Сарабекова ботагөЗ ҚҰрылыс кәсіпорындары қызметінің БӘсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары



жүктеу 360.18 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі360.18 Kb.
ҚОРҚЫТ АТА атындағы ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 338:339.137:624 Қолжазба құқығында



САРАБЕКОВА БОТАГӨЗ

ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

(Қызылорда облысы Құрылыс және саулет басқармасы мәліметтері негізінде)

6М050600 – Экономика мамандығы бойынша

экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

рефераты

Қызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты                                                                                               А.Е. Муханова


Ресми оппонент: экономика ғылымдарының кандидаты

Салтанат Болатқызы

Диссертацияны қорғау 2012 ж ____ маусымда ____ сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А.

( бас оқу ғимараты, № 308 дәрісхана)

Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру міндетін адал бәсекелі орта болған кезде ғана шешуге болады, бұл өз кезегінде, күшті монополияға қарсы жүйенің қалыптасуына байланысты.

Бәсекелестікті дамыту саласындағы негізгі міндеттер нарық субъектілерінің үстем жағдайды асыра пайдалануының алдын алуға, теріс пиғылды бәсекені және бәсекеге қарсы келісімдердің жасалуын болдырмауға, экономикалық шоғырлануды бақылауға және тауар нарықтарының тиімді әрі серпінді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға келіп тіреледі.

Үкімет серіктестік қатынастар негізінде кәсіпкерлікті дамытуға кеңінен қолдау көрсету қажет. Бұл ретте салық режимін жетілдіру мемлекет саясатының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі құралдарының бірі ғана болып табылатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін басты басымдық бәсекені дамыту болуы тиіс.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндірістік және өнімді өткізу қызметін басқару жүйесінің нәтижелілігін, жемістілігін анықтайтын қорытынды көрсеткіш ретінде бағалануы тиіс. Мұндай көзқарас нарықтың талаптарына барынша толық жауап беретін кәсіпорынды басқарудың маркетингтік концепциясына негізделген. Бәсекелестік стратегиясын жүзеге асыру барысында кәсіпорынның ресурстарын тиімді шоғырландыруға және нарық пен макроорта факторларын икемді қолдануға мүмкіндік беретін маркетинг құралдарының жиынтығы пайдаланылады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндіретін және сататын тауарының жоғары сапалы ерекше қасиеттері мен клиенттері үшін тартымдылығымен ғана анықталмайды. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің неғұрлым жалпылама белгісі – оның нарықта жемісті қызмет атқаруға қабілеттілігі. Мұндай қабілеттіліктің дәрежесін сол кәсіпорынның қызмет атқаратын саласындағы жұмыстарды атқаруға берілетін тапсырыстарды ұту фактілері айқындайды.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері бойынша арнайы ғылыми зерттеу жүргізген шетелдік авторлардың ішінде, әсіресе, А. Cмиттің, В.А. Сокольскийдің, И.Г. Лукманованың, В.З. Черняктың, С.И. Абрамовтың, В.Я. Шайтановтың, Ф.Н. Кузнецовтың, Ю. Симионовтың, В.С. Резниченконың, Н.Н. Ленинцевтың, В.И. Кошкиннің еңбектерінде қарастырылды.

ТМД елдерінің құрылыс экономикасындағы бәсекелестік қызмет туралы төмендегі экономист-ғалымдардың әзірлемесі алынды: В.А. Лукинов, И.В. Попова, М. Подобед, Е.А. Рыжов И.С. Степанов, Х.М. Гумба, П.Г. Грабовый, С.А. Баронин, И.Я. Погребной, В.С. Казейкин, Б.Б. Хрусталев және т.б.

Отандық экономистер экономикадағы бәсекелестік пен құрылыс саласындағы бәсекелестік ортаны құру жайлы, оның ішінде тұрғын үйді және тағы басқа кәсіпорындарды дамытудың нарықтық жағдайындағы экономикалық тиімділігін бағалау мәселелері жөнінен ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдар:
Ө.Қ. Шеденовтың, А.Қ. Қошановтың, Е.А. Түркебаевтың,
Қ. Оқаевтың, О.Қ. Қалдыбаевтың, Р.Е. Елемесовтың, Е.Б. Жатқанбаевтың,
Қ.С. Мұхтарованың, М.С. Төлегенованың, Қ.Е. Кубаевтың,
С.С. Оспановтың, Т.Б. Баяхметовтың, А.Қ. Мейірбековтың, Д.К. Оңдасынованың және Г.Б. Халелованың еңбектерінде қарастырылған.

Сондықтан, да құрылыс саласындағы бәсекеге қабілеттілік проблемасы зерттеуді қажет ететін және қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді қарастырылып отыр.



Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалау мен өндірістік, қаржылық қызметті мен басқару бағыттарын жетілдіру.

Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:

- кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін реттеуді теориялық тұрғыдан зерделеу;

- құрылыс нарығының даму тенденциялары мен экономикалық ресурстарының тиімділігін талдау;

- құрылыстағы бәсекелестік қызметтер нарығының ерекшеліктерін талдау мен оған әсер етуші көрсеткіштерді бағалау;

- құрылыс кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары мен бағыттарын айқындау;

- құрылыс ұйымының бәсекеге қабілеттілігін бағалауда маркетингтік стратегияларын әзірлеу бойынша ұсыныстар жасау.



Зерттеу нысаны – Қызылорда облысы құрылыс ұйымдары мен мекемелері.

Зерттеу пәні: Қызылорда облысы құрылыс экономикасы қалыптасуының теориялық негіздері мен ерекшеліктері, құрылысты дамытудың стратегиялық бағыттары.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, бәсекелестік теориясы мен құрылыс экономикасы саласындағы шетелдік, отандық ғалымдардың еңбектері, заңдық-нормативтік актілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы және басқа материалдар құрады.

Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының Құрылыс және Сәулет басқармасы, Қызылорда облысы статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары.

Зерттеу тәсілдері. Абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық, салыстырмалы талдаулар, экономика-математикалық, болжамдау әдістерін қолдану көмегімен жүргізілді.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде құрылыстағы бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін анықтау мен қатар экономикалық талдау жасау арқылы жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:

- экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті реттеудің теориялық негіздерін тереңдете негізделді;

- аймақтағы құрылыс нарығының даму бағыттары мен ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, экономикалық ресурстардың тиімділігі анықталды;

- құрылыс нарығының бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері бойынша, құрылыстың сметалық құны, құрылыс кәсіпорындарының қаржылық көрсеткіштері, тендердің қорытындысы нәтижесінде назар аударуды қажет ететін көрсеткіштер айқындалды;

- құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалау шаралары мен бағыттарын нақтыланды;

- құрылыс кәсіпорындары жұмысының бәсекеге қабілеттілігін айқындаудағы стратегиялық бағыттары мен басқарушылық ерекшеліктері ұсынылды.



Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

- құрылыстағы бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың теориялық-әдістемелік мәселелері қарастырылды;

- құрылыс нарығының ағымдағы жағдайы зерттеліп, даму бағыттары ұсынылды;

- құрылыс ресурстарын пайдалану тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері анықталды;

- құрылыстағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтаудың бағыттары мен шаралары ұсынылды;

- құрылыстағы маркетингтік ортаның әсеріне болжам жасалды.



Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Құрылыс кәсіпорындарының тұрақты бәсекелестік жағдайы мен оның белсенділігін арттыру негізінде, басқаруға процестері мен бәсекеге қабілеттілікті бағалау әдістемесін жасауға бағытталған қорытындылар мен ұсыныстардың негізі айқындалған. Сонымен бірге, жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары жоғарғы оқу орындарының экономикалық мамандықтары бойынша «Өндірістік менеджмент», «Кәсіпорындар экономикасы», «Инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеу» курстарын оқыту барысында қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу ( апробациясы). Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары аймақтық ғылыми басылымдарда жарияланған: «20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» облыстық ғылыми тәжірибелік конференция. Қызылорда, 2012ж. Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,4 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облысы Қала және сәулет басқармасында қолданылды.



Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 84 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Экономикадағы    бәсекелестік      қатынастардың  теориялық негіздері

Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамалары халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылықтарды қолдану теориясына негізделген (арзан жұмыс күші, бай табиғи ресурстар және т.б.). Бәсеке индустриалды қоғамның қарқынды дамуының негізін құрайды. Жалпы, бәсеке деген не? М.Вебердің анықтамасы бойынша: «Бәсеке – бұл басқалар да қажет ететін артықшылықтар мен мүмкіндіктерге бақылау орнатудың бейбіт әдістері».

Бәсекенің пайда болуының басты алғышарты – бір мезетте бірнеше агенттердің белгілі бір күштер арқылы иелік етуге ұмтылатын шектеулі ресурстың болуы. Аталған элементтер, яғни ресурстың шектеулігі, оның тартымдылығы және рыноктың бірнеше қатысушысы үшін қол жеткізу мүмкіндігі - бәсекенің пайда болуы үшін міндетті шарттар болып табылады. Егер ресурс шексіз және тартымсыз болса, онда бәсеке немесе бәсекелестік мәселесі туындамайды. Осылайша, біз «бәсеке» деген ұғымға өзіндік түсініктеме беруге тырысамыз, яғни: «Бәсеке дегеніміз – бұл екі немесе онан да көп агенттер тарапынан арнайы күш-қайратын жұмсау арқылы белгілі бір шектеулі ресурсқа қол жеткізуге бағытталған іс-әрекет».

Қазіргі таңдағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігіне профессор Майкл Портер төмендегідей мінездеме берген:

- Жалпы экономиканың жағдайы жақсарғанымен, еңбек өнімділігі төмен болып қалуда;

- Өндіріс факторларының өнімділігінің жалпы өсуі байқалғанымен, ол уақытша сыртқы факторлардың ықпалынан жүзеге асуда, ал шынайы бәсекеге қабілеттілік қалыптасқан жоқ;

- Экспорттың жалпы өсуі байқалуда, бірақ табиғи ресурстар секторынан басқа салалардағы экспорттық позициялары төменгі деңгейде қалуда;

- Тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі ТМД елдерінің арасында алда, бірақ олар табиғи ресурстар секторына тәуелді;

- Инновациялық қызмет жоққа тән;

- Қазақстан өз кластерлерін жаңғырту мен жаңартуды жалғастыра түсуі керек. Табиғи ресурстар кластерлері жақын болашақта Қазақстан экономикасының негізі болып қала береді;

- Қазақстан табиғи ресурстарды өндіру салаларынан тыс өндіріс салаларының негізін қалаушы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тырысуы тиіс.

Алғашқы жағдайда өңірдің бәсекеге қабілеттілік көздері барынша дамыған және барынша арзан өндіріс факторлары есебінен қамтамасыз етіледі (негізінен еңбек және капитал). Ал екінші жағдайда бұл – ең алдымен, өңірдегі бәсекелестік өндірістердің дамуына ықпал ететін институционалды шарттар. Яғни, бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік саясаты дегеніміз - өңірлік бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету мен жетілдіру саясаты (1-сурет).

Біздің көзқарасымыз бойынша, өңірлік бәсекелестік артықшылықтар дегеніміз белгілі бір өңірде қалыптасқан және осы өңірді басқа аумақтық құрылымдардан ерекшелендіретін ресурстық, технологиялық және институционалдық шарттар болып табылады. Мұндағы:


  • ресурстық бәсекелестік артықшылықтар: табиғи ресурстар, арзан, әрі білікті жұмыс күші, тиімді географиялық орналасу, дамыған инфрақұрылым;

- технологиялық артықшылықтар: заманауи технологиялардың болуы, дамыған ғылыми-біліми әлеует, ақпараттық-байланыс технологияларының дамуы;

  • институционалдық бәсекелестік артықшылықтар кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге қатысты жалпы экономикалық шарттардан: рыноктық инфрақұрылымның дамуы, қолайлы салықтық режим, кредиттерге қол жеткізу жеңілдігі, әкімгершілік кедергілердің төмендігі сияқты шарттардың жиынтығынан құралады.


полотно 18
1сурет - Бәсекеге қабілеттілікті жетілдірудегі өңірлік саясаттың негізгі бағыттары

Ескерту- Әдебиеттер негізінде автордың құрастырулары


Даму және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының сарапшылары мемлекеттің қатысуымен өңірлік дамудың екі түрін бөліп көрсетті:

  1. Экзогенді даму – мемлекеттік органдар билігі тарапынан өте күшті бақылау;

  2. Эндогенді даму – мемлекеттік араласудың әлсіздігі, яғни жанама реттеу (салықтық жеңілдіктер, гранттар).

Бәсекеге қабілеттілікті арттыруда маңызды орынды инновациялар алады. Біріншіден, жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер инновациясы өңірдің шаруашылық субъектілеріне өндірілетін өнімдердің шығындары мен сапасы бойынша басымдылықтарды қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарды меңгеруге мүмкіндік береді. Екіншіден, инновациялар өңірде жоқ немесе жетіспейтін ресурстардың орнын толықтыра алады, мысалы, электр энергиясының, судың тапшылығын, қолайсыз географиялық орналасуды және т.б.

Құрылыс қызметтері саласындағы бәсекелестік ұлттық деңгейге дейін көтеріліп, халықаралық құбылысқа айналды. Құрылыс қызметтері қызмет көрсету нарығына тән барлық қасиеттерге ие. Ең басты ұқсастығы – құрылыс жұмыстары аяқталғанша ғимаратты немесе құрылғыны көру және пайдалану мүмкін емес. Мұндай жағдайларда салынуға тиіс объектінің сапалық қасиеттері жобалау – сметалық құжаттарында көрсетілген. Ал, жобалау – сметалық құжаттарына қойылатын талаптар барлық бәсекелесуші фирмалар үшін ортақ. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізудің нақты орындалуы осы фирманың жұмыстардың белгілі бір түрлерін жүргізуге рұқсат алғандығын дәлелдейтін лицензиясының негізінде қамтамасыз етіледі. Сондықтан да, құрылыс қызметтері нарығындағы бәсекелестік бағаға негізделген. Баға деңгейінен басқа бәсекелестік басымдықтарына құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімдері, қаржыландырудың айрықша шарттары және басқа қосымша қызметтер мен жағдайлар жатады.

Құрылыс компаниясының шынайы бәсекелестік қабілетін тендер аяқталғаннан соң, мердігерлік тапсырыстың иесі анықталғаннан кейін бағалауға болады. Мердігерлік тапсырысты ұтқан жағдайда, құрылыс компаниясының басқа бәсекелестермен салыстырғандағы бәсекеге қабілеттілігінің жоғары екені дәлелденеді.

Құрылыс қызметтері нарығында бәсекелік қатынастарды жүзеге асырудың негізгі механизмі мердігерлік тендерлер мен инвестициялық конкурстар болып табылады.

Тендер – аукционға ұқсас, белгілі бір тәртіппен өткізілетін құрылыс компанияларының арасынан құрылыс жұмыстарын жүргізушіні таңдап алу процесі.Тендерге қатысу көпжақты стратегиялық міндет екені белгілі.
2 Қызылорда облысындағы   құрылыс        нарығының   даму тенденциялары талдау

Соңғы жылдары Қызылорда облысында да құрылыс өнеркәсібінің қарқынды дамуы байқалады. Тұрғын үй қоры регистрінің мәліметтері бойынша, Қызылорда облысындағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 9 992 806 шаршы. метрді құрайды, оның ішінде Қызылорда қаласында - 3 316 600 шаршы м. және ауылдық жерлерде - 6 676 206 шаршы м.. Көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесіне 1636 176 шаршы м. немесе 16,5%, жеке меншіктегі тұрғын үйлердің үлесіне – 8 346 630 шаршы м. немесе 83,5%-ы тиесілі .

2006-2010 жылдар аралығында облыста жалпы ауданы 766 732 шаршы м. тұрғын үй пайдалануға берілген, оның ішінде: 2008 жылы – 164 284; 2009 жылы – 220 431; 2010 жылы - 225 112 шаршы метр .

Құрылыс саласын онан әрі дамыту бағытында облыс көлемінде төмендегідей шараларды жүзеге асыру белгіленген;

- Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында күйдірілген қыш өндіруші зауыттар салу;

- Қазалы ауданындағы кірпіш және темір-бетон бұйымдарын өндіруші зауытты өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында техникалық толық қайта жарақтандыру;

- облыс көлемінде 2004-2010 жылдарда іске асырылуы тиіс құрылыс материалдарын өндіру бойынша инвестициялық жобалардың толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды жұмыстар жүргізу. Өткен жылы құрылысқа 8,5 млрд. теңге салынса, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға жоға­рылаған. Бұл мерзімде 252 мың шаршы метр тұрғын үй пайда­лануға берілген. Осылайша баспанаға қолы жетпей жүрген жүздеген адам қоныс тойын тойлады.

Өнеркәсіп саласында 774,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны байқалып, 2009 жылмен салыстырғанда 48,6 пайызға артып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 251,3 млрд.теңгені құрады немесе 2009 жылмен салыстырғанда 40,6 пайызға артып отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,3 пайызға артып отыр. 251,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазақстанның индустрияландыру Картасына облыстан құны 45 млрд.теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба енгізілді, атап айтқанда республикалық картаға – 27,6 млрд.теңгенің 3 жобасы, аймақтық картаға – 18,2 млрд.теңгенің 10 жобасы.


Кесте1 - Экономика салалары бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар

нақты қолданыстағы бағалар бойынша млн. теңге



Салалар бойынша

2009ж


2010ж

2011ж

Ауытқу

+,-

%

Тұтастай экономика бойынша

32434

53093

42900

-10193

80.8

Соның ішінде: экономикалық қызмет түрлері бойынша Ауыл шаруашылығы

59

569

87

-482

15.3


Балық аулау, балық өсіру

4

-

-

-

-

Өнеркәсіп

27486

40493

24321

-16172

60,6

соның ішінде:кен өндіру өнеркәсібі

27244

38818

23574

-15244

60,7

өңдеу өнеркәсібі электр энергиясын,

газ бен су өндіру және бөлу


54

29

112

83

3,8е


Құрылыс

604

1298

1725

454

132

Сауда, автомобильдері; тұрмыстық бұйымдары және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу

284

198

356

158

179

Қонақ үйлер мен мейрамханалар


29

26

129

103

4,9се

Көлік және байланыс


404

629

986

357

156

Қаржы қызметі

16

31

36

5

116

Жылжымайтын мүліктермен операциялар, жалгерлік және тұтынушыларға қызмет көрсету

2033

4201

5137

936

122


Мемлекеттік басқару

1190

5278

9901

4623

187

Білім беру

161

249

151

- 98

60,6

Денсаулық сақтаужәне әлеуметтік қызмет көрсету

137

37

40

3

108

Коммунальдық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсетуді ұсыну

27

20

30

10

150

Ескерту – Қызылорда облысы инвестициялық қызметі арнайы дайындалған мәліметтері негізінде

Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, тұтастай экономика саласына тартылған инвестиция көлемі 2011жылы 2009 жылға қарағанда 10193 млн. теңгеге 19,2%-ға кеміген. Демек, сырттан тартылған инвестиция көлемінің азаюы, кәсіпорындардың өз қаражаттары мен жұмыс атқарғандығын көрсетеді. Сол сияқты ауылшаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 84%-ға дейін кеміген. Өнеркәсіп саласында 40%-ға төмендеген. Ал бұл көрсеткіштерге керісінше, құрылыс, қонақ үйлер, көлік және байланыс қызметіне жұмсалған инвестициялар көлемі көбейіп отыр. Көрсеткіштерге сүйене отырып, облыста жеке кәсіпкерлік үшін жұмсалған инвестиция көлемінің көбейгені байқалады. Олардың ішінен 2010 жылға жоспарланған жалпы құны 26 млрд. теңгеден асатын 11 жоба іске асырылды. Осының арқасында 400-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Құрылысқа қарқын берген Қызылорда еліміз аймақтары арасында алғашқы үштіктен көрінді. Биылғы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында облыс құрылыс­шыларының тартуы сүбелі бол­мақ. Аймақта ауылдағы спорт алаңдарынан бастап ірі әлеу­меттік-өндірістік нысандарды қоса есептегенде 400-ге тарта нысан құрылыстары жүргізілуде. Осыдан саланың ауқымын бай­қай беріңіз. Ал, алғашқы жартыжылдықта 91 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы іске қосылды, бұл өткен мерзімнен 18 пайызға артық. Бір ғана тұрғын үй құрылысын салуға респуб­ликалық және облыстық бюд­жеттен 2,5 млрд. теңге бөлінген.

Кесте 2 - Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыру көздері





Қаржыландару көздері

2009ж

2010ж

2011ж

Ауытқу

+,-

%

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар

Барлығы соның ішінде қаржыландыру көздері бойынша:


32434

53093

42900

-10193

80,8


Меншікті қаражат

29054

45295

25957

-19338

57,0

Тартылған қаражат оның ішінде:

3380

7797

16943

9146

2,7

есе


Банк кредиттері

254

1324

1336

12

100,9

Одан шетел банкілерінің (бейредиденттердің)

-

1296

-

-

-

Басқа да шетел қаражаттары (бейредиденттердің)

1009

612

7907

7295

12,9

есе

Бюджет қаражаты

1983

5601

7689

2088

137


Басқа да қаражаттар

134

260

11

249

4,23

Ескерту- Қызылорда облысының инвестициялық қызметі арнайы дайындалған мәліметтер негізінде

Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыру көздері негізінен меншік қаражаттары есебінен жүзеге асырылуда. 2011 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар оның ішінде меншік қаражаттары 2010 жылмен салыстырғанда 19338 млн. теңгеге 43%-ға кеміген. Ал сыртттан тартылған қаражаттар есебі 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артқан. Банктік кредиттер көлемі де 2010 жылы 1324 млн. теңгені құраса, 2011 жылы 1336 млн. теңгені құрап, 12 млн. теңгеге көбейген. Бұдан басқа да шет елдік қаражаттар көлемі 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 12,9 есеге артып отыр. Соымен қатар, бюджеттік қаражат есебіне қаржыландыру жұмыстары да 37 %-ға жоғарылаған. Енді облыстағы қаржыны ең көп қажет ететін құрылыс қызметінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталатын болсақ (Кесте 3)

Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, жалпы аумақтық өнімдегі құрылыстың үлесі 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 6%-ке жоғарылаған. Құрылысқа салынған инвестициялар көлемі 16%-кеміген. Осыған, сәйкес құрылыс- монтаж жұмыстарының 42,9%-ға артып отырғаны байқалады. Ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі керісінше, 40%-ға жоғарылаған. Облыс бойынша құрылыс ұйымдарының саны 2010 жылы 268 мекеме жұмыс атқарса, 2011жылы 291 мекеме жұмыс атқарып мекемелердің саны 23 – ке көбейіп отыр. Осы құрылыс ұйымдарында жұмыс атқаратын адамдар саны 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2022 адамға көбейген. Ал құрылыста жұмыс істейтіндердің орташа айлық жалақы мөлшері 58071 теңгені құрайды. Тұрғын үйлерді іске қосу жалпы алаңы бойынша 2011жылы 2010жылға қарағанда 17484 шаршы метерге көбейгені байқалады. Оның ішінде жеке құрылыс салушылар есебінен 8%-ке көбейген. Жалпы білім беретін мектептерді іске қосу есебінен 2010жылға қарағанда 2011жылы 2,6 есеге көбейген. Демек, облыстағы 2011 жылы 11 мектептің құрылысының жүзеге асуы осы қаражаттың есебінен жүргізілді.

Кесте 3- Құрылыс қызметінің әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері





Көрсеткіштер

2009ж

2010ж

2011ж

Ауытқу

2011/2010



+,-

%

Жалпы аумақтық өнімдегі құрылыстың үлесі, %

17,9

22,7

24,1

1,4

106


Негізгі құрал жабдықтарды іске қосу, млн.теңге

18043

30695

24378

-6317

79.4


Құрылысқа салынған инвестициялар, млн. теңге

29555

48061

55803

7742

116


Құрылыс-монтаж жұмыстары млн. теңге

21481

33287

48752

15465

146

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі млн. теңге

5153

9336

13156

3820

140


Құрылыс ұйымдарының саны

177

268

291

23

133

Құрылыста жұмыс істейтіндердің орташа жылдық саны, адам

4322

5806

7828

2022

134

Құрылыста жұмыс істейтіндердің орташа айлық жалақысы, теңге

23768

42901

58071

15170

135

Тұрғын үйлерді іске қосу, жалпы алаңы шаршы метр соның ішінде:

45692

74007

91491

17484

123

Жеке құрылыс салушылармен

45692

56184

60755

4571

108

Халықты 1000 адамға шаққанда салынған тұрғын үйлер қамтамасыз ету, шаршы метр

75,6

122,2

149,5

27.3

122

Жалпы білім беретін мектептерді іске қосу, оқушы саны

350

325

864

539

2.6есе

Ауруханаларды іске қосу, төсек

410

480

520

40

108

Амбулатория-емханалық мекемелерді іске қосу,

1200

1314

1355

41

103

Ескерту- Қызылорда облысының инвестициялық қызметі мәліметтері негізінде

Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты факторлар әсер етеді:

– өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық

деңгейі;


– жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;

– қәзіргі заманға сай автаматтандырылған және роботтандырылған

өндіріс құралдарын енгізу.

Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.

Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен бәсеке қабілетті басқару жүйесін құру. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек .


  1. Құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін басқаруды жетілдіру жолдары

Бәсекелестікке қабілеттілік көрсеткіші құрылыс компаниясының қызметінің жемістілігін көрсететін басты белгі ретінде қарастырылды. Құрылыс компаниясының бәсекелестермен күресі барысында нарықтағы өз үлесін жеңіп алу мен сақтап қалуға қажетті ішкі әлеуеттік мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалана отырып фирманы басқарудың әдістері мен тәсілдерін жасау, жолдарын ашу қажет. Ол үшін ең алдымен бәсекелестікке қабілеттілік көрсеткішінің басқа көрсеткіштердің арасындағы орнын анықтап, болашақтағы қызметті жоспарлаудың әртүрлі деңгейлеріндегі қолданылу мүмкіндігін айқындаған жөн. Фирма қызметінің жемістілігін бағалаудың ағымдағы және стратегиялық әдістері белгілі.

Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында дамуы үшін нарықтағы барлық өзгерістерді, яғни тұтынушылардың талаптарын, баға­лардың арақатынасын, сондай-ақ жаңа өнімдердің жасалуын, дистри­бьюторлық желіге жаңа элементтердің енгізілуін қадағалауы тиіс.

Өнім қоржынын қалыптастыру мен талдауды, сондай-ақ функционалдық стратегияларды анықтауды стратегиялық келешекті ескеріп іске асыру қажет.

Алдымен бұл үшін сыртқы ортаны (бәсекелестерді, жеткізушілерді, тұтынушыларды, зерттеу, PEST-талдау және т.б.), содан кейін қолданыстағы жағдайды және кәсіпорынның мүмкіндіктерін (техникалық, техно­логиялық, қаржы, шикізаттық және т.б.) талдау, келесі кезеңде – SWOT-талдауды, басқаша айтқанда бастапқы стратегиялық талдаудың матрицасын қолдану қажет.

Бұл сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі аспектілерінің өзара іс-әрекет жасауын ескеруге және кәсіпорындардың дамуының оңтайлы стратегиясын таңдауға көмектесетін ең қарапайым әрі қол жеткізімді әдіс.

SWOT-талдау – кәсіпорын стратегиясын қалыптастырудың ықтимал тәсілдемелерінің бірі ғана екенін атап өткен орынды. Егер менеджер SWOT-талдаумен қатар стратегиялық жоспарлаудың басқа да әдістерін қолдануға әрекет жасаса бұдан жақсы нәтиже алынады.

Бұл жағдайда біз жоғарыда алынған екі құрылыс мекемесінің мысалында қарастырғанды жөн көріп отырмыз. «Асар- Құрылыс» ЖШС-гі және «Қызылорда–V» ЖШС-нің мәліметтері бойынша талдау жасаймыз. Кәсіпорындардың негізгі стратегиялық мақсатын әзірлеуде SWOT-талдауды қолдану арқылы нәтижелерді қарастыратын болсақ. Осы кәсіпорынның қызмет көрсету нарығындағы жағдайы мен құрылыстың сапасына байланысты бөлінеді. Атап көрсететін болсақ;
Кесте 4 – Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін бағалау


Көрсеткіштер

«Асар- Құрылыс» ЖШС

мәліметтері



«Қызылорда –V» ЖШС

мәліметтері



Меншік капиталы, мың теңге

247376

452115

Заемдық капитал ,мың теңге

195001

193764


Резервтік капитал, мың теңге

3166

3456

Бөлінбеген табыс, мың теңге

208886

338123

Өнім өткізуден түскен табыс, мың теңге

487737

621543

Жалпы табыс, мың теңге

179592

224479

Таза табыс, мың теңге

52893

124308

Капитал рентабельділігі,%

13,23

19,24

Өткізу рентабельділігі,%

13,9

20,0

Ескерту- Кәсіпорындардың баланстық мәліметтері негізінде автордың есептеулері

Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, «Асар- Құрылыс» ЖШС-гі және «Қызылорда –V» ЖШС-нің мәліметтері бойынша талдау жасайтын болсақ, бір ғана көрсеткіш таза табыс көлемі бірінші кәсіпорын бойынша 52893 мың теңгеге тең болса, екіншң кәсіпорын бойынша 124308 мың теңгеге тең болып бірінші кәсіпорынға қарағанда 2 есе артық екендігі байқалады. Капиталдың рентабельділігі 7%-ке жоғары болса, қызмет көрсету рентабельділігі 6%-ке жоғары. Демек, зерттеу нәтижесі бойынша құрылыс кәсіпорындарының ішінен «Қызылорда –V» ЖШС-нің тендерлерге қатысу мүмкіндіктері жоғары екендігі байқалады.

Бәсекеге қабілеттілікті кәсіпорынның рейтингін әзірлеу негізінде бәсекеге қабілеттілік факторларының жиынтық ықпалының негізіндегі бәсекеге қабілеттілік құрамдастарының жиынтық ықпалын ескере отырып бағалауға болады. Осылай бағалау міндетті түрде ресми есептілік деректеріне негізделуге тиіс. Жоғарыдағы көрсеткіштерге сүйене отырып, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін төмендегі деңгейде көрсететін болсақ.

Кесте5 - «Асар- Құрылыс» ЖШС- нің стратегиялық болжамдық коэффициенттері



Көрсеткіштер

2011ж

2012ж

2013ж

2014ж

2015ж

Kr операциялық қызметтің тиімділік коэффициенті

1,008

1,005

0,940

0,893

0,906

KI стратегиялық болжамдау коэффициенті.

1,017

1,035

0,987

0,970

0,936

K- Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік коэффициенті

1,025

1,040

0,927

0,866

0,848

Ескерту- Кәсіпорынның мәліметтері негізінде автордың есептеулері

Кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның 2015 жылға болжамдық бәсекеге қабілеттілігінің динамикасы төмендегі суреттен көре аламыз.



2сурет - Кәсіпорынның бісекеге қабілеттілік коэффициентінің динамикасы

Ескерту – Кәсіпорын мәліметтері негізінде автордың есептеулері

Сонымен, суреттен байқағанымыздай аталған кәсіпорының болашақта бәсекеге қабілеттілігі төмендеген. Демек, нарықта оданда біршама жоғары деңгейде жұмыс атқаратын кәсіпорындардың пайда болғандағын байқалтады.

Қызылорда облысында құрылыс нарығын дамытуда мына бағыттарбойынша жұмыс атқару қажет: бәсеке қабілетті құрылыс өндірісі бойынша серіктестер құрылады; құрылыс өндірісі таза экологиялық бағытта өсімге иеленеді; өзіндік құнды төмендетуде жағдай жасалады, бұл құрылыс өндірісінде қазіргі таңда аса маңызды; экспорттық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, жаңа өнімдер өндірісін дамытуда қаржылық салымдардың жүруі болады.

Құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізгі мақсаты – оның бәсекелестермен салыстырғандағы құрылыс қызметтері нарығындағы орнын анықтап, меншікті әлеует факторларын ескере отырып, бәсекелестік стратегиясын қалыптастыруда бағалаудың нәтижелерін пайдалану қажет. Ол үшін құрылыс саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалау тәсілдері төмендегі суретте көрсетілген.



полотно 31

3сурет – Құрылыс саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалау тәсілдері

Ескерту – Автордың құрастырулары
Ол үшін құрылыс қызметтері нарығын зерттеу, бәсекелесу типін анықтау, бәсекелестіктің осы нарыққа тән ерекшеліктерін ұғыну, бәсекелестік басымдықтарын айқындап, олардың құрылыс түріне байланысты басым бағыттарын анықтау, бәсекелестік басымдықтарының қалыптасуына неғұрлым пәрменді ықпал ететін фирманың әлеует факторларын айқындау қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысының нәтижесінде келесідей қорытынды жасауға болады:

1.Бәсекелестік теориясының қалыптасуы мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің мазмұны жан-жақты зараланып нақтыланған. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің теориялық тұрғыда сипаттамалар беріле отырып, құрылыс саласы бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің мазмұны сараланған. Сонымен қатар жалпы Қазақстан экономикасындағы бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін және оның деңгейі теориялық тұрғыдан зерттелген.

2. Қызылорда облысы құрылыс саласының қазіргі таңдағы жағдайына талдау жасай отырып, құрылыс саласының басты көрсеткіші инвестициялық қызметі яғни, салынған қаржының көлемі, қаржыландыру көздеріне жан-жақты талдау жасалған. Атап көрсететін болсақ: жалпы аумақтық өнімдегі құрылыстың үлесі 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 6%-ке жоғарылаған. Құрылысқа салынған инвестициялар көлемі 16%-кеміген. Осыған, сәйкес құрылыс- монтаж жұмыстарының 42,9%-ға артып отырғаны байқалады. Ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі керісінше, 40%-ға жоғарылаған. Облыс бойынша құрылыс ұйымдарының саны 2010 жылы 268 мекеме жұмыс атқарса, 2011жылы 291 мекеме жұмыс атқарып мекемелердің саны 23 – ке көбейіп отыр. Осы құрылыс ұйымдарында жұмыс атқаратын адамдар саны 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2022 адамға көбейген. Ал құрылыста жұмыс істейтіндердің орташа айлық жалақы мөлшері 58071 теңгені құрайды. Тұрғын үйлерді іске қосу жалпы алаңы бойынша 2011жылы 2010жылға қарағанда 17484 шаршы метерге көбейгені байқалады. Оның ішінде жеке құрылыс салушылар есебінен 8%-ке көбейген. Жалпы білім беретін мектептерді іске қосу есебінен 2010жылға қарағанда 2011жылы 2,6 есеге көбейген. Демек, облыстағы 2011 жылы 11 мектептің құрылысының жүзеге асуы осы қаражаттың есебінен жүргізілді.

3. Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағидасы – бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық- техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі. Осыған орай, Облыстағы құрылыс саласы бойынша екі кәсіпорынның қаржылық жағдайына жан-жақты талдау жасалған. «Асар- Құрылыс» ЖШС-гі және «Қызылорда –V» ЖШС-нің мәліметтері бойынша талдау жасайтын болсақ, бір ғана көрсеткіш таза табыс көлемі бірінші кәсіпорын бойынша 52893 мың теңгеге тең болса, екіншң кәсіпорын бойынша 124308 мың теңгеге тең болып бірінші кәсіпорынға қарағанда 2 есе артық екендігі байқалады. Капиталдың рентабельділігі 7%-ке жоғары болса, қызмет көрсету рентабельділігі 6%-ке жоғары. Демек, зерттеу нәтижесі бойынша құрылыс кәсіпорындарының ішінен «Қызылорда –V» ЖШС-нің тендерлерге қатысу мүмкіндіктері жоғары екендігі байқалады.

4. Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы және қызмет сапасы жоғары болған сайын, бәсекеге қабілеттілігі жоғары екендігін көрсетеді. Мердігерлік әдіспен жұмыс атқаратын құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілетін бағалау үшін оның нарықтағы тиімді жұмысын көрсететін ақпараттық база қажет. Кез-келген құрылыс кәсіпорындарының нарықтағы тиімді қызметінің белгісі – атқарылатын жұмыстарға берілген тапсырыстардың саны мен көлемі де ескеруді қажет етеді.

5. Қазіргі таңда бәсекелестікті одан әрі дамыту­дың маңызды факторларының бірі 2014 жылға дейін бәсекелестікті дамыту жөніндегі бағдарлама болып отыр. Бұл бағдарламаның ерекшелігі, бір жағы­нан, оның кешенді мәселелерді қам­туын­да болса, екінші жағынан, оның міндеттері мен принциптерін барлық мемлекеттік басқару дәрежелерінде іс жүзіне асыру болып табылады.

Құрылыс саласы бойынша кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторларды екі топқа бөлуге болады:

- тұтынушылардың қалауына, атап айтқанда, тауардың бағасына, сапасына, инновацияға, ұйымдастыру-коммерциялық жағдайларға байланысты қанағаттану дәрежесі;

- кәсіпорынның экономикалық, қаржы, ғылыми-техникалық және қор сипатындағы факторларға байланысты бәсекелік мүмкіндіктер.

Сондықтан келтірілген көрсеткіштер топтарының ауқымында құрылыс кәсіпорындарының ерекшеліктерін айқын көрсететін және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлегенде пайда­ланылатын көрсеткіштерді ұсыну қажет.

6. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдауда SWOT-талдауды, басқаша айтқанда бастапқы стратегиялық талдаудың матрицасын қолдану қажет. Бұл сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі аспектілерінің өзара іс-әрекет жасауын ескеруге және кәсіпорындардың дамуының оңтайлы стратегиясын таңдауға көмектесетін ең қарапайым әрі қол жеткізімді әдіс.

Бұл жағдайда біз жоғарыда алынған екі құрылыс мекемесінің мысалында қарастырдық. «Асар- Құрылыс» ЖШС-гі және «Қызылорда–V» ЖШС-нің мәліметтері бойынша жаксалған талдаулар негізінде. Кәсіпорындардың негізгі стратегиялық мақсатын әзірлеуде SWOT-талдауды қолдану арқылы нәтижелерді қарастыратын болсақ. Осы кәсіпорынның қызмет көрсету нарығындағы жағдайы мен құрылыстың сапасына байланысты бөлінеді.

7. Құрылыс саласындағы бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізгі мақсаты – оның бәсекелестермен салыстырғандағы құрылыс қызметтері нарығындағы орнын анықтап, меншікті әлеует факторларын ескере отырып, бәсекелестік стратегиясын қалыптастыруда бағалаудың нәтижелерін пайдалану қажет. Баға белгілеу жүйесін жетілдіру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:сметалық-нормативтік базаны жетілдіру;жетілдірілген сметалық нормаға өту бойынша әдістемелерді айқындау және әзірлеу;сметалық құжаттамалардың есебі бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңалау;тұрақты мониторинг негізінде құрылыс өнімдерінің құнын ағымдағы баға деңгейіне келтіруді қажет етеді.

8. Құрылыс ұйымының тиімді және нәтижелі қызметті іске асыру мақсатында ең негізгісі құрылыс-монтаждық жұмыстардың өзіндік құнын төмендету мен құрылыстағы ресурстарды экономиклық тиімділігін бағалау жолдары болып табылады. Соған сәйкес, құрылыс-монтаждық жұмыстардың өзіндік құнының төмендеуіне негізгі ресурстар түрлерін қолдану тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ететін тәсілдері қолданылды.

9. Қызылорда облысында құрылыс саласын онан әрі дамытуда келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігі ұсынылды, яғни тұрғын үй құрылысында прогрессивті технологияларды, қазіргі заманғы құрылыс-архитектуралық және қалақұрылыстық шешімдерді қолдану; олардың экологиялық тазалығы, дизайндік жаңалығын жетілдіре отырып, халықтың негізгі бөлігі үшін қолжетімді үйлер құрылысын жандандыру.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі.
1.Құрылыс саласының бәсекеге қабілеттілігі және оның даму қарқыны// «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары Қазтұтыну одағы Қарағанды Экономикалық Университеті. Қарағанды. 2012 ж. 124б-126б.

2. Құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру// «20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясы. Қызылорда, 2012ж.



Резюме

Сарабекова Ботагоз

Пути повышения конкурентоспособности деятельности строительных предприятий

Цель диссертационной работы – оценка конкурентоспособности строительных предприятий и совершенствование направлений производственной, финансовой деятельности и управления ими.

Объект исследования – строительные организации и компании Кызылординской области.

Научная новизна диссертационной работы. В исследовании на основе определения показателей конкурентоспособности и проведения экономического анализа получены следующие результаты, характеризующие научную новизну работы:

  • глубоко обоснованы теоретические основы регулирования конкурентоспособности в экономике;

  • наряду с анализом особенностей и направлений развития строительного рынка в регионе определена экономическая эффективность ресурсов;

  • на основе показателей конкурентоспособности строительной отрасли определены стоимость строительной сметы, финансовые показатели строительных предприятий, показатели, требующие внимания по итогам тендеров;

  • уточнены меры по оценке и направления конкурентоспособности строительных предприятий;

  • предложены стратегические направления и управленческие особенности определения конкурентоспособности деятельности строительных предприятий.

Основные результаты исследования:

  • рассмотрены теоретико-методические вопросы оценки конкурентоспособности в строительстве;

  • исследовано текущее положение строительного рынка и предложены направления его развития;

  • определены показатели конкурентоспособности и эффективность использования строительных ресурсов;

  • предложены меры и направления определения уровня конкурентоспособности в строительстве;

  • проведен прогноз влияния маркетинговой среды в строительстве.


The summary
Sarabekova Botagoz
Ways of increase of competitiveness of the building enterprise’s activity
The dissertation on receiving of the academic degree of the master of economy and business
Speciality 6М050600 – Economy


The aim of dissertational work is an estimation of competitiveness of the building enterprises and perfection of directions of industrial, financial activity and management of them.

Object of research are the building organizations and the companies on Kyzylorda area.

Scientific novelty of dissertational work. In research on the basis of definition of competitiveness’s indexes and carrying out of the economic analysis the following results characterizing scientific novelty of work are received:

· theoretical bases of regulation of competitiveness in economy are deeply proved;

· along with the analysis of features and directions of development of the building market in region economic efficiency of resources is defined ;

· on the basis of competitiveness’s indexes of building branch estimate cost of the building, financial indexes of the building enterprises, the indicators demanding attention following the results of tenders are defined;

· measures by an estimation and directions of competitiveness of the building enterprises are specified;

· strategic directions and management features of competitiveness’s definition of the building enterprise’s activity are offered.



The basic results of research:

· theoretical and methodical matters of an estimation of competitiveness in building are considered;

· current position of the building market is investigated and directions of its development are offered;

· indexes of competitiveness and efficiency of use of building resources are defined;



· measures and directions of definition of level of competitiveness in building are offered;

· the forecast of influence of the marketing environment in building


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет