Дипломдық жоба ауыз әдебиетінің ҰСАҚ Үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының рухани қҰндылықтарын қалыптастыру


Бастауыш сынып оқушыларының рухани құндылықтарын қалыптастырудың



бет9/17
Дата04.06.2023
өлшемі152 Kb.
#474672
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
усак улгилер сонгы

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының рухани құндылықтарын қалыптастырудың мәні мен мазмұнына бүгінгі көзқарас

Бүгінгі таңдағы қоғам дамуындағы өзекті өзгерістердің бipi оның бip идеологиялық жүйеден екіншісіне кепіл болып табылады. Кеңестік қағидаларға негізделген, ескіше қалыптасқан мейірімділік пен зұлымдық, әділеттілік пен гумандылық туралы ұғымдар өзгере бастады, ал жаңа, өзгермелі қоғам сұранысынан шығатын ұғымдар болса жалпы адами құндылықтарды түсіну негізінде жасала бермейді. Сондықтан әлеуметтік жарылысқа, араздыққа апармайтын, жаңа сапалы қоғамдық жағдайды қалыптастыру жолдарын іздестіру қажеттілігі туындайды. Бүгінгі күні, қоғам бүтіндей рухани құндылықке деген зәрушілікті басынан өткізіп отырған жағдайда, Рухани құндылық тәрбиесі тәрбие теориясы мен практикасының құнды проблемасына айналуда. Бұл мәселенің шешімі көптеген жағдайда «рухани құндылық» ұғымын анықтаумен байланысты.


Ғылыми әдебиеттерде «рухани құндылық» ұғымы әрқилы қарастырылады. Рухани құндылық ұғымының әрқилы түсінікте берілуі зерттеу процесіне деген түрлі көзқарасқа байланысты, бұл түсініктер педагогикалық терминологияларда көрініс алған. Сонымен бipгe Рухани құндылық тәрбиесі процесінің өте күрделі екендігін ескерген жөн, өйткені ол қоғамның дамуына байланысты ұдайы өзгеріп отырады және оның сұранысына, қажеттілігіне сәйкес құрылады.
Рухани құндылық тәрбиесінің теориясы мен практикасы дамуының тарихи тамыры тереңде жатыр. Ресейде Рухани құндылық тәрбиесі мәселелеріне дәстүрлі түрде аса мән берілді. XIX ғасырдың прогрессивті педагогтары (К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Пирогов және т.б.) тәрбие негізін тұлғаның өрісі мен басбостандығын көздейтін Рухани құндылық заңы қалауы керек дегенді айтады. Демек, тәрбиені педагогикалық процесті әділетсіздік болмайтындай етіп ұйымдастыру қажет.
Олардың ceнімі бойынша, мұғалім балалардың ең жақсы қасиеттеріне сүйенуі қажет және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әpбipiнің ұмтылысына сенімділікпен қарауы керек.
Рухани құндылық тәрбиесіне байланысты мәселелер Кеңес және қазіргі кезеңдегі белгілі ғалым-педагогтардың жұмысында көрініс алды. Теориялық зерттеулердің нәтижесінде педагогикалық теорияда Рухани құндылық тәрбие процесіне бірнеше көзқарастар қалыптасты. Талдау арқылы бiз олардың әрбірінің негізінде көрініс тапқан идеяларды ескере отырып үш топқа бөлеміз.
Бipiншi топқа мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған тәрбиелік ықпал процесінде педагогтардың жетекшіліктегі ролін басылымдылықпен қарастырған жөн. Тәрбиені бұл тұрғыдан қарастыру педагогикада қоғамдық ғылымдарда бұрыннан қалыптасқан. Педагогика оқулықтарында мұндай түсінік М.И.Калининнің пікірінен кейін бекітілді: "Тәрбие тәрбиеленушілердің психологиясына әсер беретін нақты, мақсатты және жүйелі ықпал. Ол тәрбиеліге, тәрбиеленушіге қажетті қасиеттерді қалыптастыруда көмектеседі . Мысалы, тәрбие процесінің осы анықтамасына сүйене отырып Т.А.Ильина Рухани құндылық тәрбиесін: "тәрбиеленушілердің рухани құндылық түсініктерін қалыптастырудағы дұрыс бағалауы мен қатынасты дамытудағы мақсатталған тәрбиеленушілер әрекеті" - деп анықтайды .
Педагогика оқулығында: "Рухани құндылық тәрбиесі тұлғаға мақсаттылықпен ықпал етуді болжайтын оның іс-әрекетін мақсаттылықпен ұйымдастыруды көздейтін процесс" - делінген .
Б.Т.Лихачев рухани құндылық тәрбиесі «тәрбиеленушілердің, жалпы адами мораль нормаларын, Рухани құндылық мінез-құлық, әдетін, еркін және өмірлік жағдайяттарында epiктi таңдау мен әрекетінің жауапкершілігін меңгеруге» бағдарлануы деп қарастырады [56].
В.И.Моносзон, Рухани құндылық тәрбиесі - ол "балаларда әлеуметтік қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, оларды қоғамдық қатынас жүйесіне бейімдеу" - деп есептелді[57].
Рухани құндылық ұғымы бойынша келтірілген түсініктемеден олардың авторларының іс-әрекеттік бағдар бағытын ұстанатынын көрсетеді, ол тұлғаны әлеуметтік практикаға енгізуді көздейді. Рухани құндылық ұғымын анықтауда үшінщі бағыттың негізінде жатқан идеялар бүкіл педагогикалық жүйе орталығына баланың iшкi қажеттіліктері мен түрткілерін алға тартуды, негізгі екпінді бола тәрбиесіне бағыттайды.
Бала бүкіл педагогикалық процестің белсенді ,мысалы, өзін өзді жүзеге асыра алатын және өздімен жетіле алатын, өзіндік дамуға қабілеті бар дара және өзіндік қайталанбайтын тұлға (жеткізуші) ретінде қарастырылады. Осы тұжырымдама бағыт аясында тәрбие мен оқыту, оқушы мен оқытушының белгіленген мақсатқа қарай өзара ұмтылысы ретінде анықталады. Мұндай жағдайда оқу және тәрбие ic әрекеті шығармашылдық процеске айналып, жағымды - эмоционалдық көңіл күйге айналады. Бұл ой-пікірлер бүгінгі таңдағы жаңашыл-педагогтардың жұмыстары негізінде көpiнic табады .
Алайда, олардың тipeк етіп жүрген үстемелі емес педагогикадағы идеялары барлық тәрбие теоретиктері мен практиктері тарапынан қолдау тауып жүр деп айта алмаймыз. Ынтымақтастық педагогика өкілдерімен пікір таластыра отырып, олар бұл идеялардың дұрыс және болашағы бар екенін, оның сипаттамалы педагогиканы қайталайтынын, оған қарама-қарсылық туғызбайтынын атап көрсетеді.
Қоғам және мемлекет қажеттілігімен белгіленетін тәрбие талаптары мен ережелері көп қырлы. Ғалымдар тұлға моделінің негізгі параметрін анықтауда көптеген болжамды ұсыныстар білдіруі мүмкін. Әлеуметтік сұранысқа қарай тұлғаның қандай әлеуметтік маңызды қасиетін қалыптастырған жөн деген мәселені анықтап, негіздеу керек.
Тәрбиенің базалық компоненттерін саралап көрсету қажеттігі туындайды. Практика көрсеткендей, мектептерде тәрбие мазмұнын онтайлы жүйелеуге байланысты сұраныстан шықпаған тәжірибесі бар. Алайда бұл тәжірибелер бip жүйеге келтіріліп, басылым көрген емес. Бүгінгі білім бағдарламасының мазмұны болса, әpбip бағытты қамтиды. Тәрбие процесін жүзеге асыру тұлғаның дамуымен байланыстырылмаған. Тәрбие мазмұны жұмыстың ұжымдық формаларымен аса қаныққан, соңғы нәтижеге, яғни жалпы адами құндылықтің негіздерін меңгеруге, адамның мінез-құлқын қалыптастыруға бағдарланбаған, бұл болса, әрине елеулі кемшілік.
Тұлғаның педагогикалық моделі тәрбиенің мақсаты, объектісі, субъектісі және нәтижесі ретінде адам туралы ғылымға негізделген түсінік береді. Тұлғаны модельдеу, біріншіден, "адамда аса қарапайым және күрделі физиологиялық және психологиялық білімнің әpбip өтпелі даму кезеңдерінде қалыптасқан басқа білімдермен қалай байланысқанын көруге мүмкіндік береді, екіншіден, тұлғаның дамуында, оның жас, жыныстық ерекшеліктерін, кәсіптік сипатын немесе оның болашақтағы жағдайына қарай модель құруды ескере отырып, ғылымга негізделген жобаны және әлеуметтік тұрғыда кол жететін болжамды қамтамасыздандырады.
Рухани құндылық тәрбиесінің нәтижесі болып рухани тәрбие саналатыны белгілі, рухани құндылық өлшемдері туралы проблеманы дамыту бүгінгі педагогиканың аса бip көкейкесті күрделі мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары балалардың рухани құндылығының даму деңгейлерін сипаттайтын жетекші белгілерді айқындап көрсетуге бағытталған басылымдар саны көбеюде. Әcipece тәрбиеленушілерге еңбекқорлық, гумандық, ұжымшылдық, шыншылдық, сыпайылық және т.б. тұлғалық рухани құндылық сапаның бipтұтac құрылымына сәйкестендірілмеген Рухани баға беруде функционалды бағыт басымырақ. Осы жағдайда, бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейі адамдарға, үлкендерге, құрбы - құрдастарға, ұжымға, өзіше деген көзқарасын жетілдіруден байқалады. Бұл көзқарас баланың іс-қылығында, сана - сезімінде, қиялында көpiнic табады. Сондықтан тәрбие жұмысының тиімділігі оқушылар дамуын зейін қойып бақылаған жағдайда ғана айқындалады. И.С.Марьенконың пайымдауынша бұл жерде рухани құндылық ұғымының деңгейі өзінше қарама-қайшы: бip жағынан ол тұрақты да орнықты, екіншіден өзгермелі, өйткені ол iшкі және сьтртқы әсерге еріксіз бой ұрады .
Интегративті бағыт болса кең тарала қоймаған. Рухани тәрбиелікті бағалауда жалғандылықты жою үшін тұлғаның мінез-құлқының жалпы бағытын анықтайтын негізгі Рухани құндылық мазмұнын айқындауға және мүмкіндік жасайтын, қандай да бip мейлінше ауқымды өлшемдерді тipeк еткен орынды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде ең бip көлемді өлшемдердің ішінде Рухани құндылық тұлғаның өмірлік көзқарасы, Рухани құндылық тұрақтылық, тәрбиеленушінің Рухани даярлығы және т.б. әлеуметтік-Рухани құндылық категорияларды кездестіруге болады.
Бұл бағыттардың өзіндік кeмшіліктерi бар. Өлшем құралдарының көмегімен зерттелетін тұлға жөнінде үлкенді-кішілі бірқатар мағлұмат алуға болады, алайда оның күрделілігін ескерген жағдайда, басты ерекшеліктерін белгілеу мүмкін емес . Интеграциялық бағыттың да өзіндік әлсіз жақтары бар. Оларға ұстанылатын көрсеткіштер әдетте шамадан тыс түрінде беріледі, ал бұл болса педагогтардың оларды жүйелі бақылауына, оқушыларға дұрыс ықпал жасайтын тәсілдерді таңдауда кедергісін келтіреді.
Рухани құндылық (мораль) - қоғамдық сананың бip түpi және қоғамдық институт ретінде адамның мінез-құлқын реттеумен айналысады. Мораль негізі бағытты қамтиды: біріншіден - бір Рухани құндылықті іc әрекет, адамдардың мінез-құлқы, екшіншіден, адамдардың Рухани қатынасы, Рухани құндылық мінез-құлықты бағыттайтын - әдіс, үшіншіден - Рухани сана, онда Рухани құндылық қатынас пен ic әрекет бейнеленеді .
Мораль өзінің барлық сипатымен, мазмұнымен, даму логикасымен, функциясымен әлеуметтік процеске айналып отыр.
Мораль ұғымына берілген анықтамаларды былайша топтастыруға болады (Кесте2).
Кесте 2 - Мораль ұғымына берілген анықтамалар топтамасы









Анықтамалар

Авторлар




1

2

3







Мораль дегеніміз:







1.

«...ең алдымен моральды тұлға. Моральды тұлға - тек қана жоғары ізгілікке ұмтылушы.»

А.А.Гусейнов




2.

«...өзін-өзі билеу өзінде, автономды және өз epкiн өзi анықтайтын адамның бостандық сферасы.»

Кант




3.

«...адамның өзінің түсінік-пайымына байланысты ic-қылыктарының субъективті acпeктici. Бұл - өзіндік сенім, пікіp, сезім сферасы. Мораль - адамдары мемлекеттен шеттеп, қол үзіп қалған қазіргі таптың қоғамның нәтижесі.Олар заңдық нормаларды басшылыққа алып, белгілі бip міндеттерді орындауы тиіс.»

Гегель Г.В.




4.

«...әрекет етудің инстинкті реттеушілік негізі, бұл негіз жануарлар тобының бірлесе әрекет етуін де реттестіріп отырады.»

Юнг К.Г.




5.

«..дисынды - рефлексивті, эмоционалды, санадан тыс формада іске асырылатын, әлемді игерудің рухани-тәжірибелік
құралы.»

Согомонов Ю.В.

Кесте

1-дің жалғасы




1

2

3

6.

«...жеке бастың сенімі мен қоғамдық көзқарасты тірек ете отырып, epiкті әрекетте жүзеге асырылатын қоғамдық-қажетті мінез-құлықтың формаларын сезіну.»

Петропавловский Р.В.

7.

«...(лат. moralis - әдет-ғұрып) әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын ізеттік, мейірбандық, әдептік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бip түpi.»

Қазақ совет энциклопедиясы.

8.

«...адамдардың бip-бipiнe және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмip сүру ережелерінің адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы.»

Қазақ совет энциклопедиясы.

9.

«...(лат. moralis - өнегелі, mores - өнеге) -этиканың зерттеу пәні; адамның мінез-құлқын реттеуші қызметін атқаратын қоғамдық институт.»

Словарь по этике.

10.

«...(лат. mores - әдет-ғұрып) қоғамдық сананың бip формасы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт.»

Философиялық сөздік.

11.

«...адамдардың бip-бipiнe, қоғамға деген қатынасын реттейтін тәртіптердің, принциптердің, ережелердің қоғамдық санасы. Мораль қоғамның адамдар тәртібін реттейтін ережелерді керек етуінен туады.»

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.

12.

«...1.Өнегелілік ережесі, сондай-ақ өнегелілік. 2.Уағыз, өсиет. 3.Мораль ережелеріне сәйкес келетін жоғары өнегелілік.»

Ожегов С.И.

13.

«...ең алдымен қоғамдық сана формасы, ол әлеуметтік қарым-қатынас арқылы адамның бағыт алуы мен жақсылық, жамандық позициясында ақиқатты сезіну.»

Архангельский Л.М.

14.

«...адамдардың ic-қылықтарында көpінic табатын мінез-құлық ережелері мен нормаларының жиынтығы; адамдардың қоғамдағы қатынастарының әр жақты формасы...»

Сламбекова Т.С.

Анықтамалардың мазмұны әр зерттеушінің оны өз зерттеуінің объектісіне қарай қарастырғанын көрсетеді
Рухани құндылық мазмұнының іргелі нормалары қызметін Рухани принциптер атқарады.
Моральдық мазмұндағы адамдардың қарым-қатынас принциптерін екі бағытта қарастыруға болады:

  1. Баршаға ортақ принциптер. Олар рухани қатынас жүйесіне негіз
    болады және қоғамдық санада көpiнic табады: саяси, құқықтық, көркемдік,
    ғылыми, философиялық, діни және Рухани.

  2. Рухани көзқарасқа байланысты принциптер. Бұған: гуманизм,
    патриотизм, әділдік, ұжымдық, дербестік, жауапкершілік, интернационалистік,
    ұлттық және т.б. дүниетанудағы қатынастар мен іс-әрекеттегі талаптар жатады.
    Олар ерекше сипатты қатынастың жалпы рухани принциптері болып саналады
    және қоғамдық сананың белгілі формаларында айқындалады.

Рухани принциптер адамдардың мінез-құлқындағы, рухани құндылық қатынасындағы ic-әрекеттерге бағыттылықты айқындайды. Олар адамдарда саналылық пен рухани құндылық талаптарды жүзеге асыру қабілетінің болуына, өзінің ic-әрекетінің мәнін түсіне білуіне негізделеді. Бұл Рухани принциптер сонау қоғам дамуының ілкі бастауынан қалыптаса бастаған. Олар өздерінің мазмұнында адамдардың өзара қарым-қатынасында, әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді.
Оқушылардың рухани құндылық мазмұны болып оқушылардың әлеммен, оның әр алуан құбылыстарымен: табиғатпен, қоршаған ортамен, адамдармен, заттармен мақсатты түрде ұйымдастырылған өзара әрекеттестігі болып табылады. Осы өзара әрекеттестіктен мынадай рухани құндылық қасиеттері: гумандылық, тілектестік, адамға, еңбекке деген жағымды көзқарас, мейірімділік қалыптасады. Рухани құндылық процесінің анықтамасына берілген үш бағытты сипаттамалау, бізге бастауыш сынып оқушысы тұлғасының негізін құрайтын рухани құндылықтің гумандық, қайырымдылық, патриоттық және интернационалдық сияқты қасиеттердің мазмұнын ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Соңғы жылдардағы рухани құндылық процесінің жағдайы, Рухани құндылық категорияларының бірі-қайырымдылықты педагогика саласында қарастыру қажеттігін көрсетеді. Осыған байланысты біз қайырымдылықты тұлғаның рухани құндылық қасиетін тәрбиелеудің бip бағыты ретінде қарастырамыз.
Қайырымдылықты мұқтаждық көрген адамдарға көмек беруге даярлық көрсететін, рақымшылықты, әрекеттілікті сүйіспеншілік ретінде түciнy қажет. Қайырымдылық - гумандылықтың ең негізгі көрінісінің бipi. Қайырымдылық ұғымы екі бағытты қамтиды: рухани-эмоционалдық (біреудің қайғысына, өзінің қайғысындай ортақтаса білу) және нақты-практикалық (шынайы көмекке ұмтылыс). Біріншi бағыт болмаған жағдайда қайырымдылық жансыз бip бейнеге айналады, ал екіншісі - сезімділікке берілумен шектеледі. Алайда, қайырымдылық, садақаға қарағанда риясыз болып келеді. Бұл риясыздықтың тек қана бip көpiнici болып саналмайды, кepiciншe, басқа адамның тағдырына әрекеттілікпен араласу болып есептеледі, қайырымдылық жас кезден бастап тәрбиеленеді және гуманды тұлғаның бөлінбес қасиеті болып табылады. Қайырымдылыққа қабілетті тәрбиелеудің негізгі әдісіне ата-ананың, үлкендердің жеке басының үлгісі, олардың күнделікті іс-әрекеті жатады.
Қайырымдылықтың құрамдас бөлігі болып адамдарға және бүкіл тіршілікке жақсылық жасауға, жан ашырлық, сезімталдық, ықыластық, тілектестіктік және адамилық білдіруге деген даярлық саналады. Қайырымдылықтың анықтамасы Рухани құндылықтің өзінің табиғатынан туындайды. Ол адамдардың өзара қарым-қатынасының барлық жақтарын қамтиды. Осыган байланысты бгрнеше угымдарга тоцталып втешк.
Мейірімділік - басқа адамдарға деген жағымды шын көңілден жасалған ілтипат, олардың өміріне ic-жүзінде араласу. Оны сонымен қатар ықыластылық, сезімталдық, әдептілік көрініс ретінде қарастыруға болады. Ықыластылық -басқа адамның ой-толғанысын белке білу, ойша өзіш оның орнына қоя білу. Сезімталдық - басқа адамның жағдайын түсіну және көре білу. Сыпайылық -басқа біреудің жіберген кемшілігін, ебдейсіздігін, қателігіне, дене бітімі кемістігін байқамау қабілеті, қиын жағдайда көмектесе білу. Тілектестікті, қамқорлықты, қатынастағы шынайылықты рақымшылықты қарапайымдылықты, адамның адамға өзінің көзқарасын білдіру іскерлігі ретінде көрсету. Адамилық (адамдық) - басқа адамның өмipінe араласа білу қабілеті.
Қарапайымдылық, мейірімділік сияқты адамға нақты жауапкершілікті жүктейді және тұрақтылықты, бipiзділіктi талап етеді. Адамның рухани құндылық нормасы сол кезде толық болады: қайырымдылық, мейірімділік, гумандылық оның басты және табиғи қасиеті болған жағдайда және олар оның өмірінің нақты шарттарына айналған жағдайда.
Тәжірибелі-эксперимент жұмысы барысында біз балаларда сыныптағы достары мен құрбыларына, олардың әрекетіне деген ілтипатты қатынасты тәрбиелеуге, құрбыларының әрекеті мен мінез-құлқындағы жетістіктері мен кемшіліктеріне әсерленуіне, сезіміне ортақтаса білу қабілетін дамытуға аса назар аудардық. Мұндай мүмкіндіктер бізде болды және оқушылардың күнделікті іс-әрекетінің табиғи жағдайында қолданылды: сабақтарда, үзілісте, серуендеу барысында, экскурсияларда, Рухани құндылықті таңдауда арнайы жағдайларды туындатуда. Эксперимент тобының балаларына сезімтал, ілтипатты адамдармен қатынаста болу өте пайдалы екендігі туралы, адамның өзіндік сезімі мен рухани жағдайы көптеген жағдайда оны қоршаған ортаға, олардың құрметі мен ілтипатына байланысты екендігі туралы жиі насихатталып отырылды. Адамның қандай-да бip көңіл-күйінен, көзқарасынан, еріксіз уайымды, сәтсіздікті сезінетін, және оны әдептілікпен шешуге көмектесетін, адамның қасында болуы үлкен қуаныш деп түсіндірілді. Білімділік-тәрбиелік практика бізге, бастауыш сынып оқушысы ұлт жасаған рухани құндылық әрекетіне зейін бөлу, оған Рухани баға беруге ниет білдіру, айналасындағылардан жақсы баға алуға ұмтылуы тән екенін көрсетті. Өкінішке орай мектепте мұндай этикалық нормалар мен ережелерді меңгерту көбіне ескерусіз қалады, ол баланың келесі даму кезеңінде Рухани сана мен мінез-құлықтың арасында байланыстың болмауына алып кeлeдi. Сондықтан сабақта және сабақтан тыс ic-әрекет процестерінде меңгерілетін Рухани білімді, балалар өз мінез-құлқының тәсіл мен түрін ойластыра және іріктей келе, этикалық үлгіні саналы басшылыққа ала отырып, мінез-құлық тәжірибесімен салыстыра алатындай мүмкіндігі болуы қажет. Адамдар арасындағы өмip сүру біліктілігі үшін, қарым-қатынас өнерімен белгіленетін, рухани білім мен рухани құндылық мінез-құлық дағдысының маңызы ерекше.
Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие процесінде тұлғалық қасиетін зерттеудің қозғаушы күштері болып педагогикалық талаптар, оқушы әрекетін бақылау мен бағалау, үйрету мен жаттығу, сыныптың қоғамдық пікіpi, проблемалық жағдайларды тудыру саналады.
Рухани құндылықты қарқынды жетілдіруде басты ролді түрлі педагогикалық құралдар атқарады: қоғамдық-саяси жағдайлар, қоғамның экономикалық еңбек, рухани-мәдени өмipi (ұлттық мұра ұлттық құндылық, салт-дәстүрлер, ауыз әдебиеті шығармашылығы, ұлттық өнер т.б.) өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым техника, спорт және т.б. Біздің зерттеуімізде рухани құндылыққа тәрбиелеудегі педагогикалық құрал ретінде қазақ шығармашылығын жыры қарастырылады. Оның рухани құндылық тәрбиесіндегі, соның ішінде патриоттық, сезімді дамытуда, интернационалдық көзқарасты қалыптастыруда мүмкіндігі өте жоғары.
Өз халқының тарихы мен құндылығын жетік білмейтін немесе оған немқұрайды қарайтын адам, өзінің туған жерін де, ондағы халықты да сыйламайды. Сонымен, оқушыларда патриоттық және интернационалдық сезімді тәрбиелеу өзінің, Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден басталады. Осы орайда, тек жақсы білетін нәрсені ғана шыңдап жақсы көруге болатынын естен шығармай ескеру қажет. Осы себептен -патриоттық сезім мен сананы қалыптастыру өзінің негізінде, ана тілін, халқының тарихы мен құндылықін, салт-дәстүрін, өнерін терең білуді қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет