Диссертация тақырыбы: «Су шаруашылық мақсатта Алматы қаласының жаңбыр суларын есепке алу және бағалау» 7M05206 «Гидрология»



бет7/8
Дата03.01.2022
өлшемі0.57 Mb.
#451796
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Диссертация Айтбаев соңғы

Ескерту: Бұл кестедегі МТ механикалық торлар; МЕ механикалық електер; ҚҰ құм ұстағыштар; ЖР жинақтаушы резервуар; ГЦ гидроциклондар; ЖТР жинақтаушы-тұндырғыш резервуары; РШ – реагнеттік шаруашылық; ЖТС – жедел түйіспелі сүзгі; ТЖА түйіршік жүктелген адсорбер; КМСА көміртекті матасы бар

сүзгі адсорбер.

Беттік ағынның 10-15 пайызын, ал еріген қардың 20 пайызын құрайтын гидравликалық ірілігі 15 мм/с құмды ұстау үшін көлденең не тангенциал құм ұстағыштар қолданады. ҚР ҚН 4.01.03-2011 бойынша жұмыс істейтін құм ұстағыш саны 2-ден кем боламу керек. Құм бункерлерін есептеу үшін құм ылғалдылығы 60-70 пайыз, шламдық пульпа көлемдік массасы 1.2-1.5 т/м3, күлділігі 80-90 пайыз арасында, сусзданған қалдықтағы мұнай қалдығы 3 пайыздан аспау керек.

1.7.1 Керегелер

Сарқынды судан ірі ерімейтін қоқыстарды ұстап қалу үшін керегелер қолданылады. Олар дөңгелек, тікбұрышты және әр түрлі түрде болып келетін темір стержіндерден жасайды. Стержіндер темір рамаға жапсырылған және параллельді, қиғаш немесе тік орнатылған.

Керегенің есебінде ең алдымен саңылаудың жалпы санын есептейді. Ол келесі формуламен анықталады:
, (25)
мұндағы qмакс – сарқынды судың максималды шығыны м3/сек;

b – кереге саңылауларының ені, 0,016м тең;

h1 – кереге алдындағы судың тереңдігі м;

Vр – кереге саңылауларындағы орташа жылдамдық, 1 м/с тең деп қабылдаймыз;

k3 – коэффициент, 1,05-ге тең.

Керегенің жалпы енін мына формула арқылы анықтаймыз:


. (26)
мұндағы s – кереге стержінінің қалыңдығы.

Орындалған есептеулерге сәйкес камерасы бар РМУ – 2 (9) маркалы тік керегені таңдаймыз. Камерасының өлшемдері В х Н=1000 х 1000мм, саңылау саны n=39.

Керегедегі саңылаудың жылдамдығы:
, (27)

Керегедегі арынның жоғалуы:


. (28)
мұндағы V – кереге алдындағы камерадағы судың қозғалыс жылдамдығы, (0,8…1,2 )м/сек тең қабылдаймыз;

g - еркін құлаудың жеделдетуі;

р – тордың ластану салдарынан арын жоғалуының артуын ескеретін коэффициент, р=3;

 - керегенің жергілікті қарсыластық коэффициенті өзектің формасына байланысты және мына формуламен анықталады:


. (29)
мұндағы  - коэффициент, тікбұрышты өзектер үшін 2,42 және дөңгелек өзектер үшін 1,72 тең;

 - керегенің горизонтқа қарай қиғаш бұрышы, 60 град деп қабылдаймыз.

Келтірілген тұрғындар саны Nпр=215885 адам (есептелген есептерден бойынша).

Ұсталған лас заттардың көлемі:


. (30)
Тығыздығы =750 кг/м3 болғандағы лас заттардың массасы мынаны құрайды:
(31)
1.7.2 Көлденең құм ұстағыштар

Сарқынды судан ұсақ тас және басқа да минералды ерітілмеген ластарды ұстау үшін құмұстағыш қолданылады. Тік, көлденең және сұйықтықты айналдыратын қозғалысы бар; соңғылары тангенциальды және аэрациясы бар болып бөлінеді.

Көлденең және аэрациясы бар құм ұстағыштар шығыны 10000 м3/тәул көп кезде пайдаланылады.

Көлденең құм ұстғыштардың конструкциясының әр түріне судың айналма қозғалысы бар көлденең құм ұстағыштар жатады.

Максималды ағып келуі кезінде жылдамдық көлденең құм ұстағыш үшін 0,3 көп емес, ал минималды кезде 0,15 м/сек, қүмның есепті диаметрі 0,2-0,25мм тең[9].

1.7.3 Айналмалы қозғалысы бар көлденең құм ұстағыштың есебі

Құмұстағыштың бір жұмысшы бөлімін қабылдаймыз. Көлденең құм ұстағышты есептеу кезінде ең алдымен бір бөлімнің нақты кесімінің ауданын табуымыз керек:

. (32)
мұндағы qmax – сарқынды судың максималды шығыны, м3/сек;

V – су қозғалысының орташа жылдамдығы, көлденең құм ұстағыш үшін 0,15 - 0,3 м/с аралығында қабылданады;

n – бөлім саны, qmax=0.068 м3/сек болғанда 1-ге тең.

h1=1,19 м; h2=0,87 м; h3=0,32 м; В=1 м; =600. суды өңдеу уақыты t=40c.

Осыдан кейін құмұстағыштың ұзындығын табамыз. Ол мынаған тең:
.
Ағынды бөлігінің осі бойынша диаметрі мынаған тең:
.
Су әкету нормасы n=250 л/(адам-тәул) болғанда келтірілген тұрғындар саны Nкелт=215885 адам. Онда ұсталынатын шөгіндінің көлемі тәулігіне мынаны құрайды:
.
Шөгіндіні тәулігіне 1 рет түсіргенде құмұстағышта шөгіндінің қабатының максималды биіктігі мынаған тең:
h0 = KH = 3 = 21,6 м

мұндағы Кн=3–құмұстағыш ауданында шөгіндінің біркелкі емес таралғандығын ескеретін коэффициент.

1.7.4 Тұндырғыштар

Сарқынды суда ерімейтін заттарды ұстау үшін тұндырғыштар қолданылады.

Жұмыс жасау принциптеріне байланысты тұндырғыштардың келесі түрлері болады:

1) Ағысты тұндырғыштар – бұларда судың баяу ағысында тұндыру процестері жүреді;

2) Мерзіммен тұндыратын тұндырғыштар – тұндыру процестері ағысы болмаған уақыттарда жүреді.

Судың ағысына байланысты:

а) Көлденең – судың ағысы көлденең болады;

б) Тік – судың ағыс төменнен жоғары;

в) Радиалды – судың ағысы ортасынан шетіне қарай жүреді.

Тұндырғыштардың қатарына тағы мөлдіреткіштер де жатады. Бұл ғимараттардың тұндыру жұмысы қалқымалы заттар өткенде жүреді. Тұндыру процесі дегеніміз – судың салмағынан ауыр бөлшектердің шөгіндіге түсу процесі.

Жобадағы тұндырғыштың түрі мен санын таңдау технико – экономикалық есептердің негізіне байланысты. Тік тұндырғыштар судың шығыны 20000 м3/тәулігіне дейін болғанда; көлденең – 15000 м3/тәул артқанда; радиалды – 20 000 м3/тәул артқанда пайдаланылады

2 Суғару жүйесі



Суғару жүйесі – Алматы қаласының Алмалы ауданындағы жасыл алқаптарды сумен қамтамасыз етеді. Суғарылатын жасыл алқаптың ауданы х құрайды. Жобалау құбыр ішінде 2 атмосфералық қысымы үшін жүргізілген. Суғару үшін “RAIN BIRD” компаниясының су шашыратқыштары таңдалды.

Жасыл алқаптарды суғару ауа райына тікелей байланысы бар. Яғни егер ле күн жаңбырлы болып жатса, суғару қажет емес екені анық. Газонды бастапқа уақытта отырғызған кезде көптеп суды талап етеді. 10 күннен кейн газон өскесін талап етілетін судың көлемі әлдеқайда азаяды.

Жасыл алқапта суғару кешкі сағат 5 тен басталады. Негізінен суғаруды түнде өткізгені дұрыс. Себебі егер де суғарған кезде, далада күн сәулесі болса, ол суды буландырып жібереді.

Толық ауданның жасыл алқаптарын суғару үшін 6 сағат кетеді, әр участкіні суғару рет – рет ретімен есептегенде. 1м2 жасыл алқапқа норма бойынша 4л есептеген кезде, кететін су көлемі х – ке тең.

Бас жоспарда 65 және 66 участкілерінің монтаждық схемасы көрсетілген. Оның ішінде 442 RAIN BIRD су шашыратқыштары орналастырылды. Олардың суды шашырату радиусы 1.5 – 3.5 м болып келеді және реттелінеді. Құбырдан су шашыратқышына суды жеткізу үшін арнай майспалы құбыр жатқызылған.

Суғару процесін қолмен, яғни крандарды ашу арқылы жүргізуге болады. Суғару үшін “RAIN BIRD – 1800” және “RAIN BIRD – 3500” cу шашыратқышы қолданылады. Олардың биіктігі 15см, және олар суғару жүргізілмеген кезде жердің бетіне шықпайды. Тек суғару жүйесі қосылған кезде, қысымның әсерінен көтеріледі. Олардың айырмашылығы 1800 сериялы су шашыратқышы тек бір бағытта суды шашады, ал 3500 сериялы су шашыратқышы роторлы болып келеді. Яғни ол өзінің ось бойымен айналып суды шашыратады. Еке су шашыратқыштың суды шашырату ұзындығы 1.5 – 3.5 метр болып келеді. Сондықтан оларды орналыстырған кезде бір бірінен ара қашықтығы 3 – 7 метр сақталынуы тиіс. Суды шашырату ұзындығы шашыратқыштың механизімінде орналасқан және де келетін судың қысымына тікелей байланысты болып келеді. Атап айтқан бұл су шашыратқыштар 2 атмосфералық қысымда жұмыс істей алады.

Жалпы суғару жүйсі ауданның ішінде жер бетінен 30см тереңдікте орналасқан. Сонымен қатар су шашыратқыштар адамдарға кедергі жасамағандай жобаланған. Әр жасыл алқап участкінің жанында құдық орналасған. Құдықтың ішінде арнайы қолмен ашылатын арматура орналасқан.

Қаланың ішіндегі жүргізілген магистраль құбырдың ұзындығы 70км болып келеді, және оның диаметірі 250мм деп қабылданған.

Дала температурасы плюс 5 градустан төмен болған жағдайда, суғару жүйесін консервациялау керек. Ол үшін жүйенің төменгі жағында арнайы ысырмалар қарастырылған. Консервацияны міндетті түрде уақытылы жүргізу керек. Егер де консервация жасаланбай қалса, бұл суғару жүйесінің элементтерінің бұзылуына әкеп соғады. Яғни егер де құбырларда су қалып қалса, температура суық болған кезде, су мұзға айналып өзінің көлемін ұлғайтады, бұл құбырдың жарылуына себепші болады.

Көшелерді суару режимін 6 тең суару санына сәйкес суарудың барлық ұзақтығына тең етіп қабылдаймыз (таңертең және кешке 3-4 сағаттан). Максималды сағаттық су тұтыну кезінде көшелерді суару рұқсат етілмейді[13].

2.1 Есептік су шығындapы

Алмалы ауданының жасыл алқаптарын суғару үшін қажетті тәуліктік су шығынын анықтау үшін ҚР ҚН 4.01 – 41 – 2006, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары 4.01 – 02 – 2009, (2014 жылғы 4 шілдедегі түзетулермен) де көрсетілген (33) формуламен есептейміз [3].


, (33)
мұндағы Q – тәуліктік су шығыны, м3/тәу;

10 – ауыстыру коэффициенті;

F – суғарылатын жасыл алқаптарының ауданы;

N1 – 1м2 суландыруға кететін судың нормасы (3 – 4 л/м2. Мен N1=4, л/м2 деп қабылдадым);

N2 – бір тәулік ішіндегі жасыл алқапты суғару саны.
3/тәу.
Тәуліктік суғарылатын нормасы – 4 л/м2 болып қолданған кезде тәуліктік су шығыны 2286 м3/тәулікке тең.

Бұл талап етілетін су көлемін жасыл алқаптарға жеткізу үшін құбыр желілері орнатылады. Олардың қастарында құдықтар орнатылып, ішіндегі ысырмалар 40 мм – ден 150 мм – ге дейінгі диаметрмен қолданылды, "А"класының герметикалығымен бұралынады. Автомобиль жолдарымен қиылысу тесу, яғни көлденең бұрғылау әдісімен жүзеге асырылады. Ол үшін жолдың екі жағында қазаңшұңқыр қазылып жер жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан жол белгілері мен қоршауларын орналастыра отырып, Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан жол бөлігі арқылы тесуге рұқсат алу арқылы арнайы хабарлама ресімдеу талап етіледі.

2.2 Жасыл алқапты суаратын құбырлардың гидравликалық есебі

Осы жұмыс жобасында құбыржолдардағы су қозғалысының рұқсат етілген жылдамдығы 0.8 м/с-тан 1.5 м/с-қа дейін белгіленген.

Құбырлардағы су қозғалысының жылдамдығын ҚР ҚН 4.01-02-2009 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар” cәйкес формулы бойынша анықтаймыз [5]. “Сыртқы желілер мен құрылыстар" жобасы бойынша 29.06.2010 ж. өзгерістермен.
, (34)
мұндағы – құбыр ішіндегі судың жылдамдығы;

Q – Секкундтық су шығыны;

D – құбырың ішкі диаметірі, мм.

38 участкі үшін құбыр диаметірі 250мм ал оның қалыңдығы 9.6мм.Сонда құбырдың ішкі диаметірі


,
=1.1 м/c.
Есептелген жылдамдық 1.1 м/c яғни нормаға сәйкес келіп тұр.

2.3 Суғару су құбыры желісінің гидравликалық есебі

Гидравликалық есепті ескере отырып, сонымен қатар суғарылатын участкінің қажет ететін су көлемін біліп, құбырдың ең шығыны аз, оптималды диаметірі алынады. Су шығынын анықтау үшін келесі формула қолданыладыг:
, (35)
мұндағы Q – су шығыны;

D – құбырдың ішкі диаметірі, мм;



– құбыр ішіндегі судың жылдамдығы.
=0.16 л/c.
Жоғарыда көрсетілген формула негізінде, белгілі диаметрлі құбырдағы су шығынын есептеуге болады. Әрбір су шашыратқыштың су шығынын біле отырып, берілген диаметрлі құбырмен учаскенің ұзындығын анықтауға болады.

Құбырдағы шығындар құбырлардың әрбір диаметріне арналған өндірушілердің техникалық сипаттамаларына салынған. Құбырдың диаметрі неғұрлым көп болса, онда рұқсат етілген жылдамдық кезінде шығын соғұрлым аз болады.



2.4 Жасыл желектердің ауданы және есепті суғаруға кететін су көлемі

Алмалы ауданының жасыл алқаптарын суғару үшін қажетті әр участкі үшін тәуліктік су шығынын анықтау үшін ҚР ҚН 4.01 – 41 – 2006, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары 4.01–02–2009, (2014 жылғы 4 шілдедегі түзетулермен) де көрсетілген формуламен есептейміз [4].


, (36)
мұндағы – тәуліктік бір аудан үшін су шығыны, м3/тәу;

10 – ауыстыру коэффициенті;

F – суғарылатын жасыл алқаптың ауданы;

N1 – 1м2 суландыруға кететін судың нормасы (3 – 4 л/м2. Мен N1=4, л/м2 деп қабылдадым);

N2 – бір тәулік ішіндегі жасыл алқапты суғару саны.

Сағаттық су шығынды анықтау үшін келесі формуланы қолданамыз.


, (37)
мұндағы – тәуліктік бір аудан үшін су шығыны, м3/тәу;

24 – бір тәулік ішіндегі сағат саны.


Бірінші участкі үшін
=8.4м3/тәу,
= 0.35м3/сағ.
(37) – ші формуламен біз бірінше ауданның сағаттық су шығынын анықтадық. Дәл осы формулаларды қолдана отырып біз басқа участкінің су шығындарын анықтаймыз.

2.5 Суаруға қажетті су шығындары

Көшелерді, алаңдарды, газондарды, гүл алқаптарын және басқа да жасыл алқаптарды суару үшін шығынды келесі формуламен анықтайды:
Qпол.= Fпол*q.пол*10, м3/сут (38)
Мұндағы Fсуару – суару ауданы, құрылыс алаңынан 5 % алынады, га;

qсуару – машинамен суару мөлшері

Есептеудің нәтижелері 8 кестеге толтырылады.
9-кесте

Суаруға кететін шығындарды анықтау




 Аудан №

 


Аудан

Суғару ауданы

Жасыл көгал

Көше

Qжалпы

Fж.к

q



Fk

q

Qk

1

179,3

34,058

18

4

717

16

0,3

48,4

765,398

2

153,4

29,15

15

5

767

14

0,4

55,2

822,331

Жалпы

332,7

63,207

33

 

1484

30

 

104

1587,73

2.6 Су резервуарын қабылдау

Жасыл желектерді суғару үшін, үнемі керекті су көлмемімен қамтамасыз ету керек. Ол үшін мен су алу ғимаратының қасында таза су резервуарын қоямын. Себебі өзендегі судың көлемі аз болған жағдайда, бізде қор ретінде резервуар қосылады.

Резервуар ішіндегі судың ұзақ сақталуы үшін судың сыртқы ауамен реакцияға түсуін азайту керек. Ол үшін резервуарды жер астына орналастырып, блоктардың қосылу жерлерін герметикпен жабдықтайды. Сонымен қатар фильтірлі вентеляция орналастырылады. Бұл фильтірлер резервуар ішіне керетін ауаны тазалайды.

Резервуарды жермен жабу алдында, оны сынақтан өткізеді. Яғни резервуарды судың өткізбеуіне сынайды. Резервуар ішіне суды толтырып, судың кетпеуін бақылайды. Сонымен қатар резервуарға келетін және шығатын құбыр, вентеляция тексеріледі.

Резервуарға кіретін және шығатын құбырдың диаметірі 250мм деп қабылдадым. Резервуар астынды 200мм тереңдікті шұңқыр орналасқан. Сонымен қатар судың тасып кетпеуі үшін, оның ішінде попловок орналастырылды.



Резервуардағы тұнбаны кетіру үшін, шланг қолданылады, ол шлан резервуар үстіндегі люк арқылы тасталынады. Резервуар ішінде су тұрып қалмау үшін, кіретін және шығатын құбыр резервуар екі жағында орналасқан[8].

2.7 Су резервуарының сәулет құрылыс шешімдері

Сыйымдылығы 5000м3 дейінгі су резервуары темір бетоннан жасалған монолитті түрде жасалған, тік төрт бұрышты формада қазаншұңқырларда орналастырылады. Резервуардың өлшемдері резервуарлардың барлық номенклатурасының үлгілік жобасын әзірлеуге техникалық тапсырма шарттарына сүйене отырып таңдалған.Резервуардың ұзындығы 30м, ені 36м, биіктігі 4.8м. Резервуардың қабырғасының қалыңдығы – 0.3 м топырақтың белсенді қысымының (үлес салмағы – 1.8 т/м3) және судың гидростатикалық қысымының әсері есебінен қабылданды. Түбі судың гидростатикалық қысымының әсеріне есептелген және қалыңдығы 0.30м. Қалыңдығы 0.30 м жоғарғы жабу Сүзгіш – жұтқыш, люк - лазы бар құдықтан және жоғарыда жатқан топырақтан түсетін жүктемеге есептелген.

Құрылыс шарттары келесідей қабылданды:

1) Құрылыс алаңы 0.000 М үшін қабылданған беттің жобалық белгісіне дейін жоспарлануы тиіс.

2) Алаңда жер үсті суларының ағуы, ал қажет болған жағдайда құрылыс суын төмендету ұйымдастырылуы тиіс.

Жер жұмыстары екі кезеңде қарастырылған:

1) кезең – қазаншұңқырдағы топырақты 5 м белгіге дейін, экскаватормен – шөміш сыйымдылығы 0.5 – 1.0 м3, кейіннен оны үйіндіге бульдозермен ауыстыра отырып әзірлеу.

2) кезең – бекіту арматурасы бар құбырлар мен құдықтарға арналған траншея астындағы топырақты әзірлеу

Резервуардың құрылысын салу кезінде келесі жұмыстар атқарылады:

- дайындық;

- жер;

- бетонды және темір – бетонды;

- монтажды;

- сынақ.

Дайындық жұмыстарына құрылыс заттарын салатын орынды әзірлеу және автомобильдік жолды салу жатқызылады.

Жер жұмыстары:

- Жер үсті қабаты, яғни өсімдігі бар бөлігі бульдозермен алынып 10м қашықтыққа апарылады. Кейін автомобильге салынып үйіндіге апарылады

- үстіңгі қабаты алынған соң, жерді қазу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жерде резервуарды орнластыру үшін оның өлшемдеріне байланысты қазылады. Шығарылған топырақ бульдозермен алынып үйіндіге апарылады.

- Резервуарды топырақпен жабу үшін сол бульдозерді қолданады. Жабу кезінде топырақты нығыздайды. Бульдозер резервуар қабырғаларынан максимум 1м ара қашықтыққа орналаса алады;

- Резервуар ені 36 метр болғасын, бұл жерге екі автомобильді жол жасалынады. Төменгі плиталарды төсеген кезде, олардың астына гравий мен құм төселінеді.

Бетонды және темір – бетонды жұмыстар:

- Бетонды төсеу үшін кран қолданылады, ол арнай автомобильді жолдың боймен жүреді. Бетон қоспасы автосамосвалмен әкелінеді;

- Бетонды қоспаны негіздеу үшін С – 413 дірілдеткіштері қолданылады;

- Бетонды негіздің қаттылығы 147 кПа – ға жеткеннен кейін ғана армартура орналыстырылады;

- Бетонды құю тоқтаусыз жүргізілуі тиіс.

Монтаждық жұмыстар:

- Резервуардың элементтері (қабырғасы,плиталары,колонналары) доңғалақты әдіспен әкелініп, арнайы кранмен орнатылады. Орнатуды бастау тек бетонды негіздің жобаның кем дегенде 70% - на жеткен кезде ғана рұқсат етіледі;

- Егер де резервуардың бұрыштары монолитті болса, плиталарды орнату ортасынан бұрышқа қарай жүргізіледі. Ал керісінше резервуар бұрыштары бөлектенген болса, резервуар бұрыштарынан ортасына қарай орнатылу реті орындалады;

- Плиталар резервуар түбіндегі паздарға отырғызылып, қатты ағаш пародасынан жасалған таяқтармен бекітіледі. Ал олардың түйісу жерлері арматурамен бекітіледі. Сонымен қатар түйісу жерлерін 300 маркалы бетонмен толтырылады;

- Уақытша автомобильді жолдарды негіздеу және бетондау шет шетке қарай бағытымен жүргізіледі және оның тәулің ішіндегі ең суық уақытта өткізу керек;

- Уақытша жолдарды жауып негіздегеннен кейін ғана ағаш тіректерді алып тастауға рұқсат етіледі.

Резервуарды сынақтан өткізу:

- Резервуарды гидравликалық сынақтан өткізу, тәулік ішіндегі ең жылы мезетте жүргізіледі. Бұл сынақтан өту үшін, резервуар толықтай гидроизаляциялануы керек сонымен қатар оның түгелдей құрылыс жұмыстары біткеннен кейін;

- Резервуарды сынақтан өткізу үшін, онық бетон және плиталар нығыздалған қаттылығы жоба бойынша 100% - ға тең болуы шарт.

Гидроизоляция, коррозиядан қорғау және өңдеу жөніндегі нұсқаулар:

- топырақпен жанасатын сыртқы бетонды беттерді суық битум мастикасынан жасалған грунт бойынша ыстық битум екі қабатымен жабу. Бұл ретте резервуардың қабырғаларын гидроизоляциялау;

- жиналмалы элемент – құдықтың люк-лазы бар т/б және резервуардың монолитті құрылымы бар жіктері құдықтардың ішінде және сыртынан цемент – құмды ерітіндімен сүрту;

- құдықтардың ішіндегі металл бөлшектер мен конструкциялар 2 қабатты лак – бояу материалдарымен (мысалы, ГФ – 021 сырлау бойынша ПФ – 115 эмалі);

- Сүзгіш-жұтқыш бөлігіндегі бетонды қабырғалар мен төбелерді суэмульсиялық бояумен 2 қабатқа бояу қажет.

Бетонды дайындау кезінде резервуардың ішкі бөлігін гидрооқшаулау үшін "ЛАХТА"кешенді қосымшасы қолданылады.

Құрылыстың мынадай шарттары қабылданды:

- Сыртқы ауаның есептік қысқы температурасы – минус 25 град;

- Жел қысымының нормативтік мәні – 0,38 кПа(III жел ауданы);

- Қар жүктемесі – 0.70 кПа (II қар ауданы);

- Негіз топырақтары - галечникті, I санат;

- Гидрогеология институтының деректері бойынша Үлкен Алматы өзені шығару конусының орталық бөлігіндегі валунды-галечникті топырақты сүзу коэффициенті тәулігіне 30 – 40 м құрайды. Жер асты сулары тұщы, гидрокарбонатты кальцийлі, минерализациясы 0.2 – 0.3 г / л;

- Үйінді топырақ – галечникті 0.0 – 1.0 м. Галечникті топырақ – 1.0 – 5.0 м.

- Жер бедері-қуыс-солтүстік бағытта көлбеу. Жер бедерінің шарттары бойынша-учаске ықтимал су басатын аумақтарға жатады [9].

3 Су пайдалану нысандарының құрылыс технологиясы;

3.1 Желіде қажет ғимараттардың белгіленуі мен қолдану аймағы

Су әкеу желілерінде негізгі ғимараттардың келесі тізімі қолданылады:

1 Бақылау құдықтар (камералар, ұңғымалар) – су әкету жүйесінің негізгі құрылым элементінің бірі. Олар желідегі құбырлардың бұрылу, қосылу, диаметрі мен ылдилғының өзгеру жерлерінде және ҚР ҚН-да белгіленген тура сызықты ара қашықтықтарда орантылады. Олар сызықтық, түйінделген, бұрылма, бақылау түрлеріне бөлініп профилактикалық шаралар мен жөндеу жұмыстары кезінде бақылау мақсатында қолданылады;

2 Құлама құдықтар – әр түрлі тереңдікте жатқан құбыр желілерін түйіндестіруге арналған құрылымдар;

3 Дюкерлер мен арынсыз өтпелер – өзендер, аңғарлар немесе басқа инженерлік құрылымдардың қиылысында орналасатын өтпелер;

4 Нөсерағарлар мен бөлу камералар – жалпы және жартылай бөлінген желілерде орналасқан жаңбыр суының жартысын суатқа тастайтын құрылымдар;

5 Реттеуші резервуарлар – шыңдық шығындарды тегістеу үшін арналған сыйымдылықтар;

6 Төккі бекеттер мен пункттар – канализациясы жоқ аудандардан сұйық қалдықтарды ассенизациялы көлікпен тасымалдау арқылы қабылдау орындары;

7 Сорап станциялары – сұйықты геодезиялық белгісі жоғары жерлерге айдау;

8 Суатқа тасталу – сарқынды суларды суатқа тастау орындары. Кейбір жағдайларда суат түрінде арнайы қар еріткіштер, қар тастау құдықтар сияқты құрылымдар қолданылады[13].

3.2 Құбыр тарту жұмыстары

Құбыр тораптары деп сұйық, газ тәрізді және сусымалы заттарды тасымалдауға арналған құбыр жүйелері. Олар бір-бірімен қатты түйіскен құбырлардың тік бөліктері, тетіктер мен реттеуші арматуралардан тұрады. Одан басқа төсеніш, нығыздағыштар мен коррозия мен қатудан сақтайтын материалдардан тұрады.

Берілген мағлұматтар:

Орташа жатқызу тереңдігі: 10 м;

Құбыр торабының тартылу толық ұзындығы: 14550м;

Құбырлар диаметрі: 300, 550, 600, 800 мм;

Берілген диаметрлер үшін қазылатын траншеяның биіктігі сәйкес болады.

Жаңбыр канализациясының монтаждық жұмыстары 1 ауысымда орындалып жұмыс ұзақтығы ауысым бойынша келесідей анықталады:


(39)
мұндағы 0,828 – уақыт бойынша ауысымдағы машинисттің сағат сайын 10 минут дем алуы мен технологиялық процесстердің ұйымдастыруына кететін 15 минутқа байланысты коэффициент.

Жаңбыр желісін жобалау құрамына кіретін жұмыстарға траншея үшін геодезиялық орындарды белгілеу, траншеяны қазаншұңқыр, канализация мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды экскаватормен өңдеу, құбыр тораптары мен құдықтарды монтаждау, құбыр желісін беріктікке сынау мен траншеяны грунтпен толтыру жатады.

Технологиялық жұмыстар кешенді механикаланған жүккөтерімділігі Q=16 тонна КС-4561 автокран арқылы жүргізу жоспарланады. Барлық жұмыстар ҚР ҚН-мен мемлекет реглменттері арқылы жұргізілуі тиіс.

Беттік ағынды қабылдау үшін жаңбыр құдықтары қажет. Олар дөңгелек не тік бұрышты болып келеді.

Қабылданған жаңбыр қабылдағыш шойыннан жасалған ТМ-типті шарнирі СТ-KZ. Өлшемдері – 800×130×700 мм, салмағы – 140 кг, жүктемесі – 40 тонна. Магистральді қала көшелері мен жүк көліктер жүретін жолдарыға арналған.

Дөңгелек бақылау құдықтары диаметрі 600 мм-ге дейінгі құбырларда орнатылып ішкі жұмыс диаметрі 1 м болады. Құдық темірбетоннан, тікелей жұмыс полигонында не зауытта құрастырылады. Құбыр диаметрі 700 мм-нен асатын құбырларда тік бұрышты құдықтар қабылданды. Ішкі өлшемдеріне келсек ұзындығы 0,4 м және құбыр не коллектор ішкі диаметрінен 0,5 м-ге артық болады. Осындай өлшемді құдықты кіші диаметрлі құбыр желілеріне орналастыруға да болады бірақ ұзындығы мен ені 1 м-ге тең болу керек. Құдықтың кіріс бөлігі 700 мм, жұмыс диаметрі 1000-2000 мм арасында және биіктігі 1,8 м-ден кем емес болу керек.




11-сурет.Автокранның құбырды траншеяға жатқызуы
Құдықтың ішкі диаметрі d=0.8 м және тереңдігі h=0.4 м болғанда қазылатын қазаншұңқыр өлшемдері тең.

Бақылау құдықтары желінің тік учаскелерінде орналастырылып бір-бірінен ара-қашықтығы диаметрге тәуелді болып кесте арқылы белгіленеді.

Траншеяға құбырды жатқызбас бұрын оны мұқият қарап жарықтар жоқ болуына балтамен жеңіл соғып тексереді. Одан кейін автокран арқылы құбырларды еңістікке қарама-қарсы бағытта жатқызады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет