Дипломдық жоба бөлімнен құрастырылған технологиялық БӨлімі есептеу бөлім эконмикалық БӨлім



бет4/4
Дата20.05.2022
өлшемі113.93 Kb.
#458088
түріДиплом
1   2   3   4
Жубатов 2

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
5.1. Мұнай құбырларының коррозиясы әсерінен қоршаған ортаның ластануы

Кәсіпорындардағы мұнай жинау жүйесі топырақ пен ауа ресурстарын ластаудың негізгі көзі болып табылады. Oғaн төмендегі жағдайлар себеп болады:


а) құбыр арқылы жүргізілген желілердің өте ұзындығынан — ол орта кәсіпорын үшін 100 км. дейін барады;
б) коллекторлардың екпінді қарқынының қай жерде болатынын алдын ала білу мүмкін емес;
в) коллекторлардың, әсіресе шағын коллекторлардың екпіндерінің лезде пайда болуын тауып отыру мүмкін емес. Соның әсерінен басқа ластанудың көлемінен төгілген мұнайдың мөлшepi асып түседі.
Мұнайды жинау мен тасымалдауда саңылаусыздандырылған жүйені енгізу қондырғылары мен коммуникациялардың тоттануын азайтқанмен, мұнай мен суды дайындау кезінде тоттанудың әсерінен саңылаудың бұзылуы жиі болады. Соның салдарынан қабат сулары мен мұнай кемидi, ал қоршаған орта нысандары ластанады. Мұнай кәсіпорындарының территориясы мұнай құбыр-лары мен су жолдарының (ысырма, сальниктер арқылы ағуы, фланецты байланысулардан, тоттанудан, эррозиядан, құбыр денесінің механикалық зақымдалуынан т.б) тығыз бекітілмеуінен ластануы мүмкін.
5.3.Ілеспе су әсерінен коммуникацияларды тоттанудан қорғау шаралары
Сульфат, нитрат, тион және темір бактериялары тоттануға үлкен қауіп туғызады. Ілеспе су құрамынан табылған микроорганизмдердің әр түрлі топтары арасынан сульфат бактерияларын (күкірт қышқылы тұзы) баса айтуға болады. Оның бактериялары 1миль суда бірнеше миллионға жетеді. Бұл бактериялар оттегі жоқ жерде немесе өте аз мөлшерде оттегі бар жерлерде өсіп-өнеді. Бұлар болған жерде мұнай өндіргіш қондырғыларда тоттану пайда болып, күкіртті сутегі жиналады. Өзен суларының сапалылығын арттыру ең өзекті мәселе болып отыр. Екі басқышты сүзгінің көмегімен өзен суларындағы қатты механикалық қоспалар 2,5 мг/л ғана, ерітілген оттегі - 0,1 мг/л-дей, ал тоттану - 0,15 мм/ж.-дан аспай отыр. Өзен суын дайындағанда құрамынан сульфат бактериялары толығымен алынып тасталуы керек.
Жер асты суы мен айдалған су араласу барысында флюид шоғарлануының термодинамикалық жағдайында өзгерістер туындайды, ол тұздар тепе-теңдігі бұзылып, биогенді сулфатредукция процесі жеделдетіледі.
Қондырғылар мен коммуникацияны тоттанудан сақтау үшін ингибитор (қышқылдардың әсерін азайтатын зат) кеңінен қолданылады.


Сурет 1-Мұнайды жылыту қондырғысының схемасы



3.1 сурет - Үздіксіз әрекеттегі түтікшелі қондырғыда мұнайды эмульсиялы тотықтырудың сызбасы


-реактор, 2-газды жағу үшін арналған циклонды пеш, 3-сепаратор, 4-өнім багы, 5-өнім насосы, 6-шикізат бу насосы, 7-циркулярлы бу насосы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет