Түсінік хат
Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезіндс жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт -жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді. Көшпелі және отырықшы түркі халықтарының бүгінгі таңда әлемдік өркениет пен мәдениетке теңдесі жоқ үлес қосып отырғандығын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар түркі халықтарының тарихын жүйелі және дәйектілікпен оқып білмей тарих білімін терең меңгеру мүмкін емес. Екінші жағынан, Отандық тарихты толыққанды, терең оқын-үйрену, қазақ халқының қалыптасуы ХІҮ-ХҮгғ. жүзеге асты деген ғылымда қалыптасқан фактіні көрсету, түркі тайпаларының ерте және орта ортағасырлардағы тарихынан міндетті түрде бастау алуы және соның негізіне сүйенуі тиіс.
Түркі халықтарының тарихын оқыту үлкен қиындықтар мен күрделі мәселелерден тұрады. Ол ең алдымен, іс жүзінде білікті мамандардың жоқтытынан туындайтын ғылыми жете зерттелгеи типтік бағдарламаның, мықты оқулықтар мен оқу құралдарының жоқтығына байланысты. Жаңа пәннің ғылыми базасын жасау өз бетіне жіберілген. Бұған ҚР Білім және ғылым министрлігінің қамқорлығымен 2001 жылы тарих факультеттері үшін шығарылған түркі халықтары тарихының типтік бағдарламасы арқылы көрнекті түрде көз жеткізуге болады. Құрастырған Досымбаева А.М. Бұл бағдарлама кәсіби талапқа сай құрастырылмаған: түрі мен мазмұны және методологиялық жағынан да типтік бағдарламаларға қойылатын талаптарды ешқандай қанағатандырмайды. Бұл типтік бағдарлаама пән туралы түсінікті көрсетпейді: археология, мәдениеттану, саясаттану, этнография және ең соңында тарихтан үзік-үзік материалдар мен ережелер жиынтығының қойыртпағы болып табылады. Әдебиеттер тізімі мүлде білімсіз жасалған, оған пәнге ешқандай қатысы жоқ журналдық мақалалар, облыстық конференция материалдарының тезистері кіргізілген. Құрастырушы керек болса қазақстандық зерттеушілер дайындаған оқу құралдарының авторларын да атамайды.
Біз бұл бағдарламада туркі халықтарының тарихына арналған жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктерінен сабақ алуға тырыстық. Сонымен қатар М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқытылатын «Оңтүстік және батыс славяндардың тарихы» курсы бойыпша типтік бағдарлама құрастыру тәжірибесін де пайдаландық. Бұл курстың сипаты, мақсаты біздің пәнге өте тамаша үйлеседі, себебі қай жағдайда болмасын зерттеу обьектісі халықтардың бастау алатын тарихы болып табылады: бірінші жағдайда-қазіргі славяндардікі, екінші жағдайда- түркі этностары мен ұлттарыныкі.
Бағдарламаны құрастыру барысында біз материалды баяндауда ішінде түркі халықтарынң өмірі өтіп жатқан конфессоналды-мәдени, мемлекеттік-саяси құрылымдардың өзіндік сипаты мен ерекшеліктерінің мағыналық мәтініне сай дәстүрлі елтаулық негізді сақтадық..
Кіріспе лекция
«Түрік» этносы және этнонимі. Түркі этностары және түркі тілдес халықтар. Олардыц территориялық орналасуы. Постратиттік тілдер. Тілдердіц алтайлық макросемьясы. Батыс түрік және шығыс түрік тілдсрі. «Лингвистикалық археология». Қазіргі түркі әлемі.
Достарыңызбен бөлісу: |