Соңғы критерий– қарыз алушының қызметінің заңдық негіздерін және олардың банк стандарттарына сәйкестігін бақылау несие берушінің келесі сұрақтарға жауап алуды қамтамасыз етеді:қарыз алушы-ұйымның қызмет етуі мен несиеленетін шараны жүзеге асыруға қажетті заңнамалық және нормативтік негізінің бар-жоғы; заңнамадакүтілетін өзгерістер (мысалы, салық) ұйым қызметінің нәтижесіне қалай әсер ететінін;несиелік өтініште қамтылған қарыз алушы мен несие жайында ақпараттың несиелік саясат туралы құжатта бекітілген банк стандарттарына және несиелер сапасын бақылайтын ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты бақылау мен реттеу агенттігі стандарттарына қаншалықты жауап беретінін.
Аталған банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігін бағалау критерийлері оны бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Бұл әдістердің қатарына жатады: ¾ іскерлік тәуекелді бағалау; ¾ менеджментті бағалау; ¾ қаржылық коэффициенттер жүйесі негізінде ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау; ¾ қаржы ағынды талдау; ¾ клиент туралы ақпарат жинау; ¾ ұйымның жұмысын орнына бару арқылы бақылау. Бағалау өлшемі мен тәсілдерінің бірлігіне қарамастан, заңды және жеке тұлғалар, ірі, орта және шағын клиенттердің несиелік қабілеттілігін талдауда өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелік қолданылатын бағалау тәсілдерінің түрлі амалдары, сондай-ақ олардың мазмұны болып табылады.
Қарыз алушының несиелік қабілеттілігі көптеген факторларға байланысты, олардың әрқайсысы бағаланып зерттелінуі тиіс. Талдау үшін маңызды және өте күрделі мәселелердің бірі болашақта несиелік қабілеттілікке әсер ететін факторлар, себептер мен мән-жайлардың өзерісін анықтауболып табылады. Сондықтан несиелік қабілеттілікті талдау мақсаты несиелік шарт талаптарына сәйкес қарыз алушының қайтаруға сұралып отырған несиені өтеу мүмкіндігі мен дайындығынанықтаудан тұрады және мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- несие беруші ұсынатын қаржы ресурстары мен оларды өтеу тәсілдерінің оңтайлы шамасын негіздеу;
- қарыз алушының несиелік ресурстарды пайдалану тиімділігін анықтау;
- қарыз алушының ағымдағы қаржылық жағдайын бағалауды жүзеге асыру және несиелік ресурстар берілгеннен кейінгі қаржылық жағдайының өзгерісін болжамдау;
- несие беруші тарапынан қарыз алушының қаржылық жағдайының көрсеткіштеріне қатысты талаптардың сақталуын ағымдық бақылау (мониторинг) ;
- қарыз алушы-ұйымның несиелік қабілеттілігін тиімді деңгейге жеткізу мен ұстап тұру үшін менеджменттің қабылдайтын шешімдерінің орындылығын және нәтижелілігін талдау;
- несиелік тәуекел факторларын анықтау және олардың қарыз алушыға несие беру туралы шешім қабылдауға әсер етуін бағалау;
- қарыз алушы ұсынған кепілдің жеткіліктілігі мен сенімділігі талдау.
Несие қабілеттілігін талдау кезінде қарыз алушының беделі, мүлкінің мөлшері мен құрамы, экономикалық және нарықтық конъюнктурасының жай-күйі, қаржы жағдайының тұрақтылығы және т.б. есепке алынады.
Несиелік қабілеттілікке талдау жасаудың бірінші кезеңінде клиент жайлы диагностикалық ақпарат зерттелінеді, оның құрамына кредиторлар мен өзге инвесторлар шоттарын төлеу ұқыптылығы, ұйымның даму үрдісі, несие алу мақсаты, ұйым қарыздарының құрамы мен мөлшері туралы ақпарат кіреді. Егер ұйым жаңадан құрылған болса, онда бизнес-жоспар зерттелінеді. Меншіктің мөлшері мен құрамы туралы ақпарат клиентке берілуі мүмкін несие сомасын анықтау үшін пайдаланылады. Активтер құрамын зерттеу қажет болған жағдайда ақша қаражаттарына тез айналатын өтімділігі жоғары активтер үлесін белгілеуге мүмкіндік береді.
Несиелік қабілеттілікті анықтаудың екінші кезеңі қарыз алушының қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығын бағалауды көздейді. Мұнда тек қана төлем қабілеттілігі ғана емес, сонымен қатар, басқа көрсеткіштер: өндіріс рентабелділігі, капитал айналымдылық коэффициенті, меншік айналым қаражатының бары, қаржылық тұтқа әсері, өндірістік жоспарлардың орындалу тұрақтылығы, банк несиесінің өсу қарқыны мен жалпы өнімнің өсу қарқынының арақатынасы, несиелер бойынша өтелмеген қарыздың сомасы мен мерзімі және т.б. ескеріледі.
Қарыз алушының несиелік қабілеттілікті бағалауда 13-кестеде берілген негізгі көрсеткіштер қолданылады.
13-кесте – Қарыз алушының класын анықтайтын көрсеткіштер
Көрсеткіштер
|
1-класс
|
2-класс
|
3-класс
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
|
2,0-ден жоғары
|
1,5 - 2,0
|
1,5-тен кем
|
Тез өтімділік коэффициенті
|
1,5-тенжоғары
|
1,0 - 1,5
|
1,0-ден кем
|
Меншік құралмен қамтамасыз етілуі
|
60%-дан жоғары
|
30 - 60%
|
30%-дан кем
|
13-кестеде көрсетілген коэффициенттер қарыз алушыны сол немесе өзге де несие беру режимін анықтайтын сәйкес класқа жатқызуға мүмкіндік береді. Несиелік қабілеттілікке байланысты несие берудің нақты шарттары несие шартында айқындалады.
Несиелік қабілеттіліктің жалпы бағалауы балл түрінде жүзеге асады. Балл сомасы несиелік қабілеттіліктің сыныптары бойынша әр көрсеткіш рейтингісінің туынды сомасы болып табылады:
1 класс 100 - 150 балл бойынша беріледі;
2 класс - 151 - 250 балл;
3 класс - 251 - 300 балл.
Балл сомасын анықтау мысалы 14-кестеде берілген.
14-кесте–Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін сипаттайтын көрстекіштер
Көрстекіштер
|
Көрстекіштер рейтингі, %
|
1-нұсқа
|
2-нұсқа
|
3-нұсқа
|
класс
|
балл
|
класс
|
балл
|
Класс
|
балл
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
|
40
|
1
|
40
|
2
|
80
|
3
|
120
|
Тез өтімділік коэффициенті
|
30
|
1
|
30
|
2
|
60
|
3
|
90
|
Меншік құралмен қамтамасыз етілуі
|
30
|
1
|
30
|
2
|
60
|
3
|
90
|
Жиыны:
|
|
1
|
100
|
2
|
200
|
3
|
300
|
1-класқа сәйкес келетін коэффициенттер мен көрсеткіштер – 100 балл, 2-класс – 200; 3-класс – 300 (1, 2, 3 нұсқалар). Сондықтан 100-150 балл аралығында1-класс (сенімді қарыз алушы), 151-250 балл аралығында 2-класс (тұрақсыз қарыз алушы), 251-300 балл аралығында 3-класс (сенімсіз қарыз алушы) деп қарастырылады. Төртінші нұсқада 180 балл көрсеткіші мәні бойынша 2-класқа, бесінші нұсқада 280 балл бойынша 3-класқа және алтыншы нұсқада 140 балл бойынша 1-класқа жатқызуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |