Дипломж ұ мысы Тақырыбы: Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру 520830 "Экономика" мамандығының


«ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары



бет6/6
Дата14.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
#135768
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Сүт саласы өнеркәсіптің ірі салаларының бірі және оның үлесіне жалпы ұлттық табыстың 20% көбі келеді. Бұрынғы КСРО-ның барлық мемлекеттерінен Қазақстан сүт табынының мал басы саны бойынша алдыңғы орындардың бірін алады. Республика мал басынан да, сүт өңдеу көлемінен де Ресей, Белоруссия, Украинадан кейін тұрақты 4 орында [3].

Сүт және сүт өнімдер нарығының дамуында позитивті және негативті тенденциялар көрінеді. Сүт өндірісінің тұрақты өсуі байқалуда. Орташа жылдық өсімше темпі жоғары – 4,95%. Сонымен бірге, ұсыныстан гөрі сұраныс жоғары екені белгіленіп отыр. Сүттің төмен сапасы салдарынан отандық өндірісінің жеткіліксіз ұсынысымен байланысты терең өңделген сүт өнімінің импорты өсіп отыр. Бұл жағдайда сүт ұсынысының өсуі жоғары сапалы шикізат өндірісі мен потенциалды өсуі жоқ ұсақ шаруашылықтар негізінен асырылады.

Ұсақ шаруашылықтар сүтті біркелкісіз өндіріп, көбінесе оны сорттысыз етіп тапсырады. Бұның бәрі сапасы жоғары сүт өндірісі үшін қажетті жағдайлардың болмауынан: сүт фермаларының ветеринарлы-санитарлық жағдай, сүтті алғашқы өңдеу үшін арнайы бөлмелер мен оларды сүт құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, т.с.с.

Осылайша, сүт өндірушілердің көбісі және ондағы қайта өндіру жүйесі сапалы, бәсекеге қабілетті өнім мен өңдеу өнеркәсіп шикізатын өндіруге онша бағытталмаған7

Сүт сапасын жоғарылату механизмін өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге шейін ғылыми негізделген кепілдемелер және ауыл шаруашылығында қолданылатын әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар осындай маңызды мәселені комплексті шешу талабына сәйкес келмейді және нарықтық жағдайда қолдану қиынға соғады.

Республиканың ауыл шаруашылық кәсіпорындарда қолданылатын сүт өнім сапасын жоғарылату бойынша шаралар комплексі (1-сурет):



  • Орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды стандарттармен және басқа нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;

  • Өнім сапасын жақсарту саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;

  • Өндірістің тиімді технологияларын құру; тайпалық жұмысты өткізу;

  • Өндірісті өнеркәсіптік негізде ұйымдастыру;

  • Сүт өнім сапасын және оның есебін болжау;

  • Материалдық-техникалық базаны құру;

  • Кадрларды оқытып, даярлау;

  • Өнім және жұмыс сапасын бақылау;

  • Жоғары сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру;

  • Сүт өнімнің тауарлық өңдеу, сақтау және тасымалдау [8].

Одан басқа, сүттің өзіндік құны төмендеуі кезінде сиырлардың өнімділігінің өсу заңдылығы байқалады, бұл сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы сүт өндірісінің дамуы интенсивті факторлардың артықшылықтарын көрсетеді. Мысалы, Ресейдің Белгород облысының фермаларында сүт сиырлардың концентрациясы мен өндірісінің интенсивті жоғарылауы 44%-ға (450-ден 650 басқа), оның өнімділігі 63,5%-ға өсті (3150-ден 5150 кг-ға), ал 1ц сүттің өзіндік құны 5%-ға төмендеді. Сапалы сүт өндірісі есебінен өткізілетін баға да 15,9%-ға өсті. Сүт өндірісінің интенсивтілігінің өсуі сүттің бәсекеге қабілеттілігіне де оң әсерін тигізеді. Сүттің бәсеке қабілеттілігінің бағалық индексі жоғары болып сақталады (5150 кг өнімділігі кезінде Ақш тауарына қатысты 1,97 және 4255 кг сауылым кезінде Жаңа Зеландиялық тауарға қатысты бірге тең).

Сүт сапасы


Өндіріс стадиясы
Сиыр тұқымы Өндіріс құралының Санитарлық-гигиеналық

↓ сапасы шаралар



Жануардың ↓ ↓

ерекшелігі Еңбек сапасы Әлеуметтік шаралар

↓ ↓ ↓

Сиыр тұқымы Өндіріс технологиясы Сапаны экономикалық



↓ ынталандыру

Сиыр тұқымы



Тауарлық өңдеу және өткізу стадиясы

Фермерлік лаборатория → Пастерлеу →



Сақтау → Транспорттау → Зауыттық лаборатория →
Экономикалық қарым-қатынастар





Сапаны бақылау






Стандарттау және сертификаттау

жүйесі




Баға қалыптасу мен кредиттеу жүйесі



Ақау үшін экономикалық жауапкершілік

жүйесі




Ескертпе - Джумагалиева Ж.Г. автореферат

«Управление качеством продукции и обеспечение ее конкурентноспособности»

5-сурет - Ауыл шаруашылық кәсіпорында сүт өнімнің сапасына әсер ететін факторлар.

Дамыған елдер, сонымен қатар Ресейдің тәжірибесінен жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіру негізі ретінде сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация жағдайында сүт малшаруашылығының интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу, азық өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет [23].

Сүт малшаруашылығының төмен сапалы өнім өндірісінің негізгі факторлары келесі: көптеген шаруашылықтарда қажетті материалды-техникалық базаның болмауы; өндірістің ескерген технологиясы; мамандардың біліктілік деңгейінің жеткіліксізідігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.

Сапасы төмен сүт өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарлату практикасында маңызды роль атқарады [8].

Қалыптасқан жағдайда ішкі нарықта сүт өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату кәсіпорынның инновациялық қызметіне тікелей байланысты. Ол өнімнің жаңа түрлерін игеріп өңдеу, сапаның жоғары деңгейін және бағалық артықшылықтарын қамтамасыз етеді, сыртқы нарықтарға белсенді өту үшін жағдайларды қалыптастырады. Сондықтан, инновациялық қызметтің даму мәселесі талданып жатқан «ФудМастер» ЖШС үшін өте маңызды болып келеді.

Инновациялық процестерді тежейтін факторлардың ішінен мыналарды белгілеп өтейік:


  • ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, кәсіпорынның озат ғылыми-техникалық жетістіктерді игеруге дайын еместігі, жаңа технологиялар мен өткізу нарықтар туралы ақпатардың жеткіліксіздігі;

  • меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, жоғары экономикалық тәуекелдер, инновациялық процестердің ақталу мерзімінің ұзақтығы;

  • заңдық және нормативті-құқықтық құжаттардың өңделуінің жеткіліксіз деңгейі;

  • технология нарықтардың инновациялық дамуының жеткіліксіздігі [27].

Кәсіпорындардың шетелдік тәжірибесі мен анализі көптеген мемлекеттердің сүт өнеркәсібінің дамуында инновациялар маңызды рольді атқарғанын көрсетеді. Сондықтан, «ФудМастер» ЖШС үшін инновациялық қызметтің приоритетті бағыттарын таңдау өзекті мақсат болып табылады.

Отандық және шетелдік тәжірибесі мен анализі инновациялық қызметтің негізгі бағыттарын белгілейді:



  • сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;

  • жаңа фильтрация жүйесін еңгізу, сыртқы орта мен орамада микроорганизмдерді жою;

  • өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;

  • сүт өнімдердің кейбір түрлерінің өндіріс технологиясын өзгерту ─ дайындау процесін тездету (ірімшік), дәмін күшейту, азықтық бояуыштар;

  • сүт майлары өсімдік майларына бөлшектеп ауыстырылған аралас өнімді өндірске енгізіп өндіру. өсімдік майларын қаолдану тек экономикалық және шикізаттық мәселесімен ғана емес, сонымен қатар, халықтың денсаулығын жақсартумен де байланысты;

  • жаңа технологияларды патент, лизинг формаларында сатып алу, ноу-хау, сауда маркаларын, конструкцияларды, технологиялық мазмұндағы қызмет пен модельдерді ашу.

Инновациялық қызметтің бағыттарының тиімділігін бағалау «ФудМастер» ЖШС үшін маңызды мәселелерді шешіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Маркетинг пен ассортименттік саясатта бұл дәм толтырғыштар мен витаминдік қоспалар арқылы сүт өнімдерінің жаңа түрлері мен ассортиментін кеңейту болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей мұндай проекттердің ақталу мерзімі 6-12 ай.

Технико-технологиялық саясатта жаңа ресурс үнемдейтін технологияларды игеру, аммиактық суықтандырғыштан автономды фреонды құралдарға ауысу маңызды борлып келеді, ақталу мерзімі 2 жыл.

Өнімді өткізу мен өнімнің ұстанымын жақсарту сферасында инновацияның мысалы ретінде өнім өндірушілердің сату кәсіпорындарын тоңазытқыш пен басқа құралдармен қамтамасыз ету болады. Мұндай проекттердің ақталу мерзімі 1-1,5 жыл [25].

Шикі сүттің сапасын жоғарылату механизмі мен қолдануға дайын сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттіліктің маңызды элементі сүтті қолдануға байланысты фермерлік бағаның дифференциациясы болып табылады. Яғни, ішетін категория сүт үшін баға жоғары болады, өйткені оның өндірісі жоғары санитарлық нормалардың, сақтау мен өнімді тасымалдаудың қатаң шарттарының сақталуын талап етеді.

Шикі сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша ұсынылған шаралар дайын сүт өнімдерін өндіруге позитивті әсер етеді. Бірақ, қорытынды тауар бәсее қабілеттілігіне әсер ететін шикі сүт пен дайын өнім өндірісі кезінде белгілі бір арнайы шарттарды ескеру қажет [8].

Қорытындылай келсек, «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:


  • Дамыған елдер, сонымен қатар Ресейдің тәжірибесіне сүйеніп «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация жағдайында сүт малшаруашылығының интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу, азық өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет.

  • «ФудМастер» ЖШС-де инновациялық қызметті дамыту өте маңызды болып келеді, ол үшін келесі негізгі мәселелердің шешімін табу керек: ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, т.б.

  • Сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;

  • Сүт фермаларының ветеринарлы-санитарлық жағдай әрдайым тексеріп отыру;

  • Өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;

  • Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін негізге алу;

  • Өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;

  • Тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;

  • Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту; т.б.


ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену қажеттілігі отандық кәсіпорын өнімінің бәсекелес ұстанымын арттыру міндетін қойып отыр. Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтың экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі. Бұл тарапта, басты назар нарық тұтынушыларының талғамдарын қанағаттандырытын, өзгермелі сұраныс пен ақыл-ой жетістіктерінің нәтижелерін ескере отырып, өндірушінің мүмкіндіктеріне сай тұтынушылық сипаты жоғары өнім өндіруге жұмылдырылуы керек.

Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытындылар мен ұмыныстарды жасауға болады.



    1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – сапа, баға, әрлендіру, сатудан кейінгі мүмкін көрсетілетін қызметтердің қолайлы үйлесімділігі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауардың нарық жағдайларына, тұтынушы талаптарына тек сапалық, экономикалық, техникалық, эстетикалық, эргономикалықсипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен қатар, коммерциялық және оны өткізудің (жеткізу уақыты, баға, өткізу каналдары, сервис, жарнама) шарттары бойынша да сай келуін білдіретін көп аспектілі түсінік.

    2. Өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің негізгі құрауыштарын атап өтейік:

- Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.

- Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.

- Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.


    1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

- Өнім және қызмет сапасы;

- Өнім және қызмет бағасы;

- Персоналдың квалификациялық деңгейі;

- Өндірістің технологиялық деңгейі;

- Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;

- Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.



    1. Қазіргі таңда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Олардың бәрін бәсеке қабілеттілігін бағалаудың екі базалық топқа біріктіруге болды:

  • Дифференциалды бағалау нәтижесінде базалық техниканың параметрлер деңгейі жеткілікті ме, қандай параметрлер бойынша ол қанағаттандырады, қай параметрлер базалық параметрлерден қатты ерекшеленеді деген мәселелер шешіледі;

  • Комплексті кәсіпорын өнімінің аналог-бәсекелес өнімдерімен топтық, интегралды, аралас көрсеткіштер бойынша салыстыруға негізделеді.

    1. Әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ­стан шеткері қалмау керек. Дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны­мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Диплом жұмысымның зерттеу объектісі ─ «ФудМастер» ЖШС Қазақстанның осы мақсатына үлес қосушы болып табылады. Оның алдында өндірісті жақсарту және тұтынушыларға аса пайдалы, сенімге тұрарлық сапалы өнім сату міндеттері тұр. Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 –2000 сертификаты «ФудМастер» Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Бұл компанияның өнімдері келесідей ассортиментте: «Фруктовый лед», «Вафельный стаканчик», «Пластик», «Батончик», «Макси», «Африка».

    2. Кәсіпорынның 2004, 2005 жылдардағы мәліметтері бойынша дамуын зерттедім. Талдаудан жалпы кәсіпорынның жағдайын жақсару үстінде деп айтуға болады. Оған дәләл ретінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, қаржы тұрақтылығын, табыстылығын және қызмет белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер бола алады. Бұл көрсеткіштер 2005 жылы 2004 жылға қарағанда айтарлықтай жоғарылаған. Және алдағы жылдары өте жақсы нәтижелерге жетіп, дамитынына көзіміз жетіп отыр.

    3. Сүт өнімдері нарығындағы қызмет ететін «ФудМастер» ЖШС өнімін бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін комплексті әдісті пайдаландым. Бәсекелестері негізінде Агропродукт, Веселый молочник, Кайсар, Адал, Домик в деревне, Мое, Айналайын, Белое және Мумуня өнімдері алынды. Бағалау сүт, кефир, сүзбе, қаймақ және балмұздақ өнімдері бойынша жүргізілді. «ФудМастер» ЖШС-нің өнімдерін талдап, мынандай қорытындыға келеміз: «ФудМастер» ЖШС-нің өнімдері ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болып келеді. Әсіресе бұл кефир, қаймақ және балмұздақ өнімдерінен көрінеді, олар бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға ие болған. Ал сүт пен сүзбе өнімдері екінші орынға ие болғандықтан, талдаудан біз өнімдердің тартымдылық деңгейін өсіру керек; барлық өнімнің сапасы қанағаттандырады, жоғары деген шешімге келдік.

8. «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:

  • Дамыған елдер, сонымен қатар Ресейдің тәжірибесіне сүйеніп «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация жағдайында сүт малшаруашылығының интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу, азық өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет.

  • «ФудМастер» ЖШС-де инновациялық қызметті дамыту өте маңызды болып келеді, ол үшін келесі негізгі мәселелердің шешімін табу керек: ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, т.б.

  • Сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;

  • Сүт фермаларының ветеринарлы-санитарлық жағдай әрдайым тексеріп отыру;

  • Өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;

  • Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін негізге алу;

  • Өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;

  • Тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;

  • Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту; т.б.

Тамақ өнеркәсібінің салаларында өндірілетін өнімдер тікелей адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты. Сондықтан да, осы ерекшеліктерге сай, өнімнің сапалық қасиеттерін бағалау өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын басты факторға жатады. Ішкі нарықтағы бәсекелік орта, сыртқы тасымалдаушылардың ықпалы отандық өндірушілерді өз өнімдерінің бағалық сипаттарынанықтауды, сондай-ақ, жетілген нарықта, өндірушінің беделі мен танымалдылығы сынды ерекшеліктері арқылы, оның тартымдылық қасиеттерін бағалауды да негізгі міндеттердің қатарына қосады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ


  1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы // Астана, 2006 жылғы 1 наурыз.

  2. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Астана, 2007 жылғы 28 ақпан

3. «Бәсеке және монополияны шектеу туралы» ҚР-ның заңы

4. ҚР-ның статистикалық жинақ 2005

5. ҚР-ның статистикалық жинақ 2006

6. Отраслевая подпрограмма «Производство и переработка молока 2004-

-2005 годы» Астана, 2004

7. Ж. Байтілесов Қазақстан-БСҰ: жаңа заңдар мен жаңаша көзқарас қажет

www.Google.kz

8. Тасбай СИМАМБАЕВ, Сенат депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.  Жоба межесі жоғары 

9. А. Сосков Чтобы конкуренты не задушили // Я покупатель и собственник 3 ноября 2006г.

10. Сүт және сүт өнімдерінің сапасын жақсарту мәселелері. Жаршы «Бастау», 2003, №5

11. Формирование конкурентоспособности сельскохозяйственных товаров в условиях конкурентной среды // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. Алматы, серия экономическая, 2006, №2

12. Формы и методы государственного регулирования качеств продукции и их совершенствования // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. - Алматы, серия экономическая, 2006, №3

13. Әмірбекұлы Е. автореферат Алматы, 2004ж.

Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру

14. Сазанова Ж.О. автореферат

Шаруа қожалықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.-Алматы, 2005

15. Джумагалиева Ж.Г. автореферат

Управление качеством продукции и обеспечение ее конкурентноспособности.-Алматы, 2004г.

16. Нурпеисова М.М. автореферат

Повышение качества и конкурентноспособности потребительских товаров Казахстана.-Алматы, 1998г.

17. Богданов К.В. Конкуренция и конкурентоспособность (курсовая работа)

М, 2002

18. Галкина О. Оценка конкурентоспособности товара (курсовая работа) Таллинн 2002



19. Коммисаров А.В. Разработка программы стимулирования сбыта (дипломная работа) Омск 1997

20. Макарова Н.Н. Продвижение товара: Public relations (курсовая работа)

Ялта 2001

21. Москаленко С.В. Стратегические направления в развитии конкурентоспособности фирмы (курсовая работа) М.1996

22. Раздорский О.С. Оценка и повышение конкурентоспособности товаров

(курсовая работа) Самара 2002

23. Барнгольц О.Б. Экономический анализ хозяйственной деятельности

предприятий и объединений - М,1986..

24. Годин А.М. Маркетинг: Учебное пособие. - М.: Прогресс, 2001

25. Голубков Е.П. Маркетинговые исследования. - М: Филипресс, 1998г

26. Дюсембаева К.Ш. Анализ финансового положения предприятия - Алматы: Экономика, 1998г

27. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы - Алматы: Экономика,2002ж.

28. Ковалев А.И. Маркетинговый анализ: Учебное пособие.- М.: Контакт,2000

29. Ковалев В.Р. Анализ хозяйственной деятельности предприятия - М, 2000.

30. Козлов Е.Н. Товар и товарная политика. // Экономика строительства.2001№1

31. Магомедов Ш.Л. Определение показателей конкурентоспособности товаров. // СТК.2000.№9.С.78-79.

32. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы Алматы: Экономика, 2003ж.

33. Печенкин А,.Фомин В. Об оценке конкурентоспособности товаров и

товаропроизводителей // Маркетинг.2000.№2.С.23-26

34. Савицкая В.Г. Анализ финансового хозяйственной деятельности -

Москва,2000г

35. Под ред. Сафронова,Зайцева Н.Л. Экономика предприятия - Москва, 2004г.

37. Фатхутдинов Р.А. Менеджмент конкурентоспособности товара. М.:АО

«Бизнес-школа Интел-синтез».1995.203с.

38. Meyer H. Aspekte der Konkurrenzfдhigkeit (доклад на собрании Швейцарского союза торговых фирм) Zьrich 1998

39. Материалы журнала “Marketing. Zeitschrift fоr Forschung und Planung”



Mьnchen und Frankfurt за 2001-2002 годы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет