Дипломдық жоба Маңғыстау облысындағы аргоөнеркәсіп саланың мәселелерін кешенді зерттеуге арналған


Аймақтың агроөнеркәсіптік саласындағы дамуын талдау



бет7/11
Дата21.11.2022
өлшемі419.97 Kb.
#465377
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
послед — копия

Аймақтың агроөнеркәсіптік саласындағы дамуын талдау

Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді болашағы зор салалардың бірі ретінде кезекті рет атап көрсетті. Министрліктің алдында АӨК-ті Қазақстан экономикасының жаңа драйверіне айналдыру жөнінде нақты міндеттер қойылып отыр.


Бүгінде, Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығында өз орнын алуы және ең алдымен, экологиялық таза тағам өнімі арқылы бірінші орынды иеленуі еліміздің басты мақсаты болып саналады. Алға қойған мақсаттарға толығымен қол жеткізу үшін Елбасымыз ағымдағы жылдың 14 ақпанында АӨК-ті дамытуда жаңа Мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Бағдарламаның басты артықшылықтары: ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту, ауыл шаруашылық кооперациясына шағын және орта шаруашылықтарды тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану және сауда- логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламаның тапсырмаларын орындау және жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында 28 ақпандағы Үкімет отырысында мақұлданған келесідей іс-шаралар жоспары жасалды.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі тәсілдің бірі – шағын және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылық кооперациясына тарту болып табылады.
Елбасының тапсырмасымен өткен жылдан бері аталған жоба іске асырыла бастаған болатын. 15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардың базасында жүзден аса сүт қабылдайтын пункт және 7 мың отбасылық мал жемдеу орындары ұйымдастырылды. 2017 жылы 410 кооператив құрылды.
Ішкі нарықты толтыру мен отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту және мемлекеттік көмектің қаржылық шараларын тиімді пайдалану үшін сезімтал тауарлар импортының орнын алмастыруда нақты индикаторлар белгіленді, экспортты ұлғайту және мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылды. Субсидияның 11 тиімсіз түрін қолданыстан алды, субсидияның
39 түрінің нормативіне өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, сол бюджет көлемінде мемлекеттік қолдау шараларының өндірушілерді қамтуы 7,5 есеге ұлғаяды (67-ден 500 мыңға дейін) және ең алдымен, шағын шаруашылықтар мен кооперативтер қамтылады.
Соған қоса, жаңа механизмдер соңғы нәтижеге бағытталған6 яғни, өнімділік, салмақ өсімі мен өндірушілік қуатын толықтай жұмыс істету.
Сонымен қатар, мемлекеттік реттеуді цифрлық технологияларға көшіру көзделуде. Нақты тоқталсақ, субсидияларды автоматтандыру процесі енгізіледі. Бүгінгі күні субсидиялардың 17 бағытының екеуі – асыл тұқымды мал шаруашылығы, тыңайтқыштар бойынша ғана өтінім Электрондық үкімет порталы арқылы беріледі [90].
Ағымдағы жылы үш бағыт – пайыздық мөлшерлеме, тыңайтқыштар, гербицидтер бойынша толық автоматтандыру іске асырылады. Келесі жылы барлық субсидияларды беру процесін автоматтандыруды жоспарланып отыр. Бұл өтінімдерді қарау мерзімін орташа есеппен 2,5 есеге – 18 күннен 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл шара субсидия беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.
2021 жылға дейін азық-түлік өнімдерін экспорттауды 40%-ға ұлғайтуды міндеттейтін нақты тапсырмалар бар. Осы тапсырмаларды орындау үшін әр жылға шағылған нақты индикаторлар белгіленген. Ағымдағы жылда экспортты 10% ұлғайту көзделіп отыр.
Су және жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмалар аясында: 41 апаттық жағдайдағы су шаруашылық жүйесін және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау, 22 жаңа су қоймасын салу, жер суару инфрақұрылымын және дренаждық жүйе құрылысын қалпына келтіру бойынша шаралар жүзеге асады.
Жоғарыда белгіленген шаралар Елбасының 600 мың гектардан аса жерді тұрақты суландыра отырып, 2021 жылы оның көлемін 2 млн. гектарға жеткізу туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарлама аясында, тыңайтқыштарды субсидиялау механизмін қарастыру тыңайту көлемін 376 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді [91].
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау- қадағалау функцияларын өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы бөлігінде жүзеге асыратын, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында стратегиялық функцияларды орындауда қатысатын ведомство болып табылады.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады [92].
Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік басқарумен айналысатын өкілетті органдардың соңғы жылдардағы қызметінің бірқатар нәтижелеріне тоқталып өтейік:
Агротехнология саласында дәнді, дәндібұршақты, мал жемі дақылдары, жарма, бақша көкөністерінің және картоптың, зәйтүн, қант қызылшасының, жеміс-жидек дақылдары және жүзімнің, жем-шөп дақылдарының 110 сұрыбы мен гибридтері жасалып, мемлекеттік сұрып сынағына жіберілді. 3 жылдық сынақтан өткізудің нәтижесінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа қазақстандық 50 сұрыбы енгізілді. Жаздық бидайдың 10 сұрыбына 8000 зерттелген маркерлерді геномдық тарату жұмыстары жүргізілді. Шаруашылық-құндылықты белгілерімен (құрғақшылыққа, тұзға төзімді, өнімділігі, сапасы) байланыстырылған 200 SNP маркері бойынша ДНҚ ақпараты алынды. Дәнінің фенологиялық көрсеткіштері және сапасы бойынша бидайдың 21 дигаплоидті линиясы өсірілді және талдауға алынды.
Дауылға және сабағының тотықтануына қарсы тұра алатын 8 гені бойынша бидайдың 157 түріне гендік жинақтау жұмыстары жүргізілді. Картоптың түйнектеріне термотерапия және 18 сұрыбы бойынша 180 түйнектің апикальды меристемасын өсіру жұмыстары жүргізілді.
Арпа тұқымының 7 хромосомасында ғана шектелген қосымша 14 полиморфты микросателлитті ДНҚ-маркерлерін қолдану арқылы 96 сұрыбынан арпаның топтамасы зерттелді.
Өсімдікті қорғау және карантині саласында жергілікті саңырауқұлақтар штаммасы және бактерия штаммасы негізінде
биопрепараттардың 2 препаративтік түрі жасалынды. Таралуы мен көбеюіне мониторинг жүргізу үшін ГАЖ-де марокколық шегірткенің құрамы, құрылымы жасалынды және деректер қоры құрылды.
Жылыжайдың негізгі зиянкестеріне (аққанат, өсімдік биті және өрмекші кене) қарсы биоагенттер әдістемелік тұрғыда негізделіп, енгізілді. Биоагенттердің (алтынкөз, трихограмма, бракон) өндірістік тиімділіктері көрсетілді. Кедендік одақ елдерінің аймақтарында кездеспейтін және өте аз таралған, ауышаруашылығы және орман дақылдарына зиянын тигізетін карантиндік зиянды ағзалардың пайда болуының және таралуының алдын алу үшін, Қазақстан Республикасының аймағы үшін карантиндік статустағы зиянкестердің 28 түріне, нематодтың 4 түріне, аурудың 22 түріне және арамшөптің 10 түріне ғылыми негіздеме берілді.
Егін шаруашылығында ГАЖ-технологияларын, егін шаруашылығының қор үнемдейтін технологиясын (топырақты өңдеудің минималды және нөлдік технологиялары бойынша тұқымы ауыспалы егіс айналымы, бірқатар дақылдарды жоталы-бораздалап себу, соя мен жүгеріге арналған жабынды пленканы қолдану арқылы себелеп суару, картоп және көкөніс дақылдарын және т.б. себелеп және спринклерлік суару жүйесі); топырақ құнарлығын арттырудың және эрозиядан қорғау, оның ішінде ауыспалы егіс және т.с.с. топырақ диагностикасы негізінде минералды және органикалық тыңайтқыштарды дифференциалды енгізу әдістері мен амалдарын қолданудың негізінде нақты және органикалық егін шаруашылығы элементтерінің әдістемелік негіздерін анықтау бойынша жүргізілген зерттеулер аяқталды.
Суарудың 3 түрі (себелеп суару, спринклерлік және топырақ астынан жіберу), көкөніс дақылдарының 8 түрін суғаруда суды, электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз ететіндігі айқындалды, тау етегіндегі қоңырқызғылт топырақтың сулы-физикалық қасиетін жақсартатыны байқалды. Жеміс шаруашылығында көшеттерді органоминералды тыңайтқыштарды, өсіру регуляторларын қолдану және топырақ құнарлылығын сақтау арқылы аналықта ағаш бұтақтары мен саптарында өсіру технологиясы әзірленді. Қарқынды шикізат және органикалық бау-бақшаға арналған жинақы крондарымен және жоғары өнімділігімен ерекшеленетін сүйекті дақылдардың сұрыбы іріктелді. Қазақстанның Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс арнайы мамандандырылған 748 бау- бақша шаруашылығы бойынша деректер қоры құрылды. Апорт алма сұрыбын заманауи техникалық және биологиялық инновация бойынша өсіру технологиясы әзірленген.
«Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарында Ауыл шаруашылық жануарларын, құстарды, балықтарды және араларды өсіру, азықтандыру және шаруашылықта ұстау технологиясын жетілдіру, өнімділігінің генетикалық әлеуетін арттыру» бағыты бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетінің айтарлықтай өсуі жаңа селекциялық жетістіктердің туындауымен расталады.
2019 жылы ұзақ жүргізілген селекциялық-тұқымды жұмыстың нәтижесінде 5 селекциялық жетістіктерді әзірлеу жұмыстары аяқталды, селекциялық жетістіктерге 31 өтінім берілді, 53 инновациялық патенттер және 5 ұлттық патенттер алынды [93].
Жалпы мал шаруашылығы саласын ғылыми қамсыздандыру өнімнің саны мен өндірісі бойынша мал мен құстың барлық түрлері бойынша мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштеріне, сонымен қатар, 2016 ж. тұқымды мал басының өсіміне оң әсерін тигізді: мүйізді ірі қара мал 9% (510,6 мың бас), қой 2,1 млн. бас (2013 ж. деңгейінде), жылқы 8,6% (115 мың. бастан 125,8 мың басқа дейін), түйелер 17,6% (17 мыңнан 20 мың басқа дейін). Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өнімді көрсеткіштер бойынша да оң өзгерістер айқындалды.
Қазақстан Республикасының Статистика Комитетінің болжамды мәліметтері бойынша сүт сауу 2016 жылы 1 сиырға ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 4,3 мың. кг (2013 ж. 3,9 мың. кг) құрады. Құйрықты қой шаруашылығында: қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымдарының ақбастау зауыттық түрі (1756 қой басы) және қарқынды тез өсуімен ерекшеленетін ордабасы қой тұқымының бадамдық ішкі табиғи зауыттық түрі (3210 қой басы) құрылды. Көрсетілген селекциялық жетістіктер шаруашылыққа енгізілді (Қазығұрт ауданы, «Ақбастау» ШҚ – 5826 қой басы, Ордабасы ауданы, «Сералы» ШҚ – 5258 қой басы). Сүт шаруашылығы саласында сүт бағытындағы мал табындарының селекциялық жетістіктерін пайдаланумен республиканың түрлі аймақтарында: қоңыр типі бойынша 25 мыңнан астам мал басы; қызғылт-тарғыл – 12 мың және қара-шұбар мал басы бойынша 8 мыңнан астам мал басы қамтылған. ҒЗЖ зерттеулерінің нәтижелері Республиканың 9 облысының 106 шаруашылығына жалпы санмен алғанда ет бағытындағы ірі қара малдың өнімділігі 100, қой - 500,0, астам, ешкінің 4,62 мыңнан астам басы енгізілді.
Ет бағытындағы мал шаруашылығы саласында Қазақстанның 5 облысында арнайы ет бағытындағы мал өсіретін 52 шаруашылық ғылыми қамсыздандырумен қамтылды. 26 мыңнан астам ет бағытындағы мал басы сұрыпталды, оның ішінде отандық 22,4 мың, импортталған 3,6 мың мал басы. Зерттеулерде саны 20 мыңнан асатын 4 тұқымды мал зауытында және 14 тұқымды мал шаруашылығында отандық ет бағытындағы мал тұқымы табындары қамтылды, 12 мың мал басы сұрыпталды, оның ішінде 7,8 мың сиыр, 2,2 мың аналық мал басының санымен герефорд, абердин-ангустық, шаролез, обрак және симментальдік импорттық сиыр малы тұқымдарының 8 тұқымдық табындарына баға берілді. Импорттық тұқымды шетелден алып келінген малдардың өнімділігі және бейімделу қасиеттері зерттелінді [94].
Жануарларға арналған азықтар мен жем-шөптерде генетикалық модифицияланған идентификациясы әдісі; ет өнімдерінің шикізаттық құрамының түрлік идентификациясының әдісі әзірленді.
«Ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы және тереңінен қайта өңдеу және оны сақтау техникасын және технологиясын жетілдіру» бағыты бойынша ұйыған сүттегі бактериялардың 20 өнеркәсіптік дақылдарынан алынған, нан пісіру және құрама жемдерге қосылатын азықтық қоспаларға арналған пробиотикалық әсеріне қарсы биопрепараттар және қара бидай ашытқысын жасау үшін микроағзалардың егжей-тегжейлі молекулярлы-генетикалық және биохимиялық сипаттамалары берілген, сөрелік дақылдардың арнайы мамандандырылған топтамасы жасалынды.
17 технология әзірленді, оның ішінде: дәнді қайта өңдейтін өндірістердің құрамында пентосы бар қалдықтарынан ксилоза алу бойынша, резистентті крахмал алумен нативті дәнді крахмалды модифициялау бойынша, майсыз фосфатидтерден тағамдық лецитин алу, майлы өнімдерді пайдалана отырып, нан пісіру және кондитерлік өнімдер өндірісінің 2 технологиясы, қант алмастырғыш, дәрумендіминералды кешендер, ет өнімдерін өндіруге арналған тағамдық ингредиенттерді қолданудың 4 технологиясы, полифенол концентратын алу мақсатында жүзімді тереңінен қайта өңдеу технологиясы,
фосфатидтерді максималды түрде бөліп шығару арқылы соя және күнбағыс майының ферментті гидратациясының технологиясы, өнеркәсіп жағдайларында жартылай қатты шикізатты өндірудің 2 технологиясы, көкөніс (ас қызылшасы және сәбіз) сығындысынан құрамында пектин бар экстракт алу, араласқан өсімдік дақылдарын сүрлеуге арналған ашытқы технологиясы, ет өңдейтін қуаттылығы аз кәсіпорындардың ағынды суларды тазалау технологиясы.
Жылқы етінен алынған ет өнімдерін, жемшөптік қоспалар, бидай ұрығынан алынатын майлар, дәнді кептіруді автоматтандыру бойынша, жартылай қатты шикізаттар, екінші ет қалдықтарынан құрамында метионині бар концентрат, полифенол концентраттарын, көкөніс сығындыларынан пектинді экстракт өндіру бойынша 12 стандартты ұйымдар құрылды.
Дәнді бастапқы өңдеу және сақтау бойынша технологиялық үдерістер мен жабдықтарды автоматтандырудың заманауи құралдарының каталогы әзірленді. Май, ет, жеміс-көкөніс өнімдерінің дұрыстығын бағалау және жасандылығын айқындау бойынша 3 әдістемелік көрсеткіштер; жоғары сапалы бал жүгеріден жасалған шәрбатын алу үдерісін оңтайландыру бойынша ұсынымдар; нан- тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерін дайындаудың 4 нұсқаулығы; ксилозадан ксилита алу тәсілі; климат камерасының экспериментальді үлгісіне конструкторлық құжат; өнеркәсіп жағдайларында жартылай қатты шикізатты өндірудің 2 рецепті; нан-тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерін дайындаудың 4 рецептурасы әзірленді.
Микробиологиялық мониторинг негізінде қайта бөлінген 15 штамм арқылы қолдағы бар топтаманы толықтыру жұмыстары жүргізілді. Түгендеу жүргізілді және топтамалардың электронды тізімі ресімделді және 15 штамм сақтауға берілді, 15 штамм генотиптендірілді. «Ауыл шаруашылығы қызметі үдерісіндегі табиғи ресурстарды өндіру және сақтауды қамтамасыз ету» бағыты бойынша 2016 ж.: 15 технология, 24 ұсыным, 5 нұсқаулық, 2 басшылық, 3
экспериментальді үлгі, 1 технологиялық регламент, 1 әдістеме, 1 болжам, 1 АТУ кешені, 4 электронды карта әзірленді, инновациялық патентке 10 өтінім берілді.
Өнертабысқа 1 патент және ҚР 4 инновациялық патент алынды. Мелиорация бойынша ирригационды жүйелерді модернизациялау кезінде су ресурстарын ұтымды басқару және пайдалану, Қазақстанның негізгі орманды алқаптарында ормандылықты және орманның тұрақтылығын арттыру үшін технологияларды жетілдіру мәселелері, топырақ құнарлығын сақтау және тиімді жетілдіру технологиялары және оның параметрлерінің бағалау критерийлері бойынша 7 ұсыным (технология) әзірленді. 5 облыс бойынша су құрылымдарының (1707 дана) техникалық жағдайлары бойынша тексерулер жүргізілді. Тексерудің нәтижесі облыстық сандық картасына және жер асты сулары мен т.б. су бөгеттерін қайта орнына келтіру және пайдалануға беру бойынша ұсынымдар және тұтынушының нұсқаулығы жасалған ақпараттық- кеңестік жүйесінің деректер қорына енгізілді.
Орман шаруашылығы саласында елді мекендерді орман өртінен қорғау бойынша шаралар, орман алқаптарын өрт шалуына қарсы құрылғының сұлбасы
әзірленіп, ұсынылды. Арал теңізінің кепкен түбінің топырақ картасының заманауи электрондық нұсқасы және оны 150 мың га. аумақты қолдануға (сексеуіл және жайылымдар ұйымдастыру) мүмкін болатын картаның нұсқасы жасалынды.
Органикалық көміртекті тарату бойынша ақпараттық деректер қоры және оның ормандарда жылдық сақталуы құрылды (мысалы, Қарағанды, Шығыс- Қазақстан және Алматы облыстарында). Кенді Алтайдың қоңыр-қарағайлы ормандарында болатын шабудың негізгі пайдалану жүйесін бағалау бойынша тұжырымдама берілді. Қарағай көшеттеріне селекциялық және генетикалық тұрғысынан баға беру бойынша ұсынымдар әзірленді.
Солтүстік Қазақстанда интродуценттер топтамасын қайта қалпына келтіру, сақтау және ұлғайту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленді. Агрохимия және топырақ зерттеу саласында Арал маңындағы трансформацияланған топырақты қалпына келтіру және Павлодар облысы және өзгелері жағдайларында жер шаруашылығын биологизациялау негізі бойынша, дала дақылдарының өнімділігін арттыру және топырақты құнарландыру үшін тыңайтқыштар, мелиоранттар және биогумусты қолдану бойынша, олардың биоөнімділігін арттыру бойынша 13 ұсынымдар даярланды. Сынамалы жер телімдерін суландыру және геоботаникалық мелиоративті гидрологиялық сипаттамасын беретін жайылымдардың экологиялық-мелиоративті жағдайының картографиялық материалы әзірленді. ПА-2-1, С-1-1 кіші көлемді препараттарадаптогендерді қолдануға бағытталған жолмен құнарсыз жерге егілген дақылдардың өнімділігін арттырудың ұтымды аграрлық амал-тәсілдері белгіленді.
«Топырақты нөлдік өңдеу тәсілі» инновациялық патентіне оң шешімдер қабылданды. «Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімді факторларын және ауылдық аймақтарды дамытуға зерттеу жүргізу» бағыты бойынша: келесі негізгі амалдарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін 14 ұсыныс пен ұсынымдар әзірленді: Экспорттық әлеуеттің жай-күйіне баға беру кезінде, ішкі нарықта республикада өндірілетін көптеген өнімдерге әлеуетті сұраныстың жеткізіліксіз (бидай, күріш, ұн, көкөністен басқа) екендігі байқалды. Экспортқа шығару үшін түрлі өнімдерді өсіріп, өндіру шаралары қарастырылды, олардың БЭК елдерінің нарығына енуін дамыту мүмкіндіктері есептелінді. Күріш- жармаларды жеткізу 2 есеге, сиыр етін жеткізу - 0,3-тен 100 мың. т. дейін, көкөністер - 9,3-тен 250 мың. т. дейін және жеміс-жидектер - 70 тоннадан 20 мың т. дейін өсетін болады. Әр азық-түлік нарығы үшін оның экспорттық әлеуетін алға ілгерілету және дамыту амал-тәсілдері анықталып карастырылған. Интеграцияланған және интеграцияланбаған құрылымдар қызметінде жер телімі-мүліктік қатынастардың жетілдірілмеген механизмдеріне баға берілді: қаржылық және материалдықтехникалық ресурстарды, несиелеу, лизингтік қызметтерді пайдалануда жеке дербестіктің болмауы, интеграцияланған құрылымдардың негізгі ұйымдарына толықтай тәуелді болу; ішкі шаруашылық құрылымдарында қатал түрде басқару қызметтерін орталықтандыру, жер
үлестерінің және мүліктік пай иегерлерінің құқығына шек қою, жер телімі үлесінің айналымын ішкі шаруашылық есепке алмау [95].
Ет және сүт өнімдерінің нарығын дамыту үшін, келешекте сүттің жалпы өнімін 87% дейін жеткізетін отбасылық фермаларды дамытудың қажет екендігі экономикалық тұрғыдан негізделген.
Өндіріс инфрақұрылымын және оны іске асыру механизмдерін дамытуға мүмкіндік жасайтын, сиыр малының 24, 50, 100 және 200 басына минисүт- тауарлық ферманың үлгісі әзірленді.
Ауылдық аймақтарды бұдан әрі де дамыту және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу бойынша орта және ірі кәсіпорындары дамуы қажет болып табылатын, ауылдық елді мекенді пункттері негізінде агроқалашықтарды құру бойынша ұсынымдар әзірленді. Келешектегі агроқалашықтың әлеуметтік-экономикалық мәртебесін трансформациялау бағыттары анықталды.
Аграрлық ғылымның ғылыми нәтижелерін енгізу Ауыл шаруашылығында ғылыми жетістіктерді ендіріп отыру өндірістің тиімділігін, аграрлық нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Өндіріске енгізілген озық технологиялардың нәтижелілігінің нақты мысалы болып озық тәжірибені зерттеуде де таратуда да бірдей жүргізіп келе жатқан егін шаруашылығында ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу болып табылады. 2016 жылы АӨК-те ресурс үнемдейтін технологиялардың аумағы 12,9 млн. га. ұлғайды. Мысалға, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (А.И.Бараев атындағы АШҒЗИ) селекциясы «Ақмола 2» бидайының сұрыбын ендіру аумағы 1 664 мың.га. дейін жеткізілді. Бұдан экономикалық тиімділік 1 га 3 000 теңгені немесе 5 млрд.теңгені құрайды. Нәтижесінде Ақмола облысы бойынша отандық ғалымдардың бидай селекциясының сұрыптарының үлесі 74%, ал А.И.Бараев атындағы АШҒЗИ селекциясының «Ақмола 2» және «Астана» жаздық бидай сұрыптарын ендіру аумағы 2,1 млн.га дейін жетті.
Зияткерлік меншік институтында тіркелген ауыл шаруашылық дақылдарының (астық, жемшөптік, майлы) отандық сұрыптарын тарату бойынша фермерлермен 20 астам лицензиялық келісімдер жасалынды. Алматы облысындағы «Байсерке-Агро» ЖШС 3000 га астам аумақта «Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында жем-шөптік дақылдарды егудің инновациялық энергия-ылғал үнемдейтін агротехнологиялар мен қорғаудың интеграцияланған жүйелері» жобасы бойынша шаралар қарастырылды.
Шаруашылықта өте жоғары, болмаса әлемдік жетістік деңгейіндегі егін өнімі алынды. Сонымен, соя 52 ц/га астам өнімді құрады, салыстыру үшін Қазақстан Республикасы бойынша - 19,7 ц/га; сүрлеуде жүгері өнімі 1200 ц/ га, (576 ц/га); суармалы күздік бидай өнімі – 84,56 ц/га; суармалы күздік тритикал өнімі – 116 ц/г құрады, бұл Қазақстан Республикасы бойынша егін өнімімен салыстырғанда 1,56 - 3,08 есе көп. Туберкулинге тез берілетін ірі қара мал және түйе туберкулезінің дифференциальды диагностикасына арналған иммунохромотографиялық әдісі енгізілді. БатысҚазақстан, Қостанай,
Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарындағы шаруашылықтағы малға бруцеллез диагностикасы және профилактикасы бойынша эпизоотикаға қарсы шаралардың ғылыми негізделген бағдарламалары әзірленіп, енгізілді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында Шығыс Қазақстан облысындағы «ШҚ Зайтенов Е.» ЖШС жартылай қатты шикізаттарды өндіру технологиясы енгізілген; Шығыс Қазақстан облысындағы «Сагинкумаров М.» ЖК етті қайта өңдеу кәсіпорнында – ұлттық ет өнімдерін өндіру арналған технологиясы және жабдықтар, Ақмола облысындағы «КазГер» ЖШС – астықты полиэтиленді сақтау орындарында сақтау технологиясы; Шығыс- Қазақстан облысындағы «МПК-Технология» ЖШС – етті қайта өңдейтін кәсіпорындарында ағын суларды тазалау технологиясы. Мелиорация саласында Қызылордалық су торабында судың ағуын басқару, бақылау және есепке алу бойынша автомандантырудың техникалық құрамы және жүйесінің кестесі; минералды су асты суларын ұңғыманың колоннасына кері осматикалық әдісімен тұщыту бойынша технологиялық жабдықтар – Жамбыл облысындағы
«А. Сағынтаев атындағы» ЖШС (енгізу тиімділігі: 80 мм диаметрлі металлді құбырын 50 м үнемдеу) су бөгетінде; төмен қысымды себелеп суару технологиясы – Жамбыл облысында (ШҚ «Нөсер», ШҚ «Самғау» жалпы аумағы 80 га); мақта және күріш егіс айналымындағы суармалы жерді мелиоративті режіммен басқару технологиясы – Сырдария су қойнауында енгізілген, оның ішінде: Оңтүстік Қазақстан облысында аумағы 2,5 мың га тұзды топырақты тұщыту технологиясы (ПК «Кетебай» -1083 га, ПК «Али» - 300 га, ШҚ «Нұралы-Жол» - 537 га, ШҚ «Бағдат» - 500 га, ШҚ «Валишев» - 80 га) енгізілген – бұл бірлігіне тұздың массасын 15-25% дейін су шығынын төмендетуге ықпал етті, алғашқы суғаруға дейін тамыр жататын қабаттың жоғары ылғалдылығын (73-82% НВ-тен) қамтамасыз етті; Старый Икан а. 150 га аумағында сортаң жерлерді құнарлануын арттыру технологиясы; Қызылорда күріш жүйесінің 2,5 мың га аумағына субирригациясына жер асты суы (Шиелі ауданы -1600 га, Жаңақорған ауданы -900 га); Оңтүстік Қазақстан облысында (ШҚ «Қанат»-50 га, «Кетебай» ЖШС -150га) 200 га аумағын суаруға коллекторлы-дренажды суды қолдану технологиясы, бұл суармалы судың шығынын 30-35% дейін төмендетті; Қызылорда массивінің 400 га аумағында аз минералды жер асты суларын қолданумен күріш егіс айналымындағы дақылдарды суару технологиясы (Шиелі ауданы– 250 га, Жаңақорған ауданы –
150 га). «Ақылбай» ЖШС-неалқаптың 75 га аумағына аролесомелиоративті қорғау құрылғысына байланысты топырақтың қалыңдығына ылғалды толтыру бойынша ұсынымдар әзірленіп, тапсырылды; органикалық егін шаруашылығының элементтері Павлодар облысының 300 мың га аумағына енгізілді; күздік бидайды айдауда ресурс үнемдейтін тарақты технологиясы – Жамбыл облысының шаруашылығында (43,8 ц/га егін өнімі алынды).
Бүгінгі күні тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар шешілмеген мәселелер бар [97].
Тәуекелдерді тиімді басқару үшін қажетті тамақ өнімдерін өндіруден бастап тұтынуға дейінгі тізбектің тәуекелдерін талдау мен сыни бақылау нүктелерінің жүйесі барлық деңгейлерде (макро және микро деңгейде) жеткілікті түрде дамымаған.
Тамақ өнімдерінің сәйкестікті декларациялау түрінде ЕАЭО талаптарына сәйкестігін растау, яғни өндірушінің өз дәлелдері негізінде талаптарға сәйкестікті растау, сондай-ақ осы талаптарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің деңгейінің төмендігі өндірушілерге техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер өндіруге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, халықаралық тұрғыдан танылған ХАССП жүйесін енгізген тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары пайызының төмен екендігі байқалады. Қолданыстағы жүйе сәйкестікті растау (бағалау) жөніндегі рәсімдердің дұрыс жүргізілуіне тиісті дәрежеде бақылау жүргізуге мүмкіндік бермейді, сондай-ақ аталған талаптарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің деңгейінің төмен болуы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін, оның ішінде бұрмаланған өнімдер өндіруге мүмкіндік береді.
Тамақ өнімдерінің қадағалануы толық көлемде жүзеге асырылмайды (өнімнің өндірілгеннен бастап өткізілгенге дейінгі қозғалысын қадағалайтын бірыңғай ақпараттық база жоқ).
Жедел ден қою шараларын қабылдау үшін сәйкес емес өнімдерді айқындау туралы ақпаратпен алмасу бойынша ветеринария, фитосанитария, техникалық реттеу және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкілетті органдардың, кеден органдарының сектораралық өзара іс-қимылдары тиісті деңгейде қамтамасыз етілмейді.
Айқындалған сәйкес емес өнімдерді сауда желілерінен алып тастау және кәдеге жарату тетігі жоқ.
Зертханалық желіні жаңғырту және тиісті мамандардың біліктілігін арттыра отырып, тамақ өнімдерін зерттеу әдістемелерімен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс жүргізу қажет етіледі.
Кеден бекеттеріндегі өткізу пункттерінің жеткіліксіз техникалық жарақталуы ауыл шаруашылығы өнімдерінің әкелінуін бақылаудың тиімділігін төмендетеді. Республиканың бүкіл Мемлекеттік шекарасы бойынша, әсіресе, Орталық Азия елдерімен шекаралас жерлерде демаркацияның жоқтығы, сондай-ақ адами фактордың араласуы контрабандалық жүк әкелінуі себептерінің бірі болып табылады.
Сондай-ақ ЕАЭО-ны құру шеңберіндегі барынша тығыз интеграцияға байланысты ұлттық тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту қажет.
Жалпы, ҚР-да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық пайымы – бұл 2030 жылға дейін Қазақстан экономикасының, оның ішінде АӨК-нің қорғалуын қамтамасыз ету, бұл жағдайда мемлекет тұтынудың физиологиялық нормалары мен демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерінің бүкіл халыққа физикалық және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет