Дипломдық жобада моделі afc 744 аралас бүктемелеу



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата18.05.2023
өлшемі1.55 Mb.
#473937
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Бахиева Шолпан диплом

 
 
а – жылжымалы құрылғы, кассеталық бүктемелеу автоматтарында қолданылады; 
б – тұрақты қабылдау құрылғысы, пышақты және аралас бүктемелеу автоматтарында 
қолданылады. 
1 Сурет – Бүктемелеу машиналарының қабылдау құрылғылары
Бүктелген дәптерлер машинаның соңғы бүктеу секциясынан (1) жоғары 
жылдамдықпен бүгілімімен алға қарай баяу қозғалысты таспалы 
тасымалдауышқа (3) үстемелене беріледі. Одан қабылдауыш үстелге (4) түсіп 
тірекке (5) тіреле қатталып, топтама үстелге (4) түсіп, тірекке (5) тіреле 
қатталып, топтама құрайды, жинақталған дәптерлер топтамасы қолмен 
алынып, саналып, престеу-бумалау жабдығында өңделеді. Таспалы 
тасымалдауыш (3) ременьді беріліс (8) арқылы мотор-редуктордан (7) 
қозғалыс алады. Дәптердің еніне байланысты тасымалдауыш (3) 
жылдамдығын арнайы шкивтер (9, 10) арқылы өзгертуге болады. Маховикті 
(11) айналдырып, тасымалдауышты (3) бүктеу аппаратының (1) биіктігіне 
ыңғайлап реттейді, ал қабылдау үстелының (4) деңгейін арнайы тетік (12) 
арқылы реттеуге болады.
Қабылдау үстелі (4) металдан жасалғандықтан тұрақты магнитті (13) 
пайдаланып, тіректі (5) тиянақтауға болады. Қабылдау құрылғысын әрілі-
берілі жылжытуға ыңғайлы болуы үшін ол дөңгелектермен (14) 
жабдықталған. Тұрақты қабылдау құрылғыларында дәптерлер бүгілім 
жағымен төмен қарай тігінен түсіп көлденең топтама түрінде жинақталады
Соңғы бүктеу аппаратынан (1) дәптер бірден қабылдау үстеліне (2) дәптерлер 
топтамасымен итергіштің (6) арасына түседі. Үстелдің биіктігі дәптердің 
еніне байланысты арнайы маховикпен (3) конусты тісті беріліс жұбы (4) мен 
бұрандалы берілістер (5) арқылы көтеріледі не төмен түсіріледі. 
Дәптерлер топтамасын арт жағында арнайы тіреуіш (8), ал алдыңғы 
жағынан екі жақ жанынан шығып не батырылып тұратын тіректер (9) ұстап 
тұрады. Үстелге түскен дәптерді итергіш (6) оңға қарай жылжытқанда 
жанындағы тіректер (9) батырылып, дәптерді өткізіп жібереді де, қайта 
орнына келеді. Мұндай құрылғылар машинада көп орын алмайды, өзі 
сыйымды, бірақ та өте төмен орналасқандықтан, жұмыс істеуге 
ыңғайсыздау. 


17 
Қазіргі кездегі бүктемелеу машиналарының қабылдау құрылғылары 
престеліп, бумаланған дәптерлер топтамасын, сондай-ақ дайын өнімді санап, 
орамалап шығаруға арналған қосымша жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Өзібергіш жоғарғы қағаз топтамасын қоятын үстелден, стапельді 
барабаннан, ленталы транспортерден, төменгі үстелден, стапельді бергіш 
механизмнен, алдыңғы басты сорғыштан, қағазды көтеретін сорғыштан және 
қағаздың берілуін қадағалайтын құрылғыдан тұрады. Бұдан басқа 
өзібергіштің құрамына насосты агрегат кіреді. 
Қағаз табақтары өзібергіштің жоғарғы үстелінен 1,5-2 мм қашықтықта 
қойылады. Жоғарғы үстелден стапельді барабанды айналып, қағаз табақтары 
ленталы транспортерлар арқылы төменгі үстелдің қағаз бергіш құрылғысына 
түседі. 
Ленталы транспортерлардың мерзімді қозғалуы механизмді беру 
жүйесі арқылы жүзеге асады. 
Төменгі үстелден сопло және ауа үрлегіш жүйемен байланысқан 
стапельді үстелдің үстіндегі қағаздар керней тудырады. Жоғарғы қағаз 
табағы бағытталған ауа әсерінен топтамадан бөлініп, үздіксіз қозғалып 
тұрған лентаға қысылады. Лентада орналасқан ойық арқылы сорып алатын 
мундштук жоғарғы қағазды сорып лентаға және қағазды шығарушы білікке 
транспортерлейді. Қағаз шығар алдында артқы шеті сорғышпен көтеріліп 
ұстатылады. 
Жұмыс кезінде өзібергіштің транспортерлеуші үстелінен шыққан қағаз 
диск пен қағаздың дұрыс берілуін қадағалайтын қағаз бергіштің арасынан 
және біліктен өтеді; диск пен біліктің арасындағы алшақтық бүктелетін 
қағаздың қалыңдығын орнатады және қағаздың дұрыс берілуі кезінде, олар 
диск пен біліктің арасынан еш кедергісіз өтеді. 
Өзібергіштен бір уақытта екі қағаздың бірдей шығуы оның 
қалыңдығына әсер етеді және қозғалып тұрған дискті ьірнеше бұрышқа 
өзгертеді, сондықтан дисктегі электр тосқауылдағыш құрылғы машинаның 
шынжырлы берілісін және машинаның жұмысын тоқтатады. 
Алдыңғы басты сорғыш механизм қағазды өзібергіштен шығару үшін 
қолданылады. Содан соң қағаздың дұрыс берілуін қадағалайтын құрылғы 
болады. Ал қағазды көтеретін сорғыш қағазды топтамадан бөліп алу үшін 
қолданылады. 
Содан кейін бүктемелеу секциялары: бірінші бүктемелеу аппараты төрт 
бүктеу білігінен және екі кассетадан, транспортерлеуші үстелден және 
өзібергіш пен бүктемелеу аппаратын байланыстыратын құрылғыдан тұрады 
[6].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет