Джаншанло Р. Е



бет31/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
annotation101972 2

Инвестициялау кезеңі бойынша бөлінеді:
- қысқа мерзімді инвестициялар - бір жылдан аспайтын мерзімге салынатын капитал салымдары (мысалы, тез іске асырылатын коммерциялық жобалар, қысқа мерзімді депозиттік салымдар және т.б.);
- ұзақ мерзімді инвестициялар – бір жылдан асатын мерзімге салынатын капитал салымдары (әдетте ірі және ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар). Инвестициялық компаниялар мен банктердің тәжірибесінде ұзақ мерзімді инвестициялар келесі түрде бөлшектенеді: 2 жылға дейін, 2 жылдан 3 жылға дейін, 3 жылдан 5 жылға дейін, 5 жылдан астам.
Меншік нысаны бойынша бөлінеді:
- жеке инвестициялар – азаматтар сондай-ақ мемлекеттік емес фирмалар арқылы жүзеге асырылатын қаражат салымдары;
-мемлекеттік инвестициялар – орталық және жергілікті билік органдары арқылы және бюджет құралдары, бюджеттен тыс қорлар есебінен басқарылатын, сонымен қатар мемлекеттік мекемелерінің меншікті және қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қаражат салымдары;
- шетелдік инвестициялар – шетел азаматтары, заңды тұлғалары және мемлекеттері арқылы жүзеге асырылатын қаражат салымдары;
- бірлескен инвестициялар – берілген мемлекет тұлғалары мен шетел мемлекеттері арқылы жүзеге асырылатын қаражат салымдары.
Инвестициялар экономиканың дамуы мен жұмыс істеуінде елеулі рөл атқарады. Инвестициялардың сандық арақатынасының өзгерісі қоғамдық өндіріс және жұмыспен қамту көлеміне, экономикадағы құрылымдық ілгерілеуіне, шаруашылық салаларының дамуына әсер етеді.
Ұйымдардың жинақтау қорларын, өндірістік әлеуетін қамтамасыз ете отырып, инвестициялар қаржы-шаруашылық қызметінің ағымдағы және келешектегі нәтижелеріне тікелей ықпал етеді. Бұл ретте инвестициялау тиімді нысандары арқылы жүзеге асырылуы қажет, өйткені моральдық ескірген өндіріс құралдарына, технологияларына салынған салымдар оң экономикалық әсер әкелмейді. Инвестицияларды ұтымсыз пайдалану өз соңында ресурстардың қатып қалуына және өндірілетін өнім көлемінің қысқаруына әкеліп соғады.
Осылайша, инвестицияларды тиімді пайдалану экономика үшін маңызды болып табылады: тиімділіктің берілген дәрежесіне жетпей инвестициялау мастабының артуы тұрақты экономикалық өсуге алып келмейді. Инвестицияларды іске асырудың мақсаты оқшауланған немесе өзара байланысты инвестициялық жобаларжиынтығынқалыптастыруды көздейді.
Инвестициялық жоба өз кезегінде өзара байланысты іс-шаралар кешенін, болашақта табыс табу мақсатында шектелген уақыт ішіндебелгілі бір капитал салудықарастырады. Сонымен қатар тар мағынада инвестициялық жоба ұйымдық-құқықтық кешені ретінде, инвестициялаудың мақсатына қол жеткізу үшін қажетті жұмыстарды жүргізу және негіздеуге қажетті есеп айырысу-қаржылық және конструкторлық-технологиялық құжаттар ретінде де қарастырылады.
Мақсаттары ортақ, қаржыландыру көздері және басқару органдары бір, өзара байланысты инвестициялық жобалар жүйесін инвестициялық бағдарлама деп атайды.
Инвестициялық жобаның көмегімен кәсіпкерлік қызметтің таңдаған мақсатты бағыттағы объектіні құру үшін қажетті мәселесін анықтау және оның техникалық мүмкіндіктері мен экономикалық орындылығын негіздеу сияқты маңызды мәселелер шешіледі. Кәсіпкерлік қызмет объектілерін инвестициялау туралы саналы шешім тек қана тиянақты өңделген инвестициялық жоба негізінде ғана қабылдануы мүмкін.
Инвестициялық жобалардың әртүрлі жіктелімдері бар. Жіктелімдердің негізіне алынған белгілеріне байланысты инвестициялық жобалардың келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1) бір-бірінеқатысты:
тәуелсіз, іске асыру сипаттамалары бір-біріне ықпал етпейтін бір мезгілде немесе жеке бөлек жүзеге асыруға рұқсат етіледі;
қарама-қарсы, яғни бір мезгілде жүзеге асыруға болады. Тәжірибеде бұндай жобалар көбінесе бір функцияны атқарады. Баламалы жобалар жиынтығынан тек біреуі ғана жүзеге асырылуы мүмкін;
бір-бірін өзара толықтыратын, іске асырылуы тек бірге ғана болуы мүмкін;
2) іске асырылу мерзіміне байланысты (құру және жұмыс істеу):
қысқа мерзімді (3 жылға дейін);
орта мерзімді (3 - 5 жыл);
ұзақ мерзімді(5 жылдан аса).
3) ауқымы бойынша:
шағын жобалар, жобаны іске асырушы шағын бір ұйымның шеңберінде шектеледі. Негізінде олар өндірістің кеңею жобасын және өндірілетін өнім ассортиментінің ұлғаюын білдіреді. Олардың бір-бірінен өзгешелігі салыстырмалы кішігірім іске асыру мерзімінде;
орта жобалар, көбінесе қолданыстағы өнімдерді өндірудегі қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жобалары. Олар бөлек өндірістер бойынша, барлық ресурстар түрлерінің келіп түсу туралы қатаң түрдегі алдын ала әзірленген кестелерімен кезең-кезеңімен іске асырылады;
ірі жобалар, ішкі және сыртқы нарықтың сұранысын қанағаттандыруға қажетті, негізінде өнімдер өндірісінің прогрессивті «жаңа идеясы» жатқан, ірі фирмалардың жобалары;
мега жобалар – құрамында көптеген өзара байланысты соңғы жобалары бар, мақсатты инвестициялық бағдарламалар. Бұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік және аймақтық болуы мүмкін;
4) негізгі бағыттары бойынша:
коммерциялық жобалар, басты мақсаты пайда табу болып табылады;
әлеуметтік жобалар, аймақтардағы жұмыссыздық мәселесін шешуге, криминалдық деңгейді төмендетуге және т.б. бағытталған жобалар;
экологиялық жобалар, қоршаған ортаның жақсартылуына бағытталған жобалар;
5) инвестициялық жобалардың іске асырылу нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне қарай:
жаһандық жобалар, ғаламның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларына әсер ететін жобалар;
халықтық шаруашылық жобалар, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларына әсер ететін, сонымен қатар оларды бағалау кезінде тек осы әсер етулермен шектелуге болатын жобалар;
кең ауқымды жобалар, жеке алынған мемлекетттің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларына әсер ететін жобалар;
жергілікті жобалар, белгіленген аудандар мен қалалардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларына, деңгейі мен тауар нарықтарындағы бағақұрылымына аса қатты әсер етпейтін жобалар;
6) тәуекел көлеміне байланысты:
сенімді жобалар, кепілдік берілген нәтижелерге жоғарғы ықтималдықпен қол жеткізуді сипаттайды (мысалы, мемлекеттік заң бойынша орындалатын жобалар);
тәуекелдік жобалар, олар үшін шығындар мен нәтижелерге жоғары белгісіздік дәрежесі тән (мысалы, жаңа өндіріс пен технологияларды құрумен байланысыты жобалар).
Белгіленген уақыт аралығындағы жобаның маңыздылығы максималды нәтижелерге қол жеткізу үшін шешілетін мәселелер мен мақсаттар арқылы анықталады. Жобаларды бағалаудағы бастапқы ақпараттар бүкіл есептік кезең ішіндегі жобаның негіздемесі мен құрамын сипаттайтын құжаттар жүйесі астарында түсіндірілетін жоба материалдарында болады.
Жобаның есептік кезеңі, берілген жобаны іске асыру кезеңі мен оларды жекелеген бір уақыт аралықтарына бөліп көрсетумен сипатталады. Есепті кезең ішінде жобаны экономикалық бағалау мен жобада көзделген нәтижелерді алу көздері қарастырылады.
Жобаны іске асыру қадамдары – нәтижені алуды қамтамасыз етуде жобада көзделген әрекеттер жиынтығы жүзеге асатын уақыт аралығын білдіреді. Есепті кезеңді қадамдарға бөлу кезінде мына ережелерді ұстану қажет:
1) кезеңділік:жобаны іске асырудағы әртүрлі кезеңдері есепті кезең қадамына сәйкес келу керек немесе бүтін сандық қадам саны бір кезеңге сәйкес келуі қажет. Мысалы, жобалау, құрылыс, игеру, жою және т.с.с. кезеңдерін мақсатты түрде сәйкес келетін есепті кезең қадамына байланыстырып кою;
2) біркелкілік: қаржылық ағымдар,әрбір элемент ағыныныңесепті кезең қадамына сәйкес келіп отыратындай құрастырылуы қажет және әрбір қадам шегінде экономикалық көрсеткіштер мәндерінің күрт ауытқуын болдырмау қажет;
3) негізделген нақтылау: аса қысқа қадамдарды, жобаны іске асыру процессінің қадамдарында жеткілікті нақты белгілі болған жағдайда бөліп көрсеткен жөн. Егер белгілі бір кадамында жобаның іске асырылу барысы ақпараттары жеткіліксіз болса, онда бұл кезең мақсатты түрде ұзақ қадамдарға бөлінген болып есептеледі. Осы ережелерден келесі ақпаратты шығаруға болады: алдыңғы қадамдар қысқа болуы тиіс және керісінше;
4) демалыс кестелерінің шолуын қамтамасыз ету (қабылдау ыңғайлылығы): есепті кезеңдегі қадамдарды 15-18 қадамнан артық бөлмеген дұрыс, себебі көп қадамдары бар кестені оқу қиынға түседі;
5) бүтіндік: есепті кезеңнің әрбір қадамының ұзақтығын айдың, тоқсанның немесе жылдың бүтін бір санымен таңдап отыруы ұсынылады. Батыс көзқарастыры бойынша, есепті кезеңнің алғашқы екі жылын тоқсандарға бөліп, үшінші жылын – жарты жылға, қалған қадамдарды бір жылға тең қылып алып отырған дұрыс;
6) бағалардың шектеулі ауытқулары: қадам ішінде баға өлшемі 5-10%-дан аспауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет