Дислалия тіл кемістігі туралы Дислалия


Ысқарық дыбыстарын түзетудегі кезеңдері



бет60/60
Дата02.01.2022
өлшемі54.03 Kb.
#454301
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
тутықпа жауап

Ысқарық дыбыстарын түзетудегі кезеңдері. Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік («с»=«т», «з»=«д»), еріндік-тістік ((«с»=«ф», («з»=«в») сигматизм байқалады. «Р», «л» дыбыстары «й», «ль» дыбыстарына, «қ», «г», «х» дыбыстары «т» немесе «д» дыбыстарына алмастырып айтылады. 4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «р», «л» дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», «в» дыбыстарына алмастырылып айтылады. Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы балада қалыптасқан болуы керек. Ал артикуляциясы күрделі «р» дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін. Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы: алғашқыда бала тек қана сөздің номинативтік функциясын менгереді.Ысқырық (С, С’, З, З’, Ц) дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары. Ысқырық (с, с', з,з', ц ) және ызын (ш,ж,ч,щ) дыбыстарының айтылу кемшіліктерін сигматизмдер деп атайды. Егер ысқырық, ызын дыбыстар мүлдем жоқ болып немесе бұрмалап айтылса онда оны сигматизм дейді, ал егер ысқырық, ызын дыбыстар басқа дыбыстарымен алмастырып айтылса, онда бұны парасигматизм дейді. Сигматизмнің алты негізгі түрін ажыратады, олар еріндік- тістік, тіс аралық, тіс төңірегі, ызың (ысқырық), бүйірлік және мұрындық сигматизмЕріндік- тістік сигматизм кезінде С дыбысы - ф дыбысына ұқсас айтылады, себебі қуыс жасауға тілден басқа жоғары тіске таянатын ерін де қатысады. Ц дыбысына да сол кезде ф дыбысына ұқсас, ал з дыбысына в дыбысына ұқсас үні араласқандай болады Сигматизмнің бұл түрінде жоғарғы тістер ілгерілеп, төменгі еріннің үстіне тұтас келетін аномалия себеп болады.Мұндай аномалия прогнатия деп аталады.

  • Ысқырық дыбыстарының айтылу кемістігінің негізгі түрлеріне сипаттама


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет