Джаншанло Р. Е



бет38/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
annotation101972 2

ұйымның даму барысында оның қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл дамудың қарқыны мен қаржылық тұрақтылығы көлемі мен уақыты бойынша әр түрлі ақша қаражат ағындарының қаншалықты синхрондталғаны маңызды дәрежеде анықталады. Мұндай синхрондаудың жоғары деңгейі ұйым дамуының стратегиялық мақсаттарын іске асыруды елеулі жеделдетуін қамтамасыз етеді;

- ұйымның заемдық капиталындағы қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді. Ақша ағындарын белсенді басқара отырып, меншікті қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді және үнемді пайдалануын қамтамасыз етуге, тартылатын кредиттерден ұйымның тәуелділігін төмендетуге болады.
- төлем қабілетсіздік тәуекелділігін төмендетуін қамтамасыз етеді.
Меншікті кірістердің, жинақтар мен капиталдың есебінен , сондай-ақ әр түрлі түсімдердің есебінен қаржы-шаруашылық қызметінің барлық түрлерін жүзеге асыру мақсатында, оған қажетті активтерді қалыптастыру үшін ақша қаражатының көздері ұйыммен шоғырланады. Ақша ағындарын қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді, оларды жалпы түрде ішкі және сыртқы түрлеріне бөлуге болады, 24-кестеде келтірілген.

24-кесте - Ақша ағындарының қалыптасуына әсер ететін факторлар





Сыртқы факторлар

Ішкі факторлар

Тауар нарығының конъюнктурасы

Ұйымның өмірлік циклі

Қор нарығының конъюнктурасы

Операциялық циклдің ұзақтығы

Ұйымның салық салу жүйесі



Өндірістің маусымдылығы және тауарлар мен қызметтерді сату

Өнімді сатып алушылар мен жеткізушілерге несие берудің қалыптасқан тәжірибесі

Инвестициялық бағдарламалардың шұғылдығы



Шаруа субъектілерінің есеп айырысу операцияларын жүзеге асыру жүйесі

Ұйымның амортизациялық саясаты



Қаржылық несиенің қолжетімділігі

Операциялық леверидж коэффициенті

Мақсатты тегін қаржыландыруда қаражат тартудың мүмкіндігі.

Ұйымның иелері мен менеджерлердің қаржылық менталитеті



Ұйымдарға ақшалай қаражаттар әртүрлі көздерден түсуі мүмкін. Олардың ішінен ең көп таралған түрі болып мыналар табылады:
- өнімді өткізуден түскен табыс;
- қаржы нарығында жұмылдырылған түсімдер (акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздарды сату);
- басқа да эмитенттердің бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздар;
- венчурлық капитал (салынған қаражаттың жылдам өзін-өзі ақтауын есептегенде, жаңа қызмет салаларында жүргізілетін тәуекелді инвестициялар);
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттер мен займдар;
-мүлікті сатудан түскен кірістер;
- бюджеттік қаржы бөлу;
- сақтандыруды өтеу және т. б.
Ұйымның ақша ағындары барлық нысандары мен түрлерінде оның қаржы жағдайының маңызды, дербес объектісі болып табылады. Бұл, біріншіден, ақша ағындары ұйымның шаруашылық іс-әрекетінің орындалуына қызмет көрсетеді; екіншіден, стратегиялық даму процесінде ұйымның қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді; үшіншіден, операциялық процесстің ырғақтылығын арттыруға ықпал етеді; төртіншіден, заемдық капиталындағы қажеттілікті қысқартуға мүмкіндік береді; бесіншіден, капитал айналымын жеделдетудің қаржы тұтқасы болып табылады, және де қосымша пайда алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет