Мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін тұтығу мәселесінің психологиялық ерекшеліктері Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың арасында сөйлеу тілінің бұзылыс түрлері жиелеп барады. Сондықтан ол қазіргі қоғамда өзекті мәселе болып отыр.Қазіргі кездегі логопедияда тұтығу сөйлеу аппараты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшаңдығының бұзылуымен анықталады. XIX ғасырдың аяғында психиатор И.А. Сикорский алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетіндігін анықтап, осыған байланысты оны «бала ауруы» деп атады. Шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша жалпы балалардың 2 пайызы тұтығады Психологиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына (8-9 ай), жүйелі түрде жүргізілетін жүйелі сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез – келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады. Сабақты бірте-бірте күрделендіре отырып, балалардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Сонымен, тұтығуды жою үшін барлық сабақтар негізгі дидактикалық принциптің кезектілігіне және жүйелігіне бағынуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |