Дипломдық жоба мамандыгы 5В072900 Құрылыс Қарағанды 2019



бет21/34
Дата03.01.2022
өлшемі0.89 Mb.
#450964
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
туржан пояснилка

5.1 Жылу беру

«Жылу беру» бөлімі Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы климаттық жағдайлары үшін әзірленген және «Жылыту, желдету және конденсациялау» СНиП РК 4.02-05-2001, «Қоғамдық ғимараттар мен үймереттер» СНиП РК 3.02-02-2001талаптарына сәйкес келеді.

Мектеп ғимаратын жылумен қамту жылу тасымалдағыш параметрлері - 75°С жобаланатын жеке тұрған қазандықтан қарастырылады.

Ғимаратты жылыту жүйелерінің сұлбасында құбырларының төменгі таратқышы бар екі құбырлы 3 жүйе қарастырылған (блок сайын), оларды қосу адыр арқылы техникалық еден астына жүреді, онда жүйелердің магистральдық құбырлары салынған. Жылыту жүйесінің құбырлары ГОСТ 3262-75* бойынша болат су-газ өткізгіш құбырлардан және ГОСТ 10704-91 бойынша электр дәнекерлеу құбырларынан құрастырылады. Қыздырғыш аспаптар ретінде «МС-90» шойын секциялық радиаторлар қабылданған. Барлық құбырларда - коррозияға қарсы жабын, ал техникалық еден астына және еден асты арналарына салынатындар қосымша жылу оқшаулағыш қарастырылған.


5.2 Сумен қамтамасыз ету
Жобаның берілген бөлімі «Ғимараттың ішкі су құбыры және канализация» СНиП РК 2.04.01-85* және «Жалпы білім беру мекемелері». СНиП РК 3.02-25-2004 сәйкес әзірленді.

Суық су құбыры – сыртқы кент желілерінен шаруашылық-ауызсумен біріккен. Су санитарлық тораптарға, душ орындарына, жеке гигиена бөлмелеріне, жинастыру мүліктерін сақтау және өңдеуге арналған бөлмелерге, бастауыш сыныптарға, зертханаларға, оқу кабинеттеріне, шеберханаларға, медпунктке, мұғалімдер бөлмесіне, асхананың технологиялық жабдығына және жуынғыштар шаруашылық-ауызсу қажеттіліктеріне беріледі.

Ішкі су құбыры жүйелері тұйықталған болып қабылданады. Мектеп ғимаратына диаметрі 76*3,5 мм болат электр дәнекерлеу құбырларынан ГОСТ 10704-91 су құбырын бір енгізу қарастырылған.

Су шығынын есептеу үшін диаметрі 40 мм «Actaris» суық су есептеуішімен жабдықталған су өлшегіш торап орнатылады.

В1 жүйесінің құбырлары жертөледе ГОСТ 3262-75* бойынша болат су-газ өткізгіш мырышталған құбырлардан жобаланған және «K-Flex» түтікті ошқаулаумен оқшауланады.

Суық судың тік құбыры мен ішкі су құбырын келтіргіштер ГОСТ 18599-2001 бойынша полиэтилен құбырлардан ашық құрастырылады.

Ішкі өрт сөндіру СНиП РК 4.01-41-2006 4.3.7-т сәйкес қарастырылмайды.

Суық су құбырының ішкі жүйелерін құрастыруды «Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер» СНиП РК 3.05.01-85 талаптарына сәйкес орындайды.

Ыстық сумен қамту

Ыстық сумен қамту қазандықтан жүзеге асырылады. Жазғы мезгілде жинақтаушы электрмен су қыздырғыш орнатылады. Магистраль құбырлар жертөледе болат су-газ өткізгіш мырышталған құбырлардан ГОСТ 3262-75* бойынша құрастырылады. Тік құбырлар мен келтіргіштер «Ул-Ай Теплосервис» ЖШС «Valtec» металл пластик құбырлардан құрастырылады. Т3, Т4 (аспаптарға келтіргіштерден басқа) құбырлары түтікті оқшаулаумен оқшауланады. Жүйе циркуляциясы тік құбырлар мен магистральдар бойынша жүзеге асырылады.

Коррозиядан қорғау үшін ыстық су қамтитын құбырларды ГФ 021 бітемемен бір қабат және эмальмен екі рет бітеме бойынша жабу қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет