Дістемелік кешені



бет27/37
Дата23.02.2024
өлшемі447.02 Kb.
#492988
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Оқу-әдістемелік кешен. Педагогика 23-24 уч.год

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);
Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
оқушылардың білім сапасын арттырады;
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.
Критериалды бағалаудың құрылымы. Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру; • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, олай емес, дұрыс емес деген сөздерді қолданбау; • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру; • кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, орынсыз жауап, осыны ойлауға қалай ақылың жетті деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады
Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген: • жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша; • әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша; • тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады
Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, синтез және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген.
Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Лекция 24.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормаларын жасаудың ғылыми негіздері.
24.1.Критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері.
24.2.Критериалды бағалаудың әдістемелік негіздері.
24.3.Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Критериалды бағалаудың құрылымы. Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Кері байланыс беру Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру; • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, олай емес, дұрыс емес деген сөздерді қолданбау; • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру; • кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, орынсыз жауап, осыны ойлауға қалай ақылың жетті деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады
Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген: • жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша; • әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша; • тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады
Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, синтез және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.
Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті
Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.
Мұғалім модерацияға дейін:
• білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпен қойылады;
• жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды) іріктеп алады;
• жеке мәліметтерді шифрлейді, білім алушылардың жұмыстарының көшірмелерін дайындайды.
Модерация кезінде:
• жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
• отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, білім алушылардың жұмыстарын қайта қарайды, жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдарды өзгертуі де мүмкін;
• соңғы нақты балдар қаламмен қойылады;
• соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды. Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.
Критериалдық бағалау жүйесі төмендегі жағдайларды қамтуы керек: - оқу пэні бойынша немесе курсындағы оқушының оқу жетістігінің деңгейінің нэтижелер бойынша анықгалган талагітармен салыстыру мүмкіндігі; - оқушьшың дайындығының жалпы деңгейінің жэне де оның жекеленген пәндер бойынша дамуының (ақпаратгы игеруі, ақпаратты өңдеуі, өзінің ойларын шығармашылық көріністермен, образдармен немесе кескіндеу арқьшы жеткізуі жэне т.б.) өзгерістерді жэне қозғапыстарды тіркеп отыруы мүмкіндігі; бағалардың нақты мазмүны (көрсеткіштер туралы ақпараттың болуы); бүл ақпарат мүғалімге жэне де оқушылар үшін белгілі болуы керек; сонымен қатар оқушының мүғалімнің қойған Лекция 25. Тақырыбы: Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс әрекетін белсендіру.
25.1.Оқыту - оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеті.
25.2. Танымдық қызығушылықтың оқу іс-әрекетіндегі ролі, оның оқытудығы дамуы.
25.3.Оқушыларды оқытудың мотивтері.
25.4. Педагогтің кәсіби құзыретілігінің оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге ықпалы.
Таным процесі дегеніміз - адамның жан дүниесіндегі психологиялық сезінуі, қабылдауы, түсінуі. Адамның таным процестері әртүрлі түйсіктер, рецепторлар арқылы дамып отырады. Түйсік қарапайым таным процесі болып саналады. Материалды дүниенің, болмыстың жеке қасиетін бейнелейді. Сол сияқты тиісті рецепторларға тікелей емес әрекеттер кезіндегі организмнің сыртқы күйі. Түйсік пайда болу үшін біріншіден, дүниедегі болмыстың сезімдік органдарына әрекеті қажет. Түйсік себепсіз болмайды. Ол адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады.Сол шындық пен болмыстың мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік – сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі.Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы - осы түйсік.
Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмсін, қатты, жұмсақтығын, кедір-бұдыр екенін т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ, түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктердің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенеі танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атауының алғашқы көзі.. И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиалық-физиологиялық жүйке апаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлігінің біріне зақым келсе (мәселен көзге зақым келсе) көру түйсігіне нұқсан келеді.Анализатордың мидағы ядролар тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтіп негізгі қозғаушы мотив — оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамак, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттіліктері, қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы — тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Таным процесі қызығудан тұрады. Қызығу — заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен катар, қызығуда бір нәрсені ерекше тандап, соған зейін қойылады.
Қызығулар да бейімділіктер тәрізді балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардыңішінде басты біреуі болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақүлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізіп танымдық белсенділігін арттырады.
Кызығулар өзінің мазмұны мен бағытына карай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, спорттық, танымдык,, т. б. болып келеді. Бұлардыңәрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным кызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т.б.); кәсіштіккызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, (эстетикалық кызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнері т. б.) бөлініп жатады.
Жалпы таным процесінің жоғары сатысы – абстрактылы-теориялық ойлау. Ол тек адамға ғана тән қасиет. Абстрактылы теориялық ойлау- танымға негізделіп, танып білген бейнелердің мән – мазмұнын еңбектену процесіндегі іс - әрекеттермен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық процесінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындығын көрсетеді.
Танымдық белсенділіктің компоненттері.Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптасады.Танымдық белсенділік төмендегідей компоненттермен ерекшеленеді: Тапсырма орындаудағы жауапкершілік пен жоғары саналық; өзіндік  белсенді әрекетке ұмтылыс; тапсырманы орындаудағы саналылық; оқытудағы жүйелілік; Таным белсенділігі адамның ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен игеру меңгеру белсенділігі, заттың мәнін, ғылыми ұғымын терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауап табу әрекеті. Таным негізінде жаңа және зерттелген материалдың арасындағы байланысты анықтау жатыр. Ал ол өз кезегінде оқу материалын одан да тереңірек зерттеп, түсіну болып табылады. Олардың негізінде күрделі ойлау операциялары жатыр: анализ және синтез, салыстыру, классификация және жүйелеу т.б. Оқушылардың мұндай әрекетін басқару процесі – белсендендіру деп аталады. Белсендендірудің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу – тәрбие процесінің сапасын арттыру болып табылады.
Лекция 26. Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби іс әрекетіндегі оқыту технологиялары.
26.1.Педагогикалық технология туралы түсінік.
26.2.Әдістеме, технология, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының арақатынасы.
26.3.Қазіргі педагогикалық технологиялар.
Негізгі ұғымдар: технология, инновация, педагогикалық технология, модульдік оқыту, дамыта оқыту, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту.
Технология ұғымына түсінік.Бүгінгі педагогика ғылымында “технология” ұғымыкең таралған ұғымдардың бірі. “Технология” сөзі гректің “техне” - өнер, шеберлік және “логос” – ғылым деген сөздерінен құралып, шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде және түсіндірме сөздікте: “Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы”- немесе “Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс – тәсілдері туралы білімдер жиынтығы” деген анықтамалар берілген. Бұл жерде технология ұғымы өндіріспен тығыз байланыста қаралған. өндірісте объект пен оны жүзеге асырушы жақтың арасында үздіксіз байланыс бар. Мәселен, өнім сапасына деген алғашқы талаптар; шикізат; шикізат сапасын бақылау; аралық өнім; аралық өнім сапасын бақылау; дайын өнім; дайын өнім сапасына қойылатын талаптар, дайын өнім сапасын бақылау; процеске түзетулер енгізу немесе авариялық тоқтату. Сонымен бірге, бұл процеске материалдық, қаржылық, адам ресурстары, тасымалдау т.б. қосылады. Осылайша өнімді өндіру процесі алдын – ала белгіленген нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін әдіс – тәсілдер, құралдар, ғылыми зерттеулер жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. өндірістегі сияқты білім беру мекемелері де қоғамдық тапсырысты орындауға атсалысады. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру саласында да технология ұғымы қолданыла бастады
“Педагогикалық технология” ұғымы.ХХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ
пен Батыс Европа елдерінде білім беру саласын қайта құру реформалары кеңінен жүргізілді. Аталған елдердегі оқыту процесінде техникалық құралдардың қолданыла бастауы “білім беру технологиясы” деп аталатын ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бірақ, осы ұғымды түсіну мен қолдануда әртүрлілік басым болды. ХХ ғасырдың 50 – 60 – шы жылдары білім беру саласындағы түрлі зерттеулердің, ғалым – педагогтардың пікірлерінің нәтижесінде жоғарыдағы ұғымның орнына “Педагогикалық технология” термині қолданыла бастады. “Педагогикалық технология” ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген. Мәселен: М.В.Кларин: “Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді”- дейді. Ал, белгілі ғалым В.М. Монахов: “технология оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан – жақты ойластырылған үлгісі”- деген тұжырым айтса, Б.П. Беспалько: “Педагогикалық технология – практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы” – деген қорытынды жасады. Г.Селевко: “Оқыту технологиясы – оқытудың тиімді жолдарын зерттейді. Қандайда болмасын технологияның төмендегідей негізгі анықтаушы өлшемдері болуы тиіс:
· Концептуалдылық - әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің
философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік – педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.
· Жүйелілік – педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста
болатын тұтас құрылымымен қамтамасыз етілуі тиіс.
· Тиімділік – педагогикалық технологиялар нәтижелілігі жағынан да, кететін
шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқу стандартына жетуге кепілдік бере алуы қажет. Сондай – ақ технология басқарылуы және қайта қалпына келтірілуі тиіс, яғни басқа мекемеде жүргізуге мүмкіндік беретін болуы керек.
Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері. Еліміздің білім беру саласында жақсы нәтижелерімен белгілі бола бастаған жаңа педагогикалық технологиялар іші-нде төмендегілерін атап айтуға болады :
· Дамыта оқыту ;
· Деңгейлеп – саралап оқыту;
· Модульдік оқыту ;
· Проблемалық оқыту:
· Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту ; т.б.
Сонымен бірге, кеңестік кезеңнің көрнекті педагогтарының бірі - Ш.А.Амоношвилидің – бастауыш сынып оқушыларымен жүргізген тәжірибесін айту керек. Ш.А.Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын жеке тұлғаның бабын табу, тіл мен математиканы оқытудың бірретілік әдістемесін жүзеге асырудың жолдарын қарастырды.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетіні Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері.
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету. Модульдік оқыту технологиясы – толық меңгеру әдістемесінің негізгі қағидаларын ұстанады. “Толық меңгеру” әдістемесінің негізгі идеяларын 1960 жылдары американ психологтары Д.Кэролл мен Б.Блум ұсынған.Олардың пайымдауынша бала қабілеті қолайлы жағдай жасаған кезде оның оқу темпімен анықталады.
Сондықтан модульдік оқыту технологиясы дегеніміз - әртүрлі мазмұнды, барлық құрылымы бірдей жекелеген блоктардан тұратын оқу процесі. Модульдік оқыту технологиясы 3 бөлімнен тұрады
1. Кіріспе;
2. Диалогиялық сұқбат;
3. Қорытынды.
Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы өзінің философиясы тұрғысынан гуманистік педагогиканың идеяларын енгізген әдіс – тәсілдер жиынтығы болып табылады. Яғни :
· Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
· Мұғалімнің басымдылық көрсетпеуі;
· Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
· Мұғалім де оқушыда субъект т.б.
“СТОД”- оқу материалын терең білуін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында ізгілік, парасаттылық т.б. сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуына ықпал етеді.
· әрбір оқушының, ең алдымен адам ретінде дамуына ықпал етеді;
· қарым – қатынаста демократиялық стильге үйретеді;
· оқушының күші мен мүмкіндігіне сенуге жағдай туғызады.
· бұл технология оқушыларды өз бетінше ізденуге, білімді тиянақты меңгеруге үйретеді;
· оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға, сол арқылы ұжымдық қарым- қатынасты жақсартуға көмектеседі ;
· ақпараттарды іріктей білуге, оның құндылығын дәлелдей білуге үйретеді;
·мәдени, ізгі қарым – қатынаста болуға баулиды;
Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшелігі.Оқу процесіне енгізілетін
технология белгіленген мақсатқа жетуге кепілдік беруі тиіс, бұл бірінші ерекшелік. Екінші ерекшелік – мұғалім мен оқушының өзара қарым – қатынастары реттелген.Дәстүрлі Оқыту технологиялары.Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін көрнекті педагог
Оқытудың мақсаттары бірқатар жағдайларға байланысты тиісті бір құрамдас бөліктен кіргізетін ойнақы өзгерткіш категория болады. Мақсаттың ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қасиеттермен , тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға емес көбіне білім , білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған. Білім берудің дәстүрлі жалпы мектептік мазмұны бұрынғы кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан, ол елді индустриализациялау міндеттерімен дамыған капиталистік елдердің техникалық деңгейіне қиыншылықпен,жалпы ғылыми - техникалық прогрестік ролімен және технократиялылығымен анықталады.
Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізделеді, яғни оқыту белгілі бір үлгілермен, индуктивтік логикамен жеке даралықтан жалпылыққа механикалық есте сақтауға, мазмұнын айтып беру, еске түсіру, елестетуге ғана бағытталған.
Лекция 27. Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
27.1.Мұғалімдерді даярлаудың тұжырымдамалық құрылымы.
27.2.Пәндік білім аспектісі.
27.3.Білімнің педагогикалық аспектісі.
27.3.Білімнің технологиялық аспектісі.
27.4.Мазмұндық білім аспектісі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту ба- рысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет. Осы тарауда ұсынылған ақпарат мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.
Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, техно- логиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.
Пәндік білім дегеніміз – оқытылатын пән бойынша өзекті білімдер. Айталық, хи- мия пәнінің білікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталған сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар хи- мия саласында дипломнан кейінгі білім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Химия пәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы білу, химияда қолданылатын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну қажет. Шын мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді.
Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айнал- дыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас байланы- ста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.
БПА аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және көрсету сияқты ғылыми идеяларды ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын қамтиды. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсету әрі ұсыну тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалық аспектісі мұғалімге оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсінуге көмектеседі.
Лекция 28. Тақырыбы: Білім беру жүйесін басқарудың мәні мен негізгі принциптері.
28.1. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесі.
27.2. Білім беру жүйесін басқарудың жалпы принциптері.
28.3. Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару объектісі ретінде.
Педагогикалық ғылымды жəне тəжірибені түсіну үшін көбісі біртұтас педагогикалық үдерісті басқарманың ғылымның айқындамаларынан байқауға тырысады жəне оған тиянақты қатал сипат береді. Өзге жəне өз еліміздің зерттеушілерінің айтуы бойынша, басқару тек техникалық, өндірістік процесс жəне қиын əллеуметтік жүйе саласында ғана керек емес, ол педагогика саласында да өте маңызды болып табылады. Жалпы басқару, ол айқындалған ақпаратқа негізделе отырып, талдау жасау, бақылау, нысананы мақсатқа жетуі үшін реттеу жəне дұрыс шешім қабылдау. Басқару нысаны болып техникалық, биологиялық, əлеуметтік жүйелер табылуы мүмкін. Əлеуметтік жүйенің ең кең тараған түрлерінің бірі білім жүйесі жəне өзіне тəн елдің, мекеннің, облыстығы, қаланың жəне ауданның барлық жүйелерін қамтиды. Жалпы мектептік білім бұл динамикалық əлеуметтік жүйе сияқты мектепішілік басқарудың нысаны болып табылады. Осыған байланысты мектепті басқару жəне олардың компоненттерін, бөліктерін жəне басқа да қатысушы жүйелерін жалпымектептік білім жүйесі деп қарастырсақ болады. Бұл жүйеге жалпы педагогикалық процесс, сынып оқыту жүйесі, мектеп жұмысын тəрбиелеу жүйесі, қатысушының эстетикалық тəрбие жүйесі кіреді. Жалпы мектепті басқаруды бөлшектеп қарастыру мектепішілік басқарудың мазмұнын көрсетеді. Мектепішілік басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу, нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау болып табылады. Педагогикалық процесс қатысушыларының жүйесі тізбе сияқты бірінен кейін бірі келесі функцияларды атқарады: педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі; сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.
Қазіргі таңда ықпал ету философиясының орнына, мектепте екіжақты келісім, бірігушілік философиясы орын тапты жəне мектеп басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толықтырылып отыр. Менеджмент теориясы ол жекеше басқару, яғни менеджердің қызметі, яғни оның өзіне деген сыйы, өз қызметкерлеріне сенім артуы жəне олардың табысқа жетуіне ықпалын тигізуі. Менеджменттің нақ осы бөлігі мектепішілік басқаруды толықтырып отырады. Білім жүйесінде мемлекеттік реттеу жасау үшін елімізде мемлекеттік басқарма органдар құрылады. Қазіргі таңда білімді басқару жүйесін орталықтандыру тиімді, себебі жоғарғы басқару органдары төменгі органдарға функцияларды атқару үшін нұсқау бере алады, яғни федералды органдар жалпы стратегиялық бағыттар ойластырады, ал аудандық жəне жергілікті органдар қаржылық, кадрлық, материалдық, ұйымның жағдайын қарастырып шешім қабылдай алады.
Жалпылама басқарудың ерекшелігі — мұнда мемлекеттік органдардан басқа жалпылама органдар құрылады, олар ұстаздар, оқушылар құрамы, ата-ана жəне халық. Олардың басшылыққа қатыса алуы осы мектептегі ұжымның қарым-қатынасының оң болуы жəне психологиялық климаттың оң болуына əсерін тигізеді. Мектептегі білім басқармасының беделді қызметтерінің бірі — мектеп кеңесі. Мектептің жоғарғы басқарушы органы конференция, ол жылына кем дегенде бір рет өткізілуі тиіс. Конференцияның атқаратын рөлі өте маңызды: жалпымектептік конференцияда Мектеп кеңесі, оның Кеңесшісі жəне олардың қызметі мен атқаратын уақыты тағайындалады. Əр мектеп өз конференциясында «Оқу орны жарлығын» қабылдайды, ол олардың қазіргі жағдайын, əдіс- тəсілдерін, болашақ даму көздерін қарастырады. Осыған байланысты əр мектептің өз жарлығы болуы жəне олардың бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, бірақ олардың басты бағыты «Жалпы мектептік оқу орындарының мемлекеттік уақытша жарлығымен» анықталады. Мектеп кеңесі осы мектептің даму бағытын, сапалы тəрбиенің болуын жəне қандай тілде оқытатынын таңдайды. Мектеп кеңесі уақытша жəне тұрақты комиссия, басқа түрлі бағыттары бойынша кеңес штабтар тағайындайды жəне олардың құқықтары, қызметінің шектерін анықтайды. Ұжымның жиналысында конференция делегаттарының 1, 2-сатылардағы қатысушылары тағайындалады, олар: ұстаз, мектептің басқа да қызметкерлері, ата- ана болуы мүмкін. Конференция аралықтарында жоғарғы басшылықтың орнын Мектеп кеңесі атқарады .
Мектеп кеңесінің қызметі келесі бағыттар бойынша анықталады: конференция шешімнің қабылдануын ұйымдастырады; ата-аналар мен қатысушылардың əлеуметтік құқықтарын қорғайды; бірінші сыныпқа қабылданатын қатысушылардың жасын жəне олардың мектеп киімін анықтайды; шығын есептерін қарастырады, мектеп қорын ұйымдастырады жəне мектеп бюджетінің қандай салаға жұмсалатынын анықтайды; мектеп директорының, оның кеңесшісі, ұстаздар туралы есепті тыңдайды; мектеп басшылығымен біріге отырып, ата-ананың педагогикалық білімінің артуына жағдай жасайды. Мектеп кеңесі ата-ананың, халықтың мүддесін қорғайды жəне басшылықпен де оң қарым-қатынаста болады. Мектеп кеңесі ата-аналарды қажет ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады. Мектеп кеңесінің шешіміне екі не одан көп қатысушы дауыс берсе, ол күшіне енеді. Жалпылама басқарудың негізгі көрсеткіштері, ол білім жүйесінің жекешелендірілуі жəне білім орындарының диверсификациясы. Жекешелендірілу дегеніміз ол қазіргі кезде мемлекеттік емес оқу орындары құрылуда жəне олар мемлекеттік аппараттың басшылығында болмайды. Яғни, ұстаздар, тəрбиешілер, қатысушылар, ата-аналар өзіне тиімді болуы үшін мүмкіндіктер жасайды. Диверсификация (латын тілінен аударғанда жан-жақтылық, жан-жақты дамыту) ол мектеп ұйымдарының жан-жақты дамуы. Олар: гимназия, лицей, колледж, кей сабақтарды тереңдетіп оқытатын мектеп орындары .
Педагогикалық жүйені басқарудың негізгі қағидалары. Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару заңдылықтары жатады. Менеджмент жəне мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары, ол оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Мектепішілік менеджменттің заңдылықтарына талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік жəне мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады. Ал негізгі қағидаларына мыналар жатады: педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі; басқарудағы жүйелілік жəне орталықтандыру; бірігушілік жəне ұжымның оң қарым-қатынасы; педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы. Педагогикалық жүйені басқаруды тек ықпал етумен ғана шектеп қоюға болмайды, мұнда ұйымдастырушылық, бірігіп басқару жəне өзін өзі басқара білуде маңызды рөл атқарады.
Басқарудағы толықтылық жəне жүйелілігі, педагогикалық процестің табиғатын түсіну басқару тиімділігін арттырады жəне осы түсіне білу бірінші компонент болып табылады. Мектепті басқаруда оның бөліктерін көре алу аздық етеді, олардың арасындағы қатынастың пайда болуын жəне жоқ болуын анықтай білу тиіс. Басқаша айтқанда, оларға компоненттің əсерін, сапасын, болашақта дамуын жəне қатынасын көрсету керек. Мектепті басқарудағы толықтылық жəне жүйелілік екіжақты қозғалыс жəне байланысты басқарудағы басшылық пен педагогикалық ұжымның атқаратын қызметін анықтайды. Бұл қағиданың іске асуы басқарудағы біржақтылықтың болмауын қамтамасыз етеді. Осы қағидаға негізделе отырып, басқарушылық қызметтің анықтылығын, дұрыстығын, пайдалылығын көрсетеді.
Педагогикалық жүйені басқаруда ақпараттың толықтылығы мен жан-жақтылығы. Педагогикалық жүйені басқарудың тиімділігі көбіне анық жəне қажет ақпаратқа байланысты болады. Ақпараттың толық жəне жан-жақты болуы үшін, оған тексеру жүргізіліп, талдау жасалуы қажет. Əлеуметтік-педагогикалық ғылымда ақпаратты ұстаз бен оқушылардың арасындағы қатынас не қоршаған орта туралы мəлімет болып есептеледі. Басқару жүйесінде көбіне ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты қиындықтар туындайды.Педагогикалық жүйеде ақпарат қажет, бірақ ең маңыздысы басқарушылық ақпарат, ол басқару жүйесіне байланысты тиімді ақпарат алуға көмектеседі. Басқарушылық ақпарат түрлі қасиеттер бойынша реттелуі мүмкін, олар: уақыт бойынша күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару жүйесі бойынша — талдамалық, бағалық, ұйымдастырушылық; түсу көздеріне байланысты — мектепішілік, ведомостволық, ведомостводан тыс; анықталуы бойынша — таныстырушылық, кеңестік жəне т.б.
Педагогикалық жүйенің жүйе қалыптастырушы факторлары. Педагогикалық жүйеде ең маңызды жүйе қалыптастырушы фактор болып ұстаз бен қатысушылардың, баланың жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануы мен дамуына негізделген. Мектеп мақсаты — бастамалық тəрбиенің негізін қалыптастыру, яғни ол өз ішіне интеллектуалды, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық жəне басқа да тəрбиені кірістіреді. Басқарудың ең тиімді түрі болып мектеп басшыларының, ұстаздардың, оқушылардың ортақ мақсатқа жетуі үшін өз ойларын қосып жəне оның жүзеге асуына ықпал жасау табылады.
Педагогикалық жүйенің əлеуметтік педагогикалық жəне уақытша жағдайда қалыптастырылуы. Педагогикалық жүйенің əлеуметтік-педагогикалық жағдайды қалыптастырылуы, ол тұрақты жағдай, оның анықталуы жəне дамуы мектепті басқаруды кем дегенде екі бөлімге бөлу керек: жалпы жəне жеке. Жалпы жағдайға əлеуметтік, экологиялық, тəрбиелік, ұлттық, географиялық жағдайлар жатады. Ал, жеке жағдайға əлеуметтік географиялық қатысушылардың құрамының ерекшелігі, мектептің орналасқан жері (қалалық не ауылдық) мектептің материалдық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау бойынша тəрбие жұмыстары жатады. Педагогикалық жүйенің тиімді жүргізіліп жатқанын ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасы, ата-аналардың педагогиканы білу деңгейі арқылы білуге болады.
Қалыптастырушы компонент болып педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау сияқты педагогикалық жүйенің қозғалысын, өзгерісін көрсететін қызметтер жатады.
Лекция 29. Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару.
29.1.Мектептің әдістемелік қызметі-педагогикалық мәдениетті жетілдірудің факторы ретінде.
29.2.Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формалары.
29.3.Мұғалімдерді аттестаттау-олардың кәсіби шеберлігін анықтаудың құралы ретінде.
Негізгі ұғымдар: басқару, оқу-тәрбие процесін басқару, әдістемелік жұмыс, басқару қағидалары, педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік.
Мектепті басқарудың басты мәні-педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатындағы оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты ұйымдастыру. Қазіргі мектептің өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім, тәрбие беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көрінуі қажет.
«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да бір жаңалық ендіру дегенді білдіреді. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыстарымен мұғалім және оқушының бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, әдістері мен формаларына енген, болашақта енетін жаңалықтардан хабардар етеді.
Қоғам, мәдениет және білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі мынадай шарттардан туындап отыр:
- әр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, әдіснамасының және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;
- білім мазмұнының күшті адамилық (гуманизация) сипат алуы;
- оқу пәндері көлемінің үздіксіз өзгеріп отыруы;
- оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пәндерінің енгізілуі;
- мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен
қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;
- жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;
- жаңа оқу орындарының арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы.
Күнделікті тәжірибеде инновациялық процестер сипаты күтілген нәтижелер мазмұнымен, енгізілудегі ұсыныстардың күрделілік және тыңғылық дәрежесімен, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетке дайындық дәрежесімен анықталады.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар-педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері. Қазіргі мектептер төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет