«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КеАҚ
Сапа менеджменті жүйесі
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже
30 беттің 6 беті
магистрантқа қажетті негізгі әдебиетті, анықтамалық және мұрағат¬тық
материалдарды, типтік жобаларды және басқа тақырыпқа байланыс¬ты
материалдарды ұсынады;
Магистранттың магистрлік диссертациясының (жобасының) күнтіз¬белік
кестесінің орындалуына ағымдық бақылау жүргізетін кеңес беру кестесін түзеді;
Магистрлік диссертацияның (жобаның) барлық бөлімдерінің көлемін
нақтылап, магистранттың жұмысын үйлестіреді.
6.1.4 Магистрлік диссертация (жоба) бүгінгі күнгі
ғылым мен практиканың
теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі тиіс.
Сонымен бірге, ғылыми зерттеудің заманауи әдістері пайдала¬ны¬лып, қорғауға
ұсынылатын негізгі мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік,
практикалық) бөлімдері, нақты практикалық ұсыныстары болуы қажет.
Диссертация білім саласының алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибесіне
негізделуі керек.
6.1.5 Магистрлік диссертацияның (жобаның)
тақырыбы университет
Ғылыми
кеңесінің
шешімімен
магистрантқа
нақтыланып,
ректордың
бұйрығымен бекітіледі. Ол ғылым үшін өзекті, бұл бағыттағы ғылым мен
техниканың бүгінгі жағдайына сай және міндетті түрде кафедраның ғылыми-
зерттеу жұмыстарының жоспарларымен байланысты болуы керек.
6.1.6 Магистрлік диссертацияның (жобаның)
авторы алған негізгі ғылыми
нәтижелері ғылыми басылымдарда жарық көруі арқылы міндетті түрде
апробациядан өтуі керек. Жарық көретін еңбектің ең аз саны
1 ғылыми мақала.
Аймақтық, республикалық, халықаралық конференциялардың, симпозиумдар-
дың,
мәжілістердің тезистері, шолу ақпараттары, аналитикалық талдаулар, кем
дегенде 0,3 б.т. ақпараттық парақтар және патенталды құжаттар (патенттер)
басылымға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: