29
Өрт деп
материалдық шығын келтіретін, арнаулы ошақтан сырт,
бақыланбайтын жану ошағы аталады.
Жану – әдетте үдемелі жылу және сәуле
бөлінумен бөлінумен және
жанғыш заттың оттегімен қосылысы есебінен қарқынды жүретін химиялық
реакция.
Өртті болдырмау мақсатында келесі шаралар қарастырылады:
а) жанған ортаның пайда болуын болдырмау;
б) жанған ортада жану көздерін немесе олардың онда келтірілуін
болдыр-мау;
в) жану бойынша ең үлкен шектен төмен
жану ортасының қысымын
және температурасын қолдау;
г) жану бойынша ең үлкен шектен төмен жану ортасының қысымын
және температурасын азайту;
Өрт қорғаныс жүйелері келесі шараларды қарастырады:
а) өндірістік процестерде жанбайтын немесе
жануы қиын заттар мен
мате-риалдарды мүмкіндігінше мол пайдалану;
б) жанғыш заттар санын шектеу және оларды лайықты түрде
орналастыру;
в) жанғыш ортаны оқшаулау;
г) жану ошағы шегінен өрттің таралуын болдырмау;
д) өрт сөндіру құралдарын қолдану;
е) өндірістік нысандарда құрылымдарды олардың отқа төзімділігі және
жа-ну шегіне сәйкес қолдану;
ж) өрт жағдайында адамдарды көшіру;
з) оттан ұжымдық және дербес қорғаныс құралдарын қолдану;
и) өрт туралы хабарлау және өрт сигналдары құралдарын қолдану;
к) нысанның өрт күзетін ұйымдастыру.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды шара нысанның
өрттен қорғауын ұйымдастыру болып табылады. Ол
қорғалатын
нысандардың өрттің алдын алуын және жедел қорғауын қамтамасыз етеді.
Өрт сөндіру жанудың тұрақтылығын бұзу үшін өрт сөндірудің
қабылданған құралдарының бірімен жану аймағында белсенді (механикалық,
физикалық немесе химиялық) әрекет жасаудан тұрады.
Жанудың
тұрақтылығы
бірінші
кезекте
химиялық
реакция
аймағындағы қоршаған ортаның жылу алмасу
жағдайларымен анықталатын
температураға байланысты болады. Өрт сөндіру үшін су және оның булары,
сондай-ақ өрт сөндіруде тиімді болатын басқа да сұйықтықтар,
газ және
кейбір заттардың ұнтағы қолданылады [11].
Достарыңызбен бөлісу: