Дипломдық жоба тақырыбы: «Петропавл қаласындағы


Өрт сөндіруге шешім қабылдау



бет4/6
Дата01.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
#171063
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

5. Өрт сөндіруге шешім қабылдау
5.1. Шешімнің мазмұны
Өрт сөндіру тәжірибесі және тактикалық және өрт оқуларының практикасы өрт сөндіру шешіміне қойылатын талаптардың жемісті орындалуы, әсіресе оның негіздемелігі және уақытлы орындалуы, біріншіден, өрт сөндіру туралы шешімге (ӨСШ) білімі және кәсіби тәжірибесі мен жігерінің тереңдігіне байланысты болатыны туралы куәландырады. Сонымен қатар, ӨСШ мазмұны туралы нақты түсінік, яғни, ӨСШ толық, анық жауап бере алатын сұрақтар аясы болу тиіс. Соңғысы психология сияқты ғылыммен расталады. Психология адам қандай да болсын нысанның үлгісін оның құрылымын, шеқараларын және әрекет ету принциптерін ойша жасап, содан кейін оны сөзбен, жазбаша немесе графикалық түрде сипаттай алалмайтынды айқындайды.

Бірақ, қажеттілік жағынан алғанда, өрт сөндіру шешімінің мазмұны мәселесі туралы шын мәнінде әртүрлі көзқарастар болу мүмкін. Егерде бұл мәселені басқарудың біртұтастығы мен орталықтандыру қағидаларын сақтау қажеті жағынан қарастырса, бұл шешім өрт сөндірудің кез келген жағдайын және жақтарын көрсету тиіс. Ол үшін ӨСЖ-ге өзінің мазмұны бойынша әскери әрекеттер мәні, бағыныстағы бөлімшелердің міндеттері, олардың өзара әрекеттесу тәртібі сияқты элементтер, сондай-ақ басқаруды ұйымдастыру мен әскери әрекеттердің барлық түрлері бойынша іс-шаралар кіру тиіс. Бірақ, шешімнің мазмұнына деген тек осындай жағынан қарастырған жеткіліксіз. Біртұтастық және орталықтандыру қағидаларын бұзбай, көрсетілген қажеттіліктен басқа, ӨСЖ-нің психологиялық пен физиологиялық мүмкіндіктерін, оның білімі мен тәжірибесін, нақты қалыптасқан жағдайдағы таныстық деңгейін, әскери әрекеттерге дайындалу уақытының барын, оның ішінде шешім қабылдауға арналған уақытты, өрт сөндіруге келген бөлімшелердің құрамы мен санын ескеру қажет. Басқару органдары лауазымды тұлғалардың және өрт сөндіру бөлімшелері командирлерінің дайындық деңгейін және тәжірибесін ескерген маңызды деп есептеледі.

Жоғарыда аталған факторлар ішінде шешімнің мазмұнына ӨСШ қабылдауға арналған уақыт ең үлкен әсер етеді. Сондықтан оған ерекше тоқталу қажет. ӨСШ-нің шешім қабылдауға арналған уақыт жағдайы – ол бос уақыттың бары. Бұл жағдайда ол нысан мен оның маңындағы аймақты зерделейді, алда тұрған әскери іс-әрекеттердің мүмкін нұсқаларын ойланады, өзінің көмекшілерімен ақылдасады, жағдайдың әр элементін бағалайды, барлық бөлімшелердің тактикалық мәнін және міндеттерін, олардың өзара әрекеттесу тәртібін, сондай-ақ әскери іс-әрекеттердің басқару, байланысы және қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды айқындап, бәрін таразылап және есептеп, алғашқы шешім қабылдайды. Бір сөзбен айтқанда, шешімнің мазмұнына қандай да шектеулер енгізу қажеті жоқ.

Бірақ бұл тәжірибені қазіргі уақытта зерттеу кезінде мынау сұрақ пайда болады: ӨСЖ (өрт сөндіру жетекшісі) өрт сөндіру шешімін қабылдау үшін сондай шарттар бола ма? Соңғы жылдардағы зерттеулер бұл сұраққа теріс жауап береді.

Өрт кезіндегі әскери іс-әрекеттер жүргізу барысында ӨСЖ шешім қабылдау кезінде орындауды қажет ететін жұмыс көлемі және осыған дейін ол қолдана алатын уақыт арасындағы қайшылықпен міндетті түрде кездеседі. Ондай қайшылық келесі негізгі себептер бойынша пайда болады. Жоғарыда айтылғандай, әскери іс-әрекеттерге дайындалуға уақыт өте аз болады. Өрттер статистикасы бойынша өрт сөндіру кезінде кідіріс болмайды. Іс-әрекеттер қарқыны артады, ал қойылған міндеттерді орындау уақыты қысқарады. Шешім қабылдауды қолдануға болатын уақыт өрт даму сипатына байланысты болады. Аз уақыт ішінде ӨСЖ қандай да тәжірибелі болса да, өрт сөндіруді ұйымдастырудың барлық сұрақтарын көрсетіп және жан-жақты қамтамасыз етіп, барлық қажетті ұйымдастыру шараларын орындай аламайтынды өрт сөндіру тәжірибесі көрсетті.

Өрт сөндіру кезіндегі ӨСЖ шешімдерінің элементтері 6.1 суретте көрсетілген.

Егерде бағынысты командирлерге, оның ішінде бөлімшелер командирлеріне шешім қабылдап, өртті өз бөлімшелерімен сөндіруді ұйымдастыруға да уақыт керек екенін ескерсе, бұл қорытынды бұдан анық болып көрінеді.

Сонымен, уақыт шектеулі жағдайда ӨСЖ өрт сөндіруді ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды егжей-тегжейлі анықтап, шешімді жеке өзі қабылдау міндетін жүктеу – оның алдында іске аспайтын міндеттер қою, күні бұрын үстірт (негізсіз) шешім қабылдауға мәжбүрлеу немесе бағынышты тұлғаларға өз міндеттерін орындауға қажетті уақытты пайдалану, немесе бөлімшелерді тоқтатып, ол шешім қабылдағанын күткізуге мәжбүрлеу. ӨСЖ-нің ондай іс-әрекеттері өрт сөндіруші бөлімшелерді енжарлылыққа және жеміссіз іс-әрекеттерге, бағынышты тұлғалар арасында өз беделін, біртұтас және орталықтандырылған басқару қағидалар беделін түсіруге апарады. Сонымен қатар, ондай жағдайда аса ауыр зардаптарға апаратын субъективизм гүлденуіне негіз пайда болады.



6.1 сурет. Өрт сөндіруге ӨСЖ шешімдерінің құрамы
Жоғарыда айтылғанды болдырмау үшін, басқарудың орталықтандыру деңгейі мен шешімді талдап тексерілуі ӨСЖ-нің ақпаратты өңдеу мүмкіндіктерімен шамалас болу тиіс. Оның жұмыс негізіне шешім мазмұнына жеке тұрғыдан келу тиіс. Уақыт өте-мөте шектелген болғанда, ӨСЖ тек ең маңызды болып табылатын шешім элементтерін жеке өзі айқындайтынды, ал басқа адамдар анықтай алалмайтынды практика көрсетті. Өрт сөндіру шешімдерінің сондай элементтері мынау: әскери іс-әрекеттердің тактикалық мәні; өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери міндеттері; өз әскери міндеттерін орындау кезіндегі бөлімшелердің өзара әрекеттесу негіздері; әскери іс-әрекеттер мен басқаруды ұйымдастыру бойынша басты міндеттер.

Әскери іс-әрекеттердің барлық түрлерін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар мен бөлімшелер басқарумен байланысты мәселелер жағына келсек, уақыт жеткілікті болса, ӨСЖ міндеттерді, күштерді, мерзімдер мен орындау тәсілдерін анықтап, орындаушыларға нұсқау берер алдында шешімді өзі қабылдай алады. Егерде уақыт болмаса, ол тек ең маңызды міндеттерді орындаумен шектеледі, ал қалған мәселелерді жетекшінің жоспары бойынша оперативтік штабқа жоспарлауға тапсырады, кейін олармен келіседі немесе, қажет болса, түзетулер енгізеді. Ол анағұрлым анық болады, егерде аталған іс-шараларды өмірде қолдануымен байланысты сұрақтар аясы өте кең және күрделі екенін ескерсе. Бұл сұрақтар аясы жағдайдың қосымша талдауын, көптеген сұрақтарға жауап беруді талап етеді. Мысалы, бөлімшелер басқарууын ұйымдастыруды алсақ. Ол өрт сөндіру-тактикалық оқулар кезінде кейде болатын оперативтік штабтың орналасу орнын анықтаумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, басқаруды ұйымдастыру үшін оперативтік штабтың құрамын, оның техникалық жабдықталуын, әр лауазымдық тұлғаның орналасқан орнын, әскери қимылдар жүргізу барысында олардың орнын ауыстыру тәртібін, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың нақты міндеттерін айқындайды: басқару бойынша іс-шараларды іске асырғанда кім, не, қайда, қашан және қалай қимыл жасайды.

Бағыныштағы тұлғаларға негізделген нұсқауларды берер алдында, міндеттер, күштер, құралдар, мерзімдер, тәсілдер мен оларды орындау тәртібі міндетті түрде айқындайды. Егерде ӨСЖ ірі және күрделі өрт кезіндегі шектеулі уақыт жағдайында аталған іс-шараларды егжей-тегжейлі жеке өзі орындауға, барлық сұрақтарға жауап беруге тырысса, ол ең бастысы - сөндірудің тактикалық ойынын, өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери міндеттерін және олардың өзара әрекеттесу тәртібін анықтаудан айырылып қалады. Керісінше, баяндалған шешімнің мазмұнына саралау тәсілін қолданса, ӨСЖ өз назарын бытыратпай, ең бастыға баса назар аударып, өзінің жақын көмекшілерінің ұжымдық ақылын және шығармашылығын пайдаланса, өрт сөндіруді ұйымдастыруымен байланысты барлық мәселелер шешуін уақытлы және сапалы орындалуын және жабдықталуын қамтамасыз етеді. Өрт сөндіруді осылай ұйымдастырса, ӨСЖ міндеттерді, жағдайды бағалауға тиісті сұрақтар аясы да қысқарады, сондықтан шешім қабылдауға арналған уақыт та қысқарады. Шешім мазмұнына деген осындай тәсілді қолдану, оны уақытлы қабылдау уақыт шектеулі болса да ӨСЖ-нің қолынан келетінін өрт сөндіру-тактикалық оқулар мен өрт сөндіру тәжірибесі көрсетті.

Шешім мазмұнына деген осындай тәсілді қолдану біртұтастық пен орталықтандыру қағидаларына қайшы болмайды, өйткені ӨСЖ артынан тек өзінің жеке іс-әрекеттері ғана емес, оның қол астындағы тұлғалар іс-әрекеттеріне дербес жауапкершілігі сақталады. Сонымен қатар, бұл басқарудың біртұтастығы мен орталықтандыру қағидалары бағыныштағы тұлғалардың бастамасы мен шығармашылығын ақылмен үйлестіруге, олардың арасында беделін нығайтуға, қол астындағылардың белсенділігін және өз еңбектерімен рухани тұрғыдан қанағаттануға мүмкіндік береді. Өрт сөндіру жылдары уақыт шектеулі жағдайда ӨСЖ-нің «қамтылмайтын қамту» ұмтылысы, басқару органдарының қызметкерлеріне деген сенімсіздік олардың қандай да болсын бастамасын тұншықтырып, өрт сөндіру бөлімшелерін басқаруына, яғни, әскери әрекеттер жетістігіне үлкен залал келтіреді.

Әскери қимылдар қозғалысы едәуір артқан және басқару құрамының даярлық деңгейі көтерілген қазіргі жағадайдағы басқару ұжымдарындағы ондай өзара қарым-қатынастарға мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан өрт кезінде әр лауазымдық тұлғаның тапсырылған іс үшін жауапкершілігі күрт арту қажеті де, мүмкіндігі де айқын.

Жауапкершілік, әріне, әртүрлі болады. Өрт сөндіру кезінде тек ӨСЖ-нің шешім қабылдау құқығы бар. Ол өрт сөндіру нәтижесіне және өрт сөндіру күзетінің алдына қойылған әскери міндетті жемісті орындағанына өзі жауап береді. Бұл жауапкершілікті ол ешкіммен бөлісуге құқығы жоқ. Бірақ әр бастық өз жұмыс учаскесіне жауапты болу тиіс. Қандай да жауапкершілік бар жерде өрт сөндіру жетекшісінің жоспарына негізделген жеке мәселелер бойынша тиісті іс-шаралар анықтау құқығы да болу тиіс.

Істі осылай орындау тәсілі тек озық тәжірибеге ғана емес, басқару теориясының ережесіне де сәйкес болады, ол ереже өмірде кездесетін шешімдер жалпы және жеке болатыныны туралы.

ӨСЖ-нің қаралған шешімі сондай жалпы шешім болады, өйткені оған барлық бағынышты тұлғалар қатысты және жалпы міндетті орындауға бағытталған тактикалық жоспар кіреді. Жеке мәселелер бойынша іс-шараларды (басқаруды ұйымдастыру, қамсыздандыру түрлері бойынша) өрт сөндірудің жалпы шешімдер орындалуын қамтамасыз ететін жеке шешімдерге жатқызуға болады.

Өрт сөндірудің жоғары келтірілген тәсілі басқару органы ұжымының шығармашылық және ұйымдастыру жұмысын ескереді. Өрт сөндірудің жалпы және жеке шешімнің бары толығымен дәлелденген және іске олардың ешқандай зияны жоқ, өйткені олар тек бір тұлға - ӨСЖ-нің жоспары бойынша болады және орындаушыларға оның рұқсатымен жеткізіледі.

Шешімнің әр элементі дәл анықтамаға, мазмұнның нақтылығына және көлемнің қысқартуына мұқтаж (6.1 сурет). Басқарудың барлық буындарындағы және әскери қимылдардың барлық түрлері бойынша әр элементтің толық талдауын беру мүмкін болмағандықтан, зерттеудің негізі ретінде өрт сөндірудегі ӨСЖ-нің шешімін алайық және осы негізде бұл мәселе тәсілдерінің жалпы принциптерін белгілеп көрейік, оларды сақтау өрттегі кез келген жағдайды жеңілдетеді.

Әскери қимылдардың жоспары ӨСЖ-нің басты жетекші идеясын білдіреді, ол идея осы қимылдардың мақсатын анықтайды және оған жетудің жалпы түрдегі күштерін, құралдарын және тәсілдерін анықтайды. Сондықтан әскери қимылдардың жоспары өрт сөндірудегі кез келген шешімдердің ең маңызды элементі және алдағы әскери қимылдардың негізгі үлгісі болып табылады. Оған шешімнің барлық қалған элементтері, сондай-ақ бөлімшелер қимылдарының барлық жеке жоспарлары негізделеді.

Жоспар өзінің сондай негіз салушы қызметіне лайық екенін дәлелдеу үшін бағынышты тұлғалардың төмендегі сұрақтарына анық және нақты жауап беру тиіс.

1. ӨСЖ өртті қандай күшпен, құралдармен және қандай реттпен сөндіруді жоспарлайды? Бұл сұрақтарға жауап беру қажет, өйткені кез келген өрт сөндірудің соңғы мақсатына бір сәтте тек бір құралды пайдаланумен жету мүмкін емес. Өрт сөндірудің кез келген түріндегі жалпы міндеттерді орындауға өрт сөндірудің тиісті күштер мен құралдарды тартып және түрлі әрекеттер тәсілдерін қолданып, мақсаты, орны және уақыты бойынша жүйелі немесе қатар орындалатын аралық міндеттер қатарына бөліп-бөліп жіберуге тура келеді. Өрт сөндірудегі сондай міндеттер – ол жақын және кейінгі міндеттер, өрт сөндірудің кейінгі бағыты. Олардың әрқайсысы әртүрлі учаскелердегі өрт сөндірумен байланысты жеке міндеттердің көлемі бойынша кішілеу қатарына бөліне алады. Өрт сөндірудің негізгі құралдары қандай бағытта және қандай қағидамен қолданатынды анықтау аса маңызды.

2. Өрт сөндіру жемісі қандай бағытта маңызды? Бұл сұрақ күш пен құралдарды өрт сөндірудің барлық шебі бойынша пайдалануды немесе өрт сөндіруде жеміске жету үшін оларды шешуші бағытта шоғырландыруды талап ететін өрт сөндірудің кез келген іс-әрекеттер жүргізудің маңызды қағидасынан туындайды.

3. Күштер мен құралдар қалай енгізіледі және алда тұрған әскери қимылдар барысында оларды басқарудың қандай түрін қолдану жоспарланады? Бұл сұрақтың жауабы алдыңғы сұрақтармен тығыз байланысты. Ол ӨСЖ-нің басты идеясына өрт сөндіру бөлімшелерінің тиісті топтары мен әрекеттер тәсілдерінің материалдық түрінде жүзеге асқандай болады.

Әскери қимылдар жоспарының ең орынды мазмұны осындай. Оны екінші дәрежелі іс-шаралармен жүктемеген жөн, өйткені оны бағыныштағы командирлерге түсіну қиын болады. Сонымен қатар, мазмұнды қысқартып нашарлатпау керек, мысалы, өртте шешуші бағытты анықтаумен ғана шектелмеу керек, өйткені ол ӨСЖ-нің негізгі идеясын бағынышты тұлғаларға жеткізу үшін жеткіліксіз болады.

Өрт сөндіру бөлімшелердің әскери міндеттері өрт сөндіру шешімінде белгіленген жоспарға қатал түрде сәйкес анықталу тиіс. «Әскери міндет» деген терминнің мәні өртті қалай сөндіру қажет анықтамамен айқындалады. Ол әскери қимылдар мәнінен шығады. Бірақ бұл әскери қимылдар әрдайым уақыт пен кеңістік аясында жүргізілетіндіктен, «әскери міндет» деген түсініктің екінші құрамдас бөлігі дайындық мерзімдерін, орындау басын және аяғын, қимылдар орнын анықтау болып табылады.

Әскери міндеттің мазмұнына деген сондай ыңғайдың үлкен практикалық мәні бар. Ол бұл мазмұнды көптеген екінші дәрежелі іс-шаралардан босатуға мүмкіндік беріп, негізделген шешім қабылдау, кейін оны орындаушыларға жеткізу мен түсіндіру процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Сондай тәсіл әскери міндеттерді және басқа да өрт сөндіру элементтерін анықтауда да қажет. Егерде өрт сөндіру бойынша әскери міндеттермен шешімнің мына элементі – бөлімшелердің өзара әрекеттесу негіздері тығыз байланысты маңызды жайтты қосымша ескерсе, ондай тәсіл тек қажетті емес, мүмкін де болу мүмкін. Шешімнің бұл екі элементін бөлудің шартты сипаты бар. ӨСЖ бөлімшелердің әскери міндеттерін анықтап, яғни, бағыныштағы бөлімшелер қандай өрт, қайда және қашан сөндіруге тиіс екенін анықтап, олардың өзара әрекеттесу негіздерін жасайды, өзара әрекеттесудің мәні бөлімшелердің мақсаттар (міндеттер), уақыт және орын бойынша күш пен құралдарды үйлестіру. Бірақ бөлімшелер өзара тығыз әрекеттесуге қол жеткізу үшін олардың әскери міндеттер шешуін анықтау ғана жеткіліксіз екенін өрт сөндіру тәжірибесі көрсетті. Одан басқа, бағынышты бөлімшелер жалпы міндетті шешу кезінде жеке міндеттерін орындау тәсілдерін көрсетіп, анықтауымен қатар өзара көмек көрсету және олардың қимылдарында айқын келісушілік қамтамасыз етілу тиіс.

Әртүрлі буындардағы және әскери қимылдар түріндегі сондай қимылдар тәсілдерінің нақтылау деңгейі, әріне, көптеген факторларға тәуелді болады, олар – міндеттің сипаты, уақыттың бары, жер жағдайы, дайындық деңгейі, бағынышты тұлғалар тәжірибесі және т.б. Өмірдегі түрлі жағдайларда жарамды және бірдей нұсқа беру мүмкін де емес, тиімді де емес. Бірақ, түрлі өрттерді жемісті сөндіру кезіндегі ӨСЖ-нің жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, бұл деңгейдің ақылды шегі болу тиіс.

ӨСЖ бөлімшелердің өзара әрекеттесу тәртібін анықтау шешімін ықыласпен және шығармашылық тұрғыдан орындау тиіс. Біріншіден, ол өрт сөндіру бөлімшелері жаттыққан және бір ағза сияқты жұмыс істейтіндей деңгейге жету тиіс. Бірақ, қандай да ӨСЖ қажеті болмаған жағдайда және өзінің нақты мүмкіндіктерін ескермей, бағынышты командирлердің өз учаскелеріндегі «ішкі істері» болып табылатын бөлімшелердің барлық әрекеттер тәсілдерін егжей-тегжейлі өз анықтауға ұмтылғаны дұрыс емес. Ол тәсілдерді бағынышты командирлер өздері анықтай алады, өйткені ескерілетін жағдайды олар егжей-тегжейлі біледі.

Бұл жағдайдың қамсыздандыру түрлері мен басқаруды ұйымдастыру бойынша міндеттерге де қатысты. Мұнда біртұтастық пен басқарудың орталықтандыру принциптерін басқару органдарының қызметкерлері мен бағынышты командирлердің дербестігі, бастамасымен және шығармашылығымен үйлесімді байланыстыру қажет, олар бастыққа қарайлап, өздерінің қимылдар тәсілдеріне нұсқау күтіге үйретпей.

Жоғарыда тұрған бастықтар жағынан бағынышты командирлердің дербестігі, бастамасы мен шығармашылығын үйлесімді байланыстыру өрт сөндіру күзеті қызметінің барлық салаларындағы қазіргі басқарудың негізгі даму тенденциялардың бірі болып табылатынын атап өткен жөк. Ағымдағы істердің көпшілігі жоғарыда тұрған инстанциялардың назарын ірі мәселелерден аударып әкетпеу үшін және төмендегі қызметкерлер олардың құзырына кіретін мәселелерді жедел түрде шешу үшін, басқару жүйесінің әр буыны өз ісімен айналысу тиіс.

Өртте күштер мен құрал-жабдықты басқарғанда, бұл талаптың орындалуы ӨСЖ мен оперативтік штабтың шығармашылық мүмкіндіктерін толық пайдалануға, бағынышты қызметкерлер арасында дұрыс психологиялық ахуал жасауға, ал ең бастысы - өрт сөндірудегі шешімдер негіздемелігін арттыруға, шешім қабылдауға және оны бағынышты тұлғаларға жеткізу уақытын қысқартып, оларға әскери қимылдар жасауға дайындалуға көбірек уақыт бөлуге және өз әскери міндеттерін жемісті орындауына мүмкіндік береді.


5.2. Шешім қабылдау әдістемесі
Өрт сөндіру процесінің басқару нұсқасын іске асыру үшін ӨСЖ (оперативтік штаб) өрт сөндіру бөлімшелердің жеке құрамдарының қимылдар ұйымдастыруға шешімдер шығару процесін іске асырады.

Шешім қабылдаудың негіздемелігі мен уақыттылығы көптеген жағдайда қолданатын әдістемеге байланысты болады.



Ғылымда жалпы әдістеме - ол болмыстың объективті заңдарына негізделген және қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қандай да бір жұмыстың орындалу әдіс-тәсілдер жиынтығы деп түсіндіріледі.

ӨСЖ-нің өрт сөндіру шешімді қабылдау процесіне осындай анықтаманы қолдану үшін оның келесі ерекшеліктерін күні бұрын ескеру қажет. Біріншіден, бұл процестің анық көрсетілген шығармашылық сипаты бар, өйткені ол өрт сөндірудің жаңа және ең жақсы жолдарын іздеумен және алған міндетті жемісті орындалуымен байланысты болады. Кез келген өрт сөндіру жаңа, өзгерген жағдайда ұйымдастырылады, сондықтан ол алдыңғы өрттердің дәл көшірмесі түрінде ешқашан болмайды. Екіншіден, өрт сөндірудегі шешім қабылдау процесінің уақыты, әдеттегідей, шектелген болады, сондықтан оның жемісті аяқталуы ӨСЖ-нің және оған бағынышты басқару органдарының лауазымдық тұлғалардың жұмысты ұйымдастырғанына байланысты болады.

Осы ерекшеліктерді ескеріп, өрт сөндіру әдістемесі мәнінің келесі анықтамасын беруге болады: өрт сөндірудегі шешімді қабылдау әдістемесі – ол объективті заңдар мен принциптерге, сондай-ақ шешім қабылдау процесінде жұмысты басқару органдарының лауазымдық тұлғалармен бірлесіп ұйымдастыруға негізделген ӨСЖ-нің шығармашылық әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оның қызметі – кез келген күрделі жағдайда ӨСЖ-ге әскери қимылдардың тактикалық жоспарын, өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери міндеттерін және олардың өзара жұмыс істеу тәртібін уақытлы және негізді түрде анықтау. Ол үшін әдістеме шешім қабылдау процесінің шарттары мен ерекшеліктерінен шығатын талаптар қатарына сай болу тиіс.

Бұл үрдістің шығармашылық, танымдық сипаты болғандықтан, өрт сөндірудегі шешім қабылдау әдістемесінің ең маңызды талабы оның таным теориясына, қисынға, өртке қарсы заңдарға және өрт сөндіру принциптеріне сәйкес болу болып табылады. Өрт сөндіруде шешім қабылдау кезінде ӨСЖ-ге қазіргі жағдайда психология, математика және кибернетика сияқты ғылымдардың жетістіктері мен тұжырыдамалары үлкен көмек көрсете алады. Сондықтан оның міндеті - ойлау мен танымның логикалық және математикалық әдістер жиынтығын қалтықсыз игеру.

Ондай талапты сақтау өрт сөндіруде шешім қабылдау әдістемесіне қойылатын әмбебаптық және икемділік сияқты талаптарды орындауға мүмкіндік береді.

Әмбебаптық пен икемділіктің мәні өрт сөндіруде шешім қабылдау үшін әдістеме қандай да бір өртте емес, кез келген өрт түрінде және де жағдайдың әртүрлі шарттарында да, оның ішінде уақыт шектеулі болғанда да бұл әдістеме жарамды. Талаптарды орындаса, әдістердің әр жеке жағдайында және ойлау тізбегінде, сондай-ақ өрт сөндіруде шешім қабылдағанда, өз жұмысының ұйымдастыру тәсілдерін ұзақ және қиын іздеуден ӨСЖ-ні босатады.

Жоғарыда айтылған, шешімді қабылдау әдістемесі өрт сөндірудің жетекшісіне күні бұрын құрылған қандай да бір сауалнаманы немесе нұсқаны толтырып, кез келген өртті сөндіру кезінде дайын түрдегі шешім береді дегенді білдірмейді. Әдістеменің мақсаты басқа - ӨСЖ-ге шығармашылығын, өнерін және өзінің жеке дарынын көрсетуге мүмкіндік беретін, ғылыми ойлау әдістермен және өз жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді тәсілдермен қаруландыру. Барлық өрт түрлеріне жалпы болатын әдістердің бары әр өрт түрінің жеке заңдылықтарын және сөндіру қағидаларын пайдалануды жоққа шығармайды, керісінше, оларды болжайды.

Өрт сөндіру күзетінің барлық командирлері, оның ішінде жеткілікті практикалық тәжірибесі жоқ тұлғаларға жеңіл және тез игеруге мүмкіндік беретін, шешімді қабылдау әдістемесіне қойылатын қарапайымдылық пен айқындық сияқты талаптарды көрсеткен жөн.

Сонымен қатар, өрт сөндіруде шешімді қабылдау әдістемесіне жоғарыда аталған қойылатын негізгі талаптардың іс жүзінде орындалуы ӨСЖ-нің терең және жан-жақты білімінсіз, дүние танымның қисынды және математикалық әдістерінің барлық түрлерін берік игеруінсіз мүмкін емес екенін назардан тыс қалдырмау керек. Одан басқа, өрт сөндіру кезінде шешімді қабылдағанда, ӨСЖ-нің өрт сөндіру барысын көре білу шеберлігі, күшті жігері, батылдығы, дербестігі, үлкен психологиялық жүктеме кезінде шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеті, негізделген тәуекелге баруға дайындығы және өрт сөндіру нәтижесі үшін жауапкершілікті өзіне алу сияқты субъективті қасиеттері маңызды роль атқарады. Егерде ӨСЖ-нің ондай қасиеттері жоқ болса және бірінші қиын жағдайда ол ұзақ қобалжып қиналса, оған ешқандай жақсы әзірленген әдістеме шешім қабылдауға көмектеспейтінін өрт сөндіру және өрт сөндіру-тактикалық оқулар тәжірибесі көрсетті. Шішім мазмұнының өзіне де, шешім қабылдау әдістемесіне де келесі шығыс деректер анықтауыш әсер етеді: өрт жағдайындағы қалыптасқан шарттар; шешімді қабылдауға уақыттың бары; ӨСЖ мен оның қол астындағы тұлғалардың жеке кәсіби қасиеттері.

Бұл деректердің сан алуандығына қарамастан, ӨСЖ ойлауына және өрт сөндіруде шешім қабылдауына оның жұмысын ұйымдастыруына жалпы ережелер де тән. Оларға тоқтай кетеміз.

ӨСЖ-нің өрт сөндіру кезінде шешім қабылдаудағы ойлау әдістемесі өрттегі күштер мен құрал-жабдықтарды басқару бойынша көпқырлы қызметінде басым орын алып тұрады, өйткені оған, бірінші кезекте, шешімнің негіздемелігі мен уақытында орындалуы және өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери қимылдарының жемісті аяқталуы да тәуелді болады.

Сондықтан сондай әдістеменің жасалуына үлкен мән беріледі, әсіресе соңғы жылдардағы өртпен күресу құрал-жабдықтар мен тәсілдердің өзгеруіне байланысты.

Бірақ, шешім қабылдағанда кез келген адамның ойлау процесі, әсіресе, ӨСЖ-нің өртті қиын жағдайда сөндіру кезіндегі шешім қабылдаудағы ойлауын талдауға жәнге сипаттауға өте қиын. Сонда да, нақты нысандарда жүргізілген өрт сөндіру және өрт сөндіру-тактикалық оқуларда алған тәжірибеге, зерттеулер нәтижелеріне негізделіп, оны талдап көрейік.

Көптеген құжаттар мен басылымдарда ӨСЖ-нің өрт сөндірудегі шешімдері ол жағдайды бағалап түсінгеннің нәтижесі деп есептеледі. Бірақ шешім қабылдау кезіндегі ойлау процесі, көбінесе, үш дербес және тізбектес іске асырылатын кезеңге бөлінеді: біріншіде міндет анықталады, кейін жағдай бағаланады, содан кейін ғана шешім қабылданады.

Соңғы пікірмен келісуге болмайды, өйткені ол болмысқа және озық тәжірибеге дәлме-дәл сәйкес келмейді. ӨСЖ-нің аталған ойлау операциялар іске асырылуының дербестігі мен жүйелілігінің едәуір шартты сипаты бар. Олар шын мәнінде орын алғаннан да елес сияқты көрінеді.

Міндетті айқындау процесінің табиғаты мынадай: ӨСЖ міндетті іске асыру кезінде жағдайды бағалау саласына қандай да дәрежеде басып кіруге мәжбұр. Оның ойлауы шешімді қабылдау процесінің ең басынан бастап, алдында тұрған өрт сөндірудің ойша үлгісін құру тәрізді болады.

Міндетті және тактикалық жоспарды дұрыс түсіну ӨСЖ-ге өрт сөндірудің мақсатын анық көруге, өз шешіміне және өрт сөндіру бөлімшелерінің қимылдарына деген талаптарды түсінуге мүмкіндік береді.

Жағдайды бағалау - орындаудың объективті шарттарын білуде.

Білудің нәтижесінде өртте жетістікке жетуге себеп болатын немесе оны қиындататын факторлар айқындалады. Ондай факторлар – ол жоғарыда қаралған жағдайдың элементтері. Оларды бағалау реттілігі негізінен екі әртүрлі сәттерден болу мүмкін: элементтер арасындағы өзара тәуелділік және дәл осы нақты жағдайдағы олардың әрқайсысының маңыздылығы. Мысалы, өрттегі барлық жағдайды барлау жүргізбей бағалауға болмайды. Жағдайдың әр элементінің маңыздылығы да әртүрлі болу мүмкін. Мысалы, өртке бара жатқанда, ӨСЖ шешімінің мазмұнына жолдың бары және оның жағдайы және өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт орнына жеу мүмкіндігі әсер етеді.

Жағдайдың әр элементін бағалаудан алынған қорытындылар, әдетте, екі түрлі сипатта болады. Бір жағынан, олар жалпылама түрде осы не басқа элементтегі бастыны көрсетеді және бөлімшелердің алынған әскери тапсырманы орындауына оның әсерін бейнелейді, екінші жағынан – шешімнің тиісті элементінің нақты мазмұнын айқындайды (бұнда басты бағытты таңдау керек, оқпаншыларды қайда орналастыру керек және т.б.).

Жағдай мен ойлау процесіндегі әр элемент бойынша осындай жеке қорытындылар өзара және тапсырманы айқындаудан алынған қорытындылармен салыстырылады және мақсаты, уақыты мен орны бойынша нақтыланады. Осындай салыстырулар барысында ӨРЖ тағы да заңды қайшылықтармен бетпе-бет келуі әбден мүмкін, бұндағы әр элемент немесе элементтер тобы жалпы шешімге ғана емес, сонымен бірге осы не өзге оның элементіне әртүрлі әсер етеді. ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдауы кезіндегі ойлау әдістемесі жалпы алғанда шамамен осындай.

Оқу тәжірибесінде келесі әдістеме өзін жақсы жағынан көрсете алды, онда ең алдымен тапсырма айқындалады және жағдайдың әр элементі жеке-жеке бағаланады, олардың шешімнің тиісті элементіне әсері анықталады және тек осындан соң ғана жалпы қорытынды жасалады. Бұндай әдістемені кейде өрт сөндірудегі жағдайдың элементтері бойынша шешім қабылдау деп те атайды.

Оның басты артықшылығы ӨРЖ-не толық және нақты мәселелер шеңберін беретіндігінде, ӨСЖ өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдау кезінде олардың негізді жауаптарын жүйелі түрде табуы тиіс. Ол, әсіресе, тәжірибе көрсеткендей, жас мамандарды оқу орныдары мен қызметтік дайындық жүйелерінде өрт сөндіру саласында өрт сөндіруге қатысты шешімдер қабылдау әдістемесіне бастапқы үйрету сатысында өте құнды болып табылады, себебі бұл кезде оларға осы жағдайға дейін жаңа, күрделі және мүлде таныс емес тапсырмалар беріледі. Бұл жағдайда үйретілуші осы әдістемені басшылыққа ала отырып, сабаққа дайындалудың өзінде-ақ, жағдайдың әр элементін талдайды, ал сабақ барысында оның жетекшісі үйретушілерді мақсатқа сай шешімге біртіндеп, әрі осы процеске оқу тобының бар ұжымын қатыстыра отырып апарады.

Алайда осы әдістеменің елеулі кемшіліктері де бар. Олардың негізгілері оның көмегі арқылы шешім қабылдау үшін өте көп уақыт кететіндігімен байланысты, ал ӨСЖ-нің өрт сөндіру кезінде, әдетте, ондай көп уақыты болмайды. Бұдан басқа, ол міндетті айқындауды жағдайды жалпы және оның әр элементін бағалаудан жасанды түрде алыстатады, ӨСЖ-нің ойлау диалектикасын барынша болық ашпайды, түптің түбінде шешімге қалай келу керектігін және ӨСЖ жауап беруі қажет осындай көптеген сұрақтардың дұрыс жауаптарын нақты анық көрсете алмайды.

Тәжірибе мен зерттеулер көрсеткендей, осы кемшіліктерді жою жолдары да әртүрлі болуы мүмкін. Солардың бірі іс-шараларды қамтамасыз ететін және олардан басы артық детальдарды шығару есебінен әр детальдың саны мен көлемін қысқарту, мазмұнын нақты айқындаумен байланысты.

Шешімді қабылдау мен оның негізділігін арттыруды тездетудің екінші маңызды жолы ӨРЖ-нің жағдайдың элементтері бойынша шешім қабылдауының жоғарыда көрсетілген жүйесін шешім элементтері бойынша шешім қабылдау деп шартты түрде атауға болатын біршама өзгеше тәртіппен епті үйлестіру болып табылады. Осы екі тәсілдің арасында негізді айырмашылық жоқ және болуы да мүмкін емес, себебі осы да, басқасы да бір әдістемеге негізделген: алынған тапсырманы айқындау және жағдайды бағалау. Олардың арасындағы айырмашылық тек ӨСЖ-нің ойлау жүйелілігінде ғана.

Өрт сөндіру шешімдерін қабылдау барысында ӨСЖ-нің осы шешімдерінің элементтері бойынша міндетті айқындайды және жағдайдың әрбір элементін тығыз қарым-қатынаста және олардың өз шешімдерінің тиісті элементіне кешенді әсері тұрғысынан бағалайды. Шешімді өндіруге кірісе отырып, ӨРЖ өз алдына нақты мәселені (маңызды бағытты қайда таңдау керек, өртті сөндіру тәртібін қалай құру керек және т.б.) қояды және жағдайды ескере отырып, бірден оған жауап іздейді. Осымен оның пайымдауы басынан бастап-ақ мақсатты сипатқа ие болады, барынша қысқа жолмен жүреді, ендеше, өзінің соңғы мақсатына – бөлімшенің тактикалық ойы, жауынгерлік міндеті мен олардың өзара қарым-қатынасының негіздерін айқындауға тезірек жетеді.

Осындай әдістемені қолдану үшін ӨСЖ-де тек қажеттілік қана емес, сонымен бірге мүмкіндік те бар. Ол жоғарыда көрсетілген міндетті айқындау, жағдайды бағалау мен оның элементтері арасындағы байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру барысында ӨРЖ өртке бару кезінде жағдайдың көптеген деректерін уақытында алып, оны зерделеуі. Өрт орнында ӨСЖ «жоқтан» бастаудың және жағдайдың әр элементін ойша жүйелеп таңдаудың қажеті жоқ, себебі бұндай жұмыс әлдеқашан жасалған. Сондықтан оның бірден іске кірісуге – шешімнің элементтерін айқындауға толық мүмкіндігі бар.

Егжей-тегжейлі талдау барысында ӨСЖ-нің шешім қабылдау барысындағы ойлау процесі міндетті айқындау және жағдайды бағалау сияқты дербес және жүйелі түрде жүзеге асырылатын кезеңдерге жасанды түрде ешқалай да бөліне алмайды.

Осы екі операцияың өзара бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, осы байланыстың болмашы ғана бұзылуы таным теориясының талаптарына қарама-қайшылыққа түседі, олардың мәні келесіде.

Адамның санасы объективті әлемді сипаттау жолы арқылы қалыптасады. Бұдан ӨРЖ-нің өртті сөндіруге қатысты шешім қабылдау процесі, танымның басқа да процестері сияқты, нақты жауынгерлік жағдайды, объективтік шындықты сезім арқылы қабылдаудан басталып, жандыға пайымдап қараудан абстрактілі ойлауға және одан тәжірибеге бару жолы арқылы өтуі тиіс – объектитвті ақиқатты тану, болмысты тану жолы осындай. Таным теориясының осы талаптарын орындамау, әсіресе ӨБЖ осындай қателіктерге жол берсе және бөлімше командирлерінің қателіктері оларға «жабылса», өрескел қателіктерге ұрындыруы мүмкін. Бұндай жағдайды болдырмау үшін, ӨРЖ нақты бір іске кірісіп, міндеттерді терең айқындаудан бұрын, ең алдымен жалпы жағдайды, мысалы, келесі факторларды зерделеуі тиіс: өрт сөндіру бөлімшелері қайда және не істеп жатыр (өртке бара жатыр, жауынгерлік өрт сөндіру жұмыстарын күшейту және т.б.), олардың құрамы шамамен қандай? Бұларсыз ол өзінің алдында тұрған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, сонымен бірге, мысалы, негізгі бағдарлық бағытты да айқындай алмайды. Бұндай қорытынды тәжірибелі ӨРЖ-нің өрт сөндіру және өрт сөндіру-тактикалық оқуы барысында шешім қабылдау тәжірибесімен де расталады. Олар әрқашан да міндетті айқындап, жағдайды олардың өзара тығыз қарым-қатынасы мен шартталығы барысында бағалайды. Әрі, алдында айтылып өткендей, бұл үшін оларда тек қажеттілік қана емес, сонымен бірге мүмкіндік те болады. Шынында ӨРЖ әскери шындықта жағдайды әрқашан да осы не өзге деңгейде біледі, ол онысен өмір сүреді. Тапсырман алған соң тек жетіспейтін мәліметтерді жинақтап, алынған барлық деректерді өрт сөндіру сипатын ескере отырып, неғұрлым мақсатты түрде зерделейді. Сондықтан ӨРЖ ондаған сұрақтарға жауап іздеудің қажеті жоқ. Осы жауаптардың бірқатары ода әлдеқашан дайын болған немесе тек нақтылауды ғана талап етеді. Ол жағдайды зерттеудің «шикізаты» ретінде, ал шешімдерді «ғимаратты» салу үшін дайын «деталь» ретінде қолдана алады. Бұнымен қоса ӨСЖ өзінің ойымен жағдайдың сансыз көп факторларын қамту, олардың ішінде шешімнің осы не өзге элементін айқындайтын маңыздысын тез табу қабілеті барысында ерекше қажет. Түрлі жағдайлардағы осындай маңызды факторлар түрліше көрінеді. Мысалы, өрт сөндіру бөлімшелерінің өртті сөндіру жүйелілігі, негізгі бағытты таңдауы мен әрекет ету тәртібі, негізінен, өрттің жайылуымен, жауынгерлік міндеттердің мазмұнымен және өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара әрекет ету тәртібімен – олардың тактикалық мүмкіндіктерімен байланысты. Бірақ өзге факторлардың да, мысалы, жергілікті жердің ерекшеліктері, метеорологиялық жағдай, бөлімшелердің өрт сөндіру заттарымен қамтамасыз етілуі және т.б. да маңызды болуы мүмкін. ӨРЖ өнері, көбінесе, қиын жағдайды тез айыра біліп, дұрыс жол таба білудегі өнерінде де көрінеді. Бұндай өнер өрт сөндіру күзетінің тек сауатты және тәжірибелі жетекшісіне ғана тән болып табылады.

Осылайша, ӨРЖ міндеттерді айқындау мен жағдайды бағалауы – оның ойының қандай да бір дербес және бір-бірінен оқшауланған кезеңдері емес, шешім қабылдаудың жүйелі шығармашылық процесі.Міндеттер айқындалған соң, жағдайды бағалау басталады, ал бағынысты бөлімшелермен алынған міндеттердің орындалуына әсер ететін оның барлық жағымды және жағымсыз қасиеттерін толық және егжей-тегжейлі зерделеу үшін жалғасын табады және толықтырылады.

Бұл қағида міндетті айқындау процесінің өзінің мазмұнына да басқа тұрғыдан келуге мүмкіндік береді. Бұнымен қоса ол ӨРЖ әріптестерінің тек тәжірибесімен ғана шектеліп қалмай, өзінің шешіміне қарай барынша сенімді қадам жасап, оның пайдасы жоқ нұсқаларын алып тастауға, бағдарлы тактикалық ойды белгілеуге, бөлімшелерге алдын ала нақты өкім беруге, өзінің болашақ ойына неғұрлым мақсатты сипат беруге және сонысымен шешім қабылдаудың бар процесін барынша тездетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, өзіне әбден таныс жағдайдыдың жалпы шарттарымен бірге міндетті айқындай отырып, ӨРЖ бұл міндетті бірқатар аралық және жеке міндеттерге бөле алады және сонымен бірге соңғыларды өрт сөндіру бөлімшелері – орындаушылар арасында бөле алады. Құрудың «Мақсат ағашы» деп аталатын осындай тәсілі өндірісті басқару теориясы бойынша әдебиеттерде кеңінен сипатталған, әрі ол, әрине, оның ерекшелігін ескерсек, өрт сөндіру ісінде де қолданылуы әбден мүмкін.

Осындай бөлудің алғашқы сипаты болғандығына (нақты орны мен уақытынсыз) қарамастан, ол форманы, болашақ шешімнің «қаңқасын» жасауға мүмкіндік береді, ал кейін оның мазмұнын неғұрлым тез және жеңіл толтыруға болады. Міндетті айқындау мен жағдайды бағалаудың тығыз үйлесімінің үлкен практикалық маңызы бар.

ӨСЖ ойындағы мақсатқа сай нұсқаны айқындау және шешімді тұжырымдау - қорытынды операциясын, соңғыны да қандай да бір дербес кезең деп санауға болмайды. Әрі кейбір авторлар жасайтындай, шешім қабылдау деп атауға болмайды. ӨРЖ санасына өрт сөндіру шешімі бірден, аяқ астынан, келмейді, күрделі, кейде міндеттерді айқындап, жағдайды бағалау барысында, яғни шешім қабылдаудың барлық процесі бойында тіпті азапты ойлар нәтижесінде, көптеген нәрселердің дұрыс-бұрысыны таразылаған соң ғана келеді.

Осы процестің табиғатының өзіне іздеу сипаты тән, себебі оның барысында ӨСЖ-де жағдайдың түрлі элементтері әсерінің қарама-қайшылығына қарай шешімнің гипотеза түріндегі бірнеше баламалы нұсқасы сөзсіз туындайды. Осы процестің соңында шешім қабылданбайды, осы бірнеше нұсқаның ішінен біреуіне таңдау жасалып, ӨСЖ осы не басқа критерийлер (көрсеткіштер) бойынша ең жақсы, тиімді немесе неғұрлым мақсатқа сай, яғни ең тиімді деп санайды.

Осындай нұсқаны іздеу шешім қабылдау процесінің өзінен-ақ басталады. Осы процестің барысында сауатты және тәжірибелі ӨСЖ көптеген ықтимал нұсқалардың ішінен қате дегендерді жеңіл іріктеп ала алады.

Қалған бірнеше (екі-үш) мақсатқа сай немесе ұтымды нұсқаларды ӨСЖ шешім қабылдау процесінің соңында өртті сөндірудің күтілетін нәтижелері (материалдық құралдар шығыны, міндетті орындау уақыты және т.б.) бойынша өзара салыстырады және олардың арасынан ең жақсы дегенін таңдап алады.

Айтпақшы, дәл осы мезетте ӨСЖ-нің тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар ерік-жігері де үлкен маңызға ие болады. Ең нашар шешім – ештемеге бел байламау, яғни, әрекетсіз қалу, ештеме жасаму. Ең жақсы нұсқаны таңдап алған ӨСЖ өз шешімін тұжырымдап, өзіне бағыныстыларға хабарлайды. Шешім қабылдау процесі аяқталды.

Бірақ осы процестің осылай аяқталуын да салыстырмалы деп санауға болады. Бұдан соң ӨСЖ-нің шешімге қатысты ойы, әсіресе, өртті сөндіру бойынша әскери әрекеттерді жүргізу кезеңіне неғұрлым тән болып табылатын жағдайдағы жиі өзгерістер барысында әсіресе жалғасады.Бұл кезде ӨСЖ-не бұдан бұрын қабылданған шешімнің осы не өзге элементін сөзсіз және бірнеше мәрте нақтылауға, толықтыруға, анықтауға және жағдай шұғыл өзгерген кезде жалпы негізді түрдегі жаңа шешімді қабылдауға тура келеді.

Көбінесе, бұрын қабылданған шешімді нақтылау немесе өзгерту қажеттілігі ӨСЖ мен шұғыл штабқа өрт сөндіруді бастаудан бұрын алдын ала болжауы қиын болған жағдайлардағы шұғыл өзгерістер барысында туындайтын болады.

Осылайша, ӨСЖ-нің өз шешімін ой елегінен өткізу процесінің жауынгерлік тапсырманы алған мезеттен бастап, оны орындап бітіргенше, яғни бөлімшелерді басқарудың барлық сатысында өзіндік орны болады. Ешбір ӨСЖ тіпті негізді шешім қабылдап, әскери бұйрық бергеннен соң да барлығы автоматты түрде, өз-өзінен болады деп үміттене алмайды, себебі өрттің өршуі кейде болжап болмайтындай болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет