Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет48/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

5.5. Зертеушілік әдіс 
Зерттеушілік әдістің негізі мұғалімнің оқушылардың 
алдарында тұрған жаңа проблемалық тапсырмаларды шешудегі 
олардың зерттеу іс-әрекеттері мен шығармашылық іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру болып табылады.
Бұл әдістің мақсаты-оқушылардың шығармашылық іс-
әрекеттің тәжірибесін толық меңгеруі. Зерттеушілік әдістің 
көмегімен білім шығармашылық деңгейде меңгеріледі. Яғни, бұл 
әдіс оқушыларды проблемалық тапсырмаларды шешуде бар 
білімдерін қолдануға және проблеманы шешудің негізінде жаңа 
білімді меңгеруге үйретеді. Сонымен қатар бұл әдіс ғылыми 
таным әдістерін менгертеді.Зерттеушілік әдіс оқушылардың өз 


111 
беттерімен шығармашылық деңгейде іс-әрекеттерін ұйымдас-
тырып, қызығушылықтарын қалыптастырады. Зерттеушілік 
әдістегі тапсырмалар сипаты әр түрлі болуы мүмкін: сыныптық 
зертханалық жұмыстар және үйде орындайтын практикалық 
жұмыстар; аналитикалық проблеманы шешу; қысқа уақытта және 
белгілі бір мерзімде (апта, ай) орындалатын тапсырмалар; жеке 
және топпен орындалатын тапсырмалар т.б. Зертханалық жұмыс-
тарды орындау нұсқауы оқулықтарда берілген. Берілген нұсқау 
бойынша зертханалық жұмыстарды орындату физика курсын 
оқытудың бастапқы кезеңінде ғана пайдалы және қажет. Нұсқау 
бойынша зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылардың 
шығармашылық қабілеттері дамымайды. Сондықтан қазіргі 
кезенде оқыту мақсатына байланысты көбінесе зерттеушілік 
мақсатты көздейтін зертханалық жұмыстар ұйымдастырылып 
өткізіледі. Мұғалім жұмыстың мақсатын айтады, ал оқушылар 
зерттеудің кезендерін(жұмыс жоспары), қажетті құрал-жабдық-
тарды өздері анықтайды. Әсіресе осы әдісті физикалық практи-
кумдарды орындауда қолданған тиімді. 
Зерттеу процесінің кезендері: 
1) фактылар мен құбылыстарды бақылау және зерделеу
2) зерттеуге жататын түсініксіз құбылысты анықтап, 
проблеманы қою;
3) болжам жасау; 
4) зерттеу жоспарын құру; 
5) қарастырылатын құбылыстын басқа құбылыстармен 
байланысын анықтаудын жоспарын жүзеге асыру; 
6) проблеманың шешімін тұжырымдау,түсіндіру; 
7) шешуін тексеру; 
8) алынған білімнің қолданылуының мүмкіндігі туралы 
практикалық қорытынды жасау. 
Зерттеушілік әдістің бағыты ғылыми таным әдістерімен 
қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту 
және шығармашылық іс әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ету. 
Белгілері: 
- мұғалім оқушылармен бірге проблеманы қояды. 
- оқушыларға білім хабарланбайды, олар өздері проблеманы 
зерттеп, шешу арқылы білімге ие болады.
- мұғалімнің іс-әрекеті проблемалық міндетті шешу 
барысында оперативті басқаруға сай келеді. 


112 
- оқыту процесі жоғары қарқындылықпен сипатталады, үлкен 
қызығушылықпен 
жүреді, 
алынған 
білім 
тереңдігімен, 
беріктілігімен, іскерлігімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет