Диссертациялық кеңес төрағасы Б. Р. Рақышев 2008 г



Дата17.06.2016
өлшемі44.38 Kb.
#143344
түріДиссертация
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДАҒАЛАУ

ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ КОМИТЕТІ

ҚР БжәнеҒ М

Білім және ғылым саласындағы қадағалау

және аттестаттау комитетінің

23.02.2008ж. №327 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Диссертациялық кеңес төрағасы


___________________Б.Р.Рақышев «_____»_________________ 2008 г.


25.00.22 – Геотехнология (жерастылық, ашық және құрылыстық)

мамандығының


ҚЫСҚАША ПАСПОРТЫ

Астана, 2008



ПАСПОРТЫҢ МАЗМҰНЫ
I. Ғылыми дәреже берілетін ғылым саласы

Техника ғылымдары


II. Мамандық формуласы

Геотехнология (жерастылық, ашық және құрылыстық) – бұл пайдалы қазбаларды жер қойнауынан және су қоймаларынан ашық, жерасты, ұңғылық және суасты тәсілдерімен қазып алу; жерасты шахтыларын салу; қатты пайдалы қазбаларды қазып алу кезінде пайда болған кен алынған кеңістікті пайдалану; Геотехнологиялық процестер кезіндегі заңдылықтар және оларды жер қойнауын игеруде қолдану туралы тау-кен ғылымдырының кешені.


III. Зерттеу аймағы

1. Пайдалы қазбалар кенорындарының жеке учаскелеріне кіру тәсілдерін іздестіру (кенорнын ашу).

2. Қазу жүйесінің теориялық негіздерін жасау, кен өндірісінің негізгі технологиялық процестерін зерттеу және олардың негізінде кен жұмыстарының циклді, циклді-ағымды және ағымды технологияларын жасау.

3. Кен қазбаларының параметрлерін, тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін, олардың деформациялық жағдайын және техногендік әсерді ескеріп, оларды жүргізу тәсілдерін және пайдалану процесінде қалпында ұстау тәсілдерін.

4. Кен жұмыстары режимдерін зерттеу және табиғи және техногендік кенорындарын игеру кезегі мен қарқындылығын негіздеу; кен кәсіпорындары мен технологиялық процестерді басқару жүйесін жасау.

5. Шахталар мен кеніштердегі газоаэродинамикалық және шың режимдерін басқару тәсілдері; технологиялық процестердің тау жыныстары массивінің жағдайымен және тау-кен кәсіпорны атмосферасымен өзара байланысын зерттеу.

6. Өндірілетін шикізат сапасын басқару әдістері мен тәсілдері.

7. Тау-кен геологиялық ортаның, пайдалы қазбалардың физикалық, агрегаттық немесе химиялық жағдайын өзгертіп, арнайы ұңғылар арқылы өндіру кезіндегі жер қойнауындағы физикалық, химиялық және технологиялық процестердің негізгі заңдылықтарын зерттеу.

8.Технологиялық процестердің табиғаттың объективті заңдылықтарымен өзара байланысын жерасты жағдайларында жасанды жүйелерге қатысты зерттеу.

9. жерасты қондырғыларының беріктік, орнықтылық және ұзақ мерзімділігін зерттеу, жерасты құрылысының технологияларын, әдістерін және құралдарын іздестіру.

10. Өндірілген пайдалы қазбаны қоймалау технологиясы, карьер және шахта жыныстарын үйінділеу.

11. Кен алынған кеңістікті өшіру.

12. Кен қазбаларын консервациялау және жою.

IV. Шектес мамандықтар шифрі мен атауы

05.23.11 – Жол, метрополитен, аэродром, көпір және көлік туннелдерін жобалау және құрылысы.

05.26.01 – Еңбекті қорғау.

25.00.14 – Геологиялық барлау жұмыстарының технологиясы мен техникасы.

25.00.20 – Геомеханика, жыныстарды аттырып бұзу, кеніштік аэрогазодинамика және тау-кен жылулық физикасы.

25.00.21 – Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері. 25.00.35 – Геоинформатика.

25.00.36 – Геоэкология.
V. Шектес мамандықтардан айырмашылығы

25.00.21 мамандығы бойынша ғылыми зерттеулерде қойылған мәселелерді шешу үшін шектес мамандықтардың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдану қажет: «Жол, метрополитен, аэродром, көпір және көлік туннелдерін жобалау және құрылысы», «Геологиялық барлау жұмыстарының технологиясы мен техникасы», «Геомеханика, жыныстарды аттырып бұзу, кеніштік аэрогазодинамика және тау-кен жылулық физикасы», «Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері», «Геоинформатика», «Геоэкология».

Бұл әдістерді геотехнология саласында қолдану зерттеулер нәтижесінің сапасын арттырады.

Жол құрылысы, тау-кен қазындысын тасымалдау үшін көпір сияқты әртүрлі көмекші қондырғылардың конструкциясын таңдау, жалпы және арнайы көлік түрлерін қолдану мәселелерін «Жол, метрополитен, аэродром, көпір және көлік туннелдерін жобалау және құрылысы» мамандығы қарастырады.

Пайдалы қазбалар кенорындарын алдын ала, эксплуатациялық барлау кезінде кен қазбаларын жүргізу технологиясы мен техникасын «Геологиялық барлау жұмыстарының технологиясы мен техникасы» мамандығы қарастырады.

Тау жыныстары массивінің деформацияланған жағдайын, тау жыныстарын бұзу тәсілдерін, геотехнология объектілеріндегі газоаэродинамикалық процестерді «Геомеханика, жыныстарды аттырып бұзу, кеніштік аэрогазодинамика және тау-кен жылулық физикасы»

Жалпы негізгі және көмекші процестер бойынша тау-кен өндірісін жобалау теориясын «Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері» мамандығы қарастырады.

Кенорнын пайдаланудың барлық кезеңдерінде тау-кен өндірісінің биосфераның негізгі элементтеріне (ауа және су бассейндері, табиғи ландшафт, жер қойнауы) әсерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін «Геоэкология» мамандығы қарастырады.

Жер бетіндегі өндіріс ғимараттарында және жерасты қазбаларында еңбек жағдайын жақсарту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық шаралар кешендерін жасау және зерттеулер жүргізу мәселелерін «Еңбекті қорғау» мамандығы қарастырады.

Пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процестерін оңтайландыру бойынша бағдарламалық кешендерді жасау, мәліметтер базасы мен банкін жасауды «Геоинформатика» мамандығы қарастырады.



25.00.22 мамандығының паспорты Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың диссертациялық кеңесінің мәжілісінде талқыланған және қабылданған (9 қаңтар 2008ж., протокол №1).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет