Дипломдық жоба Маңғыстау облысындағы аргоөнеркәсіп саланың мәселелерін кешенді зерттеуге арналған


Агроөнеркәсіп саласын мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі



бет4/11
Дата21.11.2022
өлшемі419.97 Kb.
#465377
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
послед — копия

1.2. Агроөнеркәсіп саласын мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі



Шетелдердің тәжірибелері, ауыл шаруашылығы даму процестерін мемлекеттік реттеуде барлық мемлекет белсенді рөл алатындығын көрсетеді.
Американдық профессор Майкл Портер былай дейді: «экономикада мемлекеттің негізгі мақсаты – өздерінің азаматтарына өсімді және жоғарғы өмір деңгейін қамтамасыз ету». Бұл мақсатқа жету ұлттық ресурстардың – еңбек және капиталдың қаншалықты өнімділікпен қолданылуына тәуелді.
«Портер бойынша өнімділік, еңбек және капитал бірлігіне қайтарым көрсеткішінің құнымен өлшенеді. Ол өнімнің саны мен сипатына, және де ол өндірілетін тиімділікке тәуелді ...» [33].
Ресей Федерациясының «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат және азық-түліктерді жеткізу және сатып алу туралы» Заңын талдауда Зырянова Т.В. былай дейді: «Ресейде осы уақытқа дейін тұтас реттеу жүйесінің жекелеген элементтері қолданылып келді: жеткілікті көлемде болмаса да, ауылға мемлекеттік қолдау көрсетілді, кеден төлемдері енгізіліп және өзгертіліп отырды» және де мынадай қортынды жасайды: «қазіргі мемлекеттік қолдау жүйесінің жүйелік сипаты жоқ. Оның көптеген элементтері заңмен рәсімделмеген, сондықтан тауар өндірушілер үшін болашақтың айқын бағыты бола алмайды, Сонымен қатар, қолдау шаралары мемлекеттік реттеудің өзге формаларынан алшақ қолданылады (мысалы, монополияға қарсы), және оларды қолданудан негізгі нәтиже ауылға емес, онымен аралас монополияланған салаларға келеді (минералды тыңайтқыштарға дотациялар, тауарлық несиелеу және т.б.)» [34].
Әртүрлі елдерде экономикалық дамудың мүмкіндіктері әртүрлі, осыған байланысты мемлекеттік қолдау түрлері де әртүрлі болып көрсетілген.
Дамушы елдерде, дамудың жаңа жолына енді түскен, біздің еліміз сияқты елдерде, қаражаттар тыңайтқыштар алуға, гербецидтер, пестицидтер алуға, ЖЖМ арзандатуға, ұрық өсіру, асыл тұқымды мал өсіруді дамытуға жұмсалынады. Ал Голландияда тыңайтқыштар қолданатын субъекттерге, қосымша салықтар салынады және оның мысалдары өте көп. Ішкі нарықты қорғау және өнім өндірісі жағдайын реттеу, әрбір елдің экономикалық саясатының құраушы бөлігі болып табылады. Еуропалық Одаққа енген көптеген елдер өзінің елінде қымбатқа өндірілген тауар бағасының әлемдік бағамен салыстырмалы айырмашылығымен жобалы. Мысалы, Францияда қанттың бағасы 1000-1200 доллар, ал әлемдік баға – 350 доллар, айырмашылығы мемлекеттік бюджетпен жабылады. ЕО елдерін мұндай қолдаудың нәижесінде, өзге елдердің нарықтарын оп-оңай жаулап алады. Бізде керісінше, бидайдың әлемдік бағасы мұнайдың бағасынан ұзақ уақыт бойына 2,4-5,2 есе артта қалып отырды, тек биылғы жылы ғана бұл сандар өзара жақындай түсті.
Швейцарияда тапшылық пен жұмыссыздық проблемасы жоқ елде, табиғи жағдайлардың өнім өндірісіне қолайсыздығына қарамастан, азық-түліктің 60% өздерінде өндіріледі. Жапония, өзінің үлкен сатып алу қабілетімен, егіндерінің не бары 4 млн.га қарамастан, сыртқы сауда сальдосы 60 млн. доллар, азық- түліктің 50% өзінде өндіреді. Мұнайдың әлемдегі ең үлкен экспортері Сауд Аравиясы, жерінің барлығының құм басқанына қарамастан, өніммен жүз пайыздық өзін-өзі қамтамасыз етуге тырысқан және оны ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау есебінен жүзеге асырған.
С.Ожегов өзінің талдама сөздігінде «Даму – бір жағдайдан екінші жағдайға, яғни жетілген жағдайға, ... қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға өтуі» деп түсіндірген. Өсуге қатысты: «Өсу – күшейту, нығайту. Даму процесіндегі жетілдіру». Ендеше, бұл екі маңызды түсініктерді өзара айыру мүмкіндігін беретін, маңызды айырма белгілері көрініп тұр. Егер өсу – сандық өзгеруінің арту процесі болса, ал даму – сапалық. Ендеше, бұл процестердің әр қайсысы өздерінің ерекше заңдарына бағынып және бірін бірімен сәйкес келмейтін нәтижелерге ие болады. Мысалы, өзінің физикалық мүмкіндік шегіне жеткен, цивилизацияның биосфераға әрдайым артып отыратын ықпалы – табиғи шектеулер мен кедергілерді бұзатын, экономикалық өсімінің бейнесі [35].
Америкалық зерттеуші Р.Сэмюэльс былай деп жазады: «Жапония – мемлекеттік меншіктің болмауынсыз мемлекеттік саясат елі», мұндағы айтқысы келгені, меншік формалары реттеуді қалайды, өйткені «реттеу мемлекеттік билікке қарсы келмей, икемді болу мүмкіндігін береді. Бұл Жапония мемлекетінің әлсіз екендігін емес, керісінше күшті мемлекет қана жеке қызмет атқаратын тұлғалардың әрекетін өзгерте алады, ал әлсіз мемлекеттер топтық мүдделердің ықпалында болады» [36].
Қатал бәсекелестік жағдайында фермерлік өндірістерінің және олардың ерікті бірігулерінің өмір қабілеттілігі кәсіпкерлердің еңбегі мен өнер тапқыштығымен ғана емес, баға саясаты, несие және салық салу бойынша әртүрлі жеңілдіктердің берілуімен, дотация, субвенция және бюджеттен төленетін өзге де (оның інішде, натуралды өнім) төлемдермен жүргізілетін, күшті мемлекеттік қолдаумен анықталынады.
АӨК маңызды субсидияға қажеттілігі бірнеше себептермен негізделген. Біріншіден, бұл сала маңызды дәрежеде адамдардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтап және өмір сүрудің қызметті ортасының кепілі.
Екіншіден, ол материалды-техникалық ресурстардың үлкен көлемінің тұтынушысы болып табылып, ал бұл салада экономикалық өсу өзге салалардың, бірінші кезекте, қайта өңдеу салаларының дамуын ынталандырады.
Үшіншіден, ауыл шаруашылығы жұмыс күшінің үлкен бөлігін қамтиды.
Төртіншіден, ол экономикалық, ең бастысы, мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Елдер бойынша қолдау мөлшерлері әртүрлі. Жапония өздерінің өндірушілерінің тәуекелін 70%-ға дейін жабады, Франция өздерінің астығы, АҚШ-нан сатып алғанға қарағанда, қымбатқа түседі, бірақ олар өздерінің фермерлерін қолдауды жөн көреді, олар онымен елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. АҚШ фермерлердің астық өндіру шығындарының 40%-ын жабады. ЕО елдеріндегі бюджеттік субсидиялар фермерлік жанұялардың жалпы табысының 50%-ын құрайды.

Дамыған капиталистік елдерде аграрлық баға және фермерлік табыс саясаты келесі бағыттарды бақылау жолымен жүргізіледі:



  • мамандандырылған шаруашлықтардың (ЕО елдерінде) репрезентативті топтары немесе өндіріс түрлері бойынша (АҚШ-та) өндіріс шығындарын;

  • ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімдері үшін өндіріс құралдарының баға паритетін;

  • фермалар мен өндіріс салаларының, сондай-ақ тұтас ауыл шаруашылығының табыстылығын [37].

Негізгі үш құраушыдан тұратын, бақылау жүйесі, өзгелерімен қатар, басқару объектінің, яғни өзіндік құнның, жалпы және жеке табыстың құрылуының, жинақтар мен капитал салымдарының егжей-тегжейлі бейнесін береді. Тап осы процестер, экономикалық әдістер көмегімен басқаруда маңызды болып табылады.
АҚШ-да фермерлік бағаларды мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттері, ең басынан бастап, онсыз ұдайы өндірісті кеңейту мүмкін болмайтын, ауыл шаруашылығында табыс және жинақтың қажетті деңгейін қамтамасыз етуде. Мұнда бағаның екі түрі қолданылады: кепіл заттылық және мақсатты.
Мемлекет тауарлы-несиелік корпорация (ТНК) жүргізетін кепіл заттылық операцияларға қатысатын фермерлерге кепілденген бағалар белгілейді. Мұндай операциялар фермерлерге өнім кепілі бойынша несие алу кепілдігін береді. Үлкен кепіл заттық бағалар астық өнімдерін ішкі нарықта ұстау мүмкіндігін беріп, ал төменгі – оның экспортын ынталандырады.
ТНК кепіл затттық-сатып алу операцияларының масштабы туралы, кейбір жылдары фермерлер өздерінің өнімдерінің 1/3 бөлігіне дейін ТНК кепілге қойған деректермен айтуға болады. Бұл операциялар, біріншіден бағаны көтергеннен гөрі, нарықтағы ұсынысты қысқартуға, екіншіден, фермерлерге несие (көбінесе ақшалай, кейде натуралды ауыл шаруашылығы өнімі түрінде) алу мүмкіндігін береді. Несие көлемі кепілге өткізілген астық көлемімен (тіпті оның ферма қоймасында сақталу шартымен де) анықталынады. Кепіл заттық баға мақсаттының төменгі деңгейі болып табылады [38].
ЕО баға белгілеуді реттеудің маңызды ерекшеліктерінің бірі экономикалық есептеудің нәтижесі емес, барлық қатысушы елдер үшін қолайлы болатын, саяси-экономикалық сауда мен компромистердің жүйесі. Бұл жүйе келесі бағалардан тұрады: мақсатты, интервенциялық, шектік. Мақсатты – астық тапшылығының басым аудандары үшін қолайлы көтерме баға (эталон ретінде Дуйсбург аудандары, ГФР алынған), ол астыққа қолайлы нарықтық баға деңгейін анықтайды. Интервенциялық – астыққа кепілдеген бағаның минималды деңгейі, ол бойынша ЕО сатып алу ұйымдары фермерлерден шектелмеген мөлшерде сатып алуға міндетті. Шектік баға қызмет бағыты бойынша, ЕО өндірілген астық бағасына кедендік қорғаныс болып табылады. Астық үшін ол мақсатты бағадан тасымалдау (Дуйсбург - Роттердам) мен сауда келісімдері шығындарын шегеру негізінде, жыл сайын тағайындалады. Шектік бағамен бірге компенсациялық кеден алымы белгіленеді. Компенсациялық кеден алымының мөлшері әлемдік нарықтың шектік және ағымды бағаларының
айырмасымен анықталырып, экспортер елдерді бағалық басымдылықтан айырып, бағаны автоматты түрде теңестіреді [39].
Көптеген елдерде ауыл шаруашылығының қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, ауыл шаруашылық несиесі бойынша арнайы бағдарламалар қабылданған, олар бойынша келесі шаралар көзделген:

  • корпоративтік банктер мен өзге де несиелік ұйымдарды тарта отырып, фермерлерді несиелендірудің мемлекеттік жүйесін құру;

  • несиені алу және төлеуде фермерлерге жеңілдетілген жағдайларды қатамасыз ету;

  • фермерлік коперативтердің ақшалай қаражаттарын және де агробизнес фирмалары мен компаниялардың капиталдарының бір бөлігін несиелеу жүйесіне белсенді тарту.

АҚШ-ның ауыл шаруашылық мемлекеттік несиелік реттеуінде маңызды рөлі 50-60 млн. доллар қаржы ресурстық көлемімен Фермерлік несие жүйесіне (ФНЖ) беріледі.
ФНЖ-не банктік қызметті дамыту бойынша ерекше құзіреттер берілген, оның ішінде әртүрлі аграрлық бағдарламаларын жүзеге асыру проблемаларын шешуде федералдық бюджеттен қаржылық қолдау алу да жатады. Фермерлік несиелеу жүйесі фемерлер ісі бойынша Әкімшілікпен (ФІӘ) және Тауар- несиелік корпорациямен бірге фермерлерді және өзге де ауылдық тұрғындарды несиелеудің мемлекеттік жүйесін құрайды. Бұл жүйе АҚШ Ауыл шаруашылығы Министрлігі атымен қызмет етеді, Америка фермерлерінің несиелік қарыздарының жартысы, олардың үлесіне тиеді.
ФІӘ фермерлерді және өзге де ауылдық тұрғындарды жеңілдікпен несиелеуді жүзеге асырып, оның несиелік қаражаттары, біріншіден, аграрлық несиелік сақтандыру, ауыл тұрғынын сақтандыру, ауылдың даму бағдарламасын сақтандыру қорының айналым капиталынан, екіншіден АҚШ ауыл шаруашылық министрлігімен бөлінетін бюджеттік займдер мен несиелер есебінен құралады. Жергілікті кәсіпкерлік арқылы ФІӘ-тен америка фермерлері мен тұрғындары жеңілдетілген шарттармен келесі қаражаттары ала-алады:

  • бір жылдық мерзімге, 200 мың доллар мөлшеріне дейін ағымды операциялық шығындарды қаржыландыру ссудасын алады. Қайтару кепілі болған жағдайда бұл сома екі еселенеді;

  • «Американың болашақ фермерлері» бағдарламасы бойынша немесе өзге аз қаражатты ауылдық ұйымдардан аз қаражатты ссуда алу;

  • Табиғи апаттардан зардап шеккендер үшін 4,5 жылдық мөлшерлемемен, 500 мың долларға дейінгі займ;

  • Аумақта орташа деңгейге дейін фермерлік шаруашылықты кеңейту үшін, 200-300 мың доллар, 40 жылдық мерзіммен несие;

  • жер және су ресурстарын қоғау мен консервация бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысушы фермерлік шаруашылықтарға 40 жыл мерзімді жеңілдетілген несие; төменгі табысты жанұя займы арқылы 33 жыл мерзімді несиені тұрғын саны 200 мың болатын тұрғын бөлімшелерінде ФІӘ тапсырыс арқылы тұрғын үй құрылысының жеңілдетілген несиесі [40].

АҚШ-на қарағанда, ЕЭО фермерлері үшін коммерциялық несие беру және төлем тәртібінің қатаңдығымен сипатталынады. Мұндай шарттармен ауыл шаруашылығында сақтандыру компаниялары мен коммерциялық банктердің қаржыларын, мемлекеттік және мемлекетаралық несиелік ресурстарды тартумен фермерлік корпорациялар шеңберіндегі несиелік жүйе үлкен масштабты алып отыр:

  • аграрлық саланы экономикалық және әлеуметтік дамытудың ұлттық және ұлтаралық жобалар жүйесінде ауыл шаруашлығының арнайы мемлекеттік бағдарламаларын несиелеу:

  • оның ішінде, аграрлық бюджет қаражаттарының есебінен коммерциялық және жеңілдетілген несиелер пайызы арасындағы айырма жабылатын, ауылдық жерлердің әлеуметтік қажеттіліктері және жер орналастыру, фермалардың өндірістік құрылымын орташа және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелеу;

  • 20% мөлшерлемемен коммерциялық несиеге қарағанда, 2,75-4,0% деңгейінде фермерлік шаруашылықтарды орналастыру үшін жас жанұяларға жеңілдентілген мемлекеттік несие;

Соңғы уақытта мемлекеттік инвестициялық несиелеуде нашар дамыған ауыл аудандарына қаржылық көмек көрсетуге негізгі көңіл бөлінеді. ЕО елдерінде бұл мақсаттарға аграрлық қоғамдастық қорынан несиелерді қаржыландыруды қарастыратын, бірқатар бағдарламалар жасалынған [41].
Көптеген капиталистік дамыған елдерде ауыл шаруашылығында салық салу жүйесі салықтың келесі түрлерінен тұрады:

  • табыс салығы;

  • корпорациядан;

  • қозғалмайтын мүліктерге, соның ішінде жерге;

  • инвестицияланатын капиталға немесе негізгі капиталдың өсіміне;

  • қосылған құн салығы;

  • жалдамалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру;

  • акциздер.

Өзінің үлкен тізбесімен бұл салықтардың сомасы дамыған капиталистік елдер бойынша барлық фермерлік шығынның 2,5%-дан 6%-ға дейін қамтиды, олардың ішінде жартысынан астамы екі салыққа келеді – табыстан және қозғалмайтын мүліктерден салықтар.
Дамыған капиталистік елдердің тұтас ауыл шаруашылығы бойынша салық салу мәселелерінде белгілі бір тәуелділікті байқауға болады: еңбек өнімділігі мен әлеуеттік инфрақұрылым дамуының деңгейі жоғары болған сайын, салық салу мөлшерлемесі мен көлем не жоғары болады. Салық салуды мемлекеттік реттеудің мақсаты – ауыл шаруашылығының тиімділігінің өсімін ынталандыру.
Инвестицияланатын капиталдарға салымдар немесе негізгі капиталдың өсіміне салық материалдақ-техникалық базаға нақты фермерлік капитал салымын арттыруды ынталандыруға бағытталған және материалдық ресурстар нарығын тиімді реттеу мүмкіндігін береді. Бұл салық түрі сатылатын өндіріс құралдарының нақты және нарықтық құнының арасындағы айырмаға салынады.
Мұнда салық салынатын сомадан несие тауарды өткізу кезіндегі
шығындар алынады немесе инфляциялық процестер нәтижесінде құнның өсімі қосылады [42].
Көптеген дамыған елдерде қызмет ететін қосылған құнға салық, ауыл шаруашылық өнімдерінің қамтамасыздандырылуының жоғары жағдайында, ауыл шаруашылығының экспортқа бағытталуын ынталандыруға негізделген.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында, жоғары маманданған жалдамалы жұмыс күшіне таңдау сұранысын арттырған, фермаларда өндіріс концентрациясын шектеу үшін, жалдамалы жұмысшыларды әлеуметтік сақтандыру салығы енгізілген. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің капиталын технологиялық жаңалықтарға инвестициялауды ынталандыруды тиімді ету үшін, көптеген елдердің салық заңдылықтарында салық салудың арнайы шарттары қарастырылған:

  • инвестицияның өсіміне салықтық жеңілдіктер белгілеу;

  • инвестицияның өсіміне салықтық төлемдердің бюджеттік компенсациясы;

  • инвестициялық процесс біткен кезеңдегі капитал салымының өсіміне салықтық төлемдерді кейінге қалдыру.

Ауыл шауашылық тауар өндірушілері, егер мемлекеттік және аумақтық аграрлық бағдарламалардың шеңберінде жаңалықтарды игеретін болса, онда салық салудың жеңілдетілген шарттарының бірін ғана қолдана алады. Алғашқы екі жағдайда ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің жеңілдік алуы жағдайында, табысқа салық салу бойынша тікелей пайда алады, ал үшіншісінде
– жанама табыс, бірақ қайтарылу мерзімі ұзақ болатын капитал сиымды технологиялық жаңалықтарды игеру үшін өте тартымды табыс алынады.
ЕЭО жекелеген елдерінде мемлекеттік аграрлық бағдарламаларға кіретін іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған, инвестициялық өсімге салық төлемдерінің бір бөлігін фермерлерге ұлттық бюджеттен компенсациялау қарастырылған. Мемлекеттік аграрлық бағдарламаларға қатысушы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері капитал салымының өсіміне салықтың төленуін инвестициялық процестің толық аяқталуына дейін ұстап тұра алады [43].
Әлемнің әр түрлі елдерінің ауыл шаруашылығын қолдау тәжірибесін талдау көптеген елдердің субсидиялауды ауыл шаруашылығы өндірісін қолдаудың түйінді құралы ретінде пайдаланатынын көрсетті. Алайда алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы елдер (Австралия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Бразилия және Моңғолия т.б.) өндірушілерді тікелей субсидиялауды қолдамайды.
Моңғолияның экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібіне тәуелді. Ауылдағы адамдардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып келеді. Орта есеппен әрбір адамға 12 бас мал келеді. Егін шаруашылығында бидай, арпа, көкөніс және мал азығын егумен айналысады. 2018-жылғы есеп бойынша ЖІӨ-нің көлемі 9,48 млрд долларды құраған. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 3200 доллар. Жұмыссыздар саны орта есеппен халық санының 2,8% (2018ж.). Мәселен Моңғолия елі мен Қазақстан Республикасындағы мал басы санын салыстыратын болсақ, ол төмендегі кестеде берілген (Кесте )

Кесте 1 - Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның мал басының жалпы саны бас








Моңғолия

Қазақстан




2018

2019

2020

2018

2019

2020

Барлығы
мал саны

55 979 781

61 549 236

66 218 959

6 183911

6 413203

6 764225

Жылқы

3 295 336

3 635 489

3 939 813

2 218,8

2 332,1

2 502,4

Сиыр

3 780 402

4 080 936

4 388 455

6 487,3

6 734,4

7 037,9

Түйе

367 994

401 347

434 096

177,6

190,6

203,0

Қой

24 943 127

27 856 603

30 109 888

18 160,0

19 292,8

19 500,4

Ешкі

23 592 922

25 574 861

27 346 707

Ескерту – автормен [44] әдебиет көзіне негізделіп жасалды

Кестеден көріп отырғандай, барлық мал басының санын 2020 жылғы мәліметтер бойынша салыстыратын болсақ, Моңғолияда мал басының жалпы саны Қазақстандық көрсеткіштен 10 есе артық, әсіресе қой мен ешкі саны 3 мың есе. Бірақ та жан басына шаққанда Моңғолия халқының саны біздің елден 6 есе төмен.
Бразилия елінде қолайлы табиғат жағдайлары тропиктік және субтропиктік зонада ауыл шаруашылық жерлердің басым болуы жылына 2-4 рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аймақтың 1/3-і ауыл шаруашылық жерлері болса, 11%-ы өңделетін жер. Ауыл шаруашылық жерлерінің көлемін ұлғайту Бразилия елінде мүмкіндік бар. Бірақ бұл тропикалық ормандар мен саванналарды немесе шөлді аумақтарды игерумен байланысты [45].
Шөлейт және шөлді жерлерді игеру басты мәселелердің бірі, өйткені олар көбінесе халық қоныстанған аудандарда орналасады. Тынық мұхиттық жағалауда мұндай жерлер сумен жақсы қамтамасыз етілген жағдайда табиғи өнімі жоғары болады. Суармалы егіншілік үшін су ресурстарын алу өте қиын. Сол себепті көп қаржыны қажет етеді.
Латын Америкасы елдерінің ауыл шаруашылығы агрокапиталистік қатынастардың қарқынды дамуы жүріп жатқанымен де отарлауға дейінгі қатынастардың таңбасы әлі де бар. Мұнда феодализмнің қалдықтары барлық жерде бар: издольщина, батрактық, батрактардың еңбек ақысын өніммен төлеу т.с.с. Аз қоныстанған аудандарда латифундия жерлерін экстенсивті мал шаруашылығы, тығыз қоныстанған жерлерде қол еңбегіне негізделген плантациялық шаруашылық дамыған. Латифундия өнімдері әдетте сыртқы саудаға шығады.
Жерді үйлестірудің қатты айырмашылықтары тек ірі көлемді елдерге ғана тән емес. Орталық Америка мен Кариб бассейнінің елдері шаруашылықтың көлемінің орташа мөлшері көп болмағанымен айырмашылығы айтарлықтай.
Жалпы плантациялық мәдени өсімдіктер қаржыны аз қажет ететіндігі мен көп жұмысты талап етуімен ерекшеленеді. Ең маңыздылары – қант құрағы, кофе, какао, банан, мақта. Осы өсімдіктер Бразилиядағы өсімдік шаруашылығының мамандануын анықтайды және аймақтағы ауыл шаруашылық өнімдер экспортының 2/3-сін алады. Алайда бұл өнімдерінің дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестіктің артуымен плантациялық шаруашылықтың артта қалуымен оның үлесі азаюда [46].
Мал шаруашылығы басты экстенсивті мал шаруашылығына бағытталған. Ірі қара санының адам басына шаққанда Аргентина мен Уругвайда 2-3 есе көп. Ірі қараның өнімділігінде айырмашылықтар көп. Ең жоғарғы көрсеткіш Аргентина мен Чилиде, ал төменгі көрсеткіштер Орталық Америка, Доминикан Республикасында. Гаитиде етті тұтыну шамасы бойынша жан басына шаққанда тым аз. Бірақ дәл осы елдер ірі қараның етін экспортын ең көп шығаратын елдер. Абсолюттік қатынаста аймақтағы сиыр еті өнеркәсібінің 2/3-сі Аргентина мен Уругвайдың үлесінде. Мұнда сүтті мал шаруашылығы, етті- жүнді қой шаруашылығы жақсы дамыған. Соңғы кездері бұл көп мөлшерде экспортқа шығарады. Бразилия мен Мексика шошқаның саны бойынша белгілі. Құс шаруашылығы барлық жерде дамыған. Перу, Боливия, Экавадордың таулы аудандарында лама мен альпак өсіріледі. Жылқы шаруашылығы да маңызды. Мексика дүние жүзінде екінші орында болса, Бразилия үшінші орында.
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің арасында ауыл шаруашылығы дамыған Бразилиядағы ішкі қолдау жүйесі қызығушылық тудырады. Ауыл шаруашылығындағы негізгі шығындар (60%-дан астам)
«жасыл жәшік» бағдарламасын қаржыландыруға бағытталған. Оның көлемі 2005 жылдан 2013 жылға дейін 3 есеге артып, 6,2 млрд.АҚШ долларын құрады. Негізінен «жасыл жәшік» шеңберінде 2005-2007 жылдары қаражаттың көп бөлігі институтционалдық аграрлық реформаларды қолдауға бағытталған. Сонымен бірге табысы аз халыққа азық-түліктік көмек көрсетуге де қаржы бөлінді. 2007 жылдан бастап инстиутционалдық және инфрақұрылымдық реформаларды қаржыландыру күрт азайып, ғылыми зерттеулерге, мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздік мақсаттарына, кеңес беру қызметтеріне қаражат
көлемі арттырылып отырды.
Бразилиядағы 2005 жылдан басталған қолдау жүйесі тек «жасыл жәшіктің ғана емес «кәріптас жәшіктің» де құрылымының өзгеруімен ерекшеленеді. 2005-2011 жылдары «кәріптас жәшіктің» бағдарламасын қаржыландыру арттырылды, дегенмен 2013 жылдан бастап сауданы бұрмалайтын субсидиялар минималды деңгейге (10%) дейін жеткізілді [47].
Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған елдердің бірі Канада болып табылады. Канададағы ауыл шаруашылығының өсуі мен ұзақ мерзімді өркендеуі оның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігімен байланысты.
Канаданың ауыл шаруашылығы айтарлықтай мемлекеттік қолдауға ие (жыл сайын 6-8 млрд.долл. шамасында), бірақ бұл Еуропалық одақ елдерімен салыстырғанда біршама аз. Мұндай аз көрсеткіш «жабдықтауды басқару» деп аталатын сүтті, ірімшікті, жұмыртқаны және тауықты сатып алуға мемлекеттік монополияның ерекше канадалық жүйесінің болуымен түсіндіріледі. Арнайы құрылған мемлекеттік кәсіпорындар ішкі өндірісті бақылай отырып және 200%- ға дейін алымдар арқылы импортты шектей отырып, жететін нарықтағы осы
тауарларға ұсыныстарды реттейді. Мұндай жүйе Канадаға бір жағынан агралық секторды тікелей субсидиялауды болдырмауға мүмкіндік береді, екінші жағынан – тұтынушыларға кері әсер етеді, себебі мемлекеттік реттеудің нәтижесінде Канададағы соңғы өнім бағасы басқа елдерге қарағанда 30-300% жоғары. Осылайша, сатып алушылар жоғары баға есебінен отандық өндірушілерді қолдайды.
Мемлекет тарапынан көп қолдау көрсететін елдердің бірі Норвегия болып табылады. Көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі үкіметпен субсидияланады. Сонымен қатар, агралық сектор кедендік тарифтер мөлшерлемесі арқылы шетелдік бәсекеден қорғалған, бұл елде әлемдік бағамен салыстырғанда өнімдерге жоғары бағаны ұстап тұруға және отандық фермерлік шаруашылықтардың жақсы табыс деңгейін қамтамасыз етеді [48].
Бағаны реттеу, импорттан қорғау сияқты шаралардан басқа Норвегияда тікелей қолдау да көрсетіледі, атап айтқанда:

  • белігілі бір өнімдерді қолдау (мысалы, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағалық субсидиялар);

  • өнімдік емес қолдау (мысалы, жер аумағының көлеміне байланысты өндірістік субсидиялар және қолдаудың әртүрлі әлеуметтік сызбалары);

  • инвестициялық қолдаулар;

  • зерттеулерді, білім беру мен қызмет көрсетуді қолдау.

Осылайша көптеген экономикалық дамыған елдер ауыл шаруашылығын әртүрлі субсидиялар, дотациялар мен жеңілдіктер арқылы қолдайтынын көруге болады. Кейбір мемлекеттерде ауыл шаруашылығына салынатын қаржылық салымдар оның өнімінің нарықтық құнынан 1,5-2 есе жоғары. Ауыл шаруашылығын және азық-түлік өндірісін мемлекеттік қолдау қазіргі кезде олардың ірі экспорттаушысы болып табылатын елдерде (АҚШ, Канада, ЕО елдері) азық-түлік өндіруді күрт арттыруда басты рөл атқарды.
Бүгінде Бразилияда ауыл шаруашылығына барлық қаржылық құралдардың 20-40 процент құнынан бөлісуге келетін аграрлық түбіртектер кеңінен қолданылуда. Әлемде азық-түлік өндіруде 2-орында және ірі азық-түлік экспорттаушы мемлекеттер қатарында тұрған Бразилия John Deere зауытының қондырғылары арқылы егістіктің жағдайы туралы ақпараттарды беруге қабілетті. Компанияның егістік алқаптарын түсірген түсірілімдері зерттеу шығынын 90 процентке қысқартуға мүмкіндік береді. Австралияда сәйкестендіру жүйесі арқылы мал өнімдерін қадағалау мүмкіндігі ұлғайды. Бұл түрлі аурулар пайда болған кезде әсер ету және таралу қарқынын төмендетуге ықпал жасайды.
Соңғы уақытта бизнесқұрылымдардың да қызығушылығы артып келеді. Мысалы, Швейцарияның Nestle компаниясы заманауи техниканы енгізу және өнімді сақтау бойынша Батыс Африканың 10 мың фермерін оқытты. Нәтижесінде компания сапалы өнім алуға, ал фермерлер жаһандық нарыққа және өнімді жоғары бағада сатуға қолжеткізді. 2010 жылы әлемде ауыл шаруашылығы саласында 20 жоғары технологиялы компания болса, оларға тартылған инвестиция көлемі 400 мың АҚШ долларын құраған. 2013-2016 жылдары 1300 жаңа технологиялық стартаптар инвестицияланып, бүгінде жылына 500 жоғары технологиялық стартаптар құрылуда. 2015 жылы әлемдік ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 4,6 млрд АҚШ долларына жетті [49].
Агростартап құруда АҚШ, Қытай, Үндістан, Канада, Израиль өте белсенді.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында көрсетілгендей, экономиканың цифрландыру деңгейін анықтайтын The Boston Consulting Group рейтингісі бойынша Қазақстан 85 мемлекеттің арасында 50-ші орынға тұрақтаған. Алдын ала есеп бойынша 2025 жылға қарай цифрлы жүйенің ел экономикасына тікелей әсерінің қосымша құны 1,7-2,2 трлн теңгені құрамақ. Қазақстанның цифрлы экономика құру жолында технологиялық және психологиялық тосқауылдар тұрғанын түсінеміз. Сондықтан ауыл шаруашылық өнімдерді делдалдардың таратуына қарсы тұратын шараларды қолға алу қажет. Өнімдерді делдалсыз сату қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін 1,3 есеге көтереді. Алып-сатушылар қатарын қысқарту арқылы сауданың қосымша ақысын 15-20 процентке төмендетуге болады, бұл өнім бағасын біршама азайтады [50].
Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасында «Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру орталығы» жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – әкімдіктерге, ауылдық кәсіпкерлерге «онлайн» режімде консалтингтік қызмет көрсету, білім саласы қызметкерлеріне, мектеп директорларына, ата-аналарға, түлектерге білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсыну негізінде кәсіби бағдарлануға көмектесу, студент, магистрант, докторант және ғалымдарға ауыл шаруашылығы саласының жағдайы туралы қажетті талдау материалдарын орналастыру, әлемдік деңгейдегі білікті мамандарды тартуға, идеялар мен жаңа технологияларды енгізуге, озық инновациялық тәжірибелермен алмасуға бағытталған көпфункциялы платформаға айналу.
2017 жылы Азия Даму банкінің, Мичиган штаты мен Нидерландтағы Дельф университеттерінің қолдауымен Су ресурстарын интеграциялық басқару орталығы (Су хабы) құрылды. Бұл үздік инновациялық технологияларды қолдану негізінде проблемаларды кешенді шешумен айналысады
Жер хабы АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, цифрлы алгоритмдік талдау жүйелерін қолдану арқылы жайылымдық жерлердің тозуын бағалау әдістемесін енгізу бойынша жобаны іске асыруда. Агрохаб мамандары АҚШ пен Италиядан келген сарапшылардың көмегімен 5 облыста жайылымдардың жай-күйін бағалаған қанатқақты жобаны орындады. Қазақстанның барлық жайылым жерлерін бағалау үшін бұл жүйені енгізіп, елдің жағдайына бейімдеу жоспарлануда. Бұл хабтың базасында 2017 жылдың желтоқсанында ауыл шаруашылығы министрлігінің 35 қызметкері бағалау әдісін практикалық жұмыста қолдану үшін америкалық ғалымдардың әдіснамасына сәйкес оқытылды.
Ең күрделі мәселелердің бірі – фитосанитариялық тәуекелдер. Мысалы, 2011 жылдан бастап бактериялық күйік – жеміс өсімдіктерінің қауіпті ауруы тез таралды. Ауру тіркелгеннен кейінгі таралу ауданы 40 есе өсті. Бұл мәселені шешу үшін Корнель университетінің мамандары жұмылдырылды, олардың
көмегімен бактериялық күйікке төзімді селекциялық материалды пайдалана отырып, «вируссыз тәлімбақ» жасау жоспарланған. Карантиндік нысандардың тізіміне «жатаған у кекіре» арамшөбі кіреді. Қауіпті арамшөптерді оқшаулау және жою үшін тек АҚШ пен Италияда пайдаланылатын жаңа технологиялар қолданылады [51].
2017 жылы италиялық жаңа технологиялар және тұрақты ресурстар жөніндегі агенттік пен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының қатысуымен жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, арамшөптермен күресудің биологиялық әдістері зерттелді. Дәнді дақылдардың жағдайы туралы ақпаратты уақтылы алу фермерге тиімді шешім қабылдауға көмектеседі. Мичиган штатының университетімен бірге өсімдіктердің, жануарлардың және қоршаған ортаның жай-күйін тез, нақты талдай алатын мобильді сенсорлық жүйелерді пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолмен алынған деректер осы университеттің ғалымдары әзірлеген алгоритмдерді пайдалана отырып,
«бұлтты серверде» өңделеді. Олардың негізінде фермерлер мобильді қосымшалар арқылы ұсыныстар қабылдайды. Бұл жүйені бейімдеу жобасы 2018-2019 жылдарға жоспарланған [52].
Қазақстанда құрғақ кезеңдердің қайталануының жиілігі жоғары, яғни 5 жыл ішінде орташа есеппен 2 жылда құрғақшылық орын алады. АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азия Даму банкі, Ислам банкі және ЮНЕСКО-ның қолдауымен құрылған Климаттық хаб GIS технологиялардың, Су және Жер хабтарымен бірлесе отырып, машиналық талдамаларды өңдеу үшін Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы туралы деректерді жинайды.
Колумбия университеті мен Годдард орталығының (NASA) осы хабтың жұмысына қатысуы туралы келіссөздер жүргізілуде. Еліміздің ауыл шаруашылығын цифрландыруға белсенді атсалысып, оң ықпал жасайтын
«Цифрлы агроөнеркәсіп кешені» қанатқақты жобасын жүзеге асырылуда. Қазір Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында Агротехнологиялық хаб өкілдігі құрылуда. Болашақта бұл өкілдіктерді барлық аймақтарда ашуды қолға алынуда. Бүгінде аталған университет еліміздегі аграрлық ғылым, білім және өндірісті шоғырландырған ірі орталыққа айналды.
Нақты әрі жүйелі іс-шаралар арқылы бұл университеттің жаңа білім, ғылым, идеяларды тарататын, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың басты алаңы болуға мүмкіндігі мол.
Ауыл шаруашылығын жаңғырту Қытай басшылығының экономикалық саясатының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. 70-жылдардың соңында басталған ҚХР экономикалық реформасының жалпы бағыты экономикалық қызметтің жандануы үшін тауарлық экономиканы құру болды. Ең алдымен, Қытайдың экономикалық дамуының жаңа үлгісіне сәйкес дәстүрлі (тұтынушылық) ауыл шаруашылығын нарыққа (тауарға) ауыстыру қажет болды.
Қытай әдебиетінде реформаның барлық кезеңі шартты түрде екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңнің негізгі мазмұны (1979-1984 жж.) Ұйымдық және
экономикалық қайта құрылымдауды қысқартты, өйткені ол ауыл шаруашылығының тұтас тізбегін тартып алуға болатын байланыс болатын. 1985 жылы басталған екінші кезеңнің негізгі міндеттері экономиканы барлық деңгейлерде басқарудың экономикалық әдістерінің рөлін арттыру, шаруалар рыногымен байланысын кеңейту және ауылдың өндірістік құрылымын оңтайландыру болды.
Ауыл шаруашылығын дамытуды жеделдетудің негізгі бағыты, үшінші пленум, ауыл шаруашылығында астық мономәдениетінен бас тартуды және ауылдық жерлерде әртараптандырылған ауыл шаруашылығын дамытуға көшуді білдіретін терең құрылымдық қайта құру туралы жариялады. Ең бастысы мыналар болды:

  1. халық коммунасының деңгейлерінің әрқайсысында ұжымдық меншік құқығын қорғау;

  2. жұмысқа сәйкес бөлу принципін жүзеге асыру, оның саны мен сапасы бойынша төлем жасау, теңестіруді жеңу;

  3. шаруалардың «үш шағын еркіндікті» қайтару, яғни, Комармдықтарды жеке пайдаланудағы жер учаскелері, үй шаруашылығында және нарықтық саудада жұмыс істеуге рұқсат. Бұл «кішігірім еркіндік» «социалистік экономикаға қажетті қосымша» деп аталды;

  4. астыққа және қосымша өнімге арналған бағаны сатып алу;

  5. жергілікті өзін-өзі басқару, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына бірыңғай мемлекеттік жоспарды сақтай отырып экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету құқығын беру;

  6. экономикалық заңдарға сәйкес қатаң әрекет ету талаптары, құндылық туралы заңның жұмысына тиісті көңіл бөлу.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет