бөлшектеу (демонтаж);
- техникалық диагностикалау;
- пайдалану-техникалық құжаттамасын енгізу. Пайдаланушы ұйымның орнатылған тәртіппен бекітілген, нормативтік құжаттармен көзделген көлемдерде техникалық пайдалану жұмыстарын орындау үшін жеткілікті жабдығы, аспаптық техникасы, автокөлік құралдары мен механизмдері, технологиялық жабдықтары, құрал-саймандары мен материалдары болуға тиіс. Қолданылатын материалдардың, оқшаулау және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу сапасын тексеру пайдаланушы ұйымның зертханасымен немесе басқа мамандандырылған бөлімшесімен орындалады. Пайдаланушы ұйымда өндірістік бақылау орындалатын жұмыстардың бейіні ескеріле отырып, Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес әзірленген ереже негізінде іске асырылады.
Өндірістік бөлімшелердің (қызметтердің) мамандарының біліктілігін мамандандырылған оқу курстарында (оқу орталықтарында, комбинаттарда және т.б.) арттыруды: - жұмыс жеке құрамы үшін жыл сайын; - техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін үш жылда бір рет жүргізу қажет.
1.5 Жер асты және жер үсті газ құбырларын ағымдағы жөндеу
Газ жіберуді жүргізетін бригада барлық ішкі газ құбырларын мен газ жабдығын қолданыстағы сыртқы газ құбырларына қосар алдында, сондай-ақ жөндеуден кейін оларды сыртынан қарап шығып, бақылаушы нығыздауды жүргізуге тиіс.
Бақылаушы нығыздау ауамен не оқшау газдармен орындалады.
Тұрғын үйлердің ішкі газ құбырлары мен газ жабдығын бақылаушы нығыздау 500 даПа (500 мм вод.ст) қысымымен жүргізілуі тиіс. Қысымның түсуі 5 мин. 20 даПа (20 мм вод.ст.) аспау керек.
Қосылатын газ құбырларындағы ауа қысымы оларды қосу не газды жіберу бойынша жұмыстар басталғанша сақталуы тиіс.
Егер қаралған және бақылаушы нығыздаудан өткен газ құбырлары газбен толтырылмаса, онда газды жіберу бойынша жұмыстарды қайта бастаған кезде олар қайтақаралып, нығыздалуы тиіс.
Бақылаушы нығыздау нәтижелері газ қауіпті жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттамаға жазылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |