«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КеАҚ
Сапа менеджменті жүйесі
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже
30 беттің 14 беті
6.4.12 Магистрлік диссертация (жоба) «Антиплагиат» жүйе арқылы
плагиатқа тексеру нәтижесінде бітірушіге қағаз жүзінде анықтама беріледі.
Магистрлік диссертацияның (жобаның) плагиатқа тексеру нәтижелерін
талдау негізінде ғылыми жетекші жұмысты қорғауға жіберу туралы шешім
қабылдайды.
6.4.13 Егер плагиатқа тексеруден кейін кемшіліктер жойылмаса немесе
білім алушының Ережеде көрсетілген мерзімде түрлі себептермен плагиатты
жоюға қабілетсіздігі айқындалса, онда магистрлік диссертация (жоба) қорғауға
жіберілмейді, қайта өңдеуге жатады және қорғау мерзімі келесі жылға қалады.
Магистрант оқу жоспарын орындамаған болып саналып, оқудан шығарылады.
6.4.14 Барлық қорғауға жіберілген магистрлік диссертациялардың (жобалар-
дың) электрондық нұсқаларын кафедра менеджері БТҚКО-ға университеттің
магистрлік диссертациялар (жобалар) қорына енгізу үшін тапсырады.
6.4.15 Түпнұсқадағы мәліметке жасалған сілтемелерді қосқанда бөгде
мәтіннен көшірілген мәлімет көлемі 30%-дан аспаған жағдайда (магистрлік
диссертацияның (жобаның) түпнұсқалығы 70%-дан асқан жағдайда),
магистрантқа көшірудің межелі нормаға сәйкестігі туралы анықтама береді.
6.4.16 Түпнұсқадағы мәліметке жасалған сілтемелерді қосқанда бөгде
мәтіннен көшірілген мәлімет көлемі 30%-дан асып кетсе (магистрлік
диссертацияның (жобаның) түпнұсқалығы 70%-дан төмеен болған жағдайда),
магистрантқа анықтама берілмейді.
6.4.17 Шеттен алып пайдаланулардың 30%-дан жоғарылығы анықталған
жағдайда, магистрлік диссертация (жоба) енгізілген өзгерістерден кейін комис-
сиясының қарауына жіберіледі.
Осыдан кейін АК жұмысының басталуынан 10 күн бұрын магистрлік
диссертация (жоба) қайталамалы тексеріске түсіріледі. Қайталамалы тексеріс
кезінде жұмыстағы шеттен алып пайдаланулардың 30%-дан асатын болса
магистрлік диссертация (жоба) қорғауға жіберілмейді.
6.4.18 «Антиплагиат» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасындағы
тексеріс келесі ретпен жүзеге асырылады:
1) тексеріс жүргізу;
2) мәлімет қорына енгізу;
3) тексерістің орындалғанын тізімге тіркеу;
4) анықтама беру.
6.4.19 Көшірудің межелі нормаға сәйкестігі туралы анықтамасы жоқ
магистрлік диссертацияның (жобаның) ағымдағы оқу жылында қорғалуына
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі өкімімен рұқсат берілмейді.
6.4.20 Магистрант магистрлік диссертациясын (жобасын) «Антиплагиат»
жүйесімен белгіленген мерзімде тексеруге ұсынуға жауапты.
6.4.21 «Антиплагиат» жүйесінен көтеріңкі бағаны жалған жолмен (әріптерді
алмастыру, көрінбейтін символдарды пайдалану және т.б.) алуға талпыныс
|