Жобаның міндеттері : Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін дамыту; Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған өзара байланысты жоба жүйесін қалыптастыру; Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап –талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екенін түсіндіру; Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту; Интерактивті әдістемелерді қолдану: Электронды кітаптарды оқуға баулу; Аудиокітаптардың тізімін беру, қолдана білу; BookCrossing кітап алмасу қозғалысын дамыту.
Күтілетін нәтиже: 1.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, сүйікті кейіпкерлерінің сүретін салады.
2.Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.
3.Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.
4.Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тарту, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыландыру.
Кітап оқу – өнер. Әр адам өз мамандығына орай, жалпы қызығатын тақырыбына, талғам- талабына, қабілетіне орай баспалар толассыз шығарып жатқан қыруар өнімдер тізбегінен қажетті кітаптарын таңдай білуінің өзі өнер.
Орыс жазушысы М. Горький «Мен бойымдағы барлық жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын» деп айтса, немістің ұлы ақыны Гете «Көкірегі ашық жұрт оқи білуге үйренудің қаншалықты қиын екенін біледі. Мен бұған 80 жыл өмірімді арнадым, білемін, үйрендім, деп бірақ үзілді- кесілді айта алмаймын» деп кітап оқудың көп еңбекті керек ететін қиын өнер болатындығы жөнінде айтқан.
«Отбасылық оқудың дәстүрлері»
Мақсаты: Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру.
Отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту бағытындағы өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Оқушылармен ата-аналарды кітап оқуға тарту.
Достарыңызбен бөлісу: |