Дипломдық жоба (ДЖ)



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі473 Kb.
#124542
  1   2   3   4


Кіріспе
Қазақстанның заманауи әлеуметтік- экономикалық шартының дамуы келешек мамандарға өте жоғарғы деңгейлі талапта болуды ұсынады. Техникалық жоғарғы оқу орны түлектерінен бүгінгі күнде жаңа кәсіби ойлаулар, жоғарғы мобильділік, біліктілік, жасаушы және сапалы еңбек бағдары қажет.

Бұл шарттарда жоғарғы оқу орын түлектерін дипломдау кезеңі ажыратылмайтын, олардың дайындық кезеңіндегі барлық қорытынды кезеңі, нақтырақ айтатын болсақ ,студенттердің теориялық білімін кеңіту мен тереңдету және тәжірибелік білімін қамтамасыз ететін ,өзіндік жұмыс дағдыларын жүзеге асыруға, сонымен қатар кәсіби қызмет саласындағы нақты тапсырмаларды шығармашылық шешімін табуды қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дипломдық жобаларын қорғау болып табылады.

Дипломдық жобалауды студенттің ұсынылған тақырыптардағы шығарушы кафедраның ғылыми жетекшісінің және арнайы бөлімдер бойынша жетекшілерінің кеңесі негізінде орындалатын мәрелі, кешенді жұмыс ретінде қарастыру қажет. Бұл үрдістің қорытындысы ереже ретінде нақты, тәжірибелік сипатты нақтылы технологиялық өндеу болуы тиіс.

Басқа сөзбен айтқанда дипломдық жобалау- бұл ерекше,өзгеше оқу үрдісінің ұйымдастыру түрі, бұнда студент пен оқытушы бір-бірімен тікелей, жеке-бағытты беттеседі.

Дипломдық жобалаудағы қарастырылатын сұрақтарға байланысты бітіруші біліктіліктілік жұмыстардың (ББЖ) келесі түрлерін ажыратуға болады: дипломдық жоба (ДЖ) және дипломдық жұмыс (ДЖ).

Дипломдық жоба (ДЖ) ғимараттар мен имараттарды қайта құру және оларды пайдалану заманауи талаптарына жауап беретін өзіндік техника-технологиялық жинақтау. Дипломдық жоба есептік түсіндірме хат және графикалық бөлімнен тұрады.

Дипломдық жұмыс (ДЖ) – өзіндік ғылыми зерттеу, нақтылы техникалық мәселеге байланысты өзіне зерттеу, теориялық және сараптамалық тарау бойынша ақпараттық ізденістер, зерттеу қорытындысын салыстырмалы талдау қорытындыларынан тұрады. Дипломдық жұмыс мәтіндік бөлімнен және көрнектілік үшін демонстрациялық бөлімнен немесе үйлестіру материалдан тұрады.

Жоғарғы оқу орнының шығарушы кафедрасының дайындау бағытына сәйкес дипломдық жобалауды ұйымдастыру үшін арнайы тақырып жіктеледі және дипломдық жұмыстың (жобаның) түсініктеме хат мазмұнына және көлеміне нормативтік талаптар қойылады. Әр түрлі кафедралар үшін сонымен қатар бір жоғарғы оқу орны қабырғаларында бұл көрсеткіштер өте маңызды айырмашылықтар болуы мүмкін, бірақ қандай жағдай болмасын олар аттестацияланатын түлектердің дайындық сапасын бақылауға қызмет етеді.

Дипломдық жобалау аяқталуы бойынша барлық студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарын (жобаларын) ашық мемлекеттік аттестациялық комиссия кеңесінде (МАК) қорғайды. Қорғау кезінде МАК мүшелері ғылыми-теориялық және бітіруші маманның тәжірибелік дайындығын тексеруді және орнатылған үлгіден кейінгі диплом беруге сәйкес біліктілікке иелену сұрақтарын шешуді жүзеге асырады. Айрықша жетістікті түлектерді МАК үздіксіз білім принципін жүзеге асыра магистратураға түсуге ұсыныс жасауы мүмкін..

Уақытында өздерінің дипломдық жобалау тақырыптарымен, дипломдық жұмыста (жобада) ұсынылған талаптар сипатымен және ШБЖ жұмысының тәртібімен танысу қате болу мүмкіндігін тудырмайды, диплом жазушылар жұмысына жоспарлығын өзгертуге және сапалы дипломдық жоба жасауға мүмкіндік береді. Берілген әдістемелік нұсқаулық 5В072900 – «Құрылыс» мамандықтағы диплом жазушы студенттерге ұсынылған.



1 Дипломдық жобалау мақсаты
Дипломдық жобалау құрылыс-бакалавр дайындау бойынша академиялық оқу үрдісіндегі қорытынды кезең болып табылады.

Оның мақсаты жүйелілік, студенттердің тәжірибелік және практикалық білімін бекіту, принциптерін және сәулеттік, есептік құрылымдық, экономикалық тапсырмалар және құрылыс технологиясы және ұйымдастыру тапсырмаларын шешумен инженерлік нысанерді кешенді жобалау тәсілдерін меңгеру болып табылады.

Дипломдық жобалау үрдісінде студенттер ғимараттар мен имараттардың дайындау, жинақтау және пайдалану кезіндегі экономикалық, технологиялық дағдыларын білуді қалыптастырады.

Дипломдық жобалау түлектің тәжірибелік тапсырмаларды өздігінен шешу дайындығы барлық жағынан тексерілуі орындау үрдісіндегі студенттің шығармашылық жұмысы.

Жобадағы қабылданған барлық шешімдер үшін қызметтік жауапкершілікті студент - диплом орындаушы (дипломник) алады. Ол кафедра тағайындаған уақытта кафедра комиссия мүшелеріне дипломдық жоба тақырыбы бойынша аралық және қорытынды материалдарды қарауға ұсыну міндетті. Ғылыми жетекшінің және кеңесшінің рөлі дипломдық жобаның құрамын және көлемін анықтау, тапсырмаларды орындауды және күнтүзбелік орындау жоспарның жобасын бақылау принциптерінің сұрақтары бойынша кеңес жүргізу болып табылады.
2 Дипломдық жобаның тақырыптары
Дипломдық жоба тақырыптарын кафедра ереже ретінде тәжірибелік материалдың негізінде немесе кәсіпорын тапсырыс беру негізінде анықтап және ол мемлекеттік халық шаруашылық қажеттілігінен туындауы мүмкін.

Құрылыс мамандығы бойынша жалпы дипломдық жобалау нысандары болып келесі ғимараттар мен инженерлік имараттар болуы мүмкін :

- халықтық шаруашылықтың әр түрлі салалары үшін өндірістік ғимараттар;

- қоғамдық ғимараттар;

- тұрғын ғимараттар;

- инженерлік имараттар;

- ғимараттарды қайта тұрғызу.

Дипломдық жобалау үрдісінде жаңа, салынып жатқан нысандар, сонымен қатар қайта тұрғызу және қазіргі уақытта бар ғимараттар мен имараттардың күшею жобалары жасалуы мүмкін.

Жеке күрделі инженерлік нысанілер бір уақытта бірнеше дипломшы кешенді жобаның өзіндік бөлімдерімен жұмыс жасай отыра жобалауы мүмкін.

Дипломдық жобаның тақырыбын анықтау кезінде студенттің курстық жобалау және өндірістік тәжірибедегі икемділігі,түлектің келешек жұмыс сипаты ескерілуі керек.

Дипломдық жобалар академиялық және нақты тапсырмалар не болмаса ғылыми-зерттеу тарау бар тапсырмалар бойынша орындалуы мүмкін.

Студенттердің өндірістік тәжірибелер кезінде жиналған материалдар немесе мекеме және ұйым тапсырысы (өндіріске енгізу кепілінсіз) негізінде диплом жасауға академиялық тапсырмаларды шығарушы кафедра береді. Осы топқа бұрын орындалған нысандарды жобалау тапсырмалары да кіреді.

Нақты тапсырмалар студенттер дипломдық жобаларын толық немесе оның арнайы бөлімдерін орындауына байланысты жобалау мекемелерімен беріледі. Сонымен қатар жобалау нысандары нақты жобалау кезінде жобалау мекемелерінде қолданылатын, жобалау мекемесінің жоспарындағы нысандар немесе жобалары ұқсас нысандар болып табылады.

Ғылыми-зерттеу бөлімдері бар тапсырмалар ғылыми-зерттеу жұмыстарында икемділік көрсеткен студенттерге беріледі.Бұл дипломдық жоба бойынша студенттің жеке теориялық немесе эксперименталдық дипломдық жобалау кезінде немесе оған дейінгі уақытта жасалған жұмысы.

Дипломдық жобаның тақырыбы диплом алдындағы тәжірибеден бұрын студентпен таңдалып кейін университеттің ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Диплом алдындағы тәжірибе аяқталған соң дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбы қажеттілігіне қарай нақтылануы және кафедраның ұсынысымен түзетілуі мүмкін.

Дипломдық жоба тақырыбы бекітілгеннен кейін ғылыми жетекшісі студентке дипломдық жобаны орындауға тапсырма береді және диплом орындаушы студент дипломды орындаудың күнтүзбелік жоспары жұмыстарын жасайды.
3 Дипломдық жобаға арналған тапсырмалар мен берілгендері
Дипломдық жобалаудың жалпы жетекшілігі «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасы тағайындаған ғылыми жетекшімен жүзеге асады. Сол уақытта дипломдық жоба бөлімдері бойынша кеңес беруді университеттің басқа салалы кафедралардың тәжірибелі оқытушылары жүргізеді.

Дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі студентке арнайы бланкте толтырылған тапсырма береді, онда жобалауға арналған арнайы мәліметтер қарастырылған және сонымен қатар орындауға арналған сұрақтар,есептік-графикалық бөлімнің көлемі,орындау мерзімінің күнтүзбесі көрсетілген .

Жобаның басқа бөлімдері бойынша студент тапсырмаларды кеңес берушілерінен алады және оны ғылыми жетекшісімен үйлестіреді .

Дипломдық жобаның арнайы қарастырылған материалы болуы мүмкін: проекті жоба негізінде жасалған типтік және жеке жобалар,нысан паспорты, басжоспар көшірмелері, ғимараттар мен имараттардың кескіндері, құрылыс алаңдарының гидрогеологиялық шарттары.

Берілген материалдардың сандық және сапалық құрамдары кафедрамен студенттерді диплом алдындағы тәжірибеге бағыттаған кезде анықталады.

Тапсырма берер алдында ғылыми жетекші дипломдық жобаның тақырып мазмұнын, студенттің теориялық және тәжірибелік дайындық дәрежесін және басқа да жағдайларды ескеруі тиіс.


4 Жобаның құрамы мен көлемі
Дипломдық жобаның құрылымдық элементтері болып табылады: тыс беті; титул парағы; дипломдық жобаға арналған тапсырма; мазмұны; кіріспе; негізгі тараулар; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі; қосымшалар.

Тыс бетінде дипломдық жоба орындалған ұйым атауы, автордың тегі және инициалы, дипломдық жоба тақырыбы, жұмыс түрі- дипломдық жоба (жұмыс), мамандық атауы мен коды,қала және жыл көрсетеді.Тыс беті нөмірленбейді .

Титул парағы дипломдық жобаның бірінші беті болып табылады және онда келесі мәліметтер көрсетіледі: дипломдық жоба орындалған шығарушы кафедра, ұжым атауы, жұмыс түрі- дипломдық жоба (жұмыс), «тақырыпта:» нұсқаулығымен дипломдық жобаның тақырып атауы, мамандық атауы мен коды , сол жағынан «орындаған» сөзі, оң жағынан қарама- қарсы студенттің тегі көрсетіледі, бір жол төменірек сәйкес «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі,ғылыми лауазымы көрсетіледі» және тегі, қала және жыл.

Дипломдық жоба төменгі құрамда орындалады:

- графикалық бөлім, көлемі А1 форматты 6-8 сызба;

- есептік түсіндірме хат 80-90 бет.

Дипломдық жоба келесі бөлімдерден тұрады: сәулет-құрылыс, есептік-құрылымдық, құрылысты ұйымдастыру және технологиясы, өмір сүру қауіпсіздігі және экономикалық. Жеке бөлімдерінің мазмұнының көлемі мысал ретінде 1 және 2 кестелерде көрсетілген.

Кесте 1 – Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау оқыту бағдарламасы үшін дипломдық жоба бөлімдерінің мазмұны мен мысал ретіндегі көлемі




Бөлім атауы



көлемі

в %

сызба

(саны)


Түсіндірме хат

(бет)





кіріспе










1

Сәулет-құрылыс тарауы

20

2-3

12-15

1.1

Сәулет-құрылыс шешімі. Қабылданған шешімдер сипаттамасы










1.2

Жылутехникалық есеп










1.3

Инженерлік жүйелер










2

Есептік құрылымдық тарау

40

2-3

30-35

2.1.

Нұсқалық жобалау (жинақтау және салмақ түсетін конструкциялар таңдау нұсқаулығы)




1




2.2

Статикалық есептеу және элементтерді жобалау (МК, ТК)




1




2.3

Статикалық есептеу және элементтерді жобалау (МК, ТК)




1




3

Ұйымдастыру-технологиялық тарау

25

3

20-25

3.1

Салмақ түсетін конструкцияларды тұрғызу және өндірудің принципті тәсілдері










3.2

Технологиялық бағалау бойынша тұрғызылатын техникалық карта және техника қауіпсіздігін сақтау шаралары




1




3.3

Жұмыс өндірісінің күнтүзбелік жоспары




1




3.4

Құрылыстың бас жоспары




1




4

Өмір сүру қауіпсіздігі

5




8-10

5

Экономикалық тарау

10




8-10




Қорытынды













Қолданған әдебиеттер тізімі







1-2

Кесте 2 – Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы оқыту бағдарламасы үшін дипломдық жоба бөлімдерінің мазмұны мен мысал ретіндегі көлемі





Бөлім атауы

көлемі

в %

сызба

(саны)


Түсіндірме хат

(бет)





кіріспе










1

Сәулет-құрылыс тарау

20

2-3

12-15

1.1

Сәулет-құрылыс шешімі. Қабылданған шешімдер сипаттамасы










1.2

Жылутехникалық есеп










1.3

Инженерлік жүйелер










2

Есептік құрылымдық тарау

30

1-2

20-25

2.1

Нұсқалық жобалау (жинақтау және салмақ түсетін конструкциялар таңдау нұсқаулығы)










2.2

Статикалық есептеу және элементтерді жобалау (МК, ТК)




1




2.3

Статикалық есептеу және элементтерді жобалау (МК, ТК)










3

Ұйымдастыру-технологиялық тарау

40

4

30-35

3.1

Салмақ түсетін конструкцияларды тұрғызу және өндірудің принципті тәсілдері










3.2

Технологиялық бағалау бойынша тұрғызылатын техникалық карта және техника қауіпсіздігін сақтау шаралары




2




3.3

Жұмыс өндірісінің күнтүзбелік жоспары




1




3.4

Құрылыстың бас жоспары




1




4

Өмір сүру қауіпсіздігі

5




8-10

5

Экономикалық тарау

10




8-10




Қорытынды













Қолданған әдебиеттер тізімі







1-2



4.1 Сәулет-құрылыс тарауы
Сәулет-құрылыс тараунде іргетастар, қабырғалар, қаңқалар, жабындар мен шатырлар және ғимараттардың басқада бөліктері үшін негізгі материалдарды таңдау жүргізіледі. Тұрмыстық және өндірістік бөлмелерді (өнеркәсіптік ғимараттарда), тұрмыстық және қоғамдық ғимараттар бөлмелерін жоспарлау жүргізіледі.

Сызбалар санына кіретіндер (А1 форматты 2-3 парақ):

1. Бас қасбет 1:100-1:200 масштабта немесе ғимараттың немесе имараттың боялған перспективасы.

2. Ғимараттың жобасы қажетті негізгі осьтерге белгіленген байламдарымен және өлшемдерімен 1:100, 1:200 масштабта. Жоспарлар саны сәулет-құрылыс тарау бойынша кеңесші және дипломдық жобаның ғылыми жетекшісімен келісе жасалады.

3. Ғимараттың көлденең (қажет жағдайда бойлық) кескіні биіктік белгілерімен, жабын құрамымен және т.б. 1:100 немесе 1:200 масштабта . Әдетте осы парақта 1:20, 1:10 масштабта қажетті түйіндердің бөлшегі беріледі.

Кейбір арнайы имараттардың жобасын орындау кезінде (резервуарлар, биік имараттар және т.б.) қосалқы бөлмелері қарастырылған комплекстерді жасау ұсынылады. Сәулеттік- құрылыс тараунде сонымен қатар қосалқы бөлмелердің жоспарлары мен кескіндері жасалады.

Сәулет-құрылыс тарау бойынша түсіндірме хат құрамында болуы тиіс:

а) қысқаша кіріспе мәлімет тарау,жобаланып жатқан нысанның мәні, пайдаланған материалдар және жобалауда енгізілген жаңа ерекше жаңалықтар туралы мәлімет;

б) құрылыс алаңына қысқаша сипаттама (климаттық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық шарттар, жергілікті құрылыс материалдары туралы берілгендер және құрылыс ерекшеліктері);

в) ғимараттар мен имараттар белгіленуін, пайдалану кезінде жүзеге асатын технологиялық үрдістер , бұл үрдістердің байланысын сипаттайтын технологиялық тарау (технологиялық үрдістер ерекшелігінен конструкцияларға, құрылымдық шешімдерге талап қойылуы тиіс).

г) бөлмелер спецификасымен,техникалық-экономикалық көрсеткіштер есептелулері мен сәулеттік-жоспарлық шешімдер;

д) конструкциялар таңдау, (іргетастар, аралық қабырғалар, жабындар мен аражабындар, сатылар, едендер, терезелер, есіктер, қоршаулар және т.б.) сонымен қатар сыртқы және ішкі әрлеу негіздеулері мен сәулеттік-құрылымдық шешім. Конструкциялардың барлық түрі бойынша арнайы стандарттарға, нұсқауларға сүйену қажет және дипломшы өзі құрылымдық және жоспарлау шешімдерін қарастыру кезінде енгізген тиімді және жаңа шешімдерді көрсетуі керек;

е) инженерлік жабдықтар.
4.2 Есептік-құрылымдық тарау

4.2.1 Жалпы мағлұмат

Жобаның есептік-құрылымдық тарау тұрады:

- ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау оқыту бағдарламасы үшін 30-35 бет түсіндірме хаттан және 2-3 парақ сызбалардан;

- өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы оқыту бағдарламасы үшін 20-25 бет түсіндірме хаттан және 1-2 парақ сызбалардан.

Дипломдық жобада заманауи құрылымдық шешімдер қабылдау ұсынылады. Техникалық-экономикалық және басқа да көрсеткіштердің жан-жақты талдау нәтижесінде негізгі салмақ көтеретін конструкциялардың нұсқауы қабылданады.

Салмақ көтеретін конструкциялардың құрылымдық сызбасы жан-жақты шешім қарастыру негізінде төменгі сұрақтар бойынша қабылданады:

а) негізгі салмақ көтеретін жүйенің құрылымдық және есептік сұлбаларын,олардың генералды өлшемдерін және негізгі элементтердің өлшемдерін,қима типтерін анықтау;

б) сұлбаларды таңдау және имараттардың қалған элементтерін орналастыру;

в) имараттардың кеңістік қатаңдығын және олардың элементтерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

г) негізгі кернеу және элементтер жіктерінің құрылымдық шешімдері.

Түсіндірме хатта келесі материалдарды көрсету қажет:

а) жобаланатын конструкциялар туралы жалпы берілгендерді баяндалатын сипаттама тарау: оның тағайындалуы, құрылымдық ерекшеліктері, бөлшектеу типтері және т.б.;

б) әрекеттенетін (берілген) жүктемелер туралы мәлімет, олардың көлемдері есептеліп алынып, нормаларға сәйкес қабылданады;

в) конструкциялардың есебі міндетті түрде әрекеттенетін жүктемелерге есептеліп, статикалық сұлбалармен дәлелденуі қажет.

Ғимараттар мен имараттардың есептерінің жүргізілуі, олардың құрылымдық және есептік сұлбалары нақтыланған жағдайда ғана мүмкін. Әдетте статикалық есеп жобалау тәжірибесінде бар қысқартуларды ескеруді қарастырады. Бірақ, есептік сұлбаны өте нақты қабылдау ұсынылады ,мысалы іргетастың бұрылуы және шөгуі, ғимараттың кеңістік жұмысын және т.б. ескеру.

Ішкі күштер ЭВМ қолдана отыра құрылыс механика әдістері мен есептік бағдарламалар бойынша анықталады. Барлық есептеулер түрлері, кейін тексеруге ыңғайлы болу үшін сұлбалармен дәлелденуі қажет, ал олардың қорытындылары кесте түрінде берілуі керек:

г) құрылымдық есептерді жүргізудің негізгі мақсаты элементтер қимасын таңдау, олардың беріктігін, тұрақтылығын,қатаңдығын анықтау. Құрылымдық есептер сызбалармен бекітілуі тиіс;

д) құрылымдық принциптерін сипаттау. Конструкциялардың жеке түйіндеріне,жинақтау жіктеріне және бөлшектерге эскиздер берілуі қажет.

Содан кейін қабылданған негізгі салмақ көтеретін конструциялардың нұсқаларына жобалау жүргізіледі.

Негізгі салмақ көтергіш конструкциялардың және жалғастырушы элементтерінің жалпы кескіндері, сонымен қатар олардың проекциялары сызылады.Кескіндерінің масштабы - 1:50; 1:75; 1:100 ғимараттардың өлшемдеріне тәуелді. Түйіндер сызылады, міндетті түрде екі-үш проекцияда, 1:10, 1615,1:20 - масштабта. Түйіндерді таңдауы сосын жобалауы және сызуы бөлім бойынша кеңесшінің келісімімен жүргізіледі.

Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау оқыту бағдарламасы бойынша оқитындарға ұсынылады - екі элементті есептеу және құрылымдау, ал өндірістік және азаматтық құрылыс технологиясы оқыту бағдарламасы бойынша оқитындарға жоба ғылыми жетекшісі келісімімен - екі элементті есептеп, бір элементтің конструкциясының құрылымдауы ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет