Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет19/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

1. Бастапқы фактылар жиынтығы: алынған ыдыстың 
барлық көлемін газ толық толтырады, газ қатты сығылады және 
шапшаң ұлғаяды, газда диффузия құбылысы байқалады (тәжірибе 
көрсетіледі). 
2. Гипотеза - модель: бақылаулар мен тәжірибенің негізінде 
серпімді шар-молекулалардан тұрады, олар ұдайы ретсіз 
қозғалыста болады деп жорамалдаймыз. Мұндай модель-
гипотеза, газ қысымының болатындығын және газдың күйін 
сипаттайтын параметрлердің шамасын есептеуге мүмкіндік 
береді. Егер газ толтырылған ыдыстың көлемі V, ондағы газ 
молекулаларын саны N, массасы m, молекулалар қозғалысының 


55 
орташа жылдамдығы V болса, онда газдың ыдыс қабырғасына 
түсіретін қысымын (р) есептеп шығаруға болады: 
рV = 2/3 N mv
2
/2; 
3. Логикалық салдар: бұл фомула бойынша, егер газ 
молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы өзгермейтін 
болса, онда газдың берілген массасы үшін газ қысымы мен 
көлемінің көбейтіндісі тұрақты болып қалады, яғни рV - const. 
4. Эксперименттік тексеру: алынған қорытынды рV - const 
Бойль-Мариотт заңы деп аталады, ол 1662 және 1676-жылдары 
ашылған. Сабақта бұл заң туралы демонстрациялық тәжірибе 
көрсетіліп, рV - const екендігі дәлелденеді. 
 5. Теориялық негізі: молекула-кинетикалық теория тұрғы-
сынан модель-гипотеза дәлелденіліп, түсіндіріледі 
Кулон және электролиз заңдары, электромагниттік және 
фотоэффект құбылыстары, т.т. осындай шығармашылық заңды-
лықар негізінде айқындалып ашылғандығы түсіндірілуі тиіс. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда, оларға 
эксперименттік есептер, шығармашылық жаттығулар, зерттеу-
шілік лабораториялық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызық-
ты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу, модель жасау, конструк-
циялық сұлбалар орындаттыру қажет. Физика сабақтарында және 
үйірме жұмыстарында ғалымдардың, конструкторлардың, өнер-
тапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен шығармашылық 
іс-әрекеті жайлы ұдайы оқып, олардың шығармашылық ерекше-
ліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырған жөн. 
Сонда физиканы оқытудың міндеттерінің де дұрыс шешілуіне 
қолайлы жағдай туғызылатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет