Джаншанло Р. Е



бет71/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
annotation101972 2

П
Пассив  ұйымның қазіргі сәттегі қаражат көздері мен олардың мақсатты арналымы көрініс тапқан бухгалтерлік теңгерімнің бір бөлігі.
Үздіксіз (тоқтаусыз, ұдайы) капитал  ұйымның пайдаланатын меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталы.
Жоспарлау – экономикалық жүйенің келешектегі жай-күйін, оған қол жеткізу жолдарын, тәсілдері мен құралдарын анықтайтын жоспарларды әзірлеу. Жоспарлау уәкілетті органдардың немесе тұлғалардың жоспарлы шешімдер қабылдауын қамтиды.
Төлем қабілеттілік ұйымның өз ақшалай міндеттемелерін орындауға және негізгі қызметін тоқтаусыз жалғастыруға мүмкіндік беретін ақшалай қаражатының және/немесе оның баламаларының (өтімділігі жоғары бағалы қағаздарының) болуы.
Нәтижелілік көрсеткіші – себеп-салдарлық байланысы бар құбылыстар жиынтығынан келіп шығатын нәтижелерді сипаттайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіштер тәуелді көрсеткіштер деп те аталады.
Факторлық (тәуелсіз немесе экзогендік) көрсеткіш - себеп-салдарлық байланысы бар құбылыстар жиынтығының себептерін сипаттайтын көрсеткіш.
Жабдық бірлігі жұмыс уақытының пайдалы қоры – Жабдық бірлігінің тиімді (нақты) уақытының қоры мен сағатпен есептелетін жоспардан тыс жұмыссыз тұрып қалудың айырмасы.
Портфель теориясы – тәуекел мен табыстылық және тиімді әртараптандырудың ымыралы ара қатынасы негізінде инвестициялық портфельді талдау мен бағалау негізінде жатқан қағидаттар.
Өзіндік құнның баптар бойынша шамасы (шамалау)  шығындарды туындаған салалар бойынша жіктеп, шығыс баптары бойынша топтастыру.
Постиндустрияландыру – экономикалық дамудың индустрияландыру кезеңінен кейінгі, экономиканың жалпы құрылымында қызмет көрсету саласының ілгерінді дамуымен және өсуімен сипатталатын кезеңі.
Ақша қаражаты ағыны – 1) белгілі бір операция немесе белгілі бір кезеңдегі актив бойынша шығыстарды шегере отырып, ақшалай қаражат кірісі; жоба бойынша күтілетін табыс пен шығыстың ақшалай құны.
Өзіндік құнның элементтер бойынша жіктелген (бөлшектенген) шамалары - экономикалық элементтер (бөлшектер) бойынша орын алған шығындарды жекелеген өнім түрлері бойынша жіктемей топтастыру.
Ғылым(-ның) пәні – оны өзге ғылымдардан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекшеліктері.
Өтімділік сыйақысы – инвесторға инвестиция салған объектісі өтімділігінің төмен болуына байланысты оның қаржылық шығындарының өтеуі ретінде төленетін қосымша табыс.
Тәуекел сыйақысы инвесторға тәуекелсіз операциялар бойынша төленетін деңгейден асыра төленетін қосымша табыс.
Сатудан түскен түсім (келген шығын)– тауарларды, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сатудан түскен түсім (ҚҚС, акциз және сол сияқты міндетті төлемдерді шегере отырып) және сатылған тауарлардың, өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының, сондай-ақ коммерциялық және басқарушылық шығыстардың айырмасы.
Тізбекті алмастырулар амалы – мәні әрбір факторды нақты шамамен жоспарлы (базисті) түрде рет-ретімен алмастыруды құрайтын амал.
Айналым қаражатының бір айналымының күнмен есептегендегі ұзақтығы – белгілі біркезеңдегі күндер санын сол кезеңдегі есептелген айналымдылық коэффициентіне бөлгендегі шама.
Еңбек өнімділігі  - еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіші.
Өндірістік қуат- өндірістік жабдық пен өндірістік алаңдардың белгіленген режимге сәйкес жұмыс істеуін толық пайдалану кезінде барынша ықтимал өнім шығару.
Өндірістік бағдарлама- тауар өнімдерін немесе қызметтерін өндіру және өткізу үшін жасалатын жоспарлы тапсырма.
Өндірістік және қаржылық леверидж - өндірістік және қаржылық леверидж деңгейлерін шығару.
Өндірістік леверидж – өнімнің өзіндік құны мен өткізу көлемінің құрылымын өзгерту арқылы пайда әкелу жолдарына ықпал ету мүмкіншілігі.
Өнеркәсіптік саясат – экономикалық өсімді ынталандыру мақсатымен өнеркәсіп құрылымын қалыптастыру мен ұйымдастыруда мемлекеттің тікелей және белсенді қатысуына негізделген саясат.
Өнеркәсіп революциясы – заманауи индустриалды қоғамның қалыптасу кезіндегі әр түрлі жаңғырту үрдістерінің жиынтығы.
Өнеркәсіптік дамыған елдер - 1) жоғары білікті жұмыс күші бар және үлкен көлемдегі озық техникалық негізгі капиталының жинақталуы негізінде экономиканың дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттер; 2) халықтың көп бөлігінің өмір сүру деңгейі жоғары болып табылатын, табыс деңгейі жоғары мемлекеттер.
Жай пайыздар- өзгермейтін қорға есептелетін пайыздар.
Пайыздық тәуекел- қаржы нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі салдарынан болатын күтпеген қаржы шығысының пайда болу тәуекелі.
Тікелей(бірінші деңгейлі) факторлар- қорытынды көрсеткіштерге тікелей әсер ететін факторлар. Мұндай факторлар сонымен қатар бірінші деңгейлі факторлар деп те аталады.


Р
Мекеменің шығындары –қатысушылардың шешімдері бойынша жарғылық капиталға салымдарды азайтудан басқа ұйымның капиталының азаюына алып келетін активтердің шығуы, немесе міндеттемелердің пайда болу нәтижесінде оның экономикалық пайдасының азаюы.
Өткізілген өнім –сатып алушыларға тиелген және төленген өнім көлемінің тауарға ақшалай шағылуы.
Регрессиялық талдау –тәуелді ауыспалы мен бір немесе бірнеше тәуелсіз ауыспалылардың арасындағы арақатынастың орташа мәнін математикалық есептеу үшін қолданылатын статистикалық процедура.
Қорлар –өндіріс дамуының белгілі деңгейіндегі өндірістік қорларының ағымдағы және аванстық шығындарын төмендету үшін пайдаланылмаған мүмкіншіліктер.
Рентабельділік –белгілі кезеңдегі кіріс пен шығыс байланыстарын сипаттайтын экономикалық тиімділіктің көрсеткіші.
Активтердің рентабельділігі –барлық өндірістік активтердің жарты жылдық құнына салық салынуына дейінгі кірістің қатынасы(теңгерім қорытындысына).
Сату рентабельділігі –сатудан түскен пайданың көлемінің өткізуден түскен пайдаға қатынасы.
Өнім рентабельділігі –сатудан түскен пайданың өткізілген өнімнің өзіндік құнына қатынасы.
Өндіріс рентабельділігі– сатудан түскен пайданың авансталған капиталдың орташа құнына қатынасы.
Меншікті капитал рентабельділігі– таза пайданың таза активтерге қатынасы.
Тәуекел– қаржы шығыны немесе басқа да негативті нәтижелердің салдарынан болатын оқиға ықтималдылығы.
Өндірістің ырғақтылығы– белгіленген кестеге сәйкес өнімді жоспарлы көлемде және сұрыпталымда бірқалыпты шығару.
Бөлшек сауда бағасы –сатып алудың көтерме сауда бағасына сауда үстемесін қосу(сауда мекемесінің ұсталатын шығынын, сауда мекемесінің пайдасын, сауда мекемесінің ҚҚС құнын қосу).
Нарықтық капиталдандыру – 1) қор нарығындағы құнды қағаздардың құнын анықтау;2) бағамдық акция құнын және акционерлік компаниялар акцияларының жалпы санын шығару.
Динамикалық қатар –уақыт бойынша экономикалық көрсеткіштердің өзгеруін сипаттайтын мәліметтер қатары.
С
Өзін-өзі қаржыландыру –мекемені дамыту үшін, соның ішінде меншікті қаржы қорының есебінен инвестициялық қызметті қаржыландыру.
Кері байланыс –факторлық көрсеткіштің өсімі (азаю) қорытынды көрсеткіштердің азаюына (өсім) әкелетін байланыс.
Себепті байланыс –бір көріністің (көрсеткіш) басқа көріністі тудыратын байланыс. Осындай байланыстарды сонымен қатар детерминацияланған немесе себеп–салдарлық деп атайды.
Функциялық байланыс (қатты детерминацияланған)– факторлы көрсеткіштің әрбір мәніне нәтижелі көрсеткіштің кездейсоқ емес толық анықталған мәні сәйкес келетін байланыс.
Экономикалық көрсеткіштердің байланысы– екі немесе одан да көп көрсеткіштердің бірлесіп өзгеруі.
Өнімнің өзіндік құны(жұмыстар, қызметтер) –негізгі қорлар, табиғи шикізат, материал, жанармай, энергия, еңбек және басқа да ресурстардың ақшалай шығыны.
Синтез –бүтіннің элементтері мен қасиеттерін талдай отырып, оның қасиеттерін анықтау.
Факторлық жүйе – бір себеп-салдарлық байланыспен байланысқан факторлық және нәтижелі көрсеткіштердің жиынтығы.
Жүйелі (нарықтық) тәуекелділік – макроэкономикалық факторлар әсерінен жалпы қаржы нарығының конъюнктурасының өзгерістерімен шартталған тәуекел.
Күрделі пайыздар –есептелген пайыздар төленбей, капиталға қосылатын пайыздарды есептеу сызбасы.
Смета –алдағы шығыстар мен кірістер, сонымен қатар мекеме қызметін қаржыландыруға қаражатты пайдалану көрсетілетін қаржы жоспарының қарапайым түрі.
Факторлық талдаудағы аралас (құрама)модель негізі факторлардың әртүрлі құрамасы болып табылатын, қатты детерминацияланған модель.
Салыстырмалы бағалар– белгілі бір кезеңде, белгілі бір күнде болған шарттардың көлемі бойынша келтірілген бағалар.
Өндірістің мамандандырылуы– экономиканың жекелеген салаларында, жекелеген мекемелер мен олардың бөлімшелерінде өнімнің белгілі бір түрлерін шығаруға бағытталушылық.
Орташа шама –статистикалық жиынтық бірлігінің өзгермелі сипатының типтік санын көрсететін жалпыланған сандық сипаттама.
Қайта қаржыландыру ставкасы– Орталық банк коммерциялық банктерге беретін несиелер бойынша пайыздық ставкасы.
Стандарт-костингкалькуляциялау және шығындарды басқару жүйелерінің бірі.
Стохастикалық (ықтималдық) –факторлы көрсеткіштің әрбір мәніне нәтижелі көрсеткіштің көптеген мәндері сәйкес келетін байланыс.
Стратегиялық қаржылық менеджмент инвестицияларды және капиталдың құрылымын ұзақ мерзімді басқаруды қамтиды.
Сақтандыру сыйақысы– сыртқы сақтандыру кезінде сақтандырушы сақтанушыға төлейтін сыйақы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет