55
3. А.Г. Медоев, М.Н. Клапчук, В.С. Волошин зерттеулері?
4. А.П. Деревянко, Ж.Қ. Таймағанбетовтің еңбектері?
№8 дəрiс
Тақырып: Қазақстанның көне тас ғасыры (палеолит).
Дəрістің мақсаты: Стденттерге дəріс мазмұны бойынша теориялық білім беру.
Тірек сөздер: Дошелль, шелль, ашель, мустье, ориньяк, солютре, мадлен.
Техникалық құралдар: археологиялық карта
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: Ежелгі палеолит.
Шелль-ашель
уақытының ескерткіштері. Кейінгі палеолит. Табиғат пен шаруашылық.
Дəрісте ежелгі палеолиттің кезеңделуі, ерекшеліктері, Шелль-ашель
уақытының
ескерткіштері, кейінгі палеолиттің ерекшеліктері, табиғат пен
шаруашылық мəселелері қарастырылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Шелль-ашель уақытының ескерткіштері?
2. Кейінгі палеолиттің ерекшеліктері?
3. Кейінгі палеолиттің табиғаты мен шаруашылығы?
№9 дəрiс
Тақырып: Мезолит (орта тас дəуірі).
Дəрістің мақсаты: Стденттерге дəріс мазмұны бойынша теориялық білім беру.
Тірек сөздер: Садақ пен жебе,
бола мен болас, бумеранг, микролит, макролит,
аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.
Техникалық құралдар: археологиялық карта
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны: Археологиялық деректерге
байланысты шаруашылықтың, еңбек құралдарының табиғатқа байланысты
өзгеруін дəлелдеу, жер шаруашылығы мен мал шаруашылығының бастапқы
көріністері. Үй жануарларының пайда болуы. Мұздықтың қайтуы. Азия жəне
Америка, Еуропадағы өзгерістер. Табиғаттың өзгеруіне
байланысты садақ пен
жебенің тұрмысқа енуі. Балық аулаудың дамуы, соған байланысты еңбек
құралдары түрлерінің көбеюі. Тас еңбек құралдары: микролит жəне макролит.
Қырым, Кавказ, Орта Азияның мезолит ескерткіштері: Шаң Коба, Замиль Коба,
Мурзак Коба жəне т.б. үңгір ескерткіштері. Түркіменстанның Жебел, Кайлю;
Тəжікістанның Ош-хана, Дангара,
Гиль-гор-гошма; Өзбекстанның Мауай,
Обишир жəне т.б. үңгірлері.
Дəрісте археологиялық деректерге байланысты шаруашылықтың, еңбек
құралдарының
табиғатқа байланысты өзгеруі, жер шаруашылығы мен мал
шаруашылығының бастапқы көріністері, үй жануарларының пайда болуы,
мұздықтың қайтуы, Азия жəне Америка,
Еуропадағы өзгерістер, табиғаттың
өзгеруіне байланысты садақ пен жебенің тұрмысқа енуі, балық аулаудың дамуы,
соған байланысты еңбек құралдары түрлерінің көбеюі, тас еңбек құралдары:
микролит жəне макролит, Қырым, Кавказ, Орта Азияның мезолит ескерткіштері,
Түркіменстанның Жебел, Кайлю; Тəжікістанның Ош-хана, Дангара, Гиль-гор-
гошма; Өзбекстанның Мауай, Обишир жəне т.б. үңгірлері жөнінде мəліметтер
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: