Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


Сұлба 4.  Әлемнің физикалық бейнесінің құрылымының сұлбасы



Pdf көрінісі
бет22/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

Сұлба 4. 
Әлемнің физикалық бейнесінің құрылымының сұлбасы: 
 
Осы ұғымдар мен аксиомалар жүйесі бұдан былай теориялық 
бағыттар немесе іргелі физикалық теориялар. Физикалық 
теорияларды топтастыруда басқаша ыңғай көрсеткен белгілі 
философ, физик, мектеп оқулықтарының авторы Г.Я.Мякишев 
болды. Ол физикалық теорияларды топтастыруды екі көрінісі 
Материя 
Қозғалыс 
Кеңістік 
Өзара әсер 
Сәйкестік 
ТТолықтыру 
Симметрия 
Себеп-
салдар 
Негізгі 
философия-
лық идеялар 
мен 
түсініктер 
Физикалық 
теориялар 
Теориялар 
арасында 
байланысты 
сипаттайтын 
ұстанымдар 
әлемнің физикалық бейнесі 
Классикалық 
механика 
Молекула-
лық физика 
Элетродина-
мика 
мика
Кванттық 
физика 
негізі 
ядро 
салдар 
интерпретация 
Заңдар жүйесі, 
сақталу 
заңдары, 
Ұстанымдар 
мен постулат-
тар, фунда-
ментальды 
тұрақтылар 
Эмперикалық 
базис 
Идеалданған 
объект, 
Шамалардың 
жүйесі,
Өлшеу
тәсілдері 
Фактілерді 
түсіндіру. 
Практикалық 
қолданылуы. 
Салдардың 
шығарылуы. 
Ғылыми 
болжам
Негізгі 
ұғымдар мен 
заңдылықтар-
ды түсіндіру. 
Қолдану 
шекарасын 
түсініп білу 


59 
бойынша келтіреді: материя қозғалысының формалары және 
қоршаған әлемді танып білу тереңдігінің деңгейі. 
Жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі физиканың басты 
орынға ие болуы - терең философиялық және ғылыми-техни-
калық мазмұнмен тікелей байланысты. Физиканың түсініктері, 
зерттеу нәтижелері мен әдістері жаратылыстану-ғылыми білім-
деріне елеулі ықпалын тигізеді, ал әлемнің физикалық бейнесі 
оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы басым модель 
болып табылады. Оның үстіне физика саласындағы ашылып 
жатқан жаңалықтар жыл сайын ұлғайып келеді. Эксперимен-
тальдық фактілер көптеп жинақталып, физикалық теориялар 
соған сәйкес дамиды. Бұл физикалық теориялардың өзара 
логикалық байланыстағы диалектикалық бірлігі дүниенің 
біртұтас физикалық бейнесін береді, физиканы оқытудың барлық 
әдістемелік жүйесінің басты мақсаты да осы болып табылады. 
Мектептегі физикалық білімнің даму болашағын анықтайтын-
дықтаи іргелі теориялар төңірегінде жинақталған фактологиялық 
материалды неғұрлым тереңірек жалпылап, жүйелеу қажет. 
Физиканың мазмұнын жетілдіру осының негізінде жүзеге 
асырылып отырмақ. 
Осыған байланысты «Физика» оқу пәнінің базалық білім 
мазмұнын анықтауда физика курсының дәстүрлі құрылымының 
негізінде жатқан дүниенің физикалық бейнесінің даму 
тұжырымдамасы негізге алынған. Бұл тұжырымдамаға сәйкес 
білім мазмұны қарапайымнан күрделіге өтетіндей тізбектілікте 
орналастырылады. Ол ойлауды қарапайымнан күрделіге көтеру 
жолымен біртіндеп дамытуға мүмкіндік береді. 
Осы тұжырымдық ұстанымдарға орай физика пәнінің база-
лық білім мазмұны былайша анықталады: әлемнің механикалық 
бейнесі, молекула-кинетикалық бейнесі, электродинамикалық 
бейнесі, кванттық-өрістік бейнесі және әлемнің біртұтас 
физикалық бейнесі. 
«Физика» пәні бойынша білімнің осы базалық мазмұны орта 
мектептің сатыларына сәйкес былайша жобаланған. 
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстанудан алғашқы білімді 
бастауыш мектеп қалыптастырады, онда физикалық білім 
"Дүниетану" деп аталатын кіріктірілген жеке пәнге енгізілген. 
Мектептің келесі сатыларында дүниенің ғылыми-жараты-
лыстану бейнесінің мазмұны жеке пәндер арқылы да, кірікті-
рілген курстар арқылы да беріледі. 


60 
Мектептің негізгі сатысында «Физика» пәні курстары мен 
бөлімдері, олардың базалық ғылымдағы орналасу ретіне сәйкес 
қамтиды: механика, молекулалық физика, электродинамика, 
атомдық физика. Бұл логикалық аяқталған білімнің бірінші 
концентрін береді. Мектептің негізгі сатысын бітірген оқушылар 
білім мен іскерліктің осы жиынтығын меңгереді. Мектептің 
негізгі сатысының оқу материалын игеру оқушыларға жоғары 
сыныптарда, оның ішінде физика-математикалық бағдардағы 
сыныпта (мектепте), сондай-ақ орта кәсіптік және арнаулы оқу 
орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. 
Орта мектептегі «Физика» пәні жеке курстарды қамтитын 
іргелі теориялар негізінде құрылған, бұл білімнің логикалық 
аяқталған екінші концентрін береді. Орта мектептің оқу 
материалын меңгеру физикалық білімнің дүниежүзілік білім 
кеңістігінің сәйкес деңгейімен пара-пар болуын қамтамасыз етеді. 
Астрономиялық материал «Физика» оқу пәніне 7-11 сынып-
тардағы физиканың оқу материалдарымен органикалық түрде 
біріктіру арқылы және ғылыми-жаратылыстану пәндерінің кірік-
тірілген курсында жеке тарау түрінде беру арқылы енгізілген. 
Сондай-ак, физика-математикалық бағдардағы мектептің жоғары 
сыныптарында астрономия жеке оқу курсы шеңберінде 
оқытылуы да мүмкін. 
Физикалық білім беруді жаңарту ісі ең әуелі әрбір оқушыны 
дамытуға, өзін-өзі бағалай білетін және өзін сынай ойлана білетін 
жаңа деңгейдегі саналы адамды қалыптастыруға қолайлы жағдай 
жасау бағытында жүргізілуі тиіс. Бұл орайда жинақталған тәжі-
рибе оқу жоспарлары мен бағдарламалардың көп нұсқалылығы 
идеясын басшылыққа алу қажеттігін меңзейді. Өйткені ол 
физикалық білімнің барлық оқушы үшін міндетті деңгейіне жету 
ғана емес, сонымен бірге, оқуын еліміздегі және алыс-жақын шет 
мемлекеттердегі жоғары оқу орындарында жалғастыру үшін 
жеткілікті болатын неғұрлым жоғары деңгейіне жету мүмкіндігін 
едәуір кеңейтеді. Осыған орай Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы 
білім академиясында ғалым-әдіскерлердің жұмылуымен физикалық 
білім мазмұнының көлемі, құрамы мен құрылымы анықталып, оны 
бағдарламалар мен жаңа буын оқулықтарында пайдалану үшін 
жүйеге келтіру бағытында жұмыс жүргізіліп келеді. 
Пәннің негізгі мазмұны оны болашақта қолдану және 
қайталау үшін негіз бола алатындай алдыңғы қатарлы идеялар 
төңірегінде құрылған. Атап айтқанда, физика курсының 


61 
мазмұнына механика мен молекулалық физикадағы және 
электродинамика мен атомдық физикадағы негізгі заңдар мен 
ұғымдар, физикалық құбылыстар мен оларды зерттеу әдістері, 
сонымен қатар аспан денелері мен олардың физикалық табиғатын 
зерттеу әдістері мен нәтижелері, әлем құрылысы мен оның дамуы 
туралы мағлұматтар енгізілді. 
Ал, курстың құрылымын анықтағанда онда оқылатын 
тараулардың реті олардың базалық ғылымдағы орналасуына 
сәйкес, яғни материя қозғалысы формаларының күрделенуі 
тәртібімен орналастырылған. 
Физика мен астрономияның біріккен курсының тұжырым-
дамалық негізіне мына ұстанымдар мен қағидалар басшылыққа 
алынған: 
- оқушылардың жасына қарай түсінікті мазмұнда жазылған 
оқу материалы қазіргі заманға сай ғылыми білімнің іргелі 
негіздерін қамтуы тиіс, сонымен қатар, белгілі бір логикалык, 
жүйеде толық аяқталған болуы керек; 
- оқу материалы ғылыми дүниетанымды қалыптастыра-
тындай болуы керек; 
- физиканың қолданбалы мәселелері қамтылып, қазіргі 
технология жөнінде кейбір мәліметтер берілуі тиіс
- зерттеудің ғылыми-танымдық әдістері туралы түсініктер 
берілуі керек. 
Осындай ұстанымдар мен қағидаларға сүйеніп құрылған 
«Физика және астрономия» курсының басты ерекшеліктерін 
былай сипаттауға болады; 
1) бұл курс интеграцияланған, яғни ол физиканың негізгі 
ұғымдары, заңдылықтары және теориялық қағидаларымен қатар 
астрономияның негізгі мәселелерін, әлемнің дамуы мен 
құрылысы туралы мәліметтерді қамтиды; 
2) курс логикалық аяқталған, біртұтас курс, яғни ол бізді 
қоршаған әлемнің ғылыми бейнесін жасауға мүмкіндік беретін 
қазіргі заманғы физиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықта-
рын және теориялык, қорытындыларын кешенді түрде қамтиды; 
3) мұнда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 
танымдық мүмкіндіктері, сонымен бірге олардың жараты-
лыстану-математика пәндерінен алған білімдері ескеріледі; 
4) курс көп деңгейлік ішкі саралауға бағдарланған, яғни оқу 
материалы оқушылардың басым көпшілігіне түсінікті болумен 


62 
қатар, физика мен астрономияны тереңдете оқуға қабілеті мен 
қызығушылығы бар оқушылардың да қажеттілігі мен талап-
тілектерін ескереді. 
Осы аталғандар негізінде таңдалып алынған мазмұн жаңа 
буын оқулықтарында келесі ретпен орналастырылды. 
7-сыныптың «Физика және астрономия» оқулығында оқушы-
лар зат құрылысымен, денелердің қозғалысы және олардың өзара 
әсерімен танысады; бұл білімдер физика курсының барлық, басқа 
бөлімдерін оқу кезінде пайдаланылады. Зат құрылысымен танысу 
сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндіруде пайдаланылады. 
Жұмыс, қуат, механикалық энергия ұғымдары жай механизмдер 
мысалында қарастырылады, механизмдердің п.ә.к.-і енгізіліп, энер-
гияның сақталу заңы оқытылады. Рычагтар мен біліктерге байла-
нысты күш моменті, денелердің тепе-теңдік шарттары енгізіледі.
8-сынып оқулығының негізгі мазмұнын жылу, электр, 
электромагниттік және жарық құбылыстары құрайды. 
Ал, 9-сыныптың "Физика және астрономия" оқулығы негі-
зінен тербелістер мен толқындарды, атом және атом ядросы 
физикасын, аспан механикасы элементтерін оқыуға арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет