Дістемелік кешен



бет96/125
Дата02.01.2022
өлшемі1.24 Mb.
#452590
түріРеферат
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125
turki hal tar umkd

Бақылау сұрақтары:

Әдебиеттер

6-7. Тақырыбы: Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі, мекендеген аймағы және этникалық құрамы.



Мақсаты: Түркі дэуіріндегі этникалық процестерге және географиясын қарастыру

Жоспары:

1. Түркі дэуіріндегі этникалық процестер.

2. Түркі тілдес бауырлас халықтардың географиясы.

Біздің заманымыздың I мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық орта бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің элеуметтік консолидациясының жедел дамуы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Оңтүсіік Сібір, Орталық жэне Орта Азия, төменгі Еділ жэне Солтүстік Сібір аумақтарында бірнеше түркі тілді тайпалардың жэне қағандықтардың қалыптасуына алып келдіДОлар: бірінші Түркі қағандығы — П Шығыс түркі қағандығы, Батыс түркі қағандығы, үйғыр, түргеш қағандығы, Енисей қырғыздарының, Хазар, Бүлғар, Қарлүқ, Қарахан, Қимақ және Арал бойы оғыздарының Қыпшақ, Хорезм мемлекеттері немесе империясы. Дәл осы уакытта казіргі түркі тілді тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптаскан еді. Осы дэуірде түркілердің рухани мэдениеті де жаңа сатыға көтерілген болатын. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа түскен түркі өдебиеті қалыптасты. Түркілер өздеріне алғашқы рет діни түсініктерді, нанымдары — буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің негізінен баска да өркениет жетістіктерін кабылдады. Көшпелі жэне жартьшай көшпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық жэне отырықшы түрмыска кошті. Отырықшылыққа кошкен тайпалар озіндік өркениетті мэдениет түрлерін қалыптастырды, олар сол кездегі элемдік мэдениетге өзіндік орын алды.

Осы процестердің бэрін үлы далада өмір сүрген коптеген тайпалардың біріне ғана тән немесе казіргі түркі тілдес тайпалардың бірінің ғана тікелей тарихы деп қарауға болмайды. Евразияның түркі тектес халықтары өздерінің алдындағы тайпалар сияқты үзак уақыт бойы түркі тілді халықгардың бэріне ортак тарюсты жасады. Тарих аренасында бір тайпаның орнын екіншісі ауыстыруын аддыңғы тайпаның тарихтан өшуі деп есептеуге болмайды. Олар пайда болған жаңа тайпаның саяси қүрамынан, ариліктердің, сактардың, хундардың этникалық топтарынан көрініс беріп, өзгеріске үшыраған турде тарих сахнасына кайта шығады. Түркі тайпалары қола дэуірінде пайда болып, ари, скиф-сақ, хун дәуірлерін басынан кешірсе де, олардың бірлестігі жоғалған жоқ. Тек көне түркі дэуірінде ғана этникалық негізде тарих аренасынан коріне алды.

V ғасырдың екінші жартысынан бастап түркі деген сөз (термин) алғаш рет кездеседі де, осыдан кейін кеңінен тарала бастайды.

Бүрын соғды тілі түркілер мен кытайлар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарда пайдаланылып келген болса, кейін "түркі сөзі византиялыктарда, арабтарда, сириялықтарда, санскрит тілінде, көптеген иран, тибет тілдерінде кездесе бастады. Қағандық — империя қүрылған 460 жылға дейін "түркі" сөзі 10 (кейінірек 12) тайпа бірлестігінің атауы ретінде жүрді. Бүл термин кағандык өмір сүрген дэуірлерде де сақталып қалды. Бүл сөз ертедегі түркі текстерінде "түрік бүдун" атауы ретінде кездеседі (бүд — тайпа), яғни жекелеген тайпалардан қүралған тайпалар одағы. VIII ғасырдың ортасынан бастап тарихи жазбаларда " 12 тайпа түркі елі" деген термин кездеседі. Түркі тайпаларынан қүралған мемлекет те дэл осы сезбен аталды. "Түркі елі" деген атау ертедегі түркі эпиграфиялык ескерткіштерінде де, қытайдың тарихи жазбаларында да осы күйінде кездеседі. Кеңінен алып қарасак, бүл термин түркілер күрған үйым — көшпелі державаның атауы. Византиялыктар мен ирандықтар "түркі елі" деген сөзді жиі қолданса, кейде түркілердің озі де осы сезді кеп қолданған.Терминнің эрі қарай өріс алуы IX—XI ғасырлардағы араб тарихшылары мен географтарының еңбектерінде молынан кездеседі, ал бүл кезде "түркі" сөзі бір халықтың немесе мемлекеттің атауы ретінде қолданыдды. Дэл осы арабтардың ғылыми әдебиеттеріңде түркілер сейлеген тілдің генетикалық байланысы жэне түркі халықтарының генеологиялық туыстығы жайында айтылады, ал мүсылман тілдес халықтар жазбаларынан сырт жерлерде мүндай кең көлемде жазылған мэліметтер кездесе бермейді. Орыс жылнамасында 985 жьшы "торк" деген атау кездеседі. Бірак бүл — Үлы даланы мекендеген печенег, хлоабук, половец тайпаларымен қатар емір сүрген кешпелі бірлестіктердің бірінің ғана атауы.

Кеңес өкіметі жыддарындағы түркілердің тарихы туралы жазылған қүнды еңбектер: Толстовтың "Древний Хорезм" (1948) атты зерттеуі, Л. Еумилевтің "Древние тюрки" (1967),

"Поиски вымышленного царства" (1970) және "Хунны в Китае" (1974) деген күрделі зерттеулері түркі тайпаларының ғасырлар бойғы даму ерекшеліктері, этнос ретінде қалыптасу кезендері мен мемлекеті туралы сыр шертеді. Л Гумилев "Хунны в Китае" деген еңбегінде ерте замаңцарда Қазақстан, Алтай жэне Орта Азия жерлерін мекендеген басты тайпа — хундардың түркі қағанатына қатысы туралы жазды.

Академик В. В. Бартольдтың Орта Азия елкесін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми маңызы зор. Ол бүл еңбектерінде араб, парсы жэне жергілікті тарихшылардың аса қүнды еңбектерін пайдаланған. Бартольдтың "Монғол кезеңіне дейінгі Түркістандағы христиандық туралы", "Жетісу тарихының очерктері", "Монғол шапқыншылығы кезеңіндегі Түркістан" т. б. еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Оның бүл еңбектері Орта Азия жэне Қазақстан халықтарының кене дэуірден бастап-ақ өзіндік тарихи мәдениеті болганын дэлелдеп берді. Орыс шығыстану мектебінің негізін калаушылардың бірі болған ол Қазан төңкерісінен кейін Азия музейінің жанынан қүрылған шығыс зерттеушілерінің "Записки коллегии Востоковедов" дейтін баспасөз үйымын басқарды. Оның кептеген монографиялары ағылшын, неміс, түркі, араб т. б. тілдерде жазылған.

Бірак отаршыл Ресей үкіметінің ең қауіпті, ең қасіретті қылмысының бірі — Орта Азия мен Қазакстан, жалпы түркі халықтарының үлттык санасын күддануға күш салу еді. 1881 жылы Түркістан эскери округінің комендантының квмекшісі, патша генералы Мациевский Ташкентте жүмысқа кірісе бастаған Шығыстану коғамының мүшелеріне былай деп хат жолдайды: "Шығыстану қоғамының міндеті Шығысты зертгеу емес, Шығыс халқын орыстаңдыру". Патшаның саясаткер-ғалымдары орыстандыруды тоқтаусыз жүргізу үшін саяси-ғылыми айналымға "панисламизм", "пантюркизм" деген терминдерді енгізсе, Кеңес үкіметі жыддарында жергілікті халықты ата тарихынан, ата дэстүрінен, ана тілінен, үстанған дінінен безіндіру үшін неше түрлі қүйтыркы теорияны жан-жақты жетілдірді.

Қорыта келгенде, түркі халықтары дамуының I жэне II сатылары түркі тілді халықгардың этникалық тарихында өшпес із қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет