Дістемелік кешені



бет4/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
umkd - str-22-31

Түсіндірме жазба

Құрылыс - пайдалануға даяр ғимараттар, құрылыс құралымы, құрылым және оның кешендерiн өндiрiстiк және өндiрiстiк емес тағайындаудың негiзгi қорларынан құрылатын материалдық өндiрiстiң саласы.
«Құрылыстағы экономика және менеджмент» – бұл пән, зерттейді:

  • салалық ерекшеліктері және ресурстарды пайдаланудағы тиімділігімен құрылыс ұжымдарының қорытынды әрекетіне әсері;

  • инвестициялық әрекеттің негізгі, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстағы капитал салымдарын қолданудағы тиімді әдістермен мақсаттар;

  • құрылыстағы негізгі өндірістік элементтерді қалыптастыру және оларды тиімді пайдалану жолдары (жұмыс күші; конструкциялар, тетіктер; құрылыс машиналары мен механизмдер; құрал-саймандар) т.б.

Пәнді жүргізудің мақсаты кәсіптік білім мен кұрылыс бойынша бакалаврдың қажетті практикасының дағдысын қалыптастыру болып, табылады.
Осы пәннің мақсаты курс бойынша негізгі теоретикалық түсініктерді игеру, құрылыс ұйым кәсібінде алған білімді қолдану жэне практикалық дағдыларды меңгеру.

  1. Пәннің тақырыптық жоспар




Лекция1. Материалдық өндірістің маңызды саласы ретінде құрылыстың мәні

Лекция2. Құрылыстағы меншіктің формасы.

Лекция 3 Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі

Лекция 4 Құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық іс.

Лекция 5 Құрылыс ұйымы өнімдерінің өзіндік құны.

Лекция 6 Құрылыс нарығы.

Лекция 7 Кәсіпорын нарық экономикалық субъект ретінде

Лекция 8 Құрылыстағы өндірістік қорлар.

Лекция 9 Айналым капиталы.

Лекция 10 Құрылыстағы еңбек ресурстары.

Лекция 11 Еңбекақы төлеу

Лекция 12 . Құрылысты материалды - техникалық қамтамасыздандыру.

Лекция 13 Құрылыстағы пайда мен рентабельділік.

Лекция 14 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі

Лекция 15 Кәсіпорынның банкроттығы және оның алдын алу




  1. Пән мазмұны

Лекция1. Материалдық өндірістің маңызды саласы ретінде құрылыстың мәні
Құрылыс материалды өндірістің саласы ретінде. Құрылыстың технико- экономикалық ерекшеліктері. Капиталды құрылыстың ұйымдық түрі. Қоршаған ортаны қорғауға кеткен экономикалық шығынның тиімділігін бағалау.

Лекция2. Құрылыстағы меншіктің формасы.
Меншіктің экономикалық мәні. Құрылыстағы меншік қүқығының субъектісі. Жеке және заңды тұлғалардың меншік құқығы. Құрылыстағы мемлекеттік құқық меншігі. Меншік құқығын алу. Құрылыс кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының приватизациясы тәсілі мен тәртібі.

Лекция 3 Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі
Инвестициялық қызмет туралы негізгі түсінік. Қазақстан Республикасындағы инвестиция. Инвестицияның тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау. Құрылыстағы уақыт факторы.

Лекция 4 Құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық іс.
Құрылыстағы бағалардың негіздері. Құрылыстың сметалық құны мен құрылыс монтаждың жұмыстардың құрылымы. Сметалық нормалау жэне сметалық нормалардың жүйесі. Сметалық іс қағаздарды жасаудың әдістемесі және сметаның түрлері мен құрамы. Сметаны есептеу бойынша бағдарламалық өнімді қолдану. Құрылыстағы келісім бағалар. Құрылыс - монтаждық жұмыстық құны мен құрылыс өнімдерінің бағасын анықтаудағы әдістемелік тәсіл. Жасалған жұмыс пен экспертиза үшін есептеудің тәртібі және жоба- сметаның іс қағаздарды бекіту

Лекция 5 Құрылыс ұйымы өнімдерінің өзіндік құны.
Құрылыс - монтажды жұмыстардың өзіндік құны туралы түсінігі және оның шығындар құрамы. Құрылыс - монтажды жұмыстардың сметалық құны: түсінік, белгілеу, анықтаудың тәртібі. Құрылыс- монтажды жұмыстардың жоспарлы өзіндік құны. Құрылыс- монтаждық жұмыстардың өзіндік құнын төмендетудің жолдары.

Лекция 6 Құрылыс нарығы.
Құрылыс нарығының ерекшеліктері. Құрылыстағы кәсіпкерлік қызмет. Құрылыстағы мердігелік сауда. Құрылыстағы лизинг. Құрылыстағы бәсекелестік, бәсекені тудырушы факторлар.

Лекция 7 Кәсіпорын нарық экономикалық субъект ретінде
Кәсіпкерлік және кәсіпорын. Әртүрлі құрылыс кәсіпорын қалыптастыру ерекшеліктері. Шаруашылық серіктестік пен қоғамдар. Құрылыстық бірлестік. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы

Лекция 8 Құрылыстағы өндірістік қорлар.
Негізгі жэне айналымдағы құралдардың құрылымы мен құрамы. Негізгі қорларды бағалау. Физикалық және моральді тозу. Негізгі қорлардың амортизациясы. Негізгі қорлардың қолданудың тиімділігі мен көрсеткіштер мен оларды көтерудің жолдары.

Лекция 9 Айналым капиталы.
Айналым капиталының мәні ,оның құрамы мен құрылымы. Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары. Айналым құралының нормалануы(мөлшерленуi)

Лекция 10 Құрылыстағы еңбек ресурстары.
Еңбек қорлары мен еңбек өнімділік мәні. Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі. Құрылыстағы еңбек өнімділігі көтеру мен және экономикалық ынталандыру. Еңбек өнімділігін бағалау. Еңбек нарығындағы реттеуде мемлекеттің араласуы.

Лекция 11 Еңбекақы төлеу
Еңбекақы төлеудің мәні мен қағидалары. Еңбекақының қызметі. Еңбекақыны анықтайтын факторлар. Еңбекақы түрлері. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және элементтері. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері.

Лекция 12 . Құрылысты материалды - техникалық қамтамасыздандыру.
Нарық жағдайында құрылысты материалды - техникалық қамтамассыз-дандыру. Материалды- техникалық ресурстарды жеткізуді үйымдастыру. Материалды-техникалық ресурстармен қамтамассыз етудің формасы мен тәсілдері және оның тиімділігі. Құрылыстағы материалды - техникалық қамтамассыз етуді ұйымдастыру жүйесіндегі логистика. Құрылыс кешендегі логистикалық жүйелерді қалыптастырудың тиімділігі.

Лекция 13 Құрылыстағы пайда мен рентабельділік.
Құрылыстағы кәсіпорынның табысы. Құрылыстағы пайда түрлері. Пайданы бөлу. Құрылыстағы рентабельділік

Лекция 14 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні. Кәсіпорынның маркетингтік ортасы
Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы

Лекция 15 Кәсіпорынның банкроттығы және оның алдын алу
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы. Банкроттық. Банкроттың алдын алу




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет