Өндірістің критикалық көлемі(рентабельдік шек,кемшіліксіз істеу нүтесі,тоқырау нүктесі) - бизнестің жағдайы бұл кезде пайда да әкелмейді,кему де жоқ-кемшіліксіз жұмыс істеу.
Л
Лаг-екі немесе бірнеше амал істер арасындағы себебті тексеруден болған уақыт аралығы.
Лаг-капиталдық салымдар - капиталдық салымның өндіріске жіберуі мен одан экономикалық эффект көру арасындағы көру аралығы.
Леверидж – елеусіз ғана өзгерісі бір не бірнеше нәтижелік көрсеткішті елеулі өзгеріске ұшырататын фактор.
Активтердің өтімділігі – активтердің ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы (уақыты).
Теңгерімнің өтімділігі – ұйым міндеттемелерінің оның өз міндеттемелерін өтеу мерзіміне сәйкес мерзімде ақшалай нысанға айналатын активтерімен өтелу дәрежесі.
Сызықтық бағдарламалау – қолданыстағы шектеулер жағдайында ресурстарды үлестіру міндетін шешудің оңтайлы жолын табу үшін қолданылатын әдіс.
Бағалы қағаздардың табыстылығы сызығы – тәуекел үшін тағайындалатын сыйлықақыны есепке ала отырып, бағалы қағаздың тәуекел деңгейіне қарай табысты болуының қажетті деңгейі нүктелер арқылы сипатталатын график.
М
Макроэкономикалық талдау – 1) елдің немесе бүкіл әлемнің шаруашылық салаларын, әлеуметтік саласын ғылыми тұрғыда зерттеу әдісі; 2) біріктірме көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі.
Маржиналдық талдау – белгілі бір шекті көрсеткіштер орын алған жағдайда өндіріс (өнім шығару) көлемінің, өзіндік құнның және алынатын пайданың болжалды деңгейлері негізінде осы шамалардың ара қатынасын талдау.
Маржиналдық пайда – сатылым көлемі мен ауыспалы шығындардың айырмасы.
Математикалық экономика – теориялық экономиканың экономикалық үдерістерді сипаттау және экономикалық көрсеткіштерді талдау, болжау, жоспарлау және бағдарлау барысында математикалық әдістер мен үлгілер (модельдер) қолданылатын бағыты.
Өнімнің материалды қажетсінуі – жұмсалатын материалдық шығындардың өнім шығару көлеміне қатынасы.
Материал қайтарымдылығы – өнім шығару көлемінің материалдық шығынға қатынасы.
Менеджмент – өндірісті басқару: өндіріс тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатында әзірленіп, қолданылатын басқару қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
Метод – табиғат, қоғамдық өмір құбылыстарын тану, зерттеу тәсілі.
Монте-Карло әдісі – статистикалық модельдеу (үлгілеу) әдістерінің бірі.
Ең кіші квадраттар әдісі – бастапқы деректерді білдіретін нүктелер мен сызық арасындағы қашықтықтар квадраттарының қосындысы ең кіші шамада болатындай етіп көптеген нүктелер бойынша түзу сызық сызудың статистикалық тәсілі.
Экономикалық талдау әдісі – шаруашылық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің амал тәсілі.
Факторлық талдаудағы аластау (есептен шығару) әдістері – факторлық көрсеткіштердің нәтижелік көрсеткіш өзгерісіне ықпалын бағалауда барлық факторлар нәтижелік көрсеткішіне оқшау, яғни жеке өздері ғана әсер етеді деген болжамға негізделу тәсілі.
Әдістеме – қандай да бір жұмысты мақсатқа сай жүргізу әдістерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Экономикалық талдау әдістемесі – ұйымдардың жұмысы туралы экономикалық ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын арнайы амалдар (әдістер) жиынтығы.
Экономикалық өсу модельдері (үлгілері) – жалпы экономиканың, оның әртүрлі салаларының, жекелеген экономикалық объектілердің (нысандардың) өсуін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің уақыт барысында өзгеруін сипаттайтын экономикалық-математикалық модельдер (үлгілер).
Модельдеу (үлгілеу) – модель құру, атап айтқанда, зерттелетін көрсеткіштердің бір-біріне тәуелділігінің талдамалық көрсеткішін жасау.
Анықталған факторлар жүйесін модельдеу (үлгілеу) – басқа көрсеткіш факторлармен теориялық тұрғыда болжалды тікелей байланыстары бойынша белгілі бір экономикалық көрсеткіштің бастапқы формуласының бара-бар өзгерісін жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін үдеріс.
Стохастикалық факторлық жүйе үлгісін жасау - талқылау объектісінің функциялық қатынастарын құруға мүмкіндік беретін процесс,шаруашылық істер көрсеткіштері өзгерістерінің статистикалық жалпылама заңдылықтарының негізінді.
Факторлық жүйе үлгісін жасау - экономикалық критерий бойынша жүйе элементтерін:себебшілік,толықтай спецификациялық ,өздігінен жұмыс істеу,есептік мүмкіншілік-фактор ретінде бөліп қарау негізіндегі процесс.
Аддитивттік үлгі - қатаң детерминдік факторлық үлгі,үлгіде факторлар алгебралық соммалар түрімен кіреді.
Алтьман үлгісі - ұйымның банкроттық жабылуын оның қаржылық есеп беруінен салыстырмалы түрде бағалауға болады деген үлгі.
Баумоль үлгісі - ұймның ақшалай активтерінің оптимизациялық алгоритмі,бұл жерде ұйымның айналымдағы төлем көлемі,қысқа мерзімідік қаржылай инвестицияларының кірісі,қысқа мерзімдік инвестицияларынң шығыны есепке алынады.
Дескретивтік үлгі - жалпылама ретіндегі үлгі.
Реттіктік үлгі - қатаң детерминдік үлгі,факторлардың пайда болуынан
Миллер-Орра үлгісі - фирманың орташа және жоғарға деңгейдегі ақша түрлерінің сомасының оптимизациялық алгоритмі,бұл жерде фирманың айналымдағы төлемдері,қысқа мерзімдік қаржы салудағы қызмет ету бағасы, оның орташа проценттік кірісі есепке алынады.
Мультипликативтік үлгі - қатаң детерминдік факторлық үлгі,оған факторлар өнім ретінде кіреді.
Нормативтік үлгі - ұйымның жұмыс істеуінің нақты нәтижелерін бюджет бойынша есептелген көсрсеткіштер мен салысытруға мүмкіндік беретін үлгі.
Предикативтік үлгі - алдын ала айту,болжай түріндегә үлгі.
Аралас үлгі - қатаң детерминдің факторлық үлгі,оған факторлар кез келген түрде кіреді.
Уиллсон үлгісі - формула,ол мынандай параметрлер бойынша ыңғайлы мөлшерде қабылау үлгілерін анықтай алады,параметрлер-тапсырысты орналастыруға кететін күнделікті шығындар,материалдық құндылықтарды жеткізу мен оларды қабылдауға кететін шығындар,қор сақтауға кет етін,шикізат пен өнімдер мөлшерін бір уақыт ішінде сатып алуға кететін шығындар.
Факторлық жүйе үлгісі - талқылау көрсеткіштерінің арасындағы себебті-тексеру байланыстарын сипаттайтын математикалық формула.
Факторлық талқылаудағы мультипликативтік үлгі - қатаң детерминдік үлгі,онда факторлар өнім ретінде көрсетеді.
Н
Қосымша шығындар - қндіріс процессіндегі шаруашылыққа жұмсалаған жіне ұйымды басқаруға кетен шығындар.
Салықтық тәуекелдік - жаңадан енгізілген салықтардыңсалықтық төлемдер мен салықтық негіз мөлшерінің өсуінен ,салықтық жеңілдіктердің алып тастауынан салық төлеудің тәртібі мен мерзімінің өзеруінен келетін,алдын-ала болжамаған қаржылық шығындардың болу қаурі тәуекелділігі.
Материалдық емес акивтер - ұйымның акивтерінң бір бөлімі,ол активтерге мынандай шарттар бір уақытта қойылады:сезілмейтін;идентификациялау мүмкіншілігі бар(басқа нәрселерден бөлініп шығу)өнім өндіруде пайдалану(жұмыс,қызмет),және де басқару жүйесіне керекті;ұзақ мерзімде тиімді пайдалану;ұйымның бұл активтерді сатып жіберу жоспарының жоқтығы;келешекте кіріс алып келу мүмкіншілігі бар;бұл активтердің бар екендігін растайтын құжаттардың болуы және де ұйымынң илтелетуалдық жұмыстардың нәтижелеріне тек өзіндік құқығы бары.
Жүйелі емес тәуелсіздік - ішкі инвестициялық тәуекелділік топтамасы осы және басқа инвестициялық салымдарының нақты балама -сипаттамаларына тәуелді.
Тұрақсыз экономикалық өсу - ресурстардың азаюына алып келетін ресурстарды жедел түрде игеруден туатын өсу.
Мөлшер(Норма) - бір дана өнім (бұйым,түйін,бөлшек)шығаруға жұмсалатын шикізат,материалдар,отын,энергия және басқа материалдық құндылықтар мен еңбек шығынының ең жоғары жұмсалатын абсолюттік мөлшері.
Дисконт нормасы(мөлшерлемесі) – әр уақытттардағы шығындарды, ықпалдарды және нәтижелерді осы сәттегі уақытқа келтіруге мүмкіндік беретін көрсеткіш.
Маржиналдық табыс нормасы – маржиналдық табыстың жалпы сатылым көлеміне қатынасының құндық көрсеткіші.
Норматив – өндірістік ресурстардың пайдаланылуының салыстырмалы шамасы (дәрежесі), олардың аудан, салмақ, көлемнің бір бірлігіне шаққандағы шығысы.
Нормативтік калькуляция – баптар бойынша нормалар мен нормативтерді есепке алып, кәсіпорынның шығаратын өнімнің бір бірлігіне жұмсайтын шығындар шамасы. Нормативтік калькуляциялар өндірістің техникалық деңгейі мен қолданыстағы технологияға сүйеніп, есептік кезеңнің басында есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |