Ақша ағымдарын талдау - бұл қолма-қол ақша қаражатының түсімі мен төлемдер шамасын және сәттерің анықтау. Ұйымдағы ақша ағындарын талдау мақсаты болып олардың тепе-теңдігін және тиімділігін бағалауына қажетті, ақша ағындарын қалыптасу процессі туралы ақпаратпен пайдаланушыларды барынша толық және дұрыс қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша ағындарын талдаудың негізгі міндеттері:
- ақша қаражатының ағым көздері мен кету бағыттарының динамикасы мен құрылымын бағалау;
- ақша қаражатының теріс және оң ағындарының тепе-теңдігін бағалау және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша төлемдердің жеткіліктілігін анықтау;
- таза ақша ағымының құрылымын зерттеу;
- ақша қаражатының айналымдылығын бағалау;
- таза ақшалай ағын бойынша ұйымның рентабельділігін зерттеу;
- ақша қаражатының негізгі көзі болып табылатын, өнімді сатудан түскен түсімге әсер ететін факторларды бағалау .
Талдау объектісі - ақшалай қаражатының шоттары бойынша барлық айналымдар болып табылады.
Дж. М. Кейнстың пікірі бойынша,ақша құралдары сияқты осындай түрдегі активтердің маңыздылығы үш негізгі себептермен анықталады:
1) кертартпалық - ақшалай қаражаттар ағымдағы операцияларды орындау үшін пайдаланылады, және сонымен бірге, ақша ағындарының кірістері мен шығыстарының арасында әрқашан да уақытша амл бар болу себебінен, ұйым міндетті түрде қаражат шотында бос ақша құралдарын ұстауға мәжбүр;
2) сақтандырушылық - ұйымның қызметі алдын ала қатан сипатталмайды, сондықтан ақшалай қаражат күтпеген төлемдерді өтеу үшін қажет;
3) алып-сатарлық - ақшалай қаражаттар алыпсатарлық тұрғы бойынша қажет, өйткені күтпеген жерден тиімді инвестициялау табылуының ықтималдығы үнемі бар.
Статика және динамика бойынша ұйымда олардың көп аспектілі кызмет етуін жүйелі, санды нәтижесінің бағасын алуға мүмкіндік беретін, талдамалық зерттеулердің нақты міндеттерін шешу үшін ақша ағындарын талдаудың бірқатар арнайы жүйелер мен әдістер қолданылады. Қаржылық менеджмент теориясында пайдаланылатын әдістерге байланысты, ақша ағындарының жұмыс істеуін зерттеу кезінде жүргізілетін, талдаудың мынадай жүйелерің ажыратады: көлденең (динамикалық) талдау, тік (құрылымдық) талдау, қаржылық коэффициенттерді талдау, интегралды талдау.
Интегралды талдаудың мынадай жүйелері ең көп таралған: Дюпондық талдау жүйесі, SWOT-талдау жүйесі және объектілі-бағытталған талдау.
Ұйымның ақша ағындарын талдаудың аталған негізгі аналитикалық әдістерден басқа қаржылық талдаудың ғылыми негізделген тәсілдері бар:
• дәстүрлі - салыстыру, теңестіру, топтастыру;
• экономикалық-математикалық - графикалық, матрицалық әдістер, сызықтық бағдарламалау әдісі, корреляциялық-регрессивтік талдау әдісі, жиындар теориясы әдісі, және т. б.
• эвристикалық әдістер – мамандардың сараптамалық бағалауларына,олардың түйсігіне, өткен тәжірибесіне негізделген.
Іс жүзінде, әдетте бір емес, бірнеше талдау әдістерінің жиынтығы пайдаланылады.
Ақша ағындарын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығын мынадай блоктарға топтауға болады:
1) ақша ағындарының динамика көрсеткіштері;
2) ақша ағындарының сапа көрсеткіштері;
3) ақша ағындарын теңдестіру көрсеткіштері;
4)ақша ағындарының пайдалылық көрсеткіштері;
5) ақша қаражаттарын тиімді пайдалану көрсеткіштері.
Бірінші топ көрсеткіштері ұйым қызметінің түрлері бойынша анықталады , сондай-ақ ақша қаражаттарының жекелеген түсу көздері мен шыққан бағыттары бойынша. Ақша ағынының динамикасын зерттеу алдағы кезеңге ақша құралдарының түсуі мен кетуін болжаудың негізі болып табылады. Ақша ағынының динамикасын зерттегенде оң және теріс ақша ағындарынын өсу қарқынын салыстыру маңызды болады. Егер ақшалай қаражат ағынының өсу қарқыны олардың кетуінің өсу қарқынынан алда шығатын болса, онда таза ақша ағыны арттырудың позитивті үрдісіне ие болады, және керісінше. Таза ақша ағыны ұйымның барлық ақша ағындарының ауыспалы айналымының экономикалық тиімділігін сипаттайды. Таза ақша ағымының өсу коэффициенті ақшалай нысандағы капитал қабілетін оның құнының өсу дәрежесін қамтамасыз етуді сипаттайды, ол кейінгі кезеңдерде экономикалық базасын кеңейтуге алғышарттар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |