1.

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда елімізде білім беру саласында әртүрлі өзгерістер енгізіліп,күннен күнге заманауи инновациялық технологиялардың дамуы арнайы пән оқыту сабақтарында, соның ішінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар сабақтарында және де сонымен қатар әртүрлі ақпараттық жүйелермен байланысты пәндердің пайда болуына және дамуына әкеп соқтырды.
Жас ұрпақтың дамуына және осы заманғы ғылымның дамуына сай келешек жас ұрпақтың табысты болуы үшін,арнайы бағдарламаларды игеру үшін білікті маман мен білімді, оқуға құштар шәкірт пен педагогтың атқарған жұмысының арқасында қазіргі заманның заманауи инновациялық технологияларын игеру көптеген дағдылар мен шығармашылық қабілеттерді қажет етеді.
Қзіргі адамзат қоғамы ақпараттық технологияр деп аталатын жалпы процесске қосылды Ақпарат әлемдік қоғамдастық дамуына сонымен қатар педагогика ғылымдарының басты ресурсына айналып қана қоймай, және де басқа саларға да, ғылым техника, әлеуметтік салалар, адамдар арасындағы қарым-қатынас, білім беру саласының дамуына оң әсерін берді.
Ақпараттық қоғамның негізгі құңдылықтары:
-білім саласы
-біліктілік
-ойлау дербестігі
-ақпаратпен жұмыс істей білу
Ақпараттық жүйелерге бағытталған арнайы пән сабақтарында белсенді оқытудың саралау тәсілдерімен тапсырмалар құру сол салаға бағытталған пәннің мазмұнына қарай және де сол пәнді оқып жатырған оқушылар немесе студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай құрылады.
Арнайы пән сабақтарда саралау тәсілдерімен тапсырмалар құру студенттің дамуына білім сапасын арттыруға, сондай ақ педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал ететін дамыту, сонымен қатар білім беру үдерісінде студенттің шығармашылық қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамытып қана қоймай, сол саладағы арнайы теориялық практикалық білімдерін шындап, және де оқыту, студентті оқыту процесі кезінде жақсы жаққа, ізгілікке тәрбиелеу құралы ретінде анықтауға болады. Оқу уақытының бірлігінде тапсырмалар студенттердің ең көп саны үшін білімнің дағдылардың өсуіне мүмкіндік береді.
Тиімді тапсырма студенттерге оқу уақытының бірлігіне басқа педагогикалық тапсырмалармен салыстырғанда үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Білімнің жаңа элементтерін тезірек игеру, олрады дұрыс қолдану, білімнің көбеюін жақсарту, және сапалы біліммен қамтамасыз етілген білікті де білімді мамандарды дайындау болып табылады.Нақты оқу пәні мен оқу деңгейіне қарамастан тапсырмалардың маңызды қасиеттеріне тұтас көзқарас беретін ғылыми білімнің логикалық дәйекті жүйесін құруға арналған.
-анықтамалар жүйесі
-тапсырмалардың обьективті және субьективті қасиеттері
-тапсырмалар нысаны
-оқу пәндеріне қарамастан тапсырмалар мазмұнын іріктеудің инвариантты принциптері
-тапсырмалар тиімділігі
Арнайы пән сабақтарында кәсіптік техникалық колледждерде білім алып жатырған студенттерге белсенді оқытудың саралау тәсілдерімен тапсырмалар құру соны іске асыру кезінде көптеген көмегін тигізері сөзсіз.
Жобаның мақсаты : Арнайы пән сабақтарында педагогикалық тәсілдермен тапсырмалар құру.
Жобаның міндеттері:
1.Арнайы пән сабақтарында қолданылатын білім мазмұны бойынша теориялық материалдар жинау және де жинақталған материалдар нәтижесінде жоспар құру.
2.Оқу мақсаттарына сай жаңа педагогикалық әдістерді, тәсілдерді айқындау.
3.Кәсіптік техникалық колледждерде студенттерге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарларын дайындау.
4.Белсенді оқытудың саралау тәсілдерімен қазіргі заманғы инновациялық технологиялардың талаптарына сай педагогикалық тапсырмалар құру.
Өзектілігі: Ақпараттық жүйелерге бағытталған кәсіптік техникалық колледждерде білім беру бағдарламасына сәйкес сабақ беруде, арнайы пән сабақтарында білім алатын студенттерге және де педагогтерге қазіргі заманғы инновациялық технологиялардың дамуы және көптеген өзгерістердің туындауы салдарынан білім беру процесі кезіндегі ақпараттық технологиялар және де компьтерлік технологиялар сабақтарында қазіргі заманғы заманауи педагогикалық тәсілдермен қамтамасыз етілген тапсырмалардың қажеттілігі.
Зерттеу пәні:Арнайы пәндердегі тапсырмалар.
Жобаның түрі: әдістемелік-зерттеушілік
Зертттеу нысаны:Кәсіптік техникалық колледждердегі студенттер бойынша арнай пәнінің оқу үдерісі
Зерттеу әдістері: жинақтау, топтау, талдау, жобалау
Болжамы: Арнайы пән сабақтарында білім беру жүйесі бойынша белсенді оқытудың саралау тәсілдерімен тапсырмалардың дайындалуы студенттердің оқу, білім алу процесі кезінде және де педагогтерге білім беру процесінде және суденттердің шығармашылық қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамытуда және тәрбиелеуде қолдануға көптеген мүмкіндіктер береді.
Жоба құралы:ақпарттық техникалық колледждерде арнайы пән сабақтарындағы білім беру бағдарламасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет