Јдістемелік нўсќаулыќ Нысан


Функцияның берілу тәсілдері



бет6/34
Дата02.01.2022
өлшемі1.94 Mb.
#452549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Математикалық талдау Әдіст.нұсқау

2.2Функцияның берілу тәсілдері.

Функцияның берілуінің бірнеше тәсілдері бар. Солардың негізгілері – аналитикалық, таблица түрінде, графикпен және сөзбен берілу тәсілдері.

Айнымалылар арасындағы сәйкестік формуламен берілсе, онда функция аналитикалық түрде берілді дейді.

Мысалы, .

Аналитикалық тәсілмен берілген функцияның ықшамдығы оның зерттеулерде қолданылуының қолайлығын арттырады және берілген функцияны зерттегенде математиканың аппаратымен пайдалануға өте жақсы бейімделген.

Функцияның таблицалық әдіспен берілу тәсілі эксперименттік жұмыстарда қолданылады. Мұның артықшылығы аргументтің әрбір мәніне сәйкес функцияның мәні тікелей табылатындығында. Сонымен бірге аргументтің өзгеруіне байланысты функцияның өзгеру заңдылығы таблицадан байқалмайды және математикалық амалдар қолдануға өте ыңғайсыз.

Функцияның графикпен берілу тәсілі көп тараған әдіс. Оның басқалардан артықшылығы – оның көрнектілігінде. өйткені аргументтің өзгеруіне байланысты функцияның өзгеруінің бағыттарын тыңғылықты байқап отыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет